Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс 9. Тамақ өндірісінде қолданылатын сүзгілер



жүктеу 4,44 Mb.
бет6/31
Дата25.11.2017
өлшемі4,44 Mb.
#1945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Дәріс 9. Тамақ өндірісінде қолданылатын сүзгілер.

Дәріс жоспары.

1. Сүзу негіздері.

2. Сүзгі-престер.
Сүзгілер сүзу бөгеттері арқылы екі бөлікке бөлініп, оның бір бөлігіне суспензия құйылады. Осы екі бөліктің екі жағындағы қысымдар айырмасының әсерінен сұйық сүзу бөгеттерінің кеуктерінен өтіп, олардың бетінде қатты бөлшектер ұсталынып қалады. Сонымен суспензия таза с ү з і н д і және ылғалды т ұ н б а ғ а ажыратылады. Кейбір кезде қатты бөлшектер сүзу бөгетінің кеуектерінде ұсталынып, тұнба пайда болмайды. Осындай қасиеттерге байланысты сүзу процесі екі түрге бөлінеді:

1) Тұнба пайда болу жолымен түсу;

2) Сүзу бөгетінің кеуектерін толтыру (бітеу) арқылы сүзу.

3) Аралық.

Тамақ өнеркәсібінде тұнба пайда болу тәсілі қант заводтарында қанағаттарылған шырынды, сыра заводтарында ірікпені, ашықты зауыттарында ашытқы массаларын сүзуде қолданылады.

Сүзу процесінің қозғаушы күші - қысымдар айырмасы болып табылады. Іс жузінде сүзу процесі үш түрлі режимде өткізіледі:

1) тұрақты қысымдар айырмасында

2) тұрақты жылдамдықта

3) процес жылдамдығының және қысымдар айырмасының өзгеруінде .

Өндірісте сүзу процесін төмендегі қысымдар айырмасында өткізеді:



1) Суспензияның гидростатикалық қысымы әсерінен МПа

2) Вакуум әсерінен МПа

3) Қысылған газ (ауа) әсерінен МПа

4) Суспензия поршенді немесе ортадан тепкіш насос жәрдемімен берілсе МПа

Сүзу процесінің өнімділігі және алынатын сүзіндінің тазалығы, көбінесе, сүзу бөгеттерінің қасиеттеріне және олардың дұрыс таңдауына байланысты, Олар мынадай қасиеттерге ие болу керек:

1) кеуектерінің өлшемі тұнбаның бөлшектерін ұстап қалатындай;

2) гидравликалық кедергісі аз;

3) сүзілетін ортаның әсеріне химиялық берікті;

4) механикалық және жылулық беріктіктері жеткілікті болу керек.



Тұнба және сүзі бөгетінің кеуектерінде сүзінді ағынның қозғалысы Рейнольдстің саның өте төмен мәндерімен сипатталады (Re  35), яғни сүзінді ағыны ламинарлық қозғалыс режимінде өтеді. Сондықтан ол Пуазейль теңдеуімен анықталады:

Сүзгілер жұмыс істеу әрекетіне байланысты мерзімді және үздіксіз әрекетті болады. Тұнба пайда болатын процестерге мерзімді және үздіксіз әрекетті, ал сүзгі бөгеттерінің кеуектерін толтыру процесінде тек мерзімді әрекетті сүзгілер пайдаланылады.



Қысымдар айырмасын қамтамасыз ету тәсіліне байланысты сүзгілер вакуумда / МПа/және қысым астында / МПа/ жұмыс істейтін болып бөлінеді. Қысым астынды жұмыс істейтін сүзгілердің құрылымының механикалық беріктігі жоғары болуы қажет болғандықтан вакуумды сүзгілерді пайдалану тиімділеу. Дегенмен, тұнбаның гидравликалық кедергісі үлкен болса және көп сығылмайтын тұнба болса, онда қысымдар астында жұмыс істейтін сүзгілерді пайдалану тиімді болады.

Технологиялық мақсатқа байланысты сүзгілер: супензияларды ажырататын және өндірістік газдарды тазалайтын болып бөлінеді.

2. Сүзгі-престер өндірістік және зертханалық жағдайда онімдерді тазарту үшін қолданылады. Олар белгілі бір уақыт аралығындағы сүзінділердің мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді. Сүзу процесінде қысым тұрақты болуы керек.

Рамалы сүзгі-престер келесі түрде жұмыс істейді: Оған араластырғышы бар резервуардан суспензия беріледі. Бастапқыда суспензия резерварға толытылады және бертекті масса алу үшін араластырғышпен араластырылады. Одан кейін Компрессорлы қондырғыдан берілетін сығылған ауамен резервардан сорылады да сүзу камерасына беріледі. Резервуардағы қысым ауалық кран көмегімен реттеліп отырады және манометрмен бақыланып отырады.



Бақылау сұрақтары:

1. Сүзу процесі дегеніміз не?

2. Сүзу процесі неше түрге бөлінеді?

3. Мерзімді және үздіксіз әрекетті сүзгілер қалай жұмыс істейді?

4. Сұйықтың жылдамдығы қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.

4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.

4.1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.

4.1.4. Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.


жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау