Зертханалық стендқа анықтама беру
Тәжірибелік стенд (5.3 сурет) құбыр 1 және екі бұрандадан В6 мен В7 тұрады. В6 бұрандасы құбырды жұмыс сұйықтығымен толтырады, ал
В7 бұрандасы Вентури шығын өлшегіші арқылы анықталған шығынды жіберу үшін қажет. В12 бұрандасы МБ өлшегіш күбішесінен сұйықтықты ағызып жіберу үшін қажет. Өлшегіш күбіше шығын өлшегіш арқылы ағатын сұйықтықтың шығынын тәжірибелік анықтау үшін қажет. П14 және П13 пьезометрлері сәйкес құбырдың үлкен және кіші қималарына орнатылған және сұйықтық ағысы жылдамдығы көрсеткендей қысым өлшемін көрсетеді.
5.3 - сурет - Зертханалық стенд схемасы
Тәжірибе жасау тәртібі мен эксперименттік мағлұматтарды өңдеу.
Тәжірибелік стендімен танысқаннан кейін тәжірибе келесі тәртіппен жасалады:
Қондырғыдағы барлық бұрандаларды жабу.
В12 бұрандасын ашу және МБ өлшегіш күбішеден сұйықтық жіберу, содан соң В12 бұрандасын жабу.
В6 бұрандасын ашу және қондырғыны жұмыс сұйықтығымен толтыру (13, 14 пьезометрлеріндегі деңгей бірдей болу керек).
В7 бұрандасын бірқалыпты ашу барысында құбырда қалыптасқан қозғалыс ағысын қадағалау. Бірдей өлшегіш күбішенің онда көрсетілген белгіге толу уақытын өлшеу (14 пьезометрінде сұйықтық деңгейін 70 ... 90 см диапазон аралығында болу керек).
Толған соң 14 және 13 пьезометрлер көрсеткіштерін алып кестедегі П14 пен П13 сәйкес толтыру.
Өлшегіш күбішедегі сұйықтық деңгейі белгіге жеткен соң В7 бұрандасын жабу және уақытты өлшеп, кестеге толтыру. Тәжірибені 2...3 рет қайталау.
5.1 - кесте
Өлшеу және есептеу мағлұматтары
№
|
Аталуы
|
Белгіленуі
|
Тәжірибелер
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Құбырдың үлкен қимасының диаметрі, м
|
D
|
|
|
|
2
|
Құбырдың кіші қимасының диаметрі, м
|
d
|
|
|
|
3
|
П13 пьезометрінің көрсеткіші, м
|
|
|
|
|
4
|
П14 пьезометрінің көрсеткіші, м
|
|
|
|
|
5
|
Пьезометр көрсеткіштерінің айырымы, м
|
|
|
|
|
6
|
Өлшегіш күбішедегі сұйықтық көлемі, м3
|
W
|
|
|
|
7
|
Өлшегіш күбішенің толу уақыты, с
|
t
|
|
|
|
8
|
Тәжірибелік жолмен алынған сұйықтық шығыны, м3/с
|
|
|
|
|
9
|
Теориялық жолмен алынған сұйықтық шығыны, м3/с
|
|
|
|
|
10
|
Қателік %
|
-
|
|
|
|
Бақылау және өлшеу нәтижелерінің негізінде анықтау керек:
а) тәжірибе жүзінде алынған сұйықтық шығыны
мұнда W – өлшегіш кұбішенің көлемі (W=24*20*20см)
б) есептеу арқылы алынған сұйықтық шығыны
мұнда
в) теориялық және тәжірибелік жолмен анықталған сұйықтық шығындарын салыстыру. Вентури шығын өлшегіштің қателігін тексеру. Тәжірибені 2...3 рет қайталау.
Бақылау сұрақтары
Вентури шығын өлшегішін қолданып құбырдың сұйықтық теориялық шығынын анықтаудың теңдеуін қорыту.
Бернулли теңдеуінің техникада қолдану мысалдары.
Құбырдағы әртүрлі қималардың мөлшері сұйықтық қозғалысының орташа жылдамдығына қалай тәуелді?
Ағындық сорғының жұмыс істеу принципі
Сұйықтық шығынын тәжірибелік және теориялық анықтаудың айырмашылығы неде?
№ 6 зертханалық жұмыс
СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ САҢЫЛАУ МЕН САПТАМАЛАРДАН АҒУЫ
Жұмыстың мақсаты: Ағын инверсиясымен (өзгеруімен) танысу. Саңылаулар және саптамалар үшін сығылу, жылдамдық, шығын және кедергі коэффициенттерін анықтап, салыстыру.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
әдістемелік нұсқаулықтағы теориялық материалдармен танысу;
бақылау сұрақтарына жауап беру;
тәжірибелік стендпен және зертханалық жұмысты орындау тәртібімен танысу;
тәжірибе жасау;
зерттеу нәтижелерін қорытып, график және кесте түрінде көрсету;
жұмысты рәсімдеу және қорғау.
Жұмысқа керекті жабдықтар
Тәжірибелік стенд және әдістемелік нұсқаулық
Теориялық бөлім
Жұқа қабырғадағы кіші саңылау арқылы сұйықтықтың ағуы
6.1 - сурет– Сұйықтықтың кіші саңылаудан ағуы және сығылған ағын сипаттамасы
Ағынның сығылған қимасының ауданына саңылаудың ауданының қатынасы ағынның сығылу коэффициенті деп аталады.
Сұйықтықтың қалыптасқан қозғалысын алсақ және резервуардың бос жазықтықтағы қимасы мен А-А сығылған қимасына Бернулли теңдеуін жазатын болсақ, онда жылдамдық және шығын формуласын аламыз:
мұнда – жылдамдық коэффициенті; – шығын коэффициенті; Н –толық арын.
Жылдамдық коэффициентінің физикалық мағынасы нақты жылдамдықтың идеал сұйықтық жылдамдығына қатынасын білдіреді.
Шығын коэффициентінің физикалық мағынасы нақты сұйықтық шығынының ағын сығылуын ескермей теориялық тапқан арын жоғалуына қатынасын білдіреді
Кедергі коэффициенті (арын жоғалуы) мына формуламен анықталады:
Сығылу, жылдамдық, шығын және кедергі коэффициенттері саңылау түріне және Рейнольдс санына тәуелді.
Жұқа қабырғадағы кіші дөңгелек саңылау үшін коэффициенттер тұрақтыболып келеді: Сондықтан кіші саңылаулар шығын өлшегіштерде жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |