Құбыр кенеттен тарылғанда (2.1, б-сурет) алдымен ағым сығылады да (2-2 қима), содан соң кеңейеді. Кенеттен тарылғанда арын азаюы ең алдымен кеңею учаскесінде жүретіндігі тәжірибелермен анықталған. Бұл азаюлар ағымның тарылған қимасындағы және құбырдың жіңішке қимасындағы сұйық жылдамдықтарына тәуелді болады.
Ағын бұрылуы кезінде энергия жоғалту орын алады. Жоғалту шамасы қатынасына және бұрышына тәуелді.
2.2 –сурет– Ағын бұрылуы
Жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі
Зертханалық жұмыс стендті қолдану арқылы орындалады. Оның сызбасы Оның сызбасы 2.3-суретінде көрсетілген. Бұл жерде қбыр өткізгіш тік жазықтықта жасалған және жергілікті кедергілерден құралған: А – кенеттен кеңею; Б – кенеттен тарылу; B4 – вентиль; Г – 900 бұрылу: Д – 1800 баяу бұрылу. Құбыр өткізгіш Н тұрақты арынды қамтамасыз ететін су қоймасыменвентиль арқылы жалғанған және В5 вентилі арқылы МБ өлшеулі күбішеге шығады. Өлшеулі күбіше В12 вентилі арқылы ағызу сызығымен байланысқан. Жергілікті кедергілер аралығында П4…П9 шыны аяқтары бар пьезометриялық түтіктер орнатылған. Олар панельде сәйкесінше 4…9 номерлерімен көрсетілген.
Жұмыстың басты міндеті: А, Б, B4, Г, Д сәйкесінше ξА, ξБ, ξВ4, ξГ, ξД жергілікті кедергілердің коэффициенттерін анықтау.
Жұмысты орындау үшін келесі есептеулер мен өлшеулер анықталады. Толық арын Н, геометриялық арын z, пьезометриялық арын , жылдамдықты арын . Ағын алдын ала турбулентті болып саналғандықтан шартты түрде Кориолис коэффициентінің мәнін деп аламыз.
Геометриялық арын z сызғыш көмегімен тура өлшеу арқылы анықталады. Мысалы, П4…П7 пьезометрлер қимасының суретінде нольдік деңгей салыстырмалы жазықтықпен бір деңгейде болады. Ал П8…П9 пьезометр қималары үшін геометриялық арынның таңбасы қарама-қарсы болады.
мәні панельдегі шкала көрсеткішімен есептеледі. Олардың мәні әр пьезометр үшін сантиметрмен берілген.
Жылдамдықты арынды анықтау үшін алдын ала Q шығынын есептеу керек. Ол үшін өлшеуіш сыйымдылық әдісі қолданылады. Осы мақсатпен өлшеулі күбішенің h1 деңгейінен h2 деңгейге дейінгі толу уақыты анықталады.
Күбіше көлемі есептелінеді:
V=b1b2Δh (2.5)
Мұнда, b1=b2=20 см – күбіше қабырғалары;Δh= h2-h1
Онда Q шығыны келесі формула арқылы есептелінеді:
(2.6)
i-ші қима бойымен орташаланған ағын жылдамдығы ағын беріктігі теңсіздігінен анықталады:
(2.7)
Мұндағы d – өту қимасының диаметрі.
Сынау кезінде сантиметрмен алынған барлық өлшемдерді метрге айналдыру керек.
Әрбір i-ші қима үшін толық арындар:
(2.8)
i-ші жергілікті кедергінің арынын жоғалтуы мына формуламен анықталады:
(2.9)
Мұндағы i кедергі реті пьезометр көрсеткішімен анықталады. Мысалы А кедергі үшін
Жоғалтулар анықталғаннан кейін формуласындағы жергілікті кедергі ξ мәнімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |