38. Барлау жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттарға және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды) қоспағанда, барлау жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
39. Жер қойнауын пайдалану объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылады немесе консервацияланады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша өз операциялары салдарын жою үшін тарату қорын құрады.
Барлау кезеңінде тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын тиісті жылға жұмыс бағдарламасында көзделген геологиялық барлау жұмыстарына жыл сайынғы шығындардың бір пайызынан кем емес мөлшерде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі депозиттік шотқа жүргізеді.
40. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
41. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
42. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
43. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағымен анықталатын сенімгерлік басқарушыға беріледі.
12. Есепке алу және есептілік
44. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және құзыретті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде келісімшартта және жұмыс бағдарламасында көзделген міндеттемелердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынуға тиіс.
45. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына олар қызметтік міндеттерді орындаған кезде қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз енуді қамтамасыз етуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақытылы жоюға міндеттенеді.
46. Келісімшарт аумағындағы қызмет нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға геологиялық есептілікті беруге міндетті.
13. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізудің жалпы шарттары
47. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, оның ішінде экологиялық талаптарды, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарын сақтауға тиіс.
48. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға келісімшарт аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға кедергі келтірмеуге, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға міндеттенеді.
49. Барлауды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.
50. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасындағы Өндiрушi салалардың қызметi ашықтығының бастамасын iске асыруға қатысты өзара түсiнiстiк туралы меморандум шарттарын сақтауға міндеттенеді.
51. Жер қойнауын пайдаланушы өзiне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келiсiмшарт бойынша өз қызметiн қаржыландыру жөнiнде мiндеттеме алады.
14. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
52. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі ретінде жауапкершілікте болады:
1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегі жергілікті қамту бойынша қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 1 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 республикалық бюджет туралы заңға сәйкес және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК);
3) осы келісімшарттың 7 және 8-бөлімдерде көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының бір пайызы мөлшерінде;
Бұл ретте, егер нарықта әрекет етуші құндардың өзгеруінен және басқа да жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелсіз жағдайлардың себебінен жер қойнауын пайдаланушының фактілі шығыстары келісімшартты жасау, жұмыс бағдарламасы мен құжат жобаларын бекіту кезінде ескерілгеннен кем болып шықса, бірақ бұл ретте келісімшартта, жұмыс бағдарламасы мен құжат жобаларында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы міндеттерінің физикалық көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының фактілі шығыстарының осылай азаюы келісімшарт шарттарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
53. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің Үкімет белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.
54. Осы бөлімнің 53-тармағының мақсаттары үшін жергілікті қамту үлесі келісімшарттың 7-бөлімінің 27-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне осы келісімшартта және Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүзеге асырған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құны ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |