Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі



жүктеу 4,44 Mb.
бет28/31
Дата25.11.2017
өлшемі4,44 Mb.
#1945
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

13 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Котлет қалыптайтын автоматтың құрылысымен таңысу.



  1. Жұмыстың мақсаты:

АК-2М-40 котлет автоматының қҰрылысымен танысу, бөлщектер мен жҰмысшы органдардың әскезiн орындауға және кинематикалық сҰлбаларын қҰруға дағдылану, қалыптайтын және дозалап-толтыратын машиналардың технологиялық есептеу әдiстерiн оқып-ұйрену.

2. Жұмыстың мазмұны:



  1. Котлет формалауға арналған машиналар классификациясымен және берiлген салмақ кезiндегi нақтылы пiшiндi котлет формалау процесiнiң технологиялық талаптарымен танысып-ұйрену.

2. Автоматтың құрылысының негiздерiмен және оның жұмыс iстеу принципiмен танысу.

  1. Реттегiш жабдықтардың қондырғысымен және жұмыс iстеу принципiмен танысу.

  2. ґздiгiнен алынған мәлiметтер бойынша негiзгi технологиялық, құштiк және кинематикалық есептеулердi орындау.

АК-2М-40 котлеттi автомат конструкциясы мен оның жұмыс принципi.

Автоматтың негiзгi тораптары: шойын құйма тұрық, татталмайтын болаттан жасалған кұштеу цилиндiрi ,қисық қойылған қалақшасы бар силуминдi бұранда ,бес домалақ тесiгi бар құйма шойын айналатын ұстел ,шойынды поршеньдер ,ұяшық iшiнде орналасқан ,бағыттаушы дискiсi бар доза реттегiш ,қырғышы бар пышақты дискi және берiлiстi шестерния механизiмi (жетекшi механизiм).

Автомат жетегi клинбелдiктi берiлiс арқылы электроқозғалтқыштан жұзеге асады ,ары қарай буынтықты берiлiс арқылы ,одан соң 3 тiк валикке цилиндiрлi берiлiс жұйесi арқылы жұзеге асады .(сурет)

Бұл валиктердiң бiрiншiсi айналысы (nл.п=38 айн/мин) қалақшалы қамтамасыз ететiн бҰрандаға бередi ,ол өз кезегiнде 1-шiден кұштеу бункерiнде фаршты араластырады, 2-ден бункер тұбiнде орналасқан кұштеу терезесiне фаршты ауыстырады.

2-шi валик айналысты (nф.с=13,3 айн/мин) автомат ұстелдi бередi. Келесi ұстел тесiгi бункер тұбi астында болғанда поршень ең төмен жағдайына тұседi.



  1. Автоматтың көлемдi өнiмдiлiгiн (М0 3/мин) а) ол ұшiн ең басты котiлет көлемiн анықтаймыз



3 (2)

Қоректендiргiш араластырғышының өнiмдiлiк қор коэффициентiн анықтау.



Көлемдi өнiмдiлiктi қалақшалы қоректендiргiштiң формалау столының көлемдi өнiмдiлiгiнiң қатынасымен анықтайды:



14 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Тұшпара қалыптайтын автоматтың құрылысымен таңысу.
1. Жұмыстың мақсаты.

Жұмыстың мақсаты – түшпараны қалыптау принциптерін, түшпара жасатйн машина құрылысын оқып үйрену және түшпара автоматтарының жұмысы мен қондырғы бөлшектерімен танысу. Кинематикалық және технологиялық сұлбаларын тұрғызу және оларды есептеу, жұмыс бөлшектерінің эскиздерін орныдау бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру.


2. Жұмыстың мазмұны
1. Түшпараны қалыптау процесін оқып үйрену.

2. Түшпара жасау аппаратының әрекет принципі мен құрылысын оқып үйрену.

3. Реттеуші органдар қондырғыларын, міндетін және жұмыс принциптерін оқып үйрену.

4. Студент өздігімен анықтаған автомат қасиеттері бойынша негізгі технологиялық, күштік және кинематикалық есептеулер үйрену.

5. Оқып үйренгендері бойынша алынатын өнім түшпараның сапасын және өнімділігін арттыру үшін автоматты жетілдіру түрлерін ұсыну.
3. Жалпы мәлімет.
Түшпараны өндірудің технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:


  • дайындық операциясы,

  • мөлшерлеу-қалыптау операциялары,

  • сонымен қатар қатыру және ормадау операциялары.

Дайындық процесі келесі қондырғыларда жүргізіледі:

  • ет кескіш машиналарында, араластырғыштарда және т.б.,

  • ал мөлшерлеу және қалыптау операциялары қолмен (үй жағдайында) және арнайы құралмен немесе өндірісте түшпара жасайтын машиналарда

Алғаш рет 1935 ж. Алексеев қолмен өндіру технологиясын тура қайталайтын түшпара жасайтын машинаны ойлап тапты.

Ол көп ұялы жабылатын штамп түрінде болды. Штамп ашық тұрған кезде қамыр таспасы беріледі де, оған ет турамасының белгілі бір мөлшері түсіп тұрады

Штамп плитасы бір рет айналған кезде ет турамасы қамырмен жабылады, ал келесі айналымда оны штамптың қозғалмайтын бөлігі арқылы басып түшпараның қалыпталуы жүреді.

Бұл машинаны қолдану қолмен қалыптаумен салыстырғанда еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырған жоқ.



1936 жылы Вечканов түшпараны қалыптау машинасын ұсынды. Бұл машина келесі принциптерге негізделіп жұмыс атқарады:

  • Қалыптайтын сопло қамыр түтікшесін үздіксіз беріп тұрады.

  • Оның ішіне, периодты түрде сопло ортасында орналасқан түтік арқылы сығылған ауа қысымы арқылы, ет турамасының мөлшері беріледі;

  • Ет турамасымен толтырылған қамыр түтікшесі қалыптайтын барабанға жеткізіледі.

  • Нәтижесінде нақты тұрпаттағы және қамыр қалдықтары штамп арқылы бөлінген түшпара жасалынады. Бөлінген қамыр қалдықтары қайтадан шанаққа қайтарылады.

Скрыпник, Усик және Богачев ұсынған СУБ маркалы бірнеше қалыптайтын барабаны бар түшпараны қалдықсыз жасайтын машина ең қолайлы болып есептелінді. Бұл машина өнеркәсіпте кеңінен қолданыс тауып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

1 сурет. СУБ-3М түшпара автоматы (жалпы көрінісі)

Бірақ қалдықсық қалыптау түшпаралардың салмағының ауытқуына әкеледі және оларды стандартты қалыптарға механика арқылы орналастыруды айырықша күрделендіреді.



Бұл машиналардың түрлері:

  • екі (СУБ-2) қалыптайтын барабанды,

  • үш (СУБ-3) қалыптайтын барабанды,

  • немесе алты (СУБ-6) қалыптайтын барабанды.

Әр барабанның орташа өнімділігі, таспаның жылдамдығы 5-7 м/мин болғанда, орташа есеппен 200 кг/сағ болады.



2 сурет. Кинематикалық сұлба

Автомат (1 сурет.) келесі негізгі бөліктерден тұрады:


  • 1 - тұрық,

  • 2 - қамыр және ет турамасының екі шанақ,

  • 4 - түшпараның тұрпатын беретін қондырғы,

  • 9 - үш қалыптайтын барабандар,

  • 12 - ет турамасын тұтынушы, оған ротациялық сорап кіреді.

1 – тұрық болат парағы мен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған. Тұрық келесі қондырғылармен жабдықталған:

  • 14 - электрқозғалтқыш,

  • 3 – магнитті қосқыш,

  • 17 – сына белбеулі жылдамдық вариаторы,

  • сына белбеулі, шестернялы және тісті берілістер.

Жылдамдық вариаторы ет турамасының берілуін реттеу қызметін атқарады. Маховик (16) вариаторды басқару үшін конвейердің алдыңғы қабырғасына орналастырылған.

Қамыр бункерінің түбінде



  • Қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын винтті шнек (20) орналасқан.

Ет турамасы бункерінің түбінде

  • Негізгі станинаның алдыңғы қабырғасында орналасқан ротациялық сорапқа (12) ет турамасын жіберіп тұратын шнек (19) орналасқан.

Сорап қалыптайтын қондырғыға ет турамасын түтік арқылы жібереді. Қалыптайтын қондырғы баллонының цилиндрлі қабырғасында сопақша тесігі бар.

Баллонның ішімен түтікше өтеді, түтікшенің аяғы арнайы пішінде түрде болады да, ол баллонның тесігінен өткенде сопақша тесік пайда болады.

Осы сопақша тесік арқылы ығысқан түтік түрінде конвейерге қамыр беріледі.

Ығысқан аяқ жағы баллонның сүйір тесігінен шығатын түтік арқылы ет турамасы беріледі, бұл қамыр түтігінің іші (начинка) болады.

Конвейер тұрығы (18) түтіктерден дәнекерленіп жасалған және алынатын парақты болатпен қапталған құрылғы түрінде болады.

Конвейер аяғында орналасқан:



  • 13 – жетекші барабан

  • 7 - жетектегі барабан,

  • ал ортасында 8 – түшпара қалыпталынатын жерде конвейер таспасын ұстап тұратын барабан.

Конвейер тұрығында екі жәшік орналасқан:

  • біреуі 15 - құрал-саймандарға арналған,

  • келесісі 7 - жетектегі барабанда орналасқан 5 - щетка арқылы таспадан түсірілетін қамыр кесінділерін жинауға арналған 6 – жәшік.

Конвейер тұрығы:

  • 9 - үш қалыптайтын барабан мен оларды көтеретін және таспаға түсіретін механизмдер жабдықталған

Әр барабанның цилиндрлі беттігінде шахмат тәртібімен орналасқан екі қатар ұяшықтар бар.

Конвейер таспасы қозғалған кезде



  • қалыптайтын барабандар айналады,

  • және ет турамасы салынған қамыр түтікшелерінен түшпараны қалыптайды,

  • қойылған арнайы тақтайшаларға алты қатар дайын түшпараларды тізеді.

Штамптайтын барабан мен қалыптайтын қондырғы арасында ворошителі бар 10 – ұн бункері орналасқан. Осы бункердегі тесіктің астымен өткен ет турамасы салынған қамыр түтігіне ұн себіледі. Бұл түшпаралардың штамптайтын барабан ұяшықтарына жабысып қалмауы үшін қажет.

Автоматты ажырату және қосу 11 – бақылау түймешесі арқылы іске қосылады.

4. Кинематикалық сұлба

2 суретте СУБ-3М түшпара автоматының ккинематикалық сұлбасы көрсетілген

1- электрқозғалтқышынан 3 – сынабелбеулі беріліс, 6 – тізбекті беріліс, 10,11 – шестернялар және 13 – тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер:


  • 7 – қамырды жіберіп тұратын шнек ,

  • 16 – жетекші барабан,

  • және 15 – ұн ворошителі.

14 – жылдамдық вариаторы және 20 – тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер:

  • 18 – ет турамасын жіберіп тұратын шнек.

Шестерня, тісті дөңгелек және шкив сипаттамалары

(2 суретке қосымша)



позиция №


10

11

17

19

5

8

9

12

4

2

Z

m

Шкив диаметрі



16

3

-




105

3

-




72

-

-



60

-

-



18

-

-



25

-

-



30

-

-



10

-

-



-

-

340



-

-

126



(90)

Өндірісте түшпара жасайтын машиналардың келесі түрлері шығарылады:

  • П6-НПА ықшамды түшпара жасайтын машиналар, өнімділігі 60 кг/сағ,

  • СУБ-2-67 - 400 кг/сағ.,

  • ВЗ-ФПА. П6-ФПВ -600 кг/сағ.

4. СУБ-2-Н тұшпара автоматы құрылысының сипатамасы


СУБ-2-Н тұшпара автоматы мұздатқыш қондырғылары бар ет комбинаттары мен қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде қамыр мен фарштан тұшпара жасауға арналған. Сонымен қатар осы автоматты ішінде картобы бар тұшпара (вареник) жасауға да қолдануға болады.

СУБ-2-Н тұшпара автоматы келесі негізгі бөліктерден тұрады:



  • тұғыр, қамыр мен фаршқа арналған екі шанақ,

  • тұшпараны қалыптайтын құрылғы,

  • 2- штамптайтын барабандар,

  • ротациялық сорап,

  • ұн шанағы

  • және таспалы транспортер;

Тұғыр табақшалы болатпен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған құрылғы түрінде болады.

Тұғырдың ішінде электрқозғалтқыш, магнитті қосқыш, сынабелдікті жылдамдық вариаторы, сынабелдікті, шестернялы және шынжырлы берілістер жабдықталған.

Жылдамдық вариаторы қалыптайтын құрылғыға фаршты жіберіп тұратын жұмыс органының айналым санын реттеу үшін қажет.

Қамыр шанағының түбінде қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын шнек бар.

Фарш шанағының түбінде ротациялық сорапқа фаршты жіберіп тұратын шнек орналасқан. Бұл сорап та фаршты құбыр арқылы қалыптайтын құрылғыға қарай жібереді.

Қалыптайтын құрылғының әрбір ұяшығының цилиндрлі қабырғасында ойық тесігі болады, олар арқылы арнайы профильді құбырдан өтеді

Құбыр арқылы қамыр конвейер таспасына түсіп, қамырдың соңы қалыптайтын ұяшықтардың ойық тесіктеріне дейін созылады. Осыдан фарш салынған қамыр түтіктері шығады.

Конвейердің соңында:



  • жетекші және жетектегі барабандар орналасқан,

  • ал дәл ортасында тұшпара штапмталынатын жердегі конвейер таспасын ұстап тұратын барабан орналасқан.

Конвейер тұғырында таспадан көтеретін және қайта түсіретін механизмдері бар 2 штамптайтын барабан жабдықталған.

Штамптайтын барабан алдында ворошителі бар ұн шанағы орналасқан. Осы шанақтағы тесік арқылы астымен өткен фарш салынған қамыр түтігіне ұн себіледі.


5. Жұмысты орындау әдістемесі.
1. Тұшпара автоматының құрылысымен танысу.

2. Автоматтың технологиялық сұлбасын тұрғызу

3. Автоматтың кинематикалық сұлбасын тұрғызу.

4. Бөлшектер мен түйіндердің эскиздерін жасау.

5. Жұмыс органдарының айналу жиіліктерін анықтау.

6. Автомат өнімділігін анықтау.

7. Автомат қозғалтқышының қуатын анықтау.

6. Жұмысты орындау.


1. Кинематикалық сұлбаны тұрғызған кезде қажетті анықтаулар

  • тісті және шынжырлы беріліс тістерінің саны,

  • сынабелдікті берілістегі шкив бөліктерінің диаметрі,

  • берілістердің беріліс қатынастары,

  • қамырдың шнекке жалпы беріліс қатынасы,

  • фарштың шнекке және ротациалық сорапқа жалпы беріліс қатынасы,

  • жетекші барабанға таспалы транспортердің жалпы беріліс қатынасы.

жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау