2-сурет. Шыжықтан майды сығуға арналған пресс сұлбасы:
1 – шанақ; 2 – тұрқы; 3 – тасымалдаушы шнек; 4 – қабылдағыш тор; 5 – пышақ; 6 – сақина; 7 – тор; 8 – престеушi шнек; 9 – зеерлi цилиндр; 10 – сомы; 11 – торлы конус; 12 – түп; 13 – мойынтiрек торабы; 14 – шынжырлы берiлiс; 15 – тұғыр; 16 – бәсеңдеткiш; 17 – электрқозғалтқыш; 18 – сына-қайысты берiлiс.
Шыжық шанаққа 1 тиеліп, шанақтан цилиндрлі тұрқының 2 ішінде орналасқан бойлық ойықтар арқылы жетекпен айналмалы қозғалысқа келетiн тасымалдаушы шнекпен 3 бір мезгілде тасымалданып, ұсақтау механизiмiнде ұсақталады. Ұсақталған шыжық престеуші бөлмешiкке өтiп, престеушi шнектiң 8 iшкi диаметрлерiнiң жүрiс бойынша үлкеюiне байланысты престеледі, зеерлі цилиндрдің 9 iшкi бетiндегi бойлық тесiктер мен тұрқыдағы 2 тесіктер арқылы шыжықтан бөлiнген сұйық фракция престiң астында орналасқан түпке 12 ағып, одан ары қарай келесi өңдеулерге жiберiледi. Престелген шикiзат тұрқының 2 шығар аузындағы конусты тор 11 арқылы сыртқа шығады.
Олай болса престің кескіш механизімінің өнімділігінің кесу мүмкiншiлiгiн, кез-келген ет кескiш машиналар сияқты, профессор А.И. Пелеевтiң әдiстемесi бойынша былай табуға болады:
, кг/сағ
мұндағы: F- кескiш механизмнiң кесу мүмкiншiлiгi, м2/сағ;
F1- бiр бiрлiк массадағы шикiзаттың ұсақталуынан алынған өнiмнiң меншiктi ауданының бөлiгi, м2/ кг;
- механизмнiң кескiш мүмкiншiлiгiн пайдаланатын коэффициент.
Кескiш мүмкiншiлiгi дегенiмiз - бiрлiк уақытта пышақтармен кесiлген бетi (ауданы).
м2/сағ;
мұндағы п-пышақтың айналу саны, айн/мин;
к-пышақтың қырлар саны (к=4)
f -бiр айналымдағы пышақпен кесiлген аудан, м;
i -кесiлген жазықтықтар ауданы, м2
Ет және сүт өнеркәсiбiнде дозалап толтыратын машиналар көп қолданылады. Қысым әсерiмен қабықшаны механикалы жолмен толтыратын машиналар тобына шприцтердi жатқызады. Шприцтер шұжық қабықшасын тартылған етпен, сонымен қатар сүт өнеркәсiбiнде балқытылған сырды жасанды қабықшамен толтыруда қолданылады.
Өндiрiсте пневматикалық, гидравликалықжәне механикалықжетектi, тiк және көлденең ығыстырғыш құралы бар поршендi шприцтер қолданылады.
Поршендi шприцтiң жұмысшы цилиндрiнде фарш аздап деформацияланады, сондықтан шприцтеу сапасы жоғары.
Поршендi шприцтер құрылғыдан шығарда жоғары қысым жасайды, сондықтан оларды көбiнесе жартылай қақталған және шикiдей қақталған шұжықтарды қалыптау үшiн қолданылады.
Поршендi шприцтердiң кемшiлiктерi:
өнiмдiлiктерi төмен;
жұмысшы цилиндрдiң жүктелуi және вакуумды өңдеудiң күрделiлiгi;
Оларды болдырмау үшiн арнайы қоректендiргiш құрылғы қарастырылады. Бiрақта оларды орнатқанда фарш қосымша деформацияға ұшырайды. Бұл фарштың сапасына керi әсерiн тигiзедi.
Шприцтiң секундықөнiмдiлiгi:
, м3/с;
f – ығыстырыш арқылы өнiмнiң еркiн өту ауданы;
х0 – массаның өстiк жылжуының нақты жылдамдығы;
Шприц ығыстырғыштарының электрқозғалтқыштарының қуаты:
кВт
- ығыстырғыш тудыратын тегеурiннiң қысымы, Па;
а - қуаттың қор коэффициентi,
1 - ығыстырғыштың механикалықП°К-i.
Вакуумдi-сорапқа арналған электрқозғалтқыштың қуаты:
А - вакуумдi-сораппен айдалатын 1 м3 ауаны сығуға жұмсалатын энергия шығыны; максималды мәнi А=45000 Дж/м3;
2 – сораптың механикалықПӘК-i, 2=0,8
Бақылау сұрақтары:
1. Престудің негізгі мақсаты қандай?
2. Қысыммен өңдейтін жабдықтар қалай жіктеледі?
3. Кесу мүмкіншілігі қалай анықталады?
4. Шыжықтан майды сығып алуға арналған престің жұмыс істеу принципі қандай?
5. Шприцтердің жұмыс істеу принципі қандай?
6. Неігізгі есептеулері?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
4.1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.
4.1.4. Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.
Достарыңызбен бөлісу: |