Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қоғау министрлігі
20__ жылғы «___» __________
№ _____ бұйрығымен бекітілді
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығ(37-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі - БТБА) (37- шығарылымы) «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері», «Ағаш дайындау жұмыстары», «Ағаш ағызу», «Ағаш шырынын ағызу», «Қамыс дайындау және өңдеу» бөлімдерінен тұрады.
2. Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.
3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
9. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
10.Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
11. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы көрсеткіштері» бөліміне сәйкес 2-қосымшада келтірілген .
12. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш дайындау жұмыстары» бөліміне сәйкес 3-қосымшада келтірілген .
13. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш ағызу» бөліміне сәйкес 4-қосымшада келтірілген.
14. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаштың шырынын ағызу» бөліміне сәйкес 5-қосымшада келтірілген.
15. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Қамыс даярлау және өңдеу» бөліміне сәйкес 6-қосымшада келтірілген.
1. Автоматтандырылған ағаш транспортерінің операторы
Параграф 1. Автоматтандырылған ағаш транспортерінің операторы, 4- разряд
16. Жұмыстар сипаттамасы:
домалақ ағаш материалдарының белгіленуін анықтау, сотименттер бойынша ағаш материалдарын сорттау кезінде ағаш жинақтағыштар бойынша бөлу кезінде ағаш транспортерінің автоматтандырылған сортын басқару; сортау маңының бойында ағаш материалдарын жылжытуды және берілген ағаш жинақтағыштарға әртүрлі құрылғыларды тастауда қадағалау;
жекелеген тораптардың жұмысын, автоматтандырылған ағаш транспортердің электрлік және жарық дыбыстық жүйелерін қадағалау;
автоматтандырылған ағаш транспортерін реттеу және жөндеу;
автоматтандырылған ормантранспортерін сынау жүргізуге және жөндеуге қатысу.
17. Білуге тиіс:
ағаш жұмыстары туралы негізгі мәліметтер;
ағаштың ақаулары, дайындалатын сортименттерге қойылатын талаптар, оларға мемелекеттік стандарттар мен техникалық сырттар;
жыныстары мен сорттары бойынша домалақ ағаш материалдарын сорттау тәсілдері, түйіндер мен жүйелерді құрылысы;
жұмыс істеу қағидасы, техникалық пайдалану ережесі;
автоматтандырылған ағаш транспортерінің механизмдерін реттеуге техникалық шарттар.
2. Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы
Параграф 1. Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы, 4- разряд
18. Жұмыстар сипаттамасы:
суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды басқару;
жүкшығырды, қозғалтқышты және арқан- блоктық жүйеге күтім жасау және оларды жұмы күйінде ұстау;
жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйеге профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу;
жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйені монтаждау мен жинақтауға қатысу, арқандар мен ілмектерді біріктіру.
19. Білуге тиіс:
суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды пайдалану басқару ережесі;
құрылысы, жүкшығырды жұмыс орнында ауыстыру және бекіту тәсілдері;
бағыттаушы блоктардың конструкциясы;
арқандар мен блоктардың жүк көтерімділігі;
жүкшығырдың жұмысында ақаулықтарды табу әдістері мен оларды жою ережесі;
арқандар мен ілмектерді біріктіру тәсілдері.
3. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі
Параграф 1. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі, 5-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
орман шаруашылық, ағаш даярлау құралдарының агрегаттарын, түйіндерін, электро-, гидрожабдықтарын, және қозғалтқыштарын, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптарды, орман шаруашылық және ағаш даярлау жұмыстарына арналған машиналарды (трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды) шабу машиналарын, қозғалмалы электростанцияларын, жол-құрылыс машиналарын, ағашты атыраулық топтастыру агрегаттарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын, тағы басқа да қолданылып жатқан машиналар мен жабдықтарды жөндеу, бөліктеу, сынау және оларға техникалық қызмет көрсету;
қолданылып жатқан аспаптарды, электромеханизмдер, станоктар, іріктеу құрылғыларын ткелей өндіріс орындарында, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағашты дайындағанда, ағызғанда жөндеу мен реттеу.
21. Білуге тиіс:
орман шаруашылық, ағаш дайындау, жол-құрылыс машиналары, қолданылып жатқан құралдар, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптардың құрылымы мен құрастыру ерекшеліктерін;
қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, жабдықтарды жөндеу және реттеу ережелерін;
ағаш дайындау машиналарын сынау әдістері мен тәртібін, олардың ақауларын табу мен түзету тәсілдерін;
сынау стендері мен диагностикалық жабдықтың құрылымын;
ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер мен ағымдағы жөндеуді өткізудің ережелерін.
Параграф 2. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі, 6-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
орман шаруашылық, ағаш шабу құралдарының күрделі агрегаттарын, түйіндерін(трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды), шабу машиналарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, топтастыру агрегаттарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын және басқа да ағаш дайындау жабдықтарын тікелей өндіріс орындарында, шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағаш дайындағанда, ағаш ағызғанда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, бөлшектеу, құрастыру, реттеу, сынау;
ағаш дайындау машиналарын, жабдықтарды, тракторлар және топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, ұзақ сақтауға қою;
ағаш дайындау машиналарын және жабдықтарын полигондарда жөндеу, құрастыру, қалпына келтіру, реттеу, кешенді сынақтар өткізу, техникалық талаптар бойынша қолдануға тапсыру;
қолданылып жатқан машиналар агрегаттары мен түйіндерінің электржабдықтарының ақауларын анықтау, жөндеу және реттеу;
қабылдау-тапсыру құжатнамасын рәсімдеу.
23. Білуге тиіс:
ағаш дайындау машиналары, технологиялық, диагностикалық жабдықтардың құрылымы, құрастыру ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік сызбаларын;
ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарының техникалық күйін бағалау әдістерін, ескірген тетіктерін қайта қалпына келтіру және беріктендіру тәсілдерін;
ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына диагностика өткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеудің әдістерін, оларды ұзақ мерзімге сақтауға қою.
4. Ағаш дайындайтын машинаның машинисті
Параграф 1. Ағаш дайындайтын машинаның машинисті, 7- разряд
24. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаш бөліктеріндегі ағаштарды үю, таңдау және трельдеу; бұтақтардан тазалау және солқылдақ шыбықтарды қырқып кесу; ағаш бөліктерінде, тиеу пункттерінде, жоғарғы және аралық қоймаларда түбірлер мен осмолды таңдау, тамырымен жұлу бойынша жұмыстарды орындау кезінде әр түрлі жүйелердің ағаш дайындайтын машиналарын басқару;
ағаш дайындайтын машиналардың жабдығы мен механизмдерін реттеу, олардың олқылықтарын анықтау және жою;
ағаш дайындайтын машиналарға, тіркеме және аспалы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.
25. Білуге тиіс:
ағаш дайындайтын машиналардың, тіркеме және аспалы құрылғылардың құрылымы;
ағаш дайындайтын машинаның қозғалтқышының жұмыс істеу қағидасы және оны реттеу ережесі;
ағаш дайындайтын машинаның электро-, пневмо- және гидрожабдығының құрылысы;
ағаш кесулерде жүктерді тасу және қозғалыс ережесі;
жанатын- майлайтын материалдардың сорттары мен отынның негізгі түрлері;
ағаш дайындайтын машиналардың механизмдері мен жабдықтарының ақаулықтарын табу және жою әдістері;
технологиялық жоңқаға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар.
26. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
Параграф 2. Ағаш дайындайтын машинаның машинисті, 8-разряд
27. Жұмыстар сипаттамасы:
операциялар кешенін орындау кезінде, электрондық жүйемен жабдықталған түрлі жүйедегі ағаш дайындайтын машиналарды басқару: ағаштарды құлату, кесу, қармау, бұтақтарын кесу, іске жарамды сортименттерінің максималды түрде шығуын есепке ала отырып, солқылдақ шыбықтарды сұрыптар мен сортименттерге белгілеп, кесу;
ағаш кесу жұмыстарын орындау кезінде автоматтық өртке қарсы жүйе мен өлшеу компьютері үшін кубатуралы бағдарламаны қолдану;
ағаш дайындайтын машинаның басқару жүйесі мен механизмдерін реттеу;
ағаш дайындайтын машинаның жабдықтары мен механизмдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою;
ағаш дайындайтын машинаның басқару жүйесі, механизмдері мен тораптардың техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің барлық түрлеріне қатысу;
ағаш дайындайтын машиналар жабдықтары мен механизмдеріне жанар-жағар май материалдарын құю.
28. Білуге тиіс:
жабдықтардың механизмдері, торап құрылысы және ағаш дайындайтын машинаны басқарудың жүйелері;
ағаш өңдейтін машина қозғалтқышының жұмыс істеу қағидасы және оны реттеу ережелері;
электроника мен электротехниканың негіздері, ағаш дайындайтын машинаның қысым-, гидро және электр жабдығы, ағаш дайындайтын машинаның механизмдер мен тораптарын және басқару жүйесін реттеуге қойылатын техникалық шарттар;
ағаш кесу жұмыстарды орындаудың оңтайлы әдістері;
дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар;
техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар;
солқылдақ шыбықтарды сортименттерге оңтайлы бөлудің тәсілдері;
ағаш кесетін жердегі қозғалыс және жол жүру ережелері;
жанар-жағар май материалдарының сұрыптары және отынның негізгі түрлері.
29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
5. Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
Параграф 1. Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
30. Жұмыс сипаттамасы:
күшіне енген мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сай дөңгелек, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарының, солқылдақ шыбықтар, осмол, ағаштар, живицалар, баррас, қара май, технологиялық жоңқа, ағаш қалдықтары, көмір, қабық, мочал, ағаш көгін, кіші ағашхимиясы өнімдерінің пайдалану мақсатын, сапасын, түрлерін, өлшемдерін, санын, көлемін анықтау және оларды белгілеу;
ағаштар мен шыбықтардың орташа көлемін анықтау;
ағаш материалдары мен басқа өнімдерді қабылдау мен тапсыру тіркеу құжатнамасын жүргізу.
31. Білуге тиіс:
бағалау негіздері мен ағаш тауартану негіздерін;
ағаш ақаулары мен тұқымын;
ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу өнімдеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;
ағаш материалдарын және басқа өнімдерді тасымалдаудың негізгі шарттарын;
шетелге шығарылатын және арнайы тапсырыс ағаш материалдарына қойылатын талаптарды;
ағаш өнімдері;
ағаштар пен шыбықтардың көлемін анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптары мен кестелерді қолдану ережелерін.
Көмір, қабық, мочал, ағаш көгі, кіші ағашхимиясы өнімдерін қабылдау және тапсыруды орындағанда -3-разряд;
Ағаштар, шыбықтар, технологиялық жоңқа, осмол, живица, баррас, қара май, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарын, ағаш қалдықтарын, дөңгелек ағаш өнімдерін қабылдау және тапсыруда; ағаш материалдарын көлікке салғанда, ағаш ағызуда іріктегенде, ағашты судан шығарғанда қабылдау және тапсыруда - 4-разряд;
Шыбық (қырқып кесу) өнімдерін қабылдағанда және тапсырғанда 5-разряд.
6. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
Параграф 1. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші
жұмысшы, 1-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
сыпырғыш пен сыпыртқыларды жасау, мүк даялау;
маттарды өру;
шабу, сал байлайтын орынды қабықтардан, қиындылардан, қоқыстан, қардан тазарту;
қатарларды қардан тазалау;
дөңгелек ағаштарды, томарларды осмолға шапқанда, шпал аралағанда және басқа жұмыстардан қалған қалдықтардан тазарту;
қалдықтарды арнайы орынға жинау, үйіп, өртеу;
аммонитті мөлшерлеп орау үшін крафт қағазынан немесе қағаз қаптардан пакет жасау, аммонитті пакеттерге бөліп салу;
ағаш ағызуда әр түрлі күрделі емес, қосымша, дайындық жұмыстарына қатысу;
разряды жоғарырақ ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшының қадағалауымен басқа да ағаш дайындау, ағаш ағызу жұмыстарын жүргізу.
33. Білуге тиіс:
сыпыртқы, сыпырғыш жасаудың, мүк даярлаудың, ағаш ағызуда қосымша жұмыстарды атқарудың тәсілдерін;
ағаш дайындау мен ағаш ағызу жұмыстарынан қалатын қалдықтарды тазартудың;
қатарларды қардан тазартудың ережелерін, аммонитті салуға арналған пакеттерді жасауға техникалық шарттарды;
талдарды шабудың ережелерін;
қолданылып жатқан құралдарды пайдалану ережелерін.
Параграф 2. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы, 2-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:
сақтықпен қаралатын заттарды(сұйықтық, отқауіпті және улы заттар тағы басқа), күлдей материалдарды(үгілетін цемент, ұсақталған әк, гипс, улыхимикаттар тағы басқа) арту, түсіру, салу, оларды арбада тасымалдау, шаналар мен жеткізіп салатын құрылғыларда тасымалдау;
каррожабдықтар мен ағаш қазықшаларды жасау мен жөндеу;
ағызуға арналған орман аумағына каррожабдықты тасымалдау, жұмыс аяқталғаннан соң оны әкету және сақтау орындарына жеткізу;
сумайжылыту құрылғысына жанармай құю, су мен майды жылыту, қолданылып жатқан машиналарға маусымның суық кезеңінде жанармай құю, ағаш шабуда сумайжылыту жабдығын күту.
35. Білуге тиіс:
ерекше сақтықты қажет ететін жүктерді және күлдей материалдарды тиеу, салу, шығару, тасу тәсілдерін;
жүкті қабылдағанда ілеспе құжаттарды рәсімдеу тәртібін;
жүктерді іріктеу тәртібін;
каррожабдығын жасау мен жөндеудің техникалық шарттарын.
7. Ағаш жарушы
Параграф 1. Ағаш жарушы, 2-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш жару орындарынан басқа өндіріс орындарында отынды қолмен балтамен, сынамен шабу;
қол араларымен ағашты аралау;
отынды тасу, іріктеу, салу;
балта мен қол араларын қайрау және жану.
37. Білуге тиіс:
отынды қолмен жару мен аралаудың амалдарын; ағаш түрлерін;
отын көлемін, оны салудың тәртібін;
балта мен қол араларын қайрау мен жанудың амалдарын.
Параграф 2. Ағаш жарушы, 3-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:
механикалық колундардың барлық түрінде отынды, осмол, балансты жару, механикалық және электр жетектегі аралармен отынды аралау;
механикалық колун мен механикалық және электр жетектегі араларды қосу, тоқтату, реттеу, ағымдағы жөндеуден өткізу;
ағаш өнімдерін тасымалдау, іріктеу, салу.
39. Білуге тиіс:
отын механизациялы жарудың тәсілдерін;
ағашты механизациялы шабудың тәсілдерін;
механикалық немесе электр жетекті механикалық колундар мен аралардың құрылымы мен қолдану ережелерін;
олардың механизмдерін майлау тәсілдерін;
ағаш өнімдеріне мемлекеттік стандарттар.
8. Ағаш жұмыстарын жарушы
Параграф 1. Ағаш жұмыстарын жарушы, 4- разряд
40. Жұмыстар сипаттамасы:
жаруды оттық және элктрлік тәсілдерімен түбірлі осмолды дайындау;
жарылғыш материалдарды шығыс қоймасынан алу және жұмыс орындарына жеткізу;
түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде қажетті әскери патрондарды даярлау және өңдірулерді дайындау;
шпурлардың мөлшерін және орналасуын, олардың тереңдіктерін және бағытын тексеру;
зарядтардың қажетті мөлшерін және жарылғыш заттардың қолдануға, түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде шпурларды зарядтауға жарамдылығын анықтау;
қауіпсіз аймақ шекараларын және посттарды қою жерлерін анықтау;
жарылу желісін анықтау және оның ақаусыздығы мен кедергісі тексеру;
сигналдарды беру;
забойды қарау және жарылмаған зарядтарды жою;
ірі түбірлерді сыртқы зарядтармен ұсату;
жарылғыш материалдардың шығынын есептеу және қалдықтарын қоймаға тапсыру.
41. Білуге тиіс:
жарғыш машиналардың және электр өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
шпурларды зарядтау және жару тәртібі;
жарыыс жұмыстарының қауіпсіздік ережесі және жасау тәсілдері;
жарылғыш заттар мен жару құралдарының қасиеттері;
жарылғыш заттарды шығындау нормалары және байқау тәсілдері;
жаратын жұмыстарды жүргізудің негізгі әдістері;
электржару кезінде қосу схемалары;
жарылғыш материалдардың сақтау;
есептеу және тасу ережелері;
болмаған зарядтарды жою ережелері және тәсілдері;
жаратын жұмыстарды дайындау және жүргізу реттілігі;
жарылғыш материалдарды алу және тасу ережелері;
геологиялық және техникалық жағдайларға байланысты шпурларды бұрғылау тәсілдері және орналастырулары.
Параграф 2. Ағаш жұмыстарын жарушы, 5- разряд
42. Жұмыстар сипаттамасы:
таулы жағдайларда жарудың оттық және электрлік тәсілдермен электр жеткізу желілерінің және гидротехникалық құрылыстардың жақын маңында, тоғайларда және ойлы-қырлы жерлерде, жолдардың құрылысы жанында және соқпақтардың таулыларды шарттарда жолдар салу кезінде түбірлі осмолд дайындау;
ағашты құлату, мұздан қатқан ағашты алу, ағаштың шырынын ағызумен тежеулерін жою;
«Контурлық» жару әдісімен жару жұмыстарын орындау;
жарылыстардың саны мен мөлшерін тіркеу бойынша қондырғыларға қызмет көрсету;
сейсмикалық қауіпті аймақты анықтау;
жарылыс жұмыстарын техникалық басқару құқықтары болған кезде жару жұмыстарын басқару.
43. Білуге тиіс:
электр жеткізу желілерінің және гидротехникалық құрылыстардың жақын маңында;
тоғайларда және таулы жағдайларда жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережесі мен ерекшеліктері;
апатты жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстарды орындау кезінде ағаштың шырынын ағызумен тежеулерді болдырмау;
жарылыс жұмыстары үшін зарядтардың массасын есептеу әдістері.
9. Ағаш көмір күйдіруші
Параграф 1. Ағаш көмір күйдіруші, 2- разряд
44. Жұмыстар сипаттамасы:
үймелерде көмірді күйдіру;
қақпақтар және тосқауылдарды дайынжау;
үймеге ағаш тасу;
ағаш салу, алауды тұтату;
қақпаны бөлшектеумен түзетумен үймені толтыру;
отты сөндіру;
үймені бұзу;
көмірдің ірі кесектерін стандартты мөлшерлі кесектерге ұсату;
сусымалы көміржі, қалдықтарды, қоқымды, қабықты жинау;
тарсылда көмір қоқысын себу;
көмір күйдіру пештерінде күйікті қаққылау;
пештің түбігн тазалау;
бірнеше сөндіргіштерден көмірмен технологиялық вагондарды арнайы алаңға аудару.
45. Білуге тиіс:
көмірді салу ережесіжәне күйдіру процесі;
тарсылдың әрекет ету қағидасы;
жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылар және оларды пайдалану ережесі;
ағаш көмірге техникалық шарттар.
Параграф 2. Ағаш көмір күйдіруші, 3- разряд
46. Жұмыстар сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті ағаш көмір күйдірушісінің басшылығымен көмір күйдіру пештерінде ағаш көмір күйдіру;
пешті жағу және өшіру;
көмір күйдіру пештерінде ағаш көмір алғаннан кейін оны сөндіру;
пештің оттықтарын көсеу;
ағаш көмірді қолмен фракцияларға сорттау;
көмір күйдіру пештеріне қызмет көрсету;
қызмет көрсететін пештерді, қолданылатын құрал мен аспаптарды ақаусыз күйде ұстау;
көмірді орау және тасу;
көміртегінің, күлділіктің, көмірдің дымқылдығын бақылау.
47. Білуге тиіс:
көмір күйдіру пештерінің жұмыс істеу қағидасы және оларды пайдалану ережесі;
пеште көмір күйдіру процесі;
сөндіргіштер мен басқа қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы;
ыстық көмірді сөндіру және сөндіргіштерді герметизациялау тәсілдері;
көмірге қойылатын талаптар.
Параграф 3. Ағаш көмір күйдіруші, 4- разряд
48. Жұмыстар сипаттамасы:
шикізат қабылдау;
көмір күйдіру пештерінде ағаш пен ағаш тамырларынан көмір, сондай-ақ қандыағаш, тал және қайын тектес бұтадан шикі – көмір күйдіру процесін жүргізу және дайындау;
ағаш көмірді, шикі- көмірді сорттайтын агрегатта фракцияларға сорттау;
сапасын бақылауға арналған сынамаларды сұрыптау; нәтижелері бойынша және көзбен қараумен көміртегінің, күлділіктің, көмірдің дымқылдығын бақылау;
көмір күйдіру пештерінің жұмыс режимін реттеу, олардың ақаусыздығын қадағалау және ағымдағы жөндеу жүргізу;
ағаш көмірді орау, маркалау және тасу.
49. Білуге тиіс:
көмір күйдіру пештерінің және сорттайтын агрегаттың құрылысы;
пешті көмір күйдіру процесі;
ағаш көмірдің физикалық –химиялық қасиеттері және оның сапасына қойылатын талаптар;
сынамалар алу әдістері;
ағаш көмірді маркалау ережесі.
10. Ағаш материалдарын үюші-аударушы
Параграф 1. Ағаш материалдарын үюші-аударушы, 2-разряд
50. Жұмыстар сипаттамасы:
тақтай, бөрене, шпал, шпал кесінді, қабық, қылқан жапырақтары және басқа ағаш материалдарын арбаға немесе тасымалдағышқа тиеу;
тасымалдағышпен ағаш материалдарының біркелкі орналасып, түсуін реттеу;
үйінді мен кептелісті болдырмау;
тасымалдағыштар бөтен заттарды алып тастау;
ағаштар мен қыртыс тақтайды өңдеу және қалайтын жерлерге ауыстыру;
кесілгеннен кейін шайырды жартылай қатты арқанға байлап текшеленген отынға немесе ағаш кесетін жердегі контейнерлерге немесе ішкі қоймаларға қалау;
үйіндіге түсіргеннен кейін шайырды қат-қаттап қалау;
ағаш өңдейтін станоктардан ағашты орнынан алмастыру, ағаш тасымалдағыштардан, арбалардан аудару, ағашты қалау;
ағаш тасымалдауышты қарау және тазалау.
51. Білуге тиіс:
ағашты өңдеу және бөлу кезінде қолданатын тасымалдау құралдарының құрылысы;
ағаш сортименттері және оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар;
ағаш материалдарын қоймаға қаттау ережелері;
томарлар мен шайырларды үйінді мен текшеленген отынға қалау ережелері.
Параграф 2. Ағаш материалдарын үюші-аударушы, 3-разряд
52. Жұмыстар сипаттамасы:
жүктеу пункттері мен қоймаларында ағаштың кезеңдік және операция аралық запастарын құру, шығыр немесе трактордың көмегімен тарқату-тіркемемен ағаш таситын автокөліктер мен тар табанды темір жолдардың тіркеуіне 10 кубтық метр ( бұдан әрі – м3) көлемді ірі пакеттегі ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды тиеу кезінде бағаналарды бекіту, арқандау, буманы жасау, қанаттарды бұзып тасу;
тақтай, бөрене, шпал, шпал кесінді, қабық, қылқан жапырақтары және басқа ағаш материалдарын арбаға немесе тасымалдағышқа тиеу;
тасымалдағышпен ағаш материалдарының біркелкі орналасып, түсуін реттеу;
үйінді мен кептелісті болдырмау;
тасымалдағыштар бөтен заттарды алып тастау;
жылжымалы құрамда жүкті қалау және байлау;
жүкті тиеу орнына ауыстыру;
төсемдерді, бағаналарды дайындау оларды орнату;
ағаш тасу жолдарының жылжымалы құрамынан ағаш, шайыр, томар, ағаш химиялық өнім, ағаш дайындамаларының қалдықтары және басқа ағаш материалдарын механизмделген түрде түсіру кезінде чокерлер, арқаннан ағыту және жүкті текшеленген отынға қатарлап қалау;
шайырдың кесектерін стандартты және стандартты емеске сұрыптау, оны топырақтан, көгергеннен, күйгеннен, тастардан тазалап, стандартты кесектерді текшеленген отынға қалау;
қатарланған отынды дөңгелетіп кеңейту және дөңгеленген ағашты ағаш тасымалдағышқа, шпал кесетін станоктарға, пилорамаларға даналап беру;
ағашты оны қыздыру орнына ауыстыру (ашық секциялы дәнекерлеу бассейні);
таратушы ағаш тасымалдағыштарға ағашты қолмен лақтыру;
өлшемдері мен сұрыптары бойынша сұрыптап, ағаш шикізатын секционды бассейнге беру;
шпалдар мен кесілген ағаш дайындамаларын түрлер мен сұрыптары бойынша қалау;
ағаш өңдейтін станоктардан ағашты орнынан алмастыру, ағаш тасымалдағыштардан, арбалардан аудару, ағашты қалау.
53. Білуге тиіс:
жүкті қат-қабат қып үйіп жаю, тиеу және түсіру ережелері;
ағашты өндіріске беру ережелері, ағашты тиеу және түсіру әдістері, ағаш материалдарын таңбалау және маркалау ережелері;
ағаштың сортименттері және оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар, қатарлап үю, түсіру, тиеу және ағаш шикізатын беру кезінде қолданатын құрылғылар мен аспаптардың құрылысы мен міндеттері.
Параграф 3. Ағаш материалдарын үюші-аударушы, 4-разряд
54. Жұмыстар сипаттамасы:
жүктеу пункттері мен қоймаларында ағаштың кезеңдік және операция аралық запастарын құру, шығыр немесе трактордың көмегімен тарқату-тіркемемен ағаш таситын автокөліктер мен тар табанды темір жолдардың тіркеуіне 10 м3. көлемді ірі пакеттегі ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды тиеу кезінде бағаналарды бекіту, арқандау, буманы жасау, қанаттарды бұзып тасу;
тіреулерді бекіту;
ағашты түсіру кезінде арқандарды ағыту;
үйілген солқылдақ шыбықтар мен ағаштардың бұтақтары мен ұшар бастарын қию;
жүк арту қондырғыларын бөлшектеу және жинақтауға қатысу;
жылжымалы құрамға өрім тал пакетін қалауға қатысу;
қатарланған ағаштың қалыптастыру және жайып салу бойынша жұмыстарды орындау,
қатарлап үйілген отынды жайып салу кезінде шығырдың көмегімен шоқты қаю.
55. Білуге тиіс:
ірі габаритті ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды үюдің әдістері мен ережелері;
қанаттар мен блоктардың жүк көтеруі, қанаттарды қиысып келтірудің және кесудің әлістері;
діңгектерді керіп бекітудің әдістері, ілмелердің құрылысы;
блоктар мен қанаттарды бекітудің әдістері;
қатарлап үйілген ағаштарды жаю;
қалау және құру әдістері.
11. Ағаш тасушы
Параграф 1. Ағаш тасушы, 3-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш, орманхимия өнімдерін, томарлар мен каррожабдықтарды және тағы басқа орманнан атты шаналар, арбалармен тиеу және соңғы аялдамаларға тасу;
оларды тиеу, буу, түсіру, қатарлау немесе үю;
арбалар, шаналарды, әбзелдерді жөндеу;
аттарды күту.
57. Білуге тиіс:
атқа, шана, арбаға түсетін жүктемені, жүктерді салу, байлау, түсірудің тәсілдерін;
қоймалардағы қатарлардың орналасу сызбасы мен оларға ағаш материалдарын салу ережелерін;
аттарды күту ережелерін;
аттарды тамақтандырудың нормалары мен уақытын;
мал дәрігерлігінің негіздерін.
Достарыңызбен бөлісу: |