Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму


Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы



жүктеу 454,88 Kb.
бет3/7
Дата20.05.2018
өлшемі454,88 Kb.
#14652
1   2   3   4   5   6   7

5. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы

16. Барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.



17. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен сәттен бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен бөлшектеу не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.

Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті бөлшектеуді және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

18. Құзыретті орган келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда жер қойнауын пайдаланушы технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.

19. Геологиялық ақпарат, егер ол жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.

Келісімшарт қолданысы тоқтатылғаннан кейін барлық геологиялық және жер қойнауы туралы өзге де ақпаратты жер қойнауын пайдаланушы өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының меншігіне береді.




6. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға және реквизициялау құқығы



20. Қазақстан Республикасының көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.

21. Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасау кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiле жасалған күнi әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар, көлік шығыстары және өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.

Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі тиісті жылы нақты өндірілген өнімнің жалпы көлемінен __ % аспауға тиіс.

22. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтажына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін.


7. Персоналды жалға алу, барлау жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу

23. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту, жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік және субмердігерлік жұмыстарға тартылған қызметкерлерді қоса алғанда, жетекші құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімді мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__%, соның ішінде жылдар бойынша:



 

жыл

басшы құрам

ЖБ және ОКБ мамандар

жұмысшылар

1 жыл

 

 

 

2 жыл

 

 

 

...

 

 

 

(бағалау жұмыстары кезінде)

 

 

 

 

24. Жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық персоналға тартылған шетелдік қызметкерлерге қатысты алғанда еңбекке ақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

25. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізу кезеңінде келісімшартты орындау кезінде жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жұмыскерлерді үйретуді, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға (тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныста көзделген немесе тiкелей келiссөздер хаттамасында көрсетiлген немесе аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерден төмен болмайтын сома көрсетілсін) __________ мөлшерінде жыл сайын қаржыландыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Қандай да болсын жыл қорытындылары бойынша осы тармақта көзделген талап етілген қаржыландыру көлемі артқан кезде көрсетілген асып түсу сомалары алдағы кезеңдердегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жұмыскерлерді үйретуді, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша міндеттемелер есебіне жатқызылады және міндеттемелер есебіне есептелген кезеңнің шығыстары ретінде есепке алынады.



Осы тармақта көрсетілген міндетті орындау жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға нақты жұмсаған шығыстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға жанындағы өзінің оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру жөніндегі шығыстар болып табылады.

26. Барлау кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде: Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, пайдалануға; егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға міндеттенеді.



Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:


Жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл

 

 

 

2 жыл

 

 

 



 

 

 

(бағалау жұмыстары кезінде)

 

 

 



жүктеу 454,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау