Сынақ жүргізудің реті келесідей:
z және d геометриялық параметрлердің өлшеулерін жүргізу.
Құбыр өткізгіштің толып тұрғанына көз жеткізу. Ол үшін МБ өлшеулі күбішеде су болмау (вентиль В12) керек және пьезометрлерде (вентиль В3) су болу керек.
В5 вентилін баяу ашып, пьезометрлер деңгейін шамамен 0…25 см мәніне дейін түсіріп шығынды реттеу.
В12 вентилінің көмегімен күбішені жауып, сызғышпен судың деңгейін өлшеу және секундомерді тоқтату керек. Соңғы екі амал бір уақытта орындалады.
Күбішенің толу уақытында П4…П9 пьезометр көрсеткіштерін 2.1 – кестесіне жазу.
Су деңгейі күбішенің жоғары шығу тесігіне жақындаған кезде h2деңгейін өлшеп секундомерді тоқтату қажет.
Берілген формулалар бойынша есептеулер жүргізіп 2.1 және 2.2 – кестелерін толтыру.
2.1 -кесте
Есептеу параметрлерін өңдеу және өлшеу нәтижелері
№
|
Параметрлер
|
Құбыр өткізгіштің қималары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Қима диаметрі d, м
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Геометриялық арын z, м
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Пьезометрлердің көрсеткіштері П, м
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Күбішедегі су деңгейінің әр түрлілігі, м
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Толтырылу уақыты, с
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Сұйықтықтың көлемі V, м3
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Ағын шығыны Q, м3/с
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Ағынның жылдамдықтары υ, м/с
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Жылдамдық арыны , м
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Толық арын Н, м
|
|
|
|
|
|
|
2.2 - кесте
Жергілікті кедергі коэффициенттерін есептеу нәтиделері
№
|
Тәжірибе нәтижесі
|
Құбыр өткізгіш қимасы
|
А
|
Б
|
В4
|
Г
|
Д
|
1
|
Арын жоғалтулар һж, м
|
|
|
|
|
|
2
|
Жергілікті жоғалту коэффициенті ξ
|
|
|
|
|
|
2.3 - сурет - Зертхана стендінің схемасы
№ 3 зертханалық жұмыс
ҚҰБЫРДАҒЫ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ
КЕДЕРГІ КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Тәжірибе жүзінде гидравликалық кедергі коэффициентін (Дарси коэффициентін) табу және оны теориялық формуламен табылған коэффициентпен салыстыру.
Жұмыстың мазмұны
құбыр өткізгіш ұзындығы бойынша меншікті гидравликалық энергия жоғалтуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
құбыр өткізгіш диаметрі, Рейнольдс саны, салыстырмалы кедір-бұдырлық және гидравликалық кедергі коэффициенті арасындағы өзара байланысты орнату;
ламинарлы және турбулентті режим кезіндегі құбыр өткізгіштегі сұйықтық қозғалысының меншікті гидравликалық энергия жоғалтуларын анықтау;
гидравликалық кедергі коэффициентін құбыр өткізіш ұзындығы және кедір-бұдырлық коэффициенті бойынша тәжірибелік анықтаудың методикалық әдісімен танысу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
әдістемелік нұсқаулықтағы теориялық материалдармен танысу;
бақылау сұрақтарына жауап беру;
тәжірибелік стендпен және зертханалық жұмысты орындау тәртібімен танысу;
тәжірибе жасау;
зерттеу нәтижелерін қорытып, график немесе кесте түрінде көрсету;
жұмысты рәсімдеу және қорғау.
Жұмысқа керекті жабдықтар
Тәжірибелік стенд және әдістемелік нұсқаулық
Теориялық бөлім
Гидравликалық энергия жоғалту
Үделмелі энергия (арын) жоғалтуы немесе гидравликалық жоғалту арна өлшеміне, пішініне, сұйықтық тұтқырлығына, оның ағу жылдамдығына, кейде абсолюттік қысымына байланысты. Тәжірибелер көрсеткендей, көп жағдайда гидравликалық жоғалту сұйықтық ағысының екінші дәрежелі жылдамдығына пропорционал. Сондықтан гидравликада толық арын үшін гидравликалық жоғалтуды келесі формуламен өрнектейді:
сызықтық бірлікпен
(3.1)
қысым бірлігімен
(3.2)
мұнда (дзета) – жоғалту коэффициенті немесе кедергі коэффициенті.
Кедергі коэффициенті - кеткен арынның жылдамдық арынына қатынасы.
Гидравликалық жоғалту екі түрге бөлінеді: жергілікті жоғалту және ұзындық бойынша үйкелу жоғалтуы.
Ұзындық бойынша үйкелу жоғалтуы – тік құбырда пайда болатын энергия жоғалтуы, біркелкі ағыста құбыр ұзындығына пропорционал ұлғаяды. Қарастырып отырған жоғалту сұйықтықтағы ішкі үйкелісті сипаттайтындықтан ол кедір-бұдыр құбырда ғана емес тегіс құбырда да болады.
Арын жоғалтуын жалпы гидравликалық жоғалту формуласымен өрнектеуге болады:
(3.3)
Ұзындығы диаметріне тең дөңгелек құбырдың бір бөлігін қарастырайық және (3.3) формуласына кіретін оның жоғалту коэффициенті арқылы белгілейік. Сонда ұзындығы , диаметрі құбыр үшін жоғалту коэффициенті есе көп болады
Нәтижесінде (3.3) формуласының сызықтық түрі
(3.4)
қысым бірлігімен
(3.5)
Формула (3.4) Вейсбах-Дарси формуласы деп аталады. коэффициенті ұзындық бойынша үйкелу әсерінен жоғалту коэффициенті немесе Дарси коэффициенті деп аталады.
коэффициентінің физикалық мағынасын түсіндіру оңай, егер цилиндрлі көлемі бар құбыр ішндегі қозғалысты қарастырсақ, онда көлемге түсетін күштер қосындысы (қысым күші мен үйкеліс күші) нөлге тең.
мұнда – құбыр қабырғасындағы үйкеліс кернеуі.
Егер (3.5) формуланы алсақ, онда
(3.6)
яғни коэффициенті үйкеліс кернеуінің орташа жылдамдықпен анықталатын динамикалық қысымға пропорционал.
Достарыңызбен бөлісу: |