Конкурс Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 жылы Атырау облысында жастар саясатын жүзеге асыру



жүктеу 0,6 Mb.
Дата19.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#20755
түріКонкурс




1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 жылы Атырау облысында жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің (бұдан әрі – қызмет) өнім берушісін таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 18 000 000 (он сегіз миллион) теңгені құрайды, соның ішінде мынадай лот бойынша:


Лот



Көрсетілетін қызметтердің атауы

Бөлінген сома,

теңге



Жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету

18 000 000




3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) сатып алынатын қызметтердің тізбесін (Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша);



2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша);

3) заңды үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (Конкурстық құжаттамаға 3-қосымша);

4) қызметтерді орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді (Конкурстық құжаттамаға 4-қосымша);

7) баға кестесінің нысаны (Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша).

8) маңызды жағдайлар көзделген мемлекеттік сатып алу туралы үлгі Шарттың нысаны (Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша);

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы «02» шілде сағ. 12:00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, 2 қатар, 23-бөлме.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы ««04» шілде сағат 12:00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2015 жылғы «04» шілде сағ. 16:00 мин. Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй, 2-қатар, 23-бөлмеде кездесу өткізеді.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім

9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді орындауға көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушылардың арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

әлеуетті өнім берушінің және оның бірлесіп орындаушылардың осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

4) Көрсетілетін қызметтердің

- техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін және (немесе) көлемдерін,

- сапа кепілдігі көрсетілетін қызметтердің кестесі (әдістері) және шартттары туралы мәліметтерді қамтылған техникалық ерекшелік.

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

11. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күн.



12. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.

13. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес орындалады.

14. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі керек.
Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар

15. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

16. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

17. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

18. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы («Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекетік мекемесі, индекс 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй), конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 ЖЫЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс» және «2015 жылғы «8» ШІЛДЕ сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

19. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй, 2-қатар, 23-бөлме мекен-жайы бойынша Кукатов Мейрам Бақтыбайұлына 2015 жылғы «8» шілде сағат 10:00-ге дейін береді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

21. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

22. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

23. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

25. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

26. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй, 2 қатар 23-бөлме мекен-жайы бойынша 2015 жылғы «8» шілде сағат 11:00-де жүргізеді. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А үй, 2-қатар 23-бөлме мекен-жайы бойынша 2015 жылғы «8» шілде сағат 10:00-ден 10:30-ға дейін тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

30. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

35. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.


      Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi:

  1. жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;

  2. ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;

  3. ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;

  4. тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;

  5. жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;

  6. әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;

  7. жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;

  8. жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;

  9. жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;




  1. әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.

1–9 тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды. 10-тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды.

      2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.


      Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;
    3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;
    4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
    5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.

Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.


      Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.

Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі. 28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

36. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;



2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

37. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
38. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

39. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 ЖЫЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс» - конкурстық баға ұсынысы - 2015 жылғы «___» ___________ сағат ___-ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ». (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсыну мерзімі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілетін болады).

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
40. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

41. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

44. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

45. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу

туралы шарт
47. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

48. Заңның 37-бабының 6,7 және 8 - тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.



51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурсттық құжаттамаларға

№ 1 қосымша



Атырау облысындағы 2015 жылға арналған жастар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруы бойынша мемлекеттік сатып алу қызметінің тізбесі


лот№

Тапсырыс берушінің атауы

Қызметтің атауы

Өлшем бөлігі

Жеткізілім талаптары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Саны, көлемі

Қызмет қөрсету мерзімі

Қызмет қөрсету-дің орны

Аванс-тық төлем көлемі %

Мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы мөлшері, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Жасыл Ел» Жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету

қызмет




1

Жыл бойы

Атырау облысы

30%

18 000 000






БАРЛЫҒЫ:






















18 000 000

* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

Атырау облысы Жастар саясаты

мәселелері басқармасының басшысының м.а. _______________ А.Азаматов

"___" ______________2015 жыл.


М.О.                                  
Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 жылы Атырау облысында жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1 лот бойынша


Осы техникалық ерекшеліктерде төмендегі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуетті өнім берушісі – мемлекеттік әлеметтік тапсырысты келісім шарт арқылы әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы коммерциялық емес ұйым;

Үкіметтік емес ұйым - мемлекеттік емес коммерциялық емес заңды тұлғалармен ерікті түрде құрылған, қызметтерінің жарғылық мәні жастардың талаптарын қанағаттандыруға, құқықтарын қорғауға арналған міндеттерді шешуге бағытталған заңды тұлға, қор, қоғамдық бірлестік, қауымдастық түрінде құрылған коммерциялық емес ұйым (саяси партия, кәсіби одақтар мен діни бірлестіктерді қоспағанда);

Әлеуметтік жоба - әлеуметтік маңызды салалардағы мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы.
1. Жалпы техникалық сипаттамалар:

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қызметтерді ұйымдастырудың жобасын ұсынады. Жоба конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің ажырамас бөлшегі және қызмет сапасының сипаттамасы болып табылады.



Жобаның құрылымы:

  1. Ұйым миссиясының таңдап алған бағыттағы жұмыстарының негіздемесі (лот атауының ұйым қызметінің бағытына сәйкестігі), жоба бойынша қызметінің тәжірибелік маңыздылығы мен рөлі;

  2. Лот тақырыбына сәйкес мәселелік аймақты зерделеу (қалыптасқан жағдай бойынша), ұсынылып отырған мәселені шешу жолдары, оның ішінде отандық және халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып;

  3. Әлеуетті өнім берушінің жобадағы қызметі бойынша жетістікке жетудегі нақты мақсаты (мақсаттары) және негізгі міндеттері;

  4. Жобаны жүзеге асыру механизмі, оның ішінде тапсырыс тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері);

Әр шараны жоспарда бөлек сипаттау керек;

Кезеңдік жоспар жобасы



Іс-шара

(формасы мен атауы бойынша)

Мақсаты

Өткізу мерзімдері мен орны

Мақсатты топ және оның өкілдерінің саны

Күтілетін тікелей (сандық) нәтижелер мен жоба мақсаты үшін соңғы( сапалық) нәтижелер

1

2

3

4

5

6






















  1. Жобаны жүзеге асыру барысында қызметпен қамтылатындардың саны жоспарланған шараны өткізу нәтижесінде қамтылатын жастардың шынайы саны;

  2. Конкурстық құжаттамаға сәйкес әр шараның шығын сметасы;

  3. Жобаны жүзеге асыру қорытындысының тиімділігін бағалайтын өлшемді критерийлері;

  4. Жобаны жүзеге асыру барысында жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;

  5. Бюджеттен тыс қаражат көздерін тарту мүмкіндіктері туралы мәліметтер;

Жоба бойынша қызметкерлерге қойылатын талаптар. Өнім беруші ұйымның кадрлық саясатына сәйкес негізгі және қосымша персоналдың саны мен қатынасын өзі анықтайды. Осы орайда, техникалық ерекшелікте көрсетілген барлық шаралардың сапалы орындалысы қамтамасыз етілуі керек, сонымен қатар, жалпы басшылық, басқару және есеп менеджменті функцияларын, репрезентативті әлеуметтік зерттеулер жүргізу мен оның қорытындысын сараптауды, семинарлар мен тренингтерді тиісті білікті мамандармен жүргізілуі қажет.

Бірінші басшы - жоғарғы/арнаулы орта білімді, жұмыс өтілі профильді салада немесе үкіметтік емес ұйымда бір жылдан кем болмауы қажет.

Мамандар - негізгі міндеттерді атқарушылар - жоғарғы/арнаулы орта білімді, тәжірибесі профильді салада бір жылдан кем болмауы қажет.

Бухгалтер - экономист - жоғарғы/арнаулы орта экономикалық білімді, есепші ретінде бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы қажет.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімге штатты қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сай екендігін дәлелдейтін бірінші басшының қолымен және ұйымның мөрімен рәсімделген диплом мен еңбек кітапшаларының көшірмелерін қоса салу керек.
Штаттық кесте үлгісі




Лауазымы

Жоба бойынша қызметтік міндеттері

1

2

3











2. Қызметті ұсыну

бірнеше кезеңнен тұрады: қызметтің саласы бойынша толық сараптама, сараптамалық баяндама (ақпарат, әдістемелік құрал және т.б.); техникалық ерекшеліктерге және сараптама негізінде алынған мәліметтерге сай қызмет көрсету; жобаның қорытындысы бойынша шығармашылық есеп және мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;

тапсырыс беруші мерзімде ұсыну;

тапсырыс беруші келісім берген іс-шаралар жоспарына сай;

мемлекеттік және орыс тілдерінде.

3. Ұйғарынды шығындар

Жобаны жүзеге асыру барысында келесідей шығындарға рұқсат етіледі: жобаға тартылғандардың салық салымын есепке алғандағы жалақылары; кеңсе шығындары; шараға қатысушыларды орналастыруға арналған кеңсенің жалға алу ақысы (жалгерлік ақы орта нарықтық бағамнан аспау керек); типографиялық шығындар; жарнамалық өнімдер, оның ішінде бейне өнім дайындау; шараның ашылу және жабылу салтанатын материалдық қамту (реквизит, костюм, инвентарь, құрылғыны жалға алу, дыбыс және жарықпен сүйемелдеу); бөлмені безендіру; әдістемелік әдебиеттер алу; сарапшының еңбегін төлеу; марапаттау; көлік қызметі (егер аталған қызмет шығын сметасында көрсетілген жағдайда, автопаркты жаңарту мен жөндеуді есепке алмағанда); келісім шарт бойынша мамандардың еңбек ақысы; жобада көрсетілген жағдайда тамақтану; зал мен спорттық залды, спорттық инвентарды жалға алу және басқа да қажетті шығындар. Қызметке бөлінген шығындар жоба аясындағы шараларға бағытталып, қажетті құжаттармен рәсімделіп, қаржылық есепте көрсетілуі тиіс.

Тапсырыс беруші айқындаған сомадан аспайтын, қызмет көрсетуге арналған жоспарланған шығындар:





Шығындар түрі

Жоспарланып отырған шығындар (мың теңге)

Тапсырыс беруші айқындаған қызмет көрсетудің жалпы құнының %-і

1

2

3

4













Қорытынды:







Ескерту: Қаражатты қоғамдық бірлестіктің қызметіне арналған негізгі құрал-жабдықтарды алуға тыйым салынады.
4.Есепке қойылатын талап

- Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс берушінің кестесіне сай ұсынылады.

Қызметке қатысты барлық іс-әрекеттер Тапсырыс берушімен келісілуі керек.

Өнім беруші міндетті:

- Тапсырыс берушіге келісім шартқа сәйкес жобаның әр шарасын өткізген соң 3 күн ішінде қажетті қосымшалармен бірге есеп тапсыруы керек;

- Жұмыстың әр кезеңі аяқталған соң есепті Тапсырыс берушімен келісу;

- Қызмет көрсету қорытындысы Тапсырыс берушіге конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде берілу керек.

Ұйымның басшысы Тапсырыс берушіге келесі есептерді ұсынады:



Аралық қаржылық есеп (қызмет көрсету туралы келісім-шарт күшіне енгеннен бастап екі айда 1 реттен кем емес). Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.

Қорытынды шығармашылық есеп. Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет. Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары), жаттықтырушы/кеңесші/лектор/ модераторлардың резюмелері, байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/бейне материалдардың көшірмесі (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда), таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 2 данада термотүптемеде және PDF электронды форматты дискілерде ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде тапсырылуы керек.

Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша). Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда 1 данада тапсырылады.
Барлық полиграфиялық өнімдер Тапсырыс берушімен келісілуі қажет және онда Тапсырыс беруші туралы мәлімет жариялануы тиіс.

Өнім беруші жастарды іс-шарамен қамтуды жоспарлау барысында жобада келесі сандық көрсеткіштерді ескеру қажет:



Іс-шараның нұсқасы

Біреуіндегі қатысушылардың саны

қалалық деңгейде

аудандық деңгейде

Форум

120 адамнан кем емес

100 адамнан кем емес

Конференция

70 адамнан кем емес

50 адамнан кем емес

Дөңгелек үстел

30 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

Семинар (кеңес)

30 адамнан кем емес

15 адамнан кем емес

Тренинг (шеберлік сағаты)

30 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

Акция

100 адамнан кем емес

70 адамнан кем емес

Флеш-моб

50 адамнан кем емес

30 адамнан кем емес

Шығарылатын методикалық материалдар келесі сипаттамаға сәйкес болуы керек: форматы А-5, көлемі 20 Word – беттен кем емес, тығыздылығы – 115 г, түсі – 4+4, мұқабасы 4+1, мұқабаның тығыздылығы 250 г, тұтқа). Ұйымдастырылатын іс-шараларда әдістемелік материалдар бір қатысушыға 1 данадан таратылады.

Әлеуметтік сауалнамалар қызмет көрсету Бағытына сәйкес келесідей негіздерде жүргізілуі тиіс (ұсынылып отырған параметрлер көрсетілген):




Іс-шаралар (қызмет көрсетуге қажетті іс-шаралар )

Іс-шаранының өтетін орны

(елді-мекеннің нақты атауы)



Өткізу мерзімі

1.

Жабдықтарды дайындау (сауалнама, гайд, нұсқаулар және т.б.)

Өткізілетін орнына байланысты

Тапсырыс берушінің талабына байланысты

2.

Алаңдық жұмыстарды дайындау, супервайзерлер мен интервьюерлерге нұсқаулық беру







3.

Алаңдық жұмыстар (сауалнама жүргізу)







4.

Сауалнама жүргізу







5.

Сауалнамаларды ішінара тексеру







6.

Алаңды бақылау







7.

Мәліметтерді енгізу, кодтау







8.

Мәліметтерді өңдеу







9.

Алғашқы мәліметтерді дайындау







10.

Қорытынды есепті дайындау







11.

Презентациялауға дайындық








  1. Әлеуметтік зерттеулер келесідей өткізіледі:

  1. Қызмет көрсетудің міндетті кезеңдеріне сәйкес және тәртіппен;

  2. Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде;

  3. Қызмет көрсетудің Техникалық ерекшеліктеріне сәйкес;




  1. Әлеуетті өнім беруші жоба қызметінің барысында және жоба аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіні келесідей шығыс құжаттарының пакетімен қамтамасыз етеді:

Аралық шығармашылық және қаржылық есептер;

Қорытынды шығармашылық және қаржылық есептер;

Әдістемелік құралдар, ақпараттық материалдар және жоба қызметі тақырыбына сәйкес анықтамалықтар;

Барлық іс-шараларды сипаттай отырып, жоба қызметінің зерделеген есебі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша және электронды түрде;



Өткізілген іс-шаралардың БАҚ-та жариялануы бойынша қорытынды ақпарат мүмкіндігінше түрлі-түсті нұсқада жеке енгізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу қызметтерінің

лоттар бойынша тізбесі





Лоттың атауы

Іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы



Жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету

  • Облыс бойынша Атырау қаласында және Жылыой, Исатай, Қызылқоға және Мақат аудандарында жастардың еңбек жасақтарын ұйымдастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру:

  • "Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтарының 450 сарбазына бір айға 30000 теңге сыйақы беруді қамтамасыз ету, оның ішінде салықтары мен әлеуметтік төленімдерді қоса есептегенде;

  • есеп жұмыстарын жүргізу үщін "Жасыл Ел" облыстық штаб құрамына 2 есепші алу;

  • жастар еңбек жасақтары үшін жазғы уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен бірлескен жұмыс тізімін құру;

  • жастар еңбек жасақтарының қызметі үшін қажетті жабдықтарды алу (күректер, тырнауыш, қолғаптар, қоқыс дорбалары);

  • жастар еңбек жасақтарының сарбаздарын арнайы киіммен қамтамасыз ету (шалбар, күртеше, панама);

  • жоспарды және шығын сметасын дайындау тапсырыс берушімен аталған лот бойынша келісім шарт жасалған уақыттан бастап 10 күн ішінде келісілуі керек;

  • "Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтары арасында үгіт -насихат, мәдени - көпшілік және спорттық сипаттағы 5 шарадан кем емес шаралар өткізу;

  • БАҚ-та жоба бойынша ақпараттық сүйемелдеу жүргізу, ақпараттар мен тақырыптық 10 мақаланы баспа және электронды БАҚ жариялау, телевидениеде кемінде 5 бейнесюжет көрсету және тапсырыс берушінің www.zhasatyrau.kz жастар сайтында орналастыру әрп өткен шара туралы ақпарат жариялау;

  • «Вконтакте», «Инстраграмм», Facebook т.б. әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жандандыру;

  • Қаржылық және шығармашылық есептерді дайындау және тапсыру.


Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)
Кімге _________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен _________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы




Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні





2._____________________________________________________________(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)

осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

________________________________________

________________________/_______________/

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
Толтырылған күні ___________________
М.О.

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші қызметттердің сатып алу кезінде толтырады)
1. Әлеуетті өнім берушінің атауы __________________________________

2. Әлеуетті өнім беруші соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі, теңгемен _____________________________________.


Көрсетілген қызметтердің

атауы

Тапсырыс берушілердің

атауы мен олардың

телефондарының нөмірлері

Қызметтер

көрсетілген

орны және жылы

Шарттың құны, теңге

(көрсетілмесе де болады)




























































3. Қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушіде мынадай жабдықтар (тетіктер, машиналар) бірлігінің болуының елеулі мәні бар, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып. Әлеуетті өнім беруші төмендегі кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс:



Жабдықтардың

(тетіктердің,

машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы,

нашар)

Жекеменшік, жалға

алынған (кімнен), сатып

алынады (кімнен)




































4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)



Р/с



Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі

Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы























4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры»*

Р/с



Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)

Лауазымы

Азамат-тығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы

1













2













3













Жалпы еңбекақы төлеу қоры













ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы













*толтырмауға болады.

5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет.



__________________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін санамалау және қоса беру қажет

__________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Қолы ______________________________

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша


Әлеуетті өнім беруші бағаларының кестесі

(әлеуетті өнім берушінің атауы әр лотқа жеке толтырылады)




п/п

Мазмұны

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы

1.

Қысқаша сипаты




2.

Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алу кезінде алынып тасталады)




3.

Жасаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде

алынып тасталады)




4.

Өлшем бірлігі




5.

Баға _______ бірлікке ___________

ИНКОТЕРМС 2000 шарттары

бойынша _________

(белгіленген пункті)




6.

Саны (көлемі)




7.

Барлық бағасы = __________

б. 5 х б. 6,




8.

Жалпы бағасы, _________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар




Әлеуетті өнім беруші басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның ішінде:

жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі

Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз

_____________________________________________________________________________

(егер олар болса)

немесе басқа шарттар

(санамалау қажет:_____________________________________________________________)

бұл ретте мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз

_______________________________________________________________

(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)

____________________________ ___________________________

(Қолы) (лауазымы, тегі)

М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Конкурстық құжаттамаға

6-қосымша


Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

туралы үлгі шарт


__________________

(Орналасқан жері)

________ ж. «___» _______________


Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан, ________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын

_______________________________________________________ атынан

(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

___________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

__________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде _____ жылы ___ _______ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Тауарлар» нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

4) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) «Қызмет көрсету» - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;

6) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар,  дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;



7) «Өнім беруші» - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:

1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

Конкурс нәтижелері бойынша жасалған Мемлекеттік сатып алу шарты өнім берушінің уәкілетті органға өтінім мен шартты баға арасындағы айырма ретінде алынған кірісті пайдалану бойынша ақпарат бергені туралы келісім шарттарын қамтуы тиіс, мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны __________________________________________________________

(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)

10. Төлеу мерзімі _____________________________________________

(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

__________________________________________________________________

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі және т.б.)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.

16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:

а) шетелден келетін Тауарлар үшін:

Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

4) сақтандыру Сертификаты;

5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;

6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.

б) Жергілікті Тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.

23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, «барлық қатерлерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға» Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.

24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

25. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.

28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:

а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай __________________________________________

(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

___________________________________________________ ішінде жарамды.

31. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

33. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

34. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және ________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

39. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

40. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

42. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші  тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

45. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

46. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

48. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

49. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

52. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

55. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.


60. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

61. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.

62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт өнім берушінің кепілдік міндеттемеге сәйкес Өтінімде көрсетілген қызметтердің қазақстандық қамту үлесін және қазақстандық қамту үлесі бойынша міндеттемені орындамағаны үшін 5%, сондай-ақ әрбір 1% қазақстандық қамту үлесін орындамағаны үшін шарттың жалпы құнынан 0,15% мөлшерде айыппұл ретінде оның жауапкершілігін қамтуы тиіс.

63. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

64. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

65. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:


Тапсырыс беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)
________ ж. «___» ____________
М.О.

Өнім беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)
________ ж. «___» ___________
М.О.

Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін): ____________________

Осы Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау