1.2) Негізгі проблемаларды талдау
Тұрғын үй секторы. Негізгі проблемалары халықтың КТҮ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша хабардарлығының төмендігі; тұрғын үй қорының тозушылығы; тұрғын үй шаруашылығы саласының мамандарының білім деңгейінің төмендігі болып табылады.
Коммуналдық сектор
Жылумен жабдықтау. Жылумен жабдықтау саласы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатының негізгі рөлін атқарады.
Жылу желілерінің жоғары тозуы, бүкіл ұзақтығынан 57% дан 100% тозу бар. Нәтижесінде, кейбір өңірлерде 30%-ға дейін жетіп, үлкен нақты жылу жоғалту бар.
Жылумен жабдықтау жүйелерінің тозуы авариялар мен өмірлік қамтамасыз ету объектілерінің жұмысында ақауларды ұлғайтуға, кең таралған шамадан тыс материалдық техникалық ресурстарды, энергетика және судың жоғары шығындарына әкеледі.
Республика бойынша тұрғын үй қоры 48%-ға барлық есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде, тұтынылған жылу көлемін дәл есепке алу жоқ.
1.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Желілер мен объектідегі авариялар мен тозу өсімі
|
Салынған, реконструкцияланған жаңғыртылған желілер мен объектілердің көлемін ұлғайту
|
Шекті дәрежеге дейін күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум обьектілері өсуінің ұлғаюы
|
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде кондоминиум объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Сапасыз материалдарды қолдану, құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз жүргізу
|
Ұй-жайлар пәтерлер меншік пелерінің күштерімен кондоминимум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру,
Құрылыс жобалары мен жылу жүйелерін, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын жобалау және іске асыруда бақылауды күшейту
|
Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету саласы
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан бұрын 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ») іске асырылады.
Бағдарламаның іске асырылуын талдаудың нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қолжетімділіктің серпінді өсуі көрінеді. 2014 - 2016 жылдар аралығында сомасы 189,5 млрд. теңге 522 сумен жабдықтау және су бұру жобалары іске асырылды.
Сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу мен реконструкциялауға 2015 жылдан 2017 жылға дейін ұлттық қордан 178 жобаны іске асыруға 78,1 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 1933,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, реконструкцияланды.
Көрсетілген жобалардың іске асуы нәтижесінде 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2014 жылғы 86% тен 92,9%-ке өсті, ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2014 жылғы 50,3% тен 55,6%-ке өсті.
2014 - 2016 жылдар аралығында барлығы 6 мың километрден астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және жаңғыртылды.
2014-2016 жылдары сумен жабдықтау және су бұру секторына инвестициялар көлемі (млрд.теңге)
Бұл ретте, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділіктің төмен көрсеткіштері ауылдарда: Павлодар (19,8 %), Қостанай (28,2 %), Батыс-Қазақстан облыстарында (36,3 %) және қалаларда Жамбыл (78,2 %) және Алматы облыстарында (79,3 %) байқалады.
2014-2016 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік (%)
Су құбыры желілерінің жалпы ұзақтығы республикада 67 856,7 километрді құрайды. Су құбыры желілерінің орташа тозуы 61 %. Сумен жабдықтау желілеріндегі шығындар 19 %-ды құрайды.
Сорғы станцияларының жалпы саны 4 364 құрайды. Республика бойынша 290 су тазалау құрылысы бар. Республика бойынша 694 пайдаланушы кәсіпорын бар. Барлығы республикада 868 – сумен жабдықтау және 311 су бұру бойынша қызмет көрсетуші мекеме бар.
Республикадағы кәріз желілерінің жалпы ұзақтығы 145 227,7 километрді құрайды. Оның ішінде 5 381,1 километр немесе 35,8 % толық ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілерінің орташа тозуы 65-70 %-ды құрайды. Ағынды сулардың нормативтік-тазартылған деңгейі 76,9 %-ды құрайды.
Кәріз-сорғы станцияларының жалпы саны 1 153 құрайды. Республика бойынша 332 кәріз-тазарту құрылысы бар.
Республикадағы желілердің жалпы ұзақтығы (км)
2015 жылғы 15 маусымда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға, осы саладағы құқықтық реттеудегі жетіспеушілікті және фрагментарлықты жоюға, сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, республиканың индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын осы салада энергия және ресурстарды үнемдеу технологияларын пайдалануға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында су арналарының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке көшу жұмысы жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін қажетті құқықтық негіздер әзірленді.
Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап, мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмі жүргізілуде – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын мен реконструкциялауды субсидиялау. Субсидиялаудың негізгі мақсаты қаржы институттарынан қарыз тартатын ТМС қолдау, қарыздардың коммуналдық қызметтердің тарифіне ықпалын төмендетуге болып табылады. Субсидиялау жоба құнының 50% құрай алады.
Субсидиялар құны қымбат шығындарды өтеуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдық сатып алуға, және ТЭН, ЖСҚ әзірлеуді, техникалық жіне авторлық қадағалауды қоса алғанда техникалық жетекшілік етуге арналған шығындар.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдар аралығында жалпы құны 18 млрд.теңгені құрайтын 18 жобаны іске асыруға Ұлттық қордан 7,0 млрд.теңге субсидия бөлінді.
Бұдан басқа, әріптестік туралы Шекті келісімге сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарымен кредиттік келісім-шарттарға сәйкес дайындалған басымды инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілуде.
Аталған жобалардың қатысушылары МҚҰ қарыздарын тартушы мемлекеттік коммуналдық ұйымдар болып табылады.
2016 жылы сумен жабдықтау және су бұру бойынша 5 жобаны іске асыруға 3,7 млрд.теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау
Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы негізгі проблемалар:
1) су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы (25 жыл нормативтік пайдалану мерзімін ескере отырып, сумен жабдықтау желісінің 36%-ы жұмыс істеп тұр, ал 64%-ы күрделі жөндеуді немесе толығымен алмастыруды қажет етеді);
2) су бұру желілеріндегі авариялылықтың жоғары деңгейі;
3) ресурстарды тұтынуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;
4) саланың технологиялық артта қалуы, оның ішінде энергия және ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар мен іс-шараларды қолдану практикасының нашар болуы;
5) бюджеттен тыс көздерден желілерді және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру көлемдерінің жеткіліксіз болуы;
6) сектордың инвестициялық тартымдылығының болмауы болып табылады.
1.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Сумен жабдықтау көздерінің жеткіліксіздігі
|
Іздеу-барлау жұмыстарын уақтылы жүргізу.
Ашық су көздерін қолдануды бақылау бөлігінде ҚР АШМ-мен өзара іс-қимылды күшейту.
Судың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін су есептеуіш аспаптарды міндетті түрде орнатуды заңнамалық бекіту мәселесін пысықтау.
|
Сапасыз материалдардың қолданылуы, мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізуі
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау жобаларын жобалау және іске асыру кезінде бақылауды күшейту
|
Достарыңызбен бөлісу: |