Жұмыстың мақсаты: Вентури шығын өлшегішінің көмегімен құбырдағы сұйықтықтың шығынын өлшеу.
Жұмыс мазмұны:
гидравликалық есептерді шешуде және техникада Бернулли теңдеуін қолдану мысалдарын оқып үйрену;
ауыспалы қималы құбырдағы сұйықтық қозғалысының жылдамдығы мен жұмыс қысымының арасындағы байланысты орнату;
құбырдағы сұйықтық шығынын тәжірибелік және теориялық жолмен анықтау әдісімен танысу.
Жұмыстың орындалу тәртібі
осы жұмыспен байланысы бар әдістемелік көрсеткіштер және теориялық материалдар мазмұнымен танысу;
стендпен және зертханалық жұмыстың орындалу тәртібімен танысу;
тәжірибелер жасау;
зерттеу нәтижелерін қорытып, график немесе кесте түрінде көрсету;
рәсімдеу және жұмысты қорғау;
бақылау сұрақтарына жауап беру.
Жұмысқакерекжабдықтар
Зертханалық стенд, сызғыш, секундөлшеуіш және әдістемелік нұсқаулық.
Теориялық бөлім
Әртүрлі сұйықтықтың шығынын есептеу үшін дроссельді шығын өлшегіш құрылғылар қолданылады. Оларға шығын өлшегіш диафрагмалар, түтіктер және Вентури құбырлары жатады. Бұл құрылғылардың жұмыс істеу принципі ағынды тарылту арқылы ағын жылдамдығын арттыру және сол тарылтуда арын (қысым) төмендеуін есептеуге негізделген.
Бернулли теңдеуі сұйықтық теңдеуінің негізгі заңы болып табылады. Бернулли теңдеуінің техникалық қолданылуы Вентури шығын өлшегішінде көруге болады. Вентури шығын өлшегіші құбырларда орнатылады және оның көмегімен сұйықтық шығыны өлшенеді.
Вентури шығын өлшегіші немесе екі конусты шығын өлшегіш арынды тарылтуға арналған құрылғы, бірақ арын онда құйынды аймақтарды тудырмай жайлап тарылады.
Құйынды аймақтар жоқ болғандықтан гидравликалық кедергілер де аз болады, сондықтан бұл құрылғы үлкен сұйықтық шығындарын есептеуге мүмкіндік береді.
Вентури шығын өлшегіші конфузордан (5.1 сурет конусты қосылатын аймақ 2) және диффузордан (конусты ашылатын аймақ 4) тұрады. Олар диаметрі d құбыр диаметрінен D кіші цилиндрлі бөлігімен (горловина 3) қосылады. Горловина мен конфузорда қысымды реттейтін камералар болады (5.1сурет, 1).
5.1 – сурет– Вентури шығын өлшегішінің құрылымы
5.2 –сурет– Вентури шығын өлшегішінің
шығын коэффициентін анықтауға арналған сұлбасы
1-cу құбыры; 2, 8 – бұранда; 3, 10 – күбіше; 4 – құятын құбыр;
5 – Вентури шығын өлшегіші; 6 – импульсті түтік;
7 – пьезометр; 9 – өлшеуіш күбіше.
5.2 сурет берілген сұлбадағы І-І және ІІ-ІІ қималары үшін Бернулли теңдеуі (идеал сұйықтық)
және үздіксіздік теңдеуі
Бірнеше түрлендіру арқылы шығын өлшегіш үшін теориялық шығын формуласын алуға болады:
мұнда - шығын өлшегіш тұрақтысы, оның құрылымымен анықталады;
- І-І (кеңейген) мен ІІ-ІІ (тарылғын) қималар арасындағы ағын арынының жоғалуы;
, , - сәйкесінше І-І мен ІІ-ІІ көлдеңен қималарының ауданы мен ағын қысымы;
, - сәйкесінше І-І мен ІІ-ІІ қималарындағы арын жылдамдығы;
, - қималар центрінің жазықтыққа байланысты биіктік координаталары;
- еркін түсу үдеуі.
Тұтқырлы сұйықтық қозғалысында шығын теориялық шығыннан аз болады:
мұнда - шығын коэффициенті.
Шығын коэффициенті тарылтатын құрылғы үшін әртүрлі болады, ол Рейнольдс санына тәуелді және тәжірибе жүзінде анықталады. Рейнольдс санының үлкен мәндерінде шығын коэффициенті құрылғы мен құбыр аудандарының қатынасына ғана тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |