1
2
3
4
5
6
7
8
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ____________ _______________________
(қолы) (Т.А.Ә., күні)
Ескерту: * Қызмет алушының:
- соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
- қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен
бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
7-қосымша
Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға арналған жұмсақ мүкәммал, сондай-ақ олардың тозу
мерзімдерінің ең төмен нормалары
№ Атауы Өлшембрлг Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға Он сегіз жастан асқан
адамдарға, мүгедектер мен қарттарға
Норма Мерзiмi (жыл) Норма Мерзiмi (жыл)
1 2 3 4 5 6 7
Төсек-орын жабдықтары
1 Ақ жайма дана 3 1 3 1
2 Сейсеп дана 3 1 3 1
3 Жастық тысы дана 4 1 4 1
4 Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац) дана 1 2 1 3/2**
5 Жастық дана 1 2 1 3
6 Көрпе дана 1 2 2 3
7 Жамылғы дана 1 4 1 4
8 Вафельді сүлгiлер дана 4 1 4 1
9 Махер сүлгiлер дана 2 1 2 1
Ескерту:
** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін, екінші сан – ауыр науқастар үшін пайдалану
мерзімін көрсетеді.
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту
ұзақтығы
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы
барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне
қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде
болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20
минутқа дейiн;
3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ
30 минутқа дейiн;
4) әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай
төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан
адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға
сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы «28» қазандағы
№1222 қаулысымен
бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы
әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес
меншік нысанындағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің
шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс
істеу тәртібін, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз
жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты
өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет
алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар
үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады.
4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
5. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
1) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету
ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық
туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде
адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді
қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық
ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету
жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа
дейінгі балаларға.
2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде
шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек
балаларға.
Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:
жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына
ұштасатын психикалық аурулардың;
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың
жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да
аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
3) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының
өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын,
өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ес кемістігі;
жіті психотикалық симптоматика болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел
көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары
(энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың
басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);