Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының


-параграф. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету



жүктеу 427,5 Kb.
бет3/7
Дата02.02.2020
өлшемі427,5 Kb.
#28009
1   2   3   4   5   6   7
5-параграф. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету

 

67. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:

1) өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталған соң өзінің тендерлік өтінімін кері қайтарып алмайтындығына не өзгертпейтініне;

2) оны тендердің жеңімпазы болып айқындалған жағдайда тапсырыс берушімен тендердің қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде сатып алу туралы шарт жасайтындығына және егер өткізіліп отырған сатып алудың талаптарында осындай қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда, сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізетініне кепіл ретінде енгізеді.

68. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету осы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде енгізіледі.



Тиынмен есептелген тендерлік өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте 50 (елу) тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, 50 (елу) тиынға тең және одан жоғары сома 1 (бір) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

69. Тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі тендерлік өтінімдерді ашқан күннен бастап есептеледі.

70. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінім берілетін лоттарға ғана тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сомасының 1 (бір) пайызына тең лоттардан тұратын тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді әрбір мәлімделген лот бойынша қамтамасыз ету сомаларын бөлмей енгізуге жол беріледі.

71. Қазақстан Республикасының бейрезидент әлеуетті жеткізушісі енгізген, өзге валютада көрсетілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тендерлік комиссия тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді төлем аударылған (банк кепілдігі) берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ақша бірлігіне аударады.

72. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасын;

2) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігін таңдайды.

73. Әлеуетті жеткізушінің үшінші тұлғалардың оның тендерлік өтінімінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдік берілген ақша жарнасын пайдалануына жол берілмейді.

74. Банк кепілдігінің қолданыс мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес мерзімге белгіленеді. Банк кепілдігінің қолданыс мерзімі тендерлік өтінімді ұзарту мерзіміне ұзартылады.

75. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сай келмейтін өтінім ретінде кері қайтарады.

76. Әлеуетті жеткізуші енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушіге мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады:



1) осы әлеуетті жеткізуші өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің тендерлік өтінімін кері қайтарып алғанда;

2) тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда.

Көрсетілген жағдай тендерге қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;

3) тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда.

Көрсетілген жағдай жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізушіге қолданылмайды;

4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және (немесе) тендер жеңімпазының сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде.

77. Әлеуетті жеткізуші енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз ету мынадай:



1) әлеуетті жеткізуші өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

2) тендердің жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған;

3) тендер жеңімпазы сатып алу туралы шартты жасаса отырып, Қағидалардың 181-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алу туралы шартты орындауды енгізу туралы талапты орындамаған не уақтылы орындамаған;



4) бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендерге қатысушылардың ешқайсысы сауда-саттық басталғаннан кейін 10 (он) минут ішінде (электрондық сауда-саттықты жүргізу кезінде - 30 (отыз) минут ішінде) өткізілетін тендердің (лоттың) мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсынысты бермеген жағдайлардың бірі орын алған кезде қайтарылмайды. Бұл жағдайда тендердің барлық қатысушыларына сатып алуды ұйымдастырушы 1 (бір) пайызға тең, бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын тендерлік өтінімнің қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.

 

 



6-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу

 

78. Тендерлік баға ұсыныстарын қоспағанда, келіп түскен тендерлік өтінімдер хабарландыруда көрсетілген күні, уақытта және орында ашылады.

79. Тендерге қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде тендерге қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізушінің және (немесе) құжаттамамен ресімделген өкілеттіктері болған кезде оның уәкілетті өкілінің қатысуына рұқсат етіледі.

80. Тендерлік баға ұсыныстары әлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға жіберілгеннен кейін не тендерге қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда ашылады.

81. Тендерге қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы мынадай кезектілікпен өткізіледі:

1) тендерлік комиссияның төрағасы немесе төраға белгілеген адам:

қатысушыларға:

тендерлік комиссияның құрамы;

әлеуетті жеткізушілердің тендердің шарттарын түсіндіру бойынша сұратуларының болуы не болмауы;

тендердің шарттарына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың болуы не болмауы;

тендерге қатысуға өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы ақпарат береді;

осы тендер бойынша өзге да ақпаратты жария етеді;

2) тендерлік комиссияның хатшысы:

тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді қоспағанда, тендерге қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен тендерлік комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне қатысты шағымдардың болуы туралы сұратады;

әлеуетті жеткізушілерді тапсырыс берушінің (сатып алушының) интернет-ресурсында тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасының мәтінін орналастыру мерзімі туралы хабардар етеді;

тендерге қатысуға өтінімдерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді, оны жариялайды.

82. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерден тұрады:



1) отырысты өткізу күні, уақыты және орны;

2) тендерлік комиссияның құрамы;

3) лоттар мен сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсетумен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;

4) өтінімдерді ұсыну күнін және уақытын көрсетумен белгіленген мерзімдерде өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атауы және нақты мекенжайы;

5) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін ұсынған немесе өздерінің тендерлік өтінімдерін кері қайтарып алу себебіне байланысты өтінімдері кері қайтарылған әлеуетті жеткізушілердің атауы және нақты мекенжайы;

6) өтінімде келтірілген құжаттардың тізбесі;

7) басқа ақпарат (бар болса).

83. Электрондық сатып алу жүргізу кезінде электрондық өтінімдерді ашуды әлеуетті жеткізушіге тендерге қатысуға рұқсат берілгеннен кейін не тендерге қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда қолжетімді болатын тендерлік баға ұсынысын есепке алмағанда, тендерлік комиссияның хатшысы сатып алу порталында жүргізеді.

84. Тендерлік комиссияның хатшысына тендерге қатысуға өтінімдерді ашуға қолжетімділік сатып алу порталы сатып алуды ұйымдастырушы тендер әдісімен электрондық сатып алу жүргізу туралы хабарламада көрсеткен күн мен уақытта автоматты түрде ұсынылады.

85. Әлеуетті жеткізушілердің хабарламада белгіленген мерзімде тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдері ашылады.

86. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасы сатып алу порталында автоматты түрде қалыптастырылады.

 

 



7-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау

 

87. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды тендерлік комиссия оларды ашу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

88. Егер тендерге (лотқа) қатысуға тек бір ғана өтінім ұсынылса, ол өтінім де әлеуетті жеткізушінің тендер талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қаралады.

89. Тендерлік комиссия:



1) әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін әрбір лот бойынша тендер талаптарына сәйкес келуі не сәйкес келмеуі тұрғысынан қарайды;

2) құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттар ұсынған әлеуетті жеткізушілерді анықтайды, сондай-ақ оларға тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді;

3) тендерге қатысуға өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерден жазбаша түрде материалдар және оларды қарау және салыстырып тексеру үшін түсініктемелер сұратады;

4) тендерге қатысуға өтінімде келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпарат сұратады. Қағидалардың 96-тармағына сәйкес тендерлік комиссияның шешім қабылдауын есепке алмағанда, тендерге қатысуға өтінімді тендер талаптарына сәйкес келтірумен байланысты тендерлік комиссияның сұратулары мен өзге іс-қимылдарына жол берілмейді;



5) тендер талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтайды және оларды тендерге қатысушылар деп таниды.

90. Тендерлік комиссия әлеуетті жеткізушілердің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушыларының):



1) банкроттық рәсіміне не таратуға қатыстығы;

2) олар туралы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде мәліметтердің болуы немесе болмауы;

3) атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде орындалмаған міндеттемелердің болуы бөлігінде сәйкестігін нақтылау мақсатында тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурсында не мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде орналастырылған ақпаратты қарайды.

91. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу мынадай жағдайларда Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:



1) банк кепілдігінің қолданыс мерзімінің жеткіліксіздігі;

2) мынадай мәліметтердің болмауына байланысты банк кепілдігінің тиісті түрде ресімделмеуі:

сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің атаулары;

банктің уәкілетті тұлғасының қолдары;

банк кепілдігінің қолданыс мерзімі, сондай-ақ оны ұсыну талаптары;

банк кепілдігі берілген және оның пайдасына енгізілетін тұлға туралы мәліметтердің болмауына байланысты банк кепілдігін тиісті түрде ресімдемеу;

3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу үшін бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан кем мөлшерде енгізу.

92. Сараптама комиссиясы (сарапшы) тендерлік комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары белгілеген мерзімде әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттарды ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан Қағидалардың осы тарауының 2-параграфында көзделген тәртіпте қарайды.

93. Әлеуетті жеткізуші оның өтінімі тендер талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда тендерге қатысуға жіберілмейді және тендерге қатысушы болып танылмайды.

94. Тендерге қатысуға ұсынылған өтінімде өтінімнің мәнін бұзбай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, өтінім тендер талаптарына жауап береді деп танылады.

95. Тендерге қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің тендер талаптарына сәйкес келуі не келмеуі тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша тендерлік комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) әлеуетті жеткізушілердің тендер талаптарына сәйкес келмеуі жағдайында тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдеу;

2) әлеуетті жеткізушілердің тендер талаптарына сәйкес келуі жағдайында тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдеу.

96. Әлеуетті жеткізушілердің тендер талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тендерлік комиссия тендерлік баға ұсынысын ұсынбаған жағдайды есептемегенде, мұндай әлеуетті жеткізушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының мәтінін жариялау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

97. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:

1) тендерлік комиссия отырысының орны, күні және уақыты;

2) тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының (сарапшының) құрамы (олар тартылған жағдайда);

3) тендерге қатысуға өтінімдерді олардың тендер талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарау нәтижелері:

тендер талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілердің тізбесі;

олардың сәйкес келмеу себептерін көрсетумен тендер талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілердің тізбесі;

4) тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілген әлеуетті жеткізушілер;

5) әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарына сәйкес келтіру мақсатында ұсынатын қосымша құжаттарды қабылдау орны, күні және уақыты.

98. Егер тендер тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда алдын ала рұқсат беру хаттамасында әрбір лот бойынша тендерге қатысқан әлеуетті жеткізушілер көрсетіледі.

99. Тендерлік комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) (олар тартылған кезде) әлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға өтінімді тендердің талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

1) әлеуетті жеткізушілер қосымша ұсынған құжаттарды қарайды (болған жағдайда);

2) тендер талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтайды және тендерге қатысушылар деп таниды;

3) тендерлік баға ұсыныстарын ашу күнін көрсетумен тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

100. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттама мынадай ақпараттан тұрады:



1) тендерлік комиссия отырысының орны, күні және уақыты;

2) тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының (сарапшының) құрамы (олар тартылған жағдайда);

3) тендерге қатысуға өтінімді тендер талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілген, сондай-ақ тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесі;

4) тендер талаптарына сәйкес келетін және сәйкес келмейтін, сондай-ақ тендерге қатысуға рұқсат берілген және рұқсат берілмеген әлеуетті жеткізушілердің тізбесі;

5) тендерлік баға ұсыныстарын ашу орны, күні және уақыты.

 

 



8-параграф. Тендерлік баға ұсыныстарын ашу, бағалау және салыстыру тәртібі

 

101. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақыты мен орында тендерлік комиссия тендерлік баға ұсыныстарын ашу, оларды бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

102. Тендерлік комиссия:

1) тендерге қатысушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын тендерлік баға ұсынысын кері қайтарады;

2) Қағидалардың осы тарауының 9-параграфында көзделген жағдайларда және тәртіппен демпингтік бағаны есептейді және тендерге қатысушының демпингтік болып табылатын тендерлік баға ұсынысын кері қайтарады;



3) тендерге қатысушылардың қайтарылмаған кемінде 2 (екі) тендерлік баға ұсыныстарына қатысты тендер талаптарында көзделген баға өлшемшарттарын есептейді;

4) тендердің жеңімпазын анықтайды.

103. Тендердің жеңімпазы ең төмен баға негізінде немесе бекітілген баға өлшемшарттарын қолдануды ескере отырып есептелген ең жоғары балл негізінде айқындалады.



Тендерлік баға ұсыныстарының бағалары немесе балдары тең болған кезде (баға өлшемшарттарын қолданған жағдайда) тендерлік баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан ерте келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.

104. Ұсынысына тендер жеңімпазының ұсынысынан кейін неғұрлым басымдық берілетін әлеуетті жеткізуші тендер жеңімпазының бағасынан кейін келетін немесе тендер талаптарында көзделген баға өлшемшарттарын қолдануды ескере отырып есептелетін ең жоғары балл негізінде айқындалады.

105. Бағалау және тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын салыстыру және тендер жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша тендер қорытындылары туралы хаттама ресімделеді.

106. Тендер қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпараттан тұрады:



1) қорытынды жасау орны, күні және уақыты;

2) тендерлік комиссияның құрамы;

3) сатып алу жоспарына сәйкес сатып алуға бөлінген сома;

4) тендерге қатысушылардың тізбесі және олардың тендерлік баға ұсыныстары;

5) бас тарту себебін көрсетумен баға ұсыныстарынан бас тартылған тендерге қатысушылардың тізбесі;

6) баға өлшемшарттарын (олар бар болса) қолдану нәтижелері;

7) тендер жеңімпазы, сатып алу туралы шарттың сомасы, Қағидалардың 107-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну және сатып алу туралы шартты жасасу мерзімдері туралы мәліметтер;



8) ұсынысына тендер жеңімпазының ұсынысынан кейін неғұрлым басымдық берілетін тендерге қатысушы туралы мәліметтер.

107. Тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші сатып алу қорытындысы туралы хаттама жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға мыналарды ұсынады:



1) қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сауда тiзiлiмiнен қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне нотариат куәландырған аудармасымен (құжаттар шет тілінде ұсынылған жағдайда) қоса апостильденген (заңдастырылған) үзiндi-көшiрмені ұсынатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), электрондық құжат нысанындағы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін жібереді);

3) құрылтай құжаттарынан құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылған үзінді-көшірменің нотариат куәландырған көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер болмаса) не тендерлік өтінімдерді ашу күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);

5) заңды тұлғалар (консорциумға қатысушылар) арасында жасасқан бірлескен шарушылық қызмет туарлы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін.

Бұл талап жүргізілген электрондық сатып алу қорытындысы бойынша тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды.

Тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізушілер Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған не тендерлік өтінімдер құрамында ұсынылған құжаттардың көшірмелеріне сәйкес келмеуі анықталған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 176 және 188-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді орындайды.

108. Тендерлік комиссия:

1) тендерлік өтінімдер болмаған;

2) 2 (екіден) аз тендерлік өтінім берілген;

3) тендерге қатысуға 1 (бір) әлеуетті жеткізуші жіберілген;

4) тендерге қатысуға бірде-бір әлеуетті жеткізуші жіберілмеген;

5) егер Қағидалардың 102-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негізінде тендерлік баға ұсыныстарын қабылдаудан бас тартылғаннан кейін 1 (бір) тендерлік баға ұсынысы бағалануы тиіс болған мынадай жағдайларда тендер өткізілмеген деп таниды.

109. Тендерлік өтінімдер болмаған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы өтпеген тендер (лот) бойынша сатып алудың қорытындысы туралы хаттама жасайды.

110. Егер тендер өтпеді деп танылса не тендер жеңімпазы немесе ұсынысына тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса тапсырыс беруші:



1) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

2) тендердің талаптарын өзгерту және тендерді қайта өткізу туралы;

3) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

 

 




жүктеу 427,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау