Регламенті Жалпы ережелер «Дәрігерді үйге шақыру»



жүктеу 191,14 Kb.
бет1/3
Дата15.05.2018
өлшемі191,14 Kb.
#13885
түріРегламент
  1   2   3


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы

«22» желтоқсандағы

№ 342 қаулысымен



бекітілген
«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер

1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі қызмет алушының немесе оның өкілінің қызмет берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі портал) арқылы жүгінген кезде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) (бұдан әрі – қызмет беруші) болып табылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде қызмет берушінің шақыруларды тіркеу журналына жазба енгізу, содан кейін дәрігердің келу күнін, уақытын көрсетіп ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы (электронды түрде) анықтама беру.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным қабылданғаннан кейін қызметті алушыға белгіленген уақытта үй жағдайында медициналық көмек көрсетіледі.



  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша iс-қимылды бастауға стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттар тізбесі болған жағдайда, қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) қызмет берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінуі негіз болады.

5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнiң құрамына кiретiн рәсімдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 іс-қимыл – қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

2 іс-қимыл – шақыруларды тіркеу журналына жазба енгізу, содан кейін дәрігердің келу күнін, уақытын көрсетіп ауызша жауап беру. Орындалу ұзақтығы – (бес) 5 минут.

Қызмет берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде қызметті алушының қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) минуттан аспайды.

Қызмет берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраным қызмет берушінің жұмысы аяқталуына 2 (екі) сағат қалғанға дейін қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 12.00-ге дейін).

6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылдың нәтижесi қызмет берушінің шақыруларды тіркеу журналына жазба енгізу, содан кейін дәрігердің келу күні, уақыты көрсетілген ауызша жауап болып табылады.





  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

қызмет берушінің тіркеу бөлімінің маманы.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1 іс-қимыл – қызмет берушінің тіркеу орнының маманы стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) құжаттар қабылдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

2 іс-қимыл – қызмет берушінің тіркеу орнының маманы шақыруларды тіркеу журналына жазба енгізеді, содан кейін дәрігердің келу күнін, уақытын көрсетіп, ауызша жауап береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут.

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.



  1. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы

9. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қызметті беруші мен қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібі:

1) қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 процесс – қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН мен парольді енгізуі (авторлану процесі);

3) 1 шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2 процесс – қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5) 3 процесс – қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) нысанды оның құрылымдық және пішіндік талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), сұраным нысанына стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде қоса тіркеуі, сондай-ақ қызметті алушының сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2 шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктер тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

7) 4 процесс – қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5 процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен сұранымды куәландыру және электрондық құжатты (сұранымды) өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –АЖО) жіберу;

9) 6 процесс – электрондық құжатты қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;

10) 3 шарт – қызмет берушінің электрондық құжаттың мемлекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

11) 7 процесс – бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

12) 8 процесс – қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы (электронды түрде) анықтама беру.

Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет алушының қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды форматта порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным қызмет берушінің жұмысы аяқталуына 2 (екі) сағат қалғанға дейін қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 12.00-ге дейін).

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және қызметті беруші мен қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша


Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өтудің блок-схемасы

Қызметті алушы

«Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша




Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық

өзара іс-қимыл диаграммасы

ЭҮП


АЖ

Қызмет

берушінің АЖО


ЭҮШ


1 процесс

2 процесс

3 процесс



4 процесс

5 процесс


6 процесс


Қызмет


берушінің

АЖО

8 процесс

7 процесс


1 шарт


2 шарт

3 шарт

Сұраным

Бас тарту

Бас тарту

Э

Ү

П



Қызмет алушы


Шартты белгілер:




Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтайтын қарапайым оқиға



Қате









Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарт



Басқару ағыны



Хабарламалар ағыны



Түпкілікті пайдаланушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3 қосымша


Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы



Скругленный прямоугольник 9Скругленный прямоугольник 10

жүктеу 191,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау