Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму


Келісімшарттың қолданылуын тоқтату шарттары



жүктеу 454,88 Kb.
бет7/7
Дата20.05.2018
өлшемі454,88 Kb.
#14652
1   2   3   4   5   6   7

21. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату шарттары

73. Егер Заңның 69-бабына сәйкес тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

74. Келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша жол беріледі. Келісімшарт сондай-ақ келісімшарттың 3-бөліміне сәйкес барлық келісімшарт аумағы қайтарылған жағдайда өз қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.

75. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:

1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаған кезде;

2) Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатынсыз Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді берген кезде;

3) Заңның 76-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген мәліметтерді беруден бас тартқан не анық емес мәліметтер берген кезде;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелер қатарынан екі жыл бойы отыз пайыздан кем орындалған кезде келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.



Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.

76. Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда құзыретті орган бір жақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы, егер:

1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;

2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;

3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, бір жақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

77. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне (кен орындарына) қатысты барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын бір жақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.

Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.


22. Келісімшарт тілі



78. Келісімшарттың мәтіні тараптардың әрқайсысы үшін _______ данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және барлық даналары бірдей болады.

Келісімшарт тараптарының келісуіне сәйкес, келісімшарт мәтіні өзге тіліне аударылуы мүмкін.

79. Мәтіннің нұсқалары арасында келісімшарттың мағынасы мен талдануын анықтау барысындағы келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда _____________________________________ (қазақ немесе орыс тілі көрсетілсін) нұсқасы басым күшке ие болады.

80. Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін қатынас тілдері ретінде қолданылатындығына уағдаласады.

81. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап барлау жүргізуге қатысты техникалық құжаттамалар және ақпараттар

_________________________________________________________________

(пайдалы қазба түрі көрсетілсін)

қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалатын болады.


23. Қосымша ережелер



82. Осы келісімшартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар оларды алу фактісі бойынша осы келісімшарт бойынша тараптардың әрқайсысына тиісті түрде ұсынылған және жеткізілген деп есептеледі.

83. Хабарламалар мен құжаттар тікелей тараптардың қолына тапсырылады немесе пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс бойынша жіберіледі.

84. Осы келісімшарт бойынша пошталық мекенжай өзгерген кезде тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа 7 күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.

85. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.

86. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар құзыретті органында міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар олардың тіркелген сәтінен бастап күшіне енген деп танылады.

87. Осы келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер олар үшін Заңда айқындалған мағынаға ие.

88. Осы келісімшартты қ. ж. (күн) (ай) (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.

89. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Барлауға арналған

моделдік келісімшартқа

1 қосымша




Барлауға арналған келісімшартқа жұмыс бағдарламасы








Жұмыс түрлері

Өлшем бірлігі

1-ші жыл

2-ші жыл


3-ші жыл


4-ші жыл

5-ші жыл


6-ші жыл


Физ. көлем

Құны теңгемен

Физ. көлем

Құны теңгемен

Физ. көлем

Құны теңгемен

Физ. көлем

Құны теңгемен

Физ. көлем

Құны теңгемен

Физ. көлем

Құны теңгемен



Іздестіру маршруттары

км







































Геологиялық түсіру жұмыстары

км2







































Топографиялық жұмыстар

км2







































Литогеохимиялық жұмыстар










































Тау- кен жұмыстары










































Сейсмо барлау (2 D және/немесе 3 D)

қума км







































Гравибарлау және геофизикалық зерттеулердің басқа да түрлері

км2







































Бұрғылау жұмыстары

ұңғымалар саны, қума км







































Объектілерді сынамалау және сынақтан өткізу

объектілер саны







































Гидрогеологиялық жұмыстар










































Геологиялық барлау жұмыстарының басқа түрлері










































Геологиялық барлау жұмыстарының барлығы










































Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымдарының дамуы

мың теңге







































Тарату қорына жiберiлетiн аударымдар

мың теңге







































ҚР азаматтарын оқыту, бiлiктiлiгiн жоғарылату, қайта даярлау

мың теңге







































Барлауға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы көрсетілген мерзімдерде келісімшарт аумағында мынадай жұмыс түрлерін орындауға міндеттенеді
жүктеу 454,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау