1. Келісімшарттың мақсаты
1. Келісімшарт мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарттық аумақта (пайдалы қазбаны көрсетіңіз) барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарын айқындау болып табылады.
2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) және келісімшарт шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлу шегінде өндіруды жүргізуге, оның ішінде:
өз қалауы бойынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде егер келісімшартта не Заңда өзгеше көзделмесе, минералдық шикізатты тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жүргізу кезінде өндірілген қызметінің нәтижелерін пайдалануға;
келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
2. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3. Барлауға арналған келісімшарт_______ (мерзім көрсетілсін) жасалды.
4. Келісімшарт құзыретті органда мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт тіркелген күннен бастап (не өзге мерзімді көрсетіңіз) барлауға кірісуге тиіс.
6. Кен орнын анықтаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы Заңның 65 және 69 баптарына сәйкес Келісімшарттың қолдану мерзімін, оны бағалау үшін қажетті кезеңге ұзартуға құқығы бар.
7. Табуды бағалау үшін келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
8. Келісімшарттың қолданылу мерзімі өзгерген кезде келісімшартқа тараптардың қосымша келісімімен ресімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
Егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, ұзарту мерзімі тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.
3. Келісімшарттық аумақ
9. Жер қойнауын пайдаланушы барлауды келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын геологиялық бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
10. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендiк бөлуде көрсетiлген келiсiмшарттық аумақ шегiнен шығатыны анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келiсiмшарт жобасын келiсу және оны жасасу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде конкурс өткiзбей-ақ, көлемі бойынша келісімшарттық аумақтың елу пайызынан аспайтын тиісті геологиялық бөлуді немесе жаңа тау-кендік бөлуді беру, сондай-ақ келiсiмшарт пен жұмыс бағдарламасының шарттарын өзгерту арқылы шешуге тиiс.
11. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға міндеттенеді.
12. Келісімшарттық аумақты қайтару, коммерциялық табу жүргізілген аумақты қоспағанда, мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады:
келісімшарт қолданылуының екінші жылының соңына %
келісімшарт қолданылуының үшінші жылының соңына %
келісімшарт қолданылуының төртінші жылының соңына %
келісімшарт қолданылуының бесінші жылының соңына %
келісімшарт қолданылуының алтыншы жылының соңына %:
Келісімшарттық аумақтың бөлігін қайтару қайтарылатын келісімшарттық аумақ бөлігін тиісті геологиялық бөлуден алып тастаумен геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
13. Қайтарылатын учаскелер Қазақстан Республикасының учаскелерді қайтаруға қойылатын заңнамасы талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы барлау салдарынан бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.
14. Барлауға арналған жұмыс бағдарламасы осы модельдік келісімшарттың қосымшасына сәйкес келісімшарттың міндетті бөлігі болып табылады және инвестициялық жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін қамтиды.
Жұмыс бағдарламасы негізгі жобалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды да жылдар бойынша бөліп және қажетті шығындарды көрсете отырып қамтуға тиіс.
15. Жұмыс бағдарламасына енгізілген инвестициялық жобалау көрсеткіштерін қозғайтын жобалау құжаттары көрсеткіштерін өзгерткен кезде жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |