Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау.
Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау.
Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы.
Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Төбешікке адымдап және қырындап көтерілу. Шаңғыны алу және орнына қою, ересектердің көмегімен шаңғыны шешу және кию. 500 метрге дейін шаңғымен жүру.
Велосипед және самокат тебу.
Екі және үш дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылыс жасау. Самокат тебу.
Жүзуге дайындық.
Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары - төмен қозғап қимылдар жасау. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан шығу. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Спорттық ойындар элементтері
Кегельдерді соқ («Қалашықтар» ойыны бойынша).
Дұрыс бастапқы қалыппен допты лақтыру. Кегельдерді түрлі жағдайда қою. 1,5 - 2 м арақашықтықтан кегельдерді қағу.
Футбол.
Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға кіргізу. Допты бір-біріне аяқпен домалатып беру.
Хоккей.
Берілген бағытта шайбаны сырғытпа таяқпен домалату, оны қақпаға кіргізу. Шайбаны бір-біріне домалату.
Дене шынықтыру ойын-сауығы 2 айда 1 рет, ұзақтығы 20 минут.
Дене шынықтыру мерекелері жылына 2 рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минут.
Денсаулық күні 2 айда 1 рет, ұзақтығы 30 минутқа дейін.
Өз бетінше қимыл әрекеті
Балалардың ойындарын доптармен, құрсаулармен, ойыншық-қозғалтқыштармен ынталандыру, дене шынықтыру мүліктерін, жабдықтарды, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары үшін атрибуттарды қолдануға қозғау салу. Жаттығуларды педагогпен бірге орындауға балаларды тарту, қимыл-қозғалыс ойындарына қатысуға қызығушылығын ынталандыру. Баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін дене жүктемесін реттеу. Ауа-райына қарай далада балалардың қимылдық әрекеті үшін жағдайлар жасау.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Бөлмені жүйелі желдету, 20-21°С ішінде ауа температурасын сақтап тұру. Таңғы гимнастиканы ұзақтығы 6-8 минуттан ұйымдастыру.
Таза ауада күндізгі ұйқыны ұйымдастыру. Қысқы уақытта – 18-22°С температура кезінде серуен ұйымдастыру. Төменгі температурада серуеннің ұзақтығын қысқарту.
Жалпы және жергілікті сумен өткізілетін шараларды жалғастыру: дымқылды сүрту, аяққа, денеге суды құю. Сауықтыру жүгірісі, жұтқыншақты шынықтыру, жалаңаяқ жүру.
Күтілетін нәтижелер:
- педагогтың ауызша тапсырмасымен ертеңгілік жаттығулардың кешендерін орындайды;
- сауықтыру жаттығуларын орындайды;
- қажетті бастапқы қалыпта болу, жаттығуларды орындаудың бірізділігін сақтайды;
- жолда жүру ережелерін сақтайды;
- түрлі ойындарды өз бетінше ойнайды;
- жануарлармен, жәндіктермен байланыста қауіпсіздік шараларын сақтайды;
- балабақшаның, өз үйінің жақын айналасын бағдарлай біледі;
-ұқыпты жейді, асхана құралдарын пайдаланады;
- гигиеналық шараларды орындайды: жуынады, таранады, қолын сабындап жуады, қол орамал пайдалану.
Қатынас» білім беру саласы
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік, орыс және басқа да тілдер (мемлекеттік тіл қазақ тілінде тәрбиеленетін және оқытатын топтарда өткізілмейді) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастың құрылымдық тәсілдері мен құралдарын меңгеруге бағытталған.
Мақсаты: тіл ережелері мен нормаларын меңгеру негізінде балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- балалар әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде балалардың ауызекі тілін дамыту;
- зейін дағдыларын, тілді меңгеруге, балалар әдебиетіне деген қызығушылықтарына тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, қатаң, ұяң және үнді дыбыстарды (р, л) таза, анық айту дағдыларын бекіту.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды қолдану.
Сөздік жұмыс
Адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың қасиеттерін, бөліктері мен бөлшектерін, тұрмыстық электротехника заттарын білдіретін - зат есімдермен балалардың сөздік қорын байыту.
Тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің сөздік қорына жалпылама атаулы сөздер енгізу.
Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
Ойындарды пайдалану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Сөздердің қиысу дағдыларын жетілдіру.
Жан-жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту біліктіліктерін дамыту, сөздерді түрлі тәсілдермен құру.
Сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану.
Байланыстырып сөйлеу
Әңгімелесу кезінде бірін-бірі тыңдауға, бірінің сөзін бірі бөлмеуге, түсінуге және әңгімеге қатысуға үйрету.
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, әңгіме барысында өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Берілген сюжет бойынша сахналауға үйрету.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Шағын тақпақтарды, өлеңдерді жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» пайдаланып, театрландырылған әрекеттерге – ойындарды драматизациялауға, қойылымдарға қатысуға баулу.
Ойнау барысында ұйқасты өлеңдерді және мәнерлі сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлердің бейнесін беру үшін қажетті ырғақ мәнерінің тәсілдері мен қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Берілген әңгіменің басы мен аяғы бойынша әңгіменінің атын ойлап табу іскерліктерін қалыптастыру.
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдауды, олардың сипатын, авторлық екпінін сезуді, ертегі мен әңгіме жанрларын ажыратуды, өлеңдер мен прозалық мәтінді ажыратуды үйрету. Көркем шығармаларды тыңдай отырып, өзінің ой-пікірін айтуға үйрету.
Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Ертегілерді эстетикалық жағынан қабылдауға, қоршаған шынайылықты көркем әдебиетпен үйлестіруге үйрету.
Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету.
Мәнерлеп оқу және мазмұнын айту
Қысқа өлеңдер мен санамақтарды оқу кезінде мазмұнына сәйкес дауыс екпінін түрлендіруге, оларды түсініп есте сақтауға үйрету. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, кейіпкерлердің түр-сипатын беруге үйрету.
Авторлық сөздерді пайдалана отырып, мазмұндауға дағдыландыру.
Русский язык
(для дошкольных организаций с казахским языком воспитания и обучения)
Воспитание звуковой культуры речи.
Формирование умений произношения согласных звуков (свистящие, шипящие: ж,щ,с,з) и сонорные звуки (р, л) русского языка, используя игры и игровые упражнения.
Развитие голосового и артикуляционного аппарата речи, речевого дыхания, четкой дикции.
Словарная работа и развитие речи.
Расширение и обогащение словарного запаса детей.
Формирование знаний о группах предметов ближайшего окружения, о предметах, обозначающих времена года и отдельные явления природы, о словах, обозначающих простые действия.
Совершенствование навыков составления словосочетаний (существительное и прилагательное), (числительное и существительное); согласования слова.
Формирование знаний о составлении предложений из 3-4 слов, о согласовании слов в коротких предложениях.
Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении.
Формирование навыков понимания и использования в речи русских слов и выражений.
Формирование навыков ответа на элементарные вопросы (Кто?,Что?; Какой?; Сколько?; Какое время года?).
Формирование навыков понимания и использования в речи слов и выражений, необходимых для установления связи с окружающими.
Обучать умению рассказывать о себе (фамилия, имя, возраст, место проживания).
Ожидаемые результаты:
умеет правильно произносить звуки свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные звуки (р, л);
составляет связную речь и правильно ставить ударение в словах при произношении;
применяет в речи слова с обобщающим значением;
понимает назначение предметов домашнего обихода и природного окружения;
умеет употреблять в речи имена существительные в форме единственного и множественного чисел;
слушает и понимает русскую речь, участвует в разговоре;
владеет навыками составления коротких рассказов по образцу, по содержанию картин, пересказывания небольших сказок и рассказов;
запоминает и читает наизусть потешки и стихотворения;
владеет навыками понимания и использования в речи русских слов и выражений;
- составляет короткие предложения из 3- 4 слов.
Күтілетін нәтижелер:
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды қатаң, ұяң және үнді дыбыстарды дұрыс айта алады (р, л);
- сөйлеуде жалпылауыш маңызы бар сөздерді қолданады;
- үйге керек-жарақ және қоршаған табиғи орта заттарының маңыздылығын түсінеді;
- ауызекі сөйлеу тілінде зат есімді жекеше және көпше түрде қолдана біледі;
- сөзді тыңдай және түсіне біледі, әңгімеге қатысады;
- сурет бойынша әңгіме құрастырады, шағын ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын айтуға дағдыланады;
- қысқа өлеңдер мен санамақтарды есте сақтап, жатқа айтады;
- екі, үш сөзден байланыстырып сөйлемдер құрай алады.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Ауызекі сөйлеуге үйрете отырып, екпіннің ерекшелігін меңгерту.
Тілдің дыбыстық мәдениеті дағдыларына, дикцияға, фонематикалық қабылдау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды қолдану дағдыларын жетілдіру.
Сөздік жұмыс
Сөздік қорын зат есім, сын есім, етістік, үстеу және көмекші сөздермен байыту.
Дағдыларды қалыптастыру:
- уақыт өлшемдерін білдіретін синоним сөздерді, жалпылау маңызы бар сөздерді атау.
- заттардың орналасқан жерін анықтау және атау.
- адамдардың көңіл-күйін сипаттайтын сөздерді қолдану дағдыларын жетілдіру.
- балалардың сөздік қорын белсендіруде ойындарды қолдануды жетілдіру.
- сөздерді қиыстыру, сөздердің кейбір күрделі формаларын құру дағдыларын жетілдіру;
- грамматикалық құрылымын қалыптастыру мақсатында ойындар қолдану;
- балалардың ауызекі сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастыру біліктерін жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдау және түсіну дағдыларын жетілдіру, әңгімеге қатысу.
Белгілі бір заттарды немесе ойыншықтарды әңгімелеуге, суретке қарап мазмұндауға, шағын ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын айтуға, шағын сахналық қойылымдарға қатысу дағдыларын қалыптастыру.
Тәулік бөліктерін білдіретін антоним сөздерді, жалпылауыш сөздерді, адамдардың жай-күйі мен көңіл-күйін сипаттайтын сөздерді, заттардың орналасқан жерін анықтақтайтын сөздерді дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Балаларға қолжетімді қуыршақтарды «жүргізу техникасын» пайдалана отырып, театрландырылған әртүрлі көріністерде өлеңдерді жатқа айту кезінде дауыс ырғағын, интонация, сөйлеу мәнерін дұрыс айтуға, саусақ ойындарын ойнату арқылы дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Ертегі-аңыздарды әңгімелеу мен сурет, ойыншықтарды сипаттаудағы бейнелі сөздерді қолдана отырып, ойдан әңгіме құрастыру дағдыларын бекіту.
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Шығарманың көркемділігін, мәнерлігін қабылдауға үйрету: баяндау құрылымының ерекшелігін байқау, тілдің мәнерлі құралдарын көре білу. Ертегі, әңгімелер айтуда тыңдау дағдысын, өлеңді жатқа айту дағдысын бекіту.
Балаларды сабақтан тыс уақытта көркем шығармалармен таныстыру.
Мәнерлеп оқу және мазмұнын айту
Логикалық екпіндерді қолдануды, поэтикалық мәтінді ашылу мазмұны мен сипатына қарай түрлі екпінде жеткізу: әзіл-сықақ, қуаныш, ойын бастамасы, салтанаттылық, көтеріңкілік, лиризм, сүйсіну.
Мәтіннің мазмұнына, кейіпкерлерге, таныс шығармалардың мазмұнын айту кезінде олардың қылықтарына өзінің қарым-қатынасын эмоционалды білдіруге, сурет бойынша тәрбиешімен бірге әңгіменің өзіндік бастамасын ойлап табу шеберлігіне үйрету.
Русский язык
(для дошкольных организаций с казахским языком воспитания и обучения)
Воспитание звуковой культуры речи
Закрепление навыков произношения гласных и согласных звуков русского языка.
Совершенствование навыков развития голосового и артикуляционного аппарата, речевого дыхания, четкой дикции.
Словарная работа и развитие речи.
Расширение кругозора и обогащение словарного запаса детей.
Совершенствование знаний о группах предметов ближайшего окружения, о временах года и об явлениях природы.
Обучение на русском языке прямому и обратному счету до 10.
Формирование навыков называния некоторых свойств предметов: цвет, формы, признаки.
Формирование умений понимания и использования знакомых слов в повседневной жизни.
Формирование грамотной речи: составление словосочетаний, предложений на русском языке.
Формирование навыков использования в речи имен существительных единственного и множественного числа.
Закрепление навыков составления коротких рассказов по картинам.
Совершенствование навыков связной и разговорной речи.
Закрепление навыков правильного использования русских слов и выражений при ответе на вопросы.
Ожидаемые результаты:
понимает русскую речь педагога в игровых ситуациях и в повседневной жизни;
- умеет считать на русском языке до 10 и обратно;
- произносит правильно свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;
называет группы предметов ближайшего окружения, их свойства, признаки; времена года и отдельные явления природы;
умеет пользоваться паузами, с интонацией играть роль персонажей сказок;
рассказывает о себе (фамилия, имя, возраст,родители, место проживания);
участвует в элементарном диалоге;
употребляет в речи имена существительные единственного и множественного чисел;
составляет словосочетания, предложения из 4-5 слов;
умеет придумывать короткий рассказ по картинке или по образцу воспитателя.
Күтілетін нәтижелер:
- бағдарлама негізінде құрылған коммуникативтік жағдайларда, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі ойындарда педагог сөзін түсінеді;
- жақын ортадағы заттар топтарын атайды;
- сөйлеуде жай, салалас құрмалас және бағыныңқы құрмалас сөйлемдер құрастыруды қолданады;
- жыл мезгілдері мен табиғаттың кейбір құбылыстарын білдіретін заттарды; заттардың кейбір қасиеттері мен белгілерін, жай әрекеттерді білдіретін сөздерді атайды;
- логикалық екпіндерді, үзілістерді қолдануды, поэтикалық мәтінді түрлі екпінде жеткізеді;
- ересектердің көмегімен сурет бойынша әңгіменің өзіндік бастамасын ойлап табады;
- қарапайым сұрақтарға жауап береді (Кім не? Бұл не? Қандай? Неше? Жылдың қай мезгілі?)
- заттардың кейбір қасиеттері мен белгілерін атайды;
- өзі туралы әңгімелейді (фамилиясы, аты, жасы);
- қарапайым диалогке қатыса алады;
- сөйлеуде жекеше және көпше түрдегі зат есім атауларын қолданады;
- қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын дұрыс айтады;
- сөз тіркестерін; екі, үш сөзден сөйлемдер құрай алады;
- тәрбиешінің үлгісі бойынша шағын әңгіме құрайды.
«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: математикалық ойлау дағдыларын, құрастыру, танымдық қызығушылықтарын, негізгіэкологиялық білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- танымдық-зерттеушілік және өнімділік (құрастыру) әрекеттерін ұйымдастыру;
- қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;
- танымдық қызығушылыққа, қоршаған табиғаттың тірі және өлі құбылыстарына ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеу
-балалардың дүниетанымын кеңейту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиынтық. Балаларға әр түрлі пішіннен, өлшемнен заттардың жиынтығы тұратындығы туралы ұғымдарды беру.
Осы заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде теңдігін немесе теңсіздігін анықтауға үйрету.
Сан және есептеу
Балаларды 3, 4, 5 ке дейін санауға үйрету, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санауға, сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды беру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес.
Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Беске дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Қаншасыншы?», «Қайсысы» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту.
Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу.
Әр түрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу).
Тура және кері бағытта беске дейін санап жаттығу.
Көлем
Екі, үш затты шамасы, ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша салыстыру білігін бекіту. Қосу және үстемелеу тәсілдерін пайдалану, заттардың сөздермен орналасу тәртібін белгілеуге үйрету, мәселен, үлкен – кіші; жоғары-төмен. Үш затты салыстыру кезінде сөйлеуде заттарды көлемі бойынша сипаттайтын терминдерді пайдалану. «Бұл шырша ең биік шырша, ал мынау аласа, ал енді мынаусы өте аласа».
Шаманың екі белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Үшінші (шартты өлшеммен) екі затты салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішіндер
Шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін бекіту.
Тікбұрышпен таныстыру. Геометриялық пішіндерді: төртбұрышты, тікбұрышты ажырату және атауды үйрету; геометриялық пішіндерді сипап-сезу және көру арқылы зерттеу.
Геометриялық пішіндер әр түрлі өлшемде және әр түрлі түсте болатындығы туралы ұғымдарды беру.
Текше, шар, цилиндр геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажырату мен атауды үйрету.
Кеңістікті бағдарлау
Алға, артқа, солға, оңға, жоғары,төмен бағыттарды анықтай білуін жетілдіру.
Берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғала білуін дамыту.
Өзіңе қатысты белгілі бір заттың орналасуын сөзбен белгілеуге (менің алдымда-есік; арт жақта үстелде кітап; менің сол жағымда шкаф; менің оң жағымда терезе, жоғарыда-төбе, төменде еден) үйрету.
Кеңістіктік қатынастармен таныстыру: алыс-жақын. Өзіне қатысты алыс, жақын заттардың орналасуын, мәселен қабырға алыс, ал терезе жақын екендігін анықтауға үйрету.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері туралы ұғымдарын кеңейту, оларды атау кезіндегі дұрыс жүйелілікті сақтауға үйрету, мысалы, таңертең, күн, түс, кеш, түн.
Мынадай ұғымдармен таныстыру, кеше, бүгін, ертең, таяу күндердегі атаулардың жүйелілігін атауға үйрету: «Кеше аптаның қай күні болды?», «Бүгін қандай күн?», «Ертең қандай күн болады?», әр түрлі оқиғалар негізінде: біз кеше не істедік; бүгін не істейміз, ертең не істейміз;
Құрастыру
Құрылыс материалынан құрастыру
Құрылыс бөлшектерін (үшбұрыш, пластина) ажырату және атау, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану қабілеттіліктерін дамыту дағдыларын жетілдіру.
Ойыншық өлшемімен сәйкестікте ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан ғимарат құрастыру, түрлі түстегі бөлшектерді пайдалану туралы білімдерін қалыптастыру. Құрылымдаудың берілген ұстанымдарын сақтай отырып, құрылыстардың биіктігінен, ұзындығынан және енінен өзгеру туралы білімін қалыптастыру. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу дағдыларына тәрбиелеу.
Қағаздан құрсатыру
Қағаздың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағаздан кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту. Бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру, әр түрлі түріндегі үлгілер жасау дағдыларын дамыту.
Табиғи және жарамсыз материалдардан құрастыру
Балаларды табиғи материалдардан зат даярлауға үйрету. Бөліктерді біріктіру үшін ермексазды, желімді, конструктор құрастырылымдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру
Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Экология негіздері
Өлі табиғат заттары мен құбылыстары
Өлі табиғат нысандары – су, жер, ауа, күн туралы балалардың білімдерін бекіту.
Жел, жаңбыр, тұман сияқты табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын кеңейту.
Табиғаттағы мерзімдік өзгерістер
Күзгі, қысқы табиғатты бақылау, олардың қарапайым өзгерістерін байқау дағдыларын дамыту.
Балалардың назарын күз бен қыстағы адамдар әрекетіне аудару дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдік әлемі
Жемістер мен көкөністерді ажырату және атау дағдыларын жетілдіру.
Бөлме өсімдіктері, олардың айырмашылықтары туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау ережелері мен өсімдіктердің жақсы жағдайы мен өсуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғатқа қамқорлық қарым- қатынас жасаудағы адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.
Балалардың бөлме өсімдіктерін өсіру мен оларға күтім жасауға ұмтылысы мен қызығушылығын тәрбиелеу. Өсімдіктерге мұқият және қамқор қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ағаштардың, бұталардың бірнеше түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Ағаш бөліктерін табу және атай білуін бекіту.
Жанды өсімдіктер үшін белгілі жағдайлардың қажеттілігі туралы ұғыну дағдыларын қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы ұғымдарын кеңейту; жабайы жануарлардың өмірі туралы; табиғат бұрышындағы жануарлар туралы ұғымдарын кеңейту. Жанды нысандар мен табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауға арналған құрал-жабдықтар туралы білімін қалыптастыру.
Жылдың күзгі уақытындағы жабайы жануарлардың өмірі (сыртқы түрі, мекен ету ортасы, тұратын жері, қоректенуі, қысқа дайындалуы) жөнінде балалардың ұғымдарын кеңейту.
Үй құстары мен жабайы құстар туралы білімдері мен ұғымдарын кеңейту.
Қыстайтын және жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білімдерін, оларды ажырату және атай білуін қалыптастыру.
Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |