Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс 6. Жуу машиналары мен қондырғылары



жүктеу 4,44 Mb.
бет3/31
Дата25.11.2017
өлшемі4,44 Mb.
#1945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Дәріс 6. Жуу машиналары мен қондырғылары.

Дәріс жоспары:



1.Жуу процесіне әсер ететін факторлар.

2. Көкөніс жуатын машиналар

3. Ыдыс жуатын машиналар.

4. Негізгі есептеулері
Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер, жемістер, ет, балық, асханалық құралдар мен ыдыстар және басқа сиымдылықтар жуылады.

Жуу процесі 2 түрлі тәсілмен жүргізіледі:



  • гидравликалық

  • және гидромеханикалық.

Гидравликалық тәсілде өнімнің сыртқы бетін жуу су ағынымен, ал гидромеханикалық процесте су ағынынан басқа жуу машиналарындағы жұмысшы органдардың әсерімен жуылады.

Жуу процессіне екі үлкен фактор әсер жасайды:



  1. үлкен қысыммен соққан судың әсері және

  2. механикалық әрекеттер.

Олар келесі үш топтан тұрады:

  1. щеткамен тазалау

  2. ірі кесекті өнімдердің аударылып аунап бір-біріне үйкелісу, бір-біріне қажалу

  3. қатпарлар арқылы немесе қабырғалар арқылы ірі-кесек өнімдердің үйкеліп сырғанау, қажалу ығысылу тәсілдері болады.

Жылу мен салқын судың, будың энергиялық шығынын азайту үшін қатты кірлеген өнімдер мен тағамдар алдын-ала суға малынады, бұдан кейін өнімнің үстіне тозандатып су шашылады.

Жуғыш машиналарға қойылатын техникалық талаптар



  1. олар әбебап болу шарт

  2. су мен энергияның шығыны аз болу керек

  3. жуған өнім бұзылмау керек, оның массасы азаймау керек

  4. өнім жуғыш машинаның ішіне механикаландырылған түрде түсіп шығуы керек

  5. жуғыш машиналарды құрастырғанда немесе жобалағанда стандартты бөлшектер мен тораптардан құрастыруы шарт

  6. жуғыш машиналардың өлшемдері және массасы тым үлкен болмауы керек.

Жуғыш машиналардың жіктелуі.

  1. Жұмыс істеу цклына байланысты 2 топқа бөлінеді

а) толасты және б) толассыз

  1. Жуғыш машиналардың жуынатын өнімі бойынша келесі топтарға бөлінеді:

а)малдын жартылай ұшаларын жуатын машиналар

б)малдың ұшаларын жуатын машиналар

в)кесек өнімдерді жуатын машиналар

г) көкөніс жеміс жидектер жуатын машиналар

д)жұмыртқа жуатын машиналар

е)әр түрлі ыдыстарды жуатын машиналар.

Тамақ өндірісі кәсіпорындарында ең бір қиын жұмыстардың бірі адыс-аяқтарды жуу. Жуу процесінің негізгі операциялары болып ыдысты тамақ қалдықтарынан тазалау, жуу ерітінділерімен жуу, бір немесе екі рет шаю және кептіру. Ыдыстар тамақ қалдықтарынан су ағындарының көмегімен тазаланады.

Ыдыс жуатын машиналар 5 топқа бөлінеді:

а) шыны банкі жуғыш машиналар

б) темір, қаңылтыр банкілерді жуғыш машиналар

в) шұжық ілетін таяқтарды жуатын машиналар

г) алюминді тазиктерді жуатын машиналар

д) лоток, жәшік, бөшке және тағы басқа ыдыстарды жуатын машиналар.


  1. Жұмыс құралы бойынша жуатын машиналар келесі 5 топқа бөлінеді:

а) барабанды жуғыш машиналар

б) щеткалы жуғыш машиналар

в) ұрғыш жұмыс құралдары бар жуғыш машиналар

г) білікті жуғыш машиналар

д) суды тозаңдатып, шашыратып жуатын машиналар.

Құбырдан аққан сұйықтың шығыны Бернулли теңдеуінің көмегімен анықталады



НГ + НСТ + Н0 = const
мұнда, НГ – геометриялық арын, , м;

НСТ – статикалық арын, м;

Н0 = υ/2g – жылдамдық арыны, м.

Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі





мұнда - шнек орамдарының арасындағы қима ауданы,

- өнімнің орташа жылдамдығы

- өнімнің тығыздығы

- жұмысшы камерасын өніммен толтыру коэффициенті.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Жуу процесі неше түрге бөлінеді?

2. Жуғыш машиналарға қандай талаптар қойылады?.

3. Жуу машиналары қалай жіктеледі?

4. Ыдыс жуу машиналары неше топқа бөлінеді?

5. Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі қалай анықталады?


Ұсынылатын әдебиет:

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 7. Әртекті орталарды ажыратуға арналған машиналар.

Әртекті жүйе екі және оданда көп фазалардан құралған болады. Бұл фазалардың біреуі дисперсионды немесе сыртқы фаза болып, оның ішінде басқа фазалардың бөлшектері таралған болады. Бұл таралған бөлшектерді дисперсті немесе ішкі фаза деп атайды.



жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау