Дәріс 4. Өнімдерді ұсақтауға арналған машиналар.
Дәріс жоспары.
Ұсақтау түрлері.
Ұсақтау машиналарының жіктелуі.
Еттартқыштар, куттерлер диірмендер.
Ұсақтағыштарға қойылатын талаптар.
Ұсақтау деп механикалық кұштер әсерiнен материалдардың бөлшектерге бөлiну процесiн айтамыз.
Егер бөлшектердiң өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiлмей ұсақталса оны ұнтақтау немесе ұсақтау деп, егер бөлшек өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiп кiшiрейсе оны кесу деп атайды.
Қолдану аймағы бойынша ет кескiш машиналар қалыпты және қатырылған кұйдегi еттi, ферменттi майлы шикiзаттарды және т.б. өнiмдердi ұсақтау ұшiн қолданады.
Кескiш механизмге шикiзатты тасымалдау әдiсi бойынша:
-механизацияланған көтергiшпен;
-деңгейлерiнiң әртүрлiгi бойынша шикiзатты өздiгiнен тасымалдау.
Цилиндрлерiнiң орналасуы бойынша келесi тұрлерге бөлiнедi:
-көлденең цилиндрлi
-қиғаш цилндрлi
Цилиндрлердiң iшкi қабаттарында тiк немесе спираль тәрiздi кедiр-бұдыр қабырғалары бар. Олардың болуы өнiмнiң өс бойынша орналасуын қамтиды. Шнек пен қабырғалар арасындағы саңылау
2 мм-ден ұлкен болмауы керек.
Пiшiнi бойынша шнектер конусты және цилиндрлi болып бөлiнедi. ґндiрiсте цилиндрлi шнектер көп тараған.
Орамдарының ойылғанына қарап келесi тұрлерге бөлiнедi:
-тұрақты адымды шнектер;
-басы аз адымды, ал аяғына қарай жай азаятын адымды шнектер.
Ет кескiш машиналарының негiзгi сипаттамасы торлардың диаметрi болып келедi. Машиналардың кескiш органында пышақтармен торлардың тұрлерi болады. Әртұрлi пышақтар мен торлар бiрiгiп кескiш жұбын құрайды. Торлар саңылауы 25, 20, 13, 9, 6, 4, 3, 2 мм болады. Кескiш механизмдегi кескiш жазықтықтар неғҰрлым көп болса, өнiмнiң кесiлуi соғұрлым ұсақ болады.
Машиналардағы пышақтар формасы бойынша : крест тәрiздi немесе көп қырлы болып бөлiнедi.
Көп қырлы пышақтардың кемшiлiгi: қырларының көптiгiнен араларында бос аудан азаяды да, ол жерден ет аз өтедi, яғни көп шығарылуына керi әсер етедi. Ал араларын ұлкен қылып ашу ұшiн, пышақтың қырларын жiңiшке қылып жасайды, олардың төзiмдiлiгiн көтеру ұшiн қырларының Ұшына қатаңдық сақинасын кигiзедi.
Кесу мүмкіншілігі дегеніміз – бірлік уақытта пышақтармен кесілген бет
, кг/сағ
мұндағы: F- кескiш механизмнiң кесу мұмкiншiлiгi, м2/сағ;
F1- бiр бiрлiк массадағы шикiзаттың ұсақталуынан алынған өнiмнiң меншiктi ауданының бөлiгi, м2/ кг;
- механизмнiң кескiш мұмкiншiлiгiн пайдаланатын коэффициент.
Жұқа ұсақтау ұшiн келесi машиналар қолданылды:
- Әртұрлi пiшiндi және орақ тәрiздi пышақтары әртұрлi орналасқан толассыз және мерзiмдi әрекеттi куттерлер.
- Әмбебап куттерлер. Бұл куттерлерде алдын-ала және соңғы ұсақтау мен араластыру операциялары қоса өткiзiледi.
- Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған әртұрлi құрылымды машиналар.
Қазiргi куттерлердiң жаңа тұрлерi жоғары өнiмдiлiктi машиналар болып табылады. Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.
Әмбебап куттерлер ет тартқышты, араластырғышты, куттердi, микроҰсақтағышты толығымен алмастыра алады. Ал олардың кейбiреулерi қалыптайтын, вакуумдейтiн және пiсiру құрылғысымен жабдықталған. Олар жоғары өнiмдiлiктi процестi автоматтандырылған жұйемен басқарумен, пышақты бiлiк пен тостағанның жетектi құрылғысының ұлкен диапазонды өзгермелi айналыс жылдамдығымен жабдықталған.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтау ұшiн толассыз әрекеттi машиналар қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың келесi артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар, жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналар ұсақтағыш механизмiнiң құрылысына байланысты келесi тәртiппен жiктеледi:
роторлы ұсақтағыштар
көп пышақты ұсақтағыштар
көп дискiлi ұсақтағыштар
барабанды ұсақтағыштар
комбинирленген ұсақтағыштар
Роторлы ұсақтағыштар - ұсақтағыш механизмiндегi қозғалатын статордан және айналмалы ротордан тұратын машиналарды жатқызуға болады. Көп пышақты ұсақтағыштар – айналмалы барабанның немесе тұрықтың iшiндегi бiлiкте құрастырылатын әртұрлi пiшiндi пышақтардан тұрады. көп дискiлi ұсақтағыштардың бұлардан айырмашылығы: олардың ұсақтағыш механизмi – көп тiстi дисктер жиынтығы немесе тiзбектей орнатылған көп тесiктi торлар жұбы. барабанды Ұсақтағыштар ұлкен жылдамдықпен айналатын перфорленген барабаннан құралған. Ал комбинирленген ұсақтағыштар – жазық, цилиндрлi, конусты тор тұрiнде орындалған жеке пышақ және пышақтардың жұбынан құралады.
Машиналарға қойылатын талаптар
Ұсақтағыштардың барлық механизмдерi шикiзатты өңдеу кезiнде
талап етiлген ұсақтау дәрежесiн қамтамасыз ету керек, өнiмнiң сапасы мен құндылығы сақталуы керек және шикiзат шығыны аз болуы керек.
2) Ұсақтау кезiнде ет сөлiн қысып шығаратын сығу кұшi көп болмауы керек.
3) Жұмысшы аймаққа майлайтын майлар, қалдықтар тұспеуi керек.
4) ґнiмiне жанасатын бөлшектердi коррозияға берiк материалдардан
дайындау керек.
5) Жұмысшы механизмдердiң конструкциясы тез шешiлiп, тез жиналуы керек, шикiзаттар пен өнiм қалдықтарын алып тастауға және санитарлық өңдеу жұргiзуге қолайлы болуы керек.
6) Электроқозғағыштар, қосқыш аппатура, реттегiш аспаптар гуметикалық жәнеи су өтпейтiн қаптамамен қапталған болуы керек, электроқоздырғыштар және электро аппаратура жерлендiрiлген болуы керек.
Бақылау сұрақтары:
Ет өндiрiсiндегi жұқа ұсақтауға арналған машиналардың қолданылуы.
Жұқа ұсақтауға арналған машиналардың тұрi, құрылысы және өнiмдiлiгi бойынша классификациясы.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналардың жұмысшы құралы және олардың құрылымдық ерекшелiктерi.
Бiр винттi қоректендiргiш құрылғының максималды және минималды өнiмдiлiгi.
Роторлы ұсақтағыштың өткiзу қабiлеттiлiгi.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналарды құрастыру ерекшелiктерi.
Қолданылған әдебиеттер.
Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971
Дәріс 5. Өнімдерді илеу және араластыру машиналары.
Дәріс жоспары.
1. Араластыру тәсілдері.
2. Араластырғыштардың түрлері
3. Фаршараластырғыштар.
Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.
Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:
1) механикалық - әртүрлі құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;
2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;
3) циркуляциялық - насостар немесе соплалар жәрдемімен.
Ауамен және циркуляциялық араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:
1) салыстырмалы түрде көп энергия шығыны;
2) ауамен араластырғанда тамақтың /ашу/ тотығу мүмкіншілігі немесе оның жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.
Араластырудың тамақ өндірісіндегі кең тараған тәсілі – механикалық араластыру. Механикалық араластыру әртүрлі құрлысты қалақтары бар араластырғышпен /рамалы, қалақты, пропеллері, турбиналы, жалпақ қалақты т.б./ жүргізіледі.
Араластыру тәсілдерін, ыдыстың немесе араластырғыштың түрін, конфигурациясын, қалақшалардың формасы мен қозғалыс жылдамдығын араластырылатын массаның жағдайына, түріне және басқа факторларға байланысты таңдайды.
Сұйықта барлық массаның қозғалысында араластыру жүрмейді, сондықтан ыдыстың қабырғасында қозғалмайтын қалақшалар орнатады (1 сурет)
Кеңінен қолданылатын тағы бір түрі қалақшалары көлденең, тігінен және көлбеу орналасқан комбинирленген рамалы құрылысты араластырғыштар (2 сурет).
Араластыру процестің жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен аппараттың құрылысына және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.
Фаршараластырғыштар екіге бөлінеді:
Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады: тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен жетектен. Тұрқы пісіріл қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқыл электрқозғалтқыштан беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері жетекші және жетектегі шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш астау және қақпақ 9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш астауына қолмен немесе арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы түсіріліп алынады.
Араластырғыш өнімділігі :
;
мұндағы t=45мин – араластыру процесінің ұзақтығы .
tмин – қосалқы операциялардың ұзақтығы .
G – бір жолғы толтыра артудың массасы көпшілік науада араластырғыштың өнімінің кг да
G=V∙ρ;
мұндағы ρ – араластырғыштың өнім тығыздығы, кг/м3 т.е. еттің ұсақталған тығыздығының зырылдауық есіктердің диаметрі шарбақта 3 мм ρ=1070 кг/ м3 , ([3]оқу табл.. 3-37).
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Араластыру дегеніміз не?
2. Араластырғыштарды таңдау.
3. Сұйық орталарды араластыру әдістері.
4. Механикалық араластырғыштар.
5. Олардың жұмыстарының негіздері және құрылғылары.
8 Фаршараластырғыштар
7. Араластыру тиімділігін бағалау.
Ұсынылатын әдебиет:
Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971
Достарыңызбен бөлісу: |