Нақты сұйықтың ағыншасына арналған Бернулли теңдеуі. Сұйықтың идеал ағыншасына қарағанда нақты ағыншада ішкі және сыртқы (құбыр қабырғаларына) үйкеліс күштері ескеріледі де, соған сәйкес, ол осы күштерді жеңуге кететін энергия азаюымен ерекшеленеді. Энергияның бұл азаюлары арын азаюы деп аталып, h әрпімен белгіленеді.
Әр түрлі кедергілерді жеңуге жұмсалатын механикалық энергия жойылып кетпей, жылулық энергияға түрленеді. Сөйтіп, энергияның сақталу заңы нақты сұйық үшін де өз күшінде қалады.
Осы айтылғандарды ескеріп, (4.3) теңдеудің оң жағына, І-І және ІІ-ІІ (4.1-сурет) қималарының арасындағы нақты ағынша учаскесіндегі қысымның қайтымсыз азаюларын білдіретін, төртінші мүшені h енгіземіз.
(4.6)
(4.6) теңдеуден, сұйықтың нақты ағыншасының ІІ-ІІ қимасындағы меншікті энергия І-І қимадағы толық энергиядан осы екі қима арасында орналасқан учаскедегі қысым азаюын азайтқанда тең екендігі шығады.
Нақты сұйықтың ағымына арналған Бернулли теңдеуі. Нақты сұйық ағымының қозғалысын қарастырғанда, оның кейбір ерекшеліктерін ескеру қажет.
Егер элементар ағыншада жылдамдықтар кез келген қиманың барлық нүктелерінде бірдей болса, онда нақты сұйық ағымының қималарында олардың бөлінуі, сұйық қозғалысының режиміне тәуелді болатын, белгілі бір заңдарға бағынады.
Ағымның тірі қималарындағы жылдамдықтардың бірдей болмауы, қозғалыстағы сұйықтың кинетикалық энергиясын есептеуге арналған орташа жылдамдық нақты жылдамдыққа сәйкес келмейтіндігіне, ал орташа жылдамдық бойынша есептелген кинетикалық энергия нақты бар энергияға сәйкес еместігіне әкеліп соқтырады. Осыған байланысты, Бернулли теңдеуіне, сұйық қозғалысының нақты жылдамдығының орташа жылдамдыққа қатынасын білдіретін, коэффициентін енгіземіз. Бұл коэффициент Кориолис коэффициенті деп аталады. коэффициенті әрқашанда бірден үлкен. Ағымның тірі қимасы бойынша жылдамдықтар бөлінуінің біркелкілігі төмендеген сайын, Кориолис коэффициентінің шамасы да үлкен болады.
Осы айтылғандарды ескеріп, нақты сұйықтың кез келген қимасына арналған Бернулли теңдеуін келесі түрде жазуға болады:
(4.7)
Мұндағы - құбыр ұзындығы бойынша һұз және жергілікті һж кедергілер бойынша арын азаюларының қосындысы, яғни
Сұйық ағымының ұзындығы бойында кездесетін, көршілес қабаттар арасындағы сұйық бөлшектерінің өзара үйкелісу күштерінен және сол бөлшектердің қабырғаға үйкелісу күштерінен пайда болып, ағымды шектейтін кедергілер ұзындық бойынша кедергілер деп аталып, һұз әрпімен белгіленеді. Сұйық жолында кездесетін, әр түрлі тектес жергілікті бөгеттерге (вентильдер, жылжытпалар, бұрылыстар, золотниктер, дроссельдер және т.б.) байланысты кедергілер, ағым жылдамдығын шамасы жағынан да, бағыты жағынан да, бағыты жағынан да өзгеріске ұшыратады. Бұларды жергілікті кедергілер деп атап һж әрпімен белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |