Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеу. Бір-бірін сырғанату.
Сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.
Шаңғымен жүру. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойын элементтері
Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді (2-3 м) және (5-6 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Ойынды командамен үйрену.
Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.
Футбол. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.
Хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.
Күтілетін нәтижелер:
- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін орындайды;
- 120 м арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен алмастырады; шамамен 5-6 секунд ішінде 20 м жылдамдыққа жүгіреді;
- 5-6 заттардың үстінен тура және жанымен секіреді; түрлі тәсілдермен: бір орыннан 80 см кем емес ұзындыққа, 100 см кем емес ұзындыққа жүгіріп келіп, (30-40 см кем емес) биіктікке жүгіріп келіп секіреді;
- допты жоғары лақтырады және қағып алады, допты жерге 10 рет соғады; заттарды (5-9 м кем емес) қашықтыққа; 3-4 м арақашықтықтан тік және көлденеңінен нысанаға лақтырады;
- қарқынды өзгерте отырып (биіктігі 2,5 м) гимнастикалық қабырға бойымен өрмелейді; төрттағандап заттар арасымен еңбектейді;
- тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық бойымен жүреді;
- бір қатар саптізбектен, үш және төрт қатар саптізбекке қайта тұрады;
- шанамен бірін бірі сүйретеді;
- шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүреді, төбешекке шығады және одан түседі; самокатпен жүреді; өздігімен жүзеді.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Валеология
Өзіңді таны. Валеология деген не. Адамдардың сезім мүшелері мен дене мүшелері. Ағзалар: жүрек, асқазан, тіл. өкпе, бүйрек.
Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Жеңіл тамақтануға болады (алма, жүзім, жаңғақтар). Тәттіні көп жеуге болмайды, денсаулыққа зиян. Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу.
Аурудың алдын алу
Денсаулықты нығайтудағы шынығу және оның маңызын түсіндіру. Күн тәртібі.
Өзіңе және басқаға көмектес.
Науқастанып, ауырған кезде дереу ересектерге хабарлау.
Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақтайды. Дұрыс қалыпты сақтай білу, тұру, отыру кезіндегі тұрақты қалып. Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу, зейінін басқа жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.
Табиғат. Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу. Олардан қалай сақтанатынын білу. Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Көкөністер. Жемістер. Олардың пайдасы мен зияны.
Үй жануарлары. Жануарларды күтіп-баққанда, оларды қоректендіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.
Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу.
Әлеуметтік өмір.
Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Түрлі жағдайда бала өзін-өзі ұстаудың мынадай ережелерін меңгере білу:
егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра;
- полиция көлігін айыра біл;
- үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара, егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа;
- пәтерден танымайтын адамға шықпа, есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап;
- бейтаныс адамның көлігіне отырма;
- егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса;
- жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме;
- ықшам ауданның көліктерімен танысу;
- қозғалыстағы кез-келген көлік – адамның қауіпсіздігіне төнген қатер.
Күтілетін нәтижелер:
- адамның дене құрылысын, маңызды мүшелердің қызметін біледі;
- негізгі азық-түліктерді біледі және атайды;
- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы түсініктерге ие;
- аурудың алдын алудың негізі шаралары туралы түсініктерге ие;
- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қауіпсіздігін және ережесін біледі;
- дененің ауырған жерін жеңілдетуді біледі.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау. Түрлі дене мүшелеріне көңіл қоя білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңды. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.
Тамақтану. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолданудың дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату.
Аурудың алдын алу. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі. Күн тәртібі. Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы. Пайдалы және зиянды әдеттер. Темекі мен арақтың зияны. Азық-түліктерді жеу үшін қалай дұрыс дайындау қажет. Тамақтан уланудың алдын алу. Өзінің және құрдасының түріне, көзіне, қолына, денесіне қарап оның жағдайын анықтай алу. Көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау: нашар сезінуді ересектерге айту.
Өзіңе және басқаға көмектес. Азын-аулақ жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы әлсіреу кезінде 1-2 тыныштандыратын кешенді меңгеру. Оларды қашан қолдану керектігін білу.
Табиғатты қорғау. Ағаштың түрлері. Өсімдіктің түрлері.
Әлеуметтік өмір. Үйдегі қауіпсіздік ережесі. Шұғыл қызмет телефондары.
Құралдардың міндеті, спорттық құралдарды қолдану ережесі.
Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар).
Күтілетін нәтижелер:
- маңызды мүшелердің қызметін біледі;
- азық-түліктерді атауларын, олардың сапасын анықтай біледі;
- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы біледі;
- денсаулықты нығайту туралы ұғымдарға ие;
- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қауіпсіздігін және ережесін біледі және атайды;
- өзінде және басқаларда ауру белгілерін сезген жағдайда ересектерден өз уақытында көмек сұрай алады;
- дененің ауырған жерін жеңілдетуді; жедел жәрдем қызметін шақыруды біледі.
Өздігінен қозғалу белсенділігі
Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-жабдықтармен, спорттық құралдармен жабдықталған қимыл-қозғалыс әрекетін дамытатын орта құру.
Ойын алаңын көп нұсқалы ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.
Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағыну дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуен орынын дұрыс жабдықтау.
Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.
Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет – қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.
Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру.
Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.
Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.
Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу.
Шынықтыру өткізу барысында балаларға жеке тәсілді іске асыру, оны баланың денсаулық жағдайын, шынықтыру құралдарымен әсер етуге үйрену дәрежесін ескере отырып жүргізіу.
Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жай қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.
Дұрыс дене сымбаты мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
Серуен кезінде меңгерілген біліктер мен дағдыларды қолдана отырып, қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып, ойнау дағдыларын қалыптастыру. Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып, табиғи жағдайда ойнауға үйрету.
Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету. Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.
Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 1-3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.
Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.
Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру. Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау, асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру. Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну.
Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауды жетілдіру.
Баланың шамасына қарай жұмыс түрлерін: асханада, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуда кезекші міндеттерін атқаруға тарту арқылы еңбек етуге жағымды қатынасты қалыптастыру.
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау. Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау.
Қоғамдық орындарда тазалық ережесін сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Қатынас» білім беру саласы
Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу және жазу негіздері;
- мемлекеттік, орыс және басқа (мемлекеттік тіл қазақ тілінде оқытылатын топтарда өткізілмейді) тілдер бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоршаған адамдармен өзара әрекет мен құрастыру тәсілдері арқылы дағдыларын игеруді, мемлекеттік тілді меңгеруді және қоғамдық маңызы бар тілді білуін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;
- балалардың әрекеттерінің түрлі нысандары мен түрлерінде олардың ауызекі сөйлеу тілінің барлық құрамдарын дамыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу
Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру.
Сөздегі дыбыстың орны туралы білімдерді қалыптастыру.
Балалардың:
- зат есім, жалпылауыш сөздерді қолдану, сөздерді дыбыстық талдау;
- қажетті сөздерді дұрыс түсіну және оларды ауызекі сөйлеу тілінде белсенді қолдана білу;
- грамматикалық және морфологиялық қырын меңгеру;
- етістіктерді дұрыс қолдана білу, сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, қосымшаларды дұрыс қолдана білу;
- сөйлеу тілінде зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасау;
- тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын, сөзжасамды меңгеру;
- сөйлеу мәдениетінің түрлерін қолдану;
- диалогтік сөйлеуге үйрету, сөзді түсіну және тыңдау;
- қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру арқылы сөздік қорын дамыту;
- негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, қысқа сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыру;
- мазмұнын ескере отырып балалардың диалогтік тілін дамытуға негіз болатын тілдік орта құру;
- шығармашылық қызмет машықтарын қалыптастыру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу;
- баяндау және сипаттау әңгімелерін ойлап табу;
- әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- сөздегі дыбыстың орнын біледі;
- сөз жасау дағдыларына ие;
- қысқа сипаттау және баяндау әңгімелерін құра біледі;
- сөзді септей, көптей, тәуелдей және жіктей біледі,
- сөзді тыңдай және түсіне біледі.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу
Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту; дауыссыз с-з, с-ц, ш-ж, ч-ц, с-ш, ж-з, л-р дыбыстарды ажырата білу.
Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау, екпінді дыбысты айқындау, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыра білуді жетілдіру, сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету. Жаңа сөз түрлерінің пайда болуына қызығушылығы мен сыни қатынасын тәрбиелеу, дұрыс сөйлеуді құрастыруға талпынысын арттыру.
Сөздік жұмыс
Сөздік қорын байытуды жалғастыру. Жалпылаушы сөздерді қолдана білуді, түрлі логикалық топтарға жататын (жинақтау) заттарды атай білу іскерлігіне, сөйлемде көпмағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға; белгілі бір заттың белгілеріне қарай, затқа әрекет етуді және берілген әрекетке зат таңдай білуге жаттықтыру.
Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Тілдің грамматикалық дұрыстығын және тілдің морфологиялық қырын қалыптастыруды жалғастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.
Сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауға үйрету.
Сөздерді түрлі әдістермен құрай білу және түбірлес сөздерді қолдану іскерліктерін бекітуді жалғастыру.
Жай сөйлем, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін дамыту, оларды ауызекі тілде қолдану.
Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Әңгімелеуге үйрету
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуді жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.
Сөйлеу тілін қалыптастыру
Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктеріне жаттықтыру.
Балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу.
Диалогтік сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу
Ұсынылған тақырыптар бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табуға жаттықтыру; ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін ойлап табуға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Өмірдегі әртүрлі көріністерді бақылай отырып, әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- дыбыс, сөз, сөйлем туралы қарапайым түсініктерге ие;
- сөздің басындағы дыбысты анықтайды, дыбыс пен әріпті ажыратады;
- дыбыстарды буынға қосады; сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады,
- жайылма жай сөйлемдермен айтады;
- суреттерге сүйеніп ертегі, әңгімелерді айтады;
- сурет, сюжеттік суреттер топтамасы бойынша ауызша әңгіме құрастырады, түрлі оқиғаларды айтады, ертегілер, ойынға өлең ұйқастары мен сөздер құрастыруға қызығушылық білдіреді;
- тілде көп мағыналы және жалпылауыш, антоним, синоним, теңеу сөздерді қолданады;
- құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ниеттерін, ойларын еркін жеткізеді;
- ізеттілік, сыпайылық түрлерін меңгеру.
Көркем әдебиет
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Шығармалардың эмоциялық-бейнелік мазмұнын түсінуге үйрету. Баяндау сипатын сезінуге үйрету. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру.
Мәнерлеп оқу.
Авторлық көңіл-күйді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдің образдылығын сезінуге және білдіруге үйрету.
Мазмұндау. Сюжетті бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды түрде мазмұндауға үйрету. Түрлі тақырыптағы шығармалар мен бейнелеу құралдары бойынша өз қарым-қатынасын мәнерлі көрсету, шығармаларды өз ойымен мазмұндап айтуға үйрету. Диалогтік сөйлеуді жеткізу.
Шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге үйрету. Балалардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарынан бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу және баяндау әңгімелерін құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
әдеби жанрларды айыра біледі;
өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;
бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдана отырып шағын шығармаларды өз бетімен мазмұндайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ.
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Мазмұнына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға, түсіне білуге үйрету.
Мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге үйрету.
Мазмұндау. Шығарманы мазмұнына байланысты ырғақпен, қимыл-қозғалыспен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс-әркеттеріне өзіндік ойын, пікірін айта білу.
Шығармашылық әңгімелеу
Өмірден, суреттер, бақылаулар бойынша берілген тақырыптарға сәйкес әңгімелер құрастыра білуге үйрету.
Шығармалардың мазмұны мен көркем шығармашылық түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс кезінде көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту. Шығармаларды мазмұнын ойын әрекеттерімен, серуендермен, байқаулар және экскурсиялармен байланыстыра отырып оларды қайталауға үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- көркем мәтінді аяғына дейін тыңдайды, мазмұнын эмоциялы, белсенді түрде сезіне біледі, кейіпкерлерге жаны ашиды;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
- бағдарламада берілген шығармаларды жатқа айтады;
- меңгерген әдеби жанрларды атайды; сахналық шағын қойылымдарға қатысады; көпшілік алдында қысылмай сөйлейді және өздерін еркін ұстайды;
- көркем әдебиет шығармаларына қызығушылық білдіреді, қазақ жазушыларының әдеби шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды, кітапқа ұқыптылықпен қарайды.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сауат ашу және жазу негіздері
«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы алғашқы түсінік беру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру, сөздегі дыбыстарды ажырата білу. Балаларды сөздегі дыбыстардың реттілігін белгілеуге үйрету. Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін талдау. Дауысты дыбыстарымен таныстыру.
Қолды жазуға дайындау
Дәптерді, қолды, қаламды үстел үстіне қойып, жазу кезіндегі ережелермен таныстыру. Жазу құралдарын (қаламды) дұрыс ұстауға дағдыландыру. Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
«Сөз» және «дыбыс» терминдерін ажыратады;
3 дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай біледі;
түрлі сызықтар, штрих жасай біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру, дыбыстық құрылымы әртүрлі төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктерін жетілдіру.
Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).
Жазуға дайындық
Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білуді үйрету. Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету. Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру. Қозғалысты өлеңдермен, әңгімелермен ілестіру, көру-моторикалық үйлесімділікті дамыту.
Жазықтықтағы бейнелерден және қозғалыста ырғақтылықты сезуді тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
- тілдің негізгі бірліктері туралы түсініктерге ие;
- барлық дыбысты дұрыс айтады, сөздерді анық және нақты айтады;
- сөздерден дыбыстарды ажыратады, белгілі дыбысы бар сөздерді табады, сөзде дыбыстың орнын анықтайды;
- әртүрлі дыбыстық құрылымның үш-төрт дыбысты сөздеріне дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды;
- қарындаш пен қаламды дұрыс ұстайды, қағаз бетінің жазықтығын бағдарлайды,
- негізіне кейбір элементтердің ырғақты орналасуы жататын жиектерді сызады, салады.
I полугодие
Достарыңызбен бөлісу: |