Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.19.09 № 994 ҚАУЛЫСЫ
Статус документа: Действующий Дата: 25.02.2019 11:50:18
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысы
(2018.26.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкiметiнiң 2015.15.10. № 830 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.10.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 74), 151), 152), 420) және 432) тармақшалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кодекске сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 42) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 49) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 263), 264), 265), 266), 267) және 268) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
ҚР Үкіметінің 2018.10.10. № 628 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральды құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі - реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы:
бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық және энергетикалық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың энергия көздеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау.
15. Міндеттері:
1) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды қамтамасыз ету және шикі газды қоса алғанда, оларды ұтымды пайдалану;
6) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
7) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;
8) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;
9) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
10) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 688 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Функциялар:
орталық аппараттың функциялары:
1) реттелетін салалардағы стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4) қоғамдық кеңес құрады;
5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;
6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;
7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;
8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;
9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;
10) қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
12) қоғамдық кеңеске азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобаларын талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді;
13) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;
14) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;
15) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
16) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
18) реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;
19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілейді және бекітеді;
20) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
21) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
22) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
23) климаттың өзгеруі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
24) Министрліктің құзыреті шеңберінде бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
25) реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;
26) көмірсутектер саласында лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;
27) рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;
28) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
29) реттелетін саладағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
30) реттелетін саладағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
32) газ және газбен жабдықтау саласындағы, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр саласында, көмірсутектер және уран өндіру саласында, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласында, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;
37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
39) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өз құзыреті шегінде тапсырады;
40) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын мұнай өнімдерін өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
41) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автокөліктерге жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
42) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
42) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
45) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;
46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;
47) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;
48) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
49) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;
52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
53) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысаны мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;
55) көмірсутектер бойынша және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
56) құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
58) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
59) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Достарыңызбен бөлісу: |