9-параграф. Тендерлік өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
111. Әлеуетті жеткізушінің құрылысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5 (бес) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.
112. Әлеуетті жеткізушінің үйлер мен ғимараттарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол тендерге бөлінген бағадан 5 (бес) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.
113. Әлеуетті жеткізушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын және қала құрылысының жобаларын әзірлеу бойынша жұмысқа арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол тендерге бөлінген бағадан 5 (бес) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып табылады.
114. Әлеуетті жеткізушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжирингтік қызмет көрсетуге арналған тендерлік баға ұсынысы, егер ол бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан 10 (он) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып танылады.
115. Тендерлік комиссия әлеуетті жеткізушілердің демпингтік бағаларды ұсынуын фактісін белгілеген жағдайда сатып алудың қорытындысы туралы хаттамада демпингтік бағаларды ұсынған әлеуетті жеткізушілер және оларды есептеу тәртібі туралы ақпарат көрсетіледі.
10-параграф. Сатып алуды бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендер тәсілімен жүргізу тәртібі
116. Тапсырыс беруші тауарды сатып алу кезінде бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендерді өткізу қажеттілігін өз бетінше белгілейді.
117. Бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендер тәсілімен сатып алу тауарларға жүргізіледі және Астана қаласының уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.
118. Бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендер тәсілімен сатып алу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) бірінші кезең - Қағидалардың осы тарауының 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-параграфтарында көзделген тендер рәсімдерін өткізу;
2) екінші кезең - тендерге қатысушылар арасында сауда-саттық өткізу және тендерге қатысуға рұқсат беру хаттамасында белгіленген уақытта (оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет ресурсында немесе электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында жариялаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен бойда) олардың ішінен жеңімпазды анықтау.
119. Сауда-саттық тендерлік комиссияның барлық мүшесінің, тендерге қатысушылардың қатысуымен тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта әрбір лотқа жеке өткізіледі.
120. Сауда-саттық сауда-саттық (лот) мәніне қатысты бастапқы бағадан бастай отырып баға туралы ағымдағы ұсынысты бір қадамға төмендету арқылы басталады.
Өткізілетін сауда-саттықтың мәні болып табылатын тауарларды сатып алу үшін тиісті қаржы жылына арналған сатып алу жоспарында көзделген сома бастапқы баға болып табылады.
Тендерлік комиссия тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы жасау кезінде сауда-саттықтың бастапқы бағасынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыздан бастап 5 (бес) пайыз аралығындағы шекте қадамды белгілейді.
121. Тендерге қатысушы ұсынатын баға ұсыныстарының саны шектелмеген, тендерге қатысушы өзінің тендерлік баға ұсынысын азаю жағына қарай бірнеше рет өзгерте алады.
122. Сауда-саттықты өткізу кезінде тендерге қатысушыларға сауда-саттықтың қадамына қарамастан өткізілетін сауда-саттықтың мәні болып табылатын тауарға бастапқы бағадан төмендетілген бағаны ұсынуға жол беріледі.
123. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысушыға әлеуетті жеткізушінің және лоттың атауы, оның нөмірі және бастапқы бағасы көрсетілген билет береді. Билетті әрбір жоғарыға көтеру сауда-саттықты өткізу үшін жарияланған бағаның төмендеуіне арналған қадамға тең болады.
Тендерге қатысушы билетті көтерген кезде лоттың бағасы үш рет қайталанады және баға жарияланған кезде билетті бірінші болып көтерген тендерге қатысушының билеті аталады және басқа көтерілген билеттер болмаса, балғамен үстелді ұра отырып осы лот бойынша тендердің жеңімпазы жарияланады.
Егер билетті қайталау кезеңінде тендердің басқа қатысушысы билетті көтерсе, онда осы лот бойынша сауда-саттық жеңімпаз анықталған сәтке дейін жалғасады.
124. Электрондық сатып алуды өткізу кезінде тендерге қатысушылар әлеуетті жеткізушінің басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өткізілетін тендердің (лоттың) мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсынысты сатып алу порталы арқылы ұсынады.
Тендерге қатысушылардың тауар бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты тендердің өтуі басталған кезден бастап 30 (отыз) минутты, сондай-ақ тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс түскеннен кейін 10 (он) минутты құрайды.
Егер көрсетілген уақыт ішінде тауардың одан да төмен бағасы туралы 1 (бір) де бір ұсыныс түспесе, тендер аяқталады.
125. Сатып алу порталы барлық тендерге қатысушыға тендерге қатысушылар туралы мәліметтерді көрсетпестен, тендерге қатысушылардың саны туралы ақпарат алуға рұқсат береді.
126. Ең төменгі баға ұсынған тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
127. Егер тендерге қатысушы тендердің басқа қатысушысы ұсынған бағаға тең баға ұсынса, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен баға туралы ұсыныс жеңді деп танылады.
128. Егер сауда-саттықты өткізу басталғаннан кейін 10 (он) минут ішінде (электрондық сатып алуды өткізген кезде - 30 (отыз) минут ішінде) тендерге қатысушылардың бір де біреуі лот бойынша тендерлік баға ұсынысын бермесе, онда лот сауда-саттықтан алынады және осы тендерге (лотқа) қатысты сауда-саттық өтпеді деп танылады. Бұл жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы тендердің барлық қатысушысына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
129. Сауда-саттықтың нәтижесі Қағидалардың 106-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып, тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында не электрондық сатып алу кезінде сатып алу порталында жарияланатын бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамада көрсетіледі.
130. Тендерлік комиссия Қағидалардың 108-тармағында көзделген жағдайларда бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендерді өтпеді деп таниды.
131. Бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендер өтпеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші Қағидалардың 110-тармағында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.
132. Тендерлік комиссияның тендерге қатысушылармен сауда-саттықты өткізуге байланысты келіссөздер бойынша сұрату жіберуіне және басқалай әрекет етуіне жол берілмейді.
133. Сауда-саттықты өткізу тәртібін бұзған және сауда-саттықтың өтуіне ықпал ететін тендерге қатысушылар мен қатысқан адамдар сауда-саттық өткізілетін залдан (орнынан) шығарылады.
5-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
134. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық көрсеткіштегі жылдық көлемі 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспаса (қоса алғанда), осындай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу жүргізіледі.
Айналысу үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттар (хабарламалар) қажет болатын қызмет саласында жеткізушімен сатып алу туралы шарт әлеуетті жеткізуші өзінің құқық қабілетін растайтын құжатты берген жағдайда жасалады.
135. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың жылдық көлемін біреуінің мөлшері Қағидалардың 134-тармағында көзделген мөлшерден кем бөліктерге бөлуге рұқсат етілмейді.
136. Бiртектi емес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алуды жүзеге асыру кезiнде сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөледі.
137. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
138. Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде 5 (бес) жұмыс күнi бұрын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында немесе электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды және хабарландыруда көрсетілген басқа қажетті ақпаратты жариялайды.
139. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер:
1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;
3) сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома;
4) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саны (көлемі), орны және мерзімі;
5) техникалық ерекше нұсқамасы (бар болса);
6) әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны;
7) маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарттың жобасы (мәміле Қағидалардың 172-тармағына сәйкес ауызша нысанда жасалған жағдайда көрсетілмейді);
8) басқа ақпарат (қажет болғанда) қамтылады.
140. Бұрын жарияланған хабарландыруға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізген жағдайда, баға ұсыныстарын табыс ететін соңғы күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында немесе электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында хабарландыруға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жариялайды және баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін кемінде 5 (бес) жұмыс күніне ұзартады.
141. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алуды талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.
142. Қағидалардың 140-тармағнда көзделген жағдайды қоспағанда, баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін әлеуетті жеткізуші табыс еткен баға ұсынысына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге рұқсат етілмейді.
143. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
144. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
145. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
146. Әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер баға ұсыныстарын табыс етуіне қарай оларды тиісті тіркеу журналына енгізілуі тиіс.
147. Қағидалардың 145-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін баға ұсынысы бар, сондай-ақ конверттерді ұсыну мерзімі аяқталған уақыттан кейін берілген конверт тіркелмейді және оны ұсынған тұлғаға қайтарылады.
148. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші басшысының не ол өкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, сатып алу порталында автоматты түрде тіркелетін 1 (бiр) баға ұсынысын табыс етеді.
Сатып алу порталы баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті жеткізушіге хабарландыруды автоматты түрде жібергеннен кейін баға ұсынысы қабылданған болып саналады.
149. Сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыруда көрсетілген күні, уақытында және орнында баға ұсынысын ашады және ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізушіні айқындайды.
150. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
151. Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы басқа валютада көрсетілсе, баға ұсыныстарын салыстыру мақсатында баға ұсыныстарын бір валютаға келтіру үшін баға ұсыныстарын ашу күніндегі Ұлттық Банктің ресми бағамы қолданылады.
152. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:
1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;
2) әлеуетті жеткізуші 1 (бiрден) артық баға ұсынысын табыс етсе;
3) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келмесе;
4) әлеуетті жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;
5) әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;
6) әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса қабылданбайды.
153. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге адам бекітетін хаттама түрінде ресімделеді.
154. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туарлы хаттамада:
1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы, оның пошталық мекенжайы;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;
3) баға ұсыныстарын табыс етудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын берген әлеуетті жеткізушілердің атауы, олар тауарға, жұмысқа, қызметке мәлімдеген бағалар;
4) қайтару себептері көрсетіле отырып, баға ұсыныстары қайтарылған әлеуетті жеткізушілердің атауы;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы;
6) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жағдайда, сатып алу туралы шартты жасау сомасы мен мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
155. Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туарлы хаттаманы бекіткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындылар туралы ақпаратты тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында жариялайды.
156. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу:
1) баға ұсыныстары болмаған;
2) 2 (екіден) кем баға ұсынысы берілген, оның ішінде егер Қағидалардың 152-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін 2 (екеуден) кем баға ұсынысы қалған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
157. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылса немесе әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарса, тапсырыс беруші аталған тәсілмен, оның ішінде сатып алу талаптарын өзгерте отырып, сатып алуды қайтадан өткізеді не шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды өткізеді.
6-тарау. Шартты тікелей жасасу
158. Шартты тікелей жасасу тәсілі:
1) құрылыс бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын әзірлеуді тиісті авторлардың авторлық қадағалауы бойынша көрсетілетін қызметтерді;
2) кірме жолдарды пайдалану қызметтерін, жүкті және өнімді жөнелтілген орнына дейін жеткізу қызметтерін;
3) мемлекеттік кәсіпорындардан, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
4) егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
5) егер тендер тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
6) ішкі кооперация бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
7) тапсырыс беруші жасасқан шарттардың шегінде белгіленген міндеттемелерді орындау үшін қажетті тапсырыс берушінің жарғылық қызметінің мәні болып табылатын өнімді дайындау және жеткізу үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
8) тапсырыс беруші қызметін (жұмыс істеп тұруын) жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларды, құрылыстарды жалдау қызметтерін;
9) сатып алуды өткізу мерзімі ішінде, бірақ 3 (үш) айдан аспайтын кезең ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінен аспайтын, тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Тапсырыс беруші үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін сатып алатын күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілік тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде (бұдан әрі - күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктер тізбесі) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
10) құны бойынша жылдық көлемі 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын жылдық көлемде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (қоса алғанда);
11) ерекше маңызды мемлекеттік объектілердің және (немесе) тапсырыс берушінің мектепке дейінгі ұйымының асханалары үшін тамақ өнімдерін;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 51-бабы 3-тармағы бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесінде көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
13) кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі үй-жайды (жалдау қызметін қоса алғанда);
14) тапсырыс берушінің негізгі қызметі бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты ұсыну және ақпаратты отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызметтерді;
15) егер қандай да бір жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде бірегейлендіру, толық жинақтау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен, жұмыстармен немесе қызметтермен сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында осы жеткізушіден басқа сатып алуды жүргізу қажеттілігі туындаса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
16) телефон, ұялы және арнайы байланыс қызметтерін;
17) қағаз және (немесе) электронды тасымалдағышта басылған мерзімді басылымдарды сатып алу кезінде қолданылады.
159. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге жазбаша шақыру жібереді, онда мына мәліметтер:
1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атаулары және тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекше нұсқамасы;
3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома туралы мәліметтер;
4) маңызды талаптарын, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімін, санын (көлемін) көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы;
5) Қағидалардың 108-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің, оның қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушыларының) (олар тартылған кезде) Қағидалардың 158-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, Қағидалардың 50-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттардың тізбесі;
6) Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету құқығын растайтын құжатты (құжаттардың электрондық нұсқасы нотариатта куәландырылмайды) немесе құжатты берген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемесі бар әлеуетті жеткізушінің өтінішін (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) беру туралы талап қамтылады.
160. Қағидалардың 158-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес айқындалған әлеуетті жеткізушіге жіберілетін ақпарат тендердің талаптарында немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу талаптарына сәйкес келеді.
161. Қағидалардың 158-тармағының 13) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарды жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші шақыру алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және техникалық ерекше нұсқамасы;
2) сатып алу туралы шарт талаптарымен жазбаша келісім;
3) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсынысы;
4) Қағидалардың 108-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің (қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) егер олар тартылған кезде) Қағидалардың 158-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, Қағидалардың 50-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
5) Қағидалардың осы тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), электрондық құжат нысанындағы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін жібереді) жібереді.
162. Шартты тікелей жасау тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауар жеткізуді, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 158-тармағының 13) тармақшасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыру кезінде шақырту алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды жібереді:
1) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін және техникалық паспорттың көшірмесін;
3) шақырту алған күннен ерте берілмеген, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
4) тұрғын үйдің ағымдағы жай-күйінің фототүсірілімін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлік объектісін (баспананы) бағалау туарлы есептің нотариат куәландырған көшірмесі;
5) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы;
6) неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, жұбайының (зайыбының) нотариат куәландырған келісімін не неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екені туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жесір екенін растайтын куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін.
163. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге адам бекітетін сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
164. Сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай ақпарат:
1) шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды қолданудың негіздемесі;
2) сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома;
3) шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
4) сатып алу туралы шарт жасалатын жеткізушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылады.
165. Қағидалардың 158-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шартты тікелей жасасу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы мына іс-шаралардың бірін жүзеге асырады:
1) Қағидалардың 108-тармағының 1), 4) тармақшаларында және Қағидалардың 156-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші шақыру жіберілетін әлеуетті жеткізушіні айқындайды;
2) Қағидалардың 108-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында және Қағидалардың 156-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда тендерге қатысуға өтінімін, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу шегінде баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізушіге шақыру жібереді. Онымен жасалған сатып алу туралы шарттың бағасы бағаны төмендету үшін сауда-саттық қолданылатын тендерді қоспағанда, баға ұсынысында көрсетілген, оның ішінде тендерлік бағасынан аспайды.
166. Әлеуетті жеткізушіге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетелген қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипатарымен, сондай-ақ тиімді технологиялық шешімдерімен және (немесе) жұмысты орындау кезінде өте жақсы материалдарды қолдана отырып ұсынуына рұқсат беріледі, әлеуетті жеткізушінің осындай техникалық ерекше нұсқамасының тапсырыс беруші үшін қолайлы болуы міндетті.
167. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу мына жағдайларда, егер:
1) әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы ұсынған;
3) әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 161 немесе 162-тармақтарында көзделген құжаттарды табыс етпеген;
4) әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алуға жазбаша келісімін бермеген не оған қатысудан бас тартқан;
5) әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде тұрған жағдайларда өтпеген деп танылады.
168. Сатып алу өтпеді деп танылған немесе әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы Қағидаларда көзделген тәсілдердің бірімен қайтадан сатып алуды жүзеге асырады.
169. Қағидалардың 158-тармағының 12) тармақшасында көзделген сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) басқа әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алуды қайта жүргізу туралы шешім қабылдайды.
7-тарау. Сатып алу туралы шарт жасау
170. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған мәмілелер жазбаша не ауызша нысанда жасалады.
171. Мәміле (шарт) шарт жазбаша нысанда:
1) қағаз тасымалдағышта;
2) электрондық нысанда жасалады.
Мәміленің жазбаша нысанына:
1) тараптардың мәміле жасауға еркі;
2) жеткізушінің тапсырыс беруші ұсынған талаптармен келісуі кіретін хаттармен, факспен, электрондық құжаттармен алмасу теңеседі.
172. Ауызша нысанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, сондай-ақ жасау кезінде орындалатын, мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, төлем жасауға шот, шот-фактура, жүк құжаттамасы, билет немесе әдетте қабылданған растайтын өзге белгі) растайтын құжаттар болған кездегі мәмілелер жасалуы мүмкін.
173. Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туарлы шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).
Жеткізушіге сатып алу туралы шарттың жобасын алуға және оған қол қоюға рұқсат етіледі.
Сатып алу туралы шартты электрондық түрде жасасқан кезде сатып алу туралы шарт тапсырыс берушінің және жеткізушінің электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы куәландырылады.
174. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тендер және сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпазбен сатып алу туралы шарт оның тендерге қатысуға берілген өтінімінде және баға ұсынысында көзделген талаптармен жасалады.
175. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалған сатып алу туралы шартқа олар 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде қол қояды.
176. Жеткізуші:
1) Қағидалардың 107-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған;
2) сатып алу туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған;
3) сатып алу туралы шартты жасаудан жазбаша бас тарту берген;
4) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, ол сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған деп танылады.
177. Тендер жеңімпазы сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші ұсынысына тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген тендер қатысушысына оны тендер жеңімпазы деп тану туралы хабарлама мен сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
178. Тендер жеңімпазынан кейін ұсынысына тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген тендер қатысушысы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 107-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және хабарлама алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы шартқа қол қояды не тапсырыс берушіге орын алған келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
179. Тендер жеңімпазынан кейін ұсынысына тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының бейрезиденті - тендерге қатысушысы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 107-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шартқа қол қояды не тапсырыс берушіге орын алған келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
180. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарымен не жеткізушілермен шарт жасасқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың үлгі нысандары оларда ұсынылған нысанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қағидаларда көзделген талаптарды ескере отырып шартты ресімдеуге жол беріледі.
181. Жеткізуші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін, кепілді ақша жарнасы не Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Жеткізушінің күшіне енген сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін толық және тиісті түрде орындауы ерекшелік болып табылады.
182. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеткізуші онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауына кепілдік ретінде енгізеді.
183. Жеткізушінің сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелері толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуде тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына және (немесе) жеткізуші енгізген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Қағидаларда көзделмеген мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
184. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыз мөлшерінде белгілейді, ал сатып алу туралы шартта алдын ала төлем (аванс) көзделген жағдайда, алдын ала төлем мөлшерінде белгілейді.
Жеткізушінің сатып алу туралы шартта көзделген алдын ала төлемді (авансты) алудан бас тартуына жол беріледі. Алдын ала төлемнен (аванстан) ерікті түрде бас тартқан жағдайда, жеткізуші сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. 50 (елу) тиыннан аз сома нөлге дейін, ал 50 (елу) тиынға тең және одан көп сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
185. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап:
1) сатып алу туралы шартта алдын ала төлем (аванс) төлеу көзделетін жағдайды қоспағанда, сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайтын;
2) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатынан және ішкі кооперация аясында қаржыланатын ұйымдармен;
3) мерзімді баспасөз басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту, жұмыс берушінің және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша қызметтерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді (бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін) техникалық қолдауды;
4) тапсырыс берушінің жарғылық қызметінің шеңберінде өнімді дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.
186. Тапсырыс беруші енгізілген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеткізушіге шартта көрсетілген мерзімде не тапсырыс беруші мен жеткізушінің уәкілетті өкілдері тауарды (орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті) толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
187. Жеткізушінің өз шарттық міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы салдарынан шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз қайтармайды.
188. Жеңімпаз ретінде айқындалған әлеуетті жеткізушіні сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған деп таныған жағдайда, тапсырыс беруші ол енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.
189. Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушінің шешімі бойынша, ол күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттілік үшін сатып алынатын сатып алу туралы шарттың қолданысын осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір тоқсанда пайдаланылған көлемінен аспайтын көлемде, күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілік тізбесіне сәйкес келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.
190. Қағидалардың 191-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алу туралы шарттың жобасына және сатып алу туралы шартқа өзгерістер тапсырыс беруші мен сатып алу жеңімпазы (жеткізуші) арасындағы келісім бойынша енгізіледі. Сатып алу туралы шартқа өзгерістер шарттың өзінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша келісіммен ресімделеді.
191. Сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған сатып алу туралы шартқа:
1) сатып алу туралы шарт сомасының сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлеміне қажеттіліктің ұлғаюына байланысты емес ұлғаюы;
2) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жүргізілетін (жүргізілген) сатып алудың талаптары мазмұнының және тендер тәсілімен немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеткізушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың өзгеруі;
3) табиғи монополиялар салаларында және реттеу нарықтарында басшылықты жүзеге асыратын орган белгілеген баға шегінде бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген жағдайды қоспағанда, бір тауар, көрсетілетін қызмет бағасының, сондай-ақ ішкі кооперация бойынша жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өзгеруі бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
192. Сатып алу туралы шартта:
1) тапсырыс берушінің Қағидалардың 14-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартқан;
2) жеткізуші ұсынған мәліметтерден дәйексіз ақпарат анықталған;
3) тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген кезде Қағидаларының және (немесе) сатып алу талаптарының сатып алу қорытындысына ықпал ететін бұзушылықтар анықталған;
4) тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушіге Қағидаларда көзделмеген жәрдем көрсеткен;
5) сатып алу туралы шартта көзделген өзге жағдайларда оны кез келген кезеңінде бұзу туралы талап қамтылады.
193. Сатып алу туралы шарт бойынша ақы төлеу мерзімі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелер толық көлемде орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей көзделеді.
194. Үйлер мен ғимараттарды салу және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу шартында жеткізуші шарттың жалпы сомасынан 30 (отыз) пайыздан кем емес мөлшерде аванс төлеу туралы талапты көздеуге жол беріледі.
195. Тауарды жеткізу үшін ең аз мерзімді тапсырыс беруші сатып алу туралы шартта кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн болатын мерзіммен белгілейді.
196. Сатып алу туралы шарты орындау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және сатып алу туралы шартта көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
197. Тапсырыс беруші және жеткізуші сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде кепілдік берілгендерін толық орындаған жағдайда, сатып алу туралы шарт орындалды деп саналады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
198. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының) іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысына не Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалады.
199. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының) іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша шағымда:
1) іс-әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі бойынша шағым жасалатын тұлғаның (тұлғалардың) атауы, орналасқан жері;
2) шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері;
3) өткізу кезінде Қағидалардың және (немесе) сатып алу талаптарының бұзылуына жол берілген сатып алу туралы мәліметтер;
4) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының), сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының) шағым жасалатын іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері), шешімдері қамтылады.
200. Шағымға оның негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
201. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.
202. Шағымды қарау нәтижесі бойынша Қағидаларға сәйкес келмейді деп танылған сатып алудың тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысының немесе олар уәкілеттік берген өзге тұлғаның шешімімен күші жойылады.
Сатып алуды ұйымдастырушы сатып алудың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) бұл туралы өткізілген сатып алуға қатысқан тұлғаларға хабарлайды;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында немесе сатып алу порталында (электрондық сатып алуды өткізген кезде) тиісті хабарландыру жариялайды;
3) енгізілген тендерлік өтінімдерді және (немесе) сатып алу туарлы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен үлестес
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |