«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 Қаулысы (2018. 26. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 369,5 Kb.
бет2/5
Дата07.02.2020
өлшемі369,5 Kb.
#28554
1   2   3   4   5

60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның құрамын әзірлейді және бекітеді;

61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;

63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

65) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісімшарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;

66) ішкі нарық қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;

67) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;



68) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

69) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

70) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;

71) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды жүргізу жөніндегі комиссияның көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарын ұйымдастырады және өткізеді;

72) басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

73) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады;

74) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



74) базалық жобалау құжаттарының және әзірлемелер талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;

75) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге және уран өндiруге келiсiмшарт жасасады;

76) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

77) көмірсутектерді барлау мен өндіруге, уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

78) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;

79) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

80) көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын жаңғырту туралы шешім қабылдайды;

81) көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруға шарт жасасады;

82) ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;

83) конкурс жеңімпазы немесе тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлға әзірлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасын келіседі;

84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;

85) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

86) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды;

87) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

88) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;

89) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;

90) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

91) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

92) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;

93) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

94) көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін жыл сайын бекітеді;

95) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;

96) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;

97) мұнай өнімдерін жеткізу жоспарларын жыл сайын бекітеді;

98) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

99) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

100) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;



101) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;

102) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;

103) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізу кестесін жер қойнауын пайдаланушылар үшін бекітеді;

104) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

105) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

106) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;

107) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;

108) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;

109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

110) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;



111) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

112) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

113) шикі газды факелде жағуға рұқсаттар береді;

ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 688 Қаулысымен 114) және 115) тармақшалар алып тасталады (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



114) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

115) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;

116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;

117) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

118) магистральдық мұнай құбыржолдарын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбыржолдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

119) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;

120) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

121) жаңа магистральдық құбыржол салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

122) магистральдық құбыржолдарды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

123) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

124) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

125) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

126) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

127) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

128) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

129) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

130) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттарды жасасады;



131) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

132) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;

133) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

134) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;

135) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің жоспарын ай сайын бекітеді;

136) магистральдық газ құбыржолдарын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;

137) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды және бекітуді жүзеге асырады;

138) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;

139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

140) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;

141) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады;

142) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;

143) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін айқындайды;

143-1) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;

143-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

143-3) электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

143-4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;

143-5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

143-6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

143-7) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

143-8) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;

144) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін бекітеді;

145) тауарлық газды өндірушілерді, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерін, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарын есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

146) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, газ желісі ұйымдарының, сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары иелерінің есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

147) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;

148) көмірсутектерді өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық теңгерілімін жүргізеді;

149) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;

150) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;

151) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



151) мұнайды және газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекітеді;

152) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



152) өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

153) мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

154) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;

155) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды белгілейді;

156) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

157) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;

158) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асырады;

159) реттелетін салаларда техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;

160) техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейіне және олармен өзара байланысты стандарттарға талдау жүргізеді;

161) реттелетін салаларда үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысады және үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасайды;

162) реттелетін салаларда стандарттау бойынша техникалық комитеттерді, сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім бойынша зертханалар мен сәйкестігін растау жөніндегі органдар жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

163) стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысына қатысады;

164) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптама кеңесін құруды жүзеге асырады;

жүктеу 369,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау