2-бөлім. Ағаштың шырынын ағызу
12. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы
Параграф 1. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы, 3- разряд
58. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаш химиялық қондырғының анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу;
барлық аппараттарда шикізатты алу және түсіру;
сургуч өндірісі кезінде борды ұсақтау және кептіру;
хлорофил-каротиндік паста өндірісінде кылқанды кішкентай табанды ұсақту;
тоңазытқыштардың ваннасына су беру;
аппараттарды тазалау және оларды өндірістік циклге дайындау.
59. Білуге тиіс:
ағаш химиялық қондырғыда технологиялық процесс жүргізу сызбасы және жұмыстарды орындау технологиясы;
температура режимі, алынатын өнімнің негізгі қасиеттері.
Параграф 2. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы, 4-разряд
60. Жұмыстар сипаттамасы:
осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу;
қылтабанды экстракциялау;
канифолды лакты қайнату және басқа ағаш химиялық өнімдерді өндіру;
қызмет көрсететін аппаратураны, пештерді, оттықтарды ағаш химиялық қондырғының түтінағарларын ақаусыз күйде ұстау;
алынған ағаш химиялық өнімді есепке алу.
61. Білуге тиіс:
өндірістерде қолданылатын аппаратураның құрылысы:
смолоскипидарлық спирт - ұнтақ хлорофилл – каротин пастасы, самырсын майы;
берест қара майының және ағаш химиясының басқа өнімдері (екіншілерден басқа);
бұл өндірістердің технологиялық процесінің сызбасы;
қызмет көрсетілетін аппаратураның технологиялық көрсеткіштері және қысыммен аппаратурамен жұмыс істеу ережесі;
алынатын ағаш химиялық өнімнің қасиеттері,
13. Ағаш кесуші
Параграф 1. Ағаш кесуші, 2-разряд
62. Жұмыстар сипаттамасы:
бұталарды шабу және орман алдындағы талдар арасында қарды тазалау;
орманды қыстақ даярлаудан кейін қалған шыбын қалдықтарынан орманды тазарту;
дуалдарды үйме етіп жинау, щабын қалдықтарын жағу;
ормандағы осмолды жерден тазартып жинау;
осмолдарды үйме етіп жинау;
түбірлерді тамырларын жұлғаннан кейін домбықтау;
құрайларды жинау және орманның жүргізу жолына қалау;
түбірлік осмолды даярлау барысында түбір асты шұңқырларды себу және теңестіру;
жарылыстық жұмыстар жүргізі барысында қауіпті аймақты күзету.
63. Білуге тиіс:
бұталарды шабу, талдар маңайындағы қарды тазалау ережесі;
жарылыс жұмыстарын жүргізу ережесі.
Параграф 2. Ағаш кесуші, 3-разряд
64. Жұмыстар сипаттамасы:
ағызу деректемелерін даярлау - вицтер, ромжин, багровищелер, кокор және накуроктар, құрсауға арналған кольелер;
жоғары және төменгі қоймаларда, орманда ағаш жару;
ұзындықты домбықтау, енді, жарылған сортименттердің ағаштарды және басқа да дайындамаларды қалау;
дұрыс қалыптағы ағаш кесуші құралдың құрылымы, оны қайрау және түзеу.
65. Білуге тиіс:
ағызушы деректемелерді даярлау тәсілдері;
ағаштарды жару мен қалау, текшеленген отынға жарылған сортименттерді қалау, ұзындықты домбықтау;
ағаш кесуші құралды жөндеу мен қайрау ережелері.
Параграф 3. Ағаш кесуші, 4-разряд
66. Жұмыстар сипаттамасы:
түбірлерді жерімен қоса аралау, моторсыз аралар көмегімен бұта және қурайдй даярлау;
араланатын ағаштардың жанында жұмыс орынын даярлау;
сәйкесінше еңбекті қорғау ережелерімен қарастырылған жағдайларда орманды дуалдаушыға дуалдау барысында көмек көрсету.
67. Білуге тиіс:
ағаштарды дуалдау барысында жұмыс орнын даярлау, қурайды даярлау ережелері;
моторсыз араның құрылымы;
оны пайдалану және аралық шынжырларды қайрау ережелері.
3-бөлім. Ағаш дайындау жұмыстары
14. Ағаш шабушы
Параграф 1. Ағаш шабушы, 6-разряд
68. Жұмыс сипаттамасы:
ағаштар, шөпшекті және басқа ұсақ ағаштар мен талдарды бекітілген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес әр түрлі бензомоторлы аралармен аралау;
ағаш тасымалдауға жолдар, ағаш тиеу алаңдарын, ағаш шаруашылығының қоймаларын дайындағанда ағаштар мен томарларды шабу;
ағаш шабу алаңдарында редукторсыз бензомоторлы аралармен ағаштарды құлату, бұтақтарды кесіп тастау, талдарды белгілеу, сортименттерді шабықтау жұмыстарын жүргізу;
әр түрлі бензомоторлы араларды, құлату гидравликалық клин мен басқа қосалқы аспаптарды жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, ара шынжырларын ауыстыру, тазалау, майлау және жанармай құю;
ағаштарды құлатқанда – аралайтын ағаш маңын даярлау.
69. Білуге тиіс:
әр түрлі бензомоторлы аралар мен құлату гидравликалық клиндерінің құрылымы мен қолданылуын;
ағашты шабу орындарын ұйымдастырудың ережелері мен сызбаларын;
шабуға ағаш таңдау ережелерін;
дайындайтын сортименттерге техникалық талаптар;
талдарды сортименттерге дұрыс бөлу тәсілдерін;
ағаш құлату;
бұтақтарды кесіп тастау;
бұталарды белгілеу;
сортименттерді шабықтау жұмыстарын жүргізудің дұрыс амалдарын;
ағаш материалдарына мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
ара шынжырларын және басқа кесу аспаптарын қайрау ережелерін;
ағаш шабуда жұмыс орнын даярлаудың ережелерін.
15. Ағашты қатарға жинаушы
Параграф 1. Ағашты қатарға жинаушы, 3-разряд
70. Жұмыстар сипаттамасы:
бөренелерді солқылдақ шыбықтарды қырұқып кесу жерінен алыс әкету, оларды вагонеткаға, шынжырға, ағаш транспортерінің лентасына, элеваторға дөңгелету;
бөренелерді қатарларға апарып тастау, оларды сорттары мен мөлшерлері бойынша сорттау, бөренелерді вагонеткадан, ағаш транспортерінен аудару, дөңгелету және қатарға салу;
қатар мен ағаш жинақтағыштағы бөренелердің (сортименттердің) шеттерін тегістеу.
71. Білуге тиіс:
домалақ ағаштың сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар;
сортименттерді білдіретін шартты белгілер (маркалар).
Параграф 2. Ағашты қатарға жинаушы, 4-разряд
72. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты қалыптастыру және қатарға жазу бойынша жұмыстарды орындау;
қатардың аратөсемдерін келтіру және ұшын орнату;
жүкшығырдың көмегімен жазу кезінде будаларды арқанмен байлау;
түбір мен осмолды бурттар мен текшеленген отынға жинау;
домалатулардың құрылысы.
73. Білуге тиіс:
қатарларды қалыптастыру, салу және жазу ережесі:
қатардың тұрақтылық шарттары;
түбір мен осмолды бурттар мен текшеленген отынға жинау ережесі.
16. Ағашты қатарлау және тиеудегі жүкшығыршы
жұмысшы
Параграф 1. Ағашты қатарлау және тиеудегі жүкшығыршы
жұмысшы, 4-разряд
74. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаштарды судан шығары, суға ағызу және тиеу – түсіру жұмыстары барысында, транспортер мен гидравликалық қайыққа будаларды сүйреп алып келу және қатарлау барысында шығырды жүргізу;
шығырға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы эөндеу жұмыстарын жүргізу;
жүк асып қоятын арқандар мен арқандарды дәнекерлеу;
қызмет көрсетіліп отырылған жабдықтың бөлшектенуі мен құрастырылуына қатысу.
75. Білуге тиіс:
тиеу, түсіру, қатарлау, ағашты судан шығару мен суға домалату барысындағы шығырды жүргізу мен оның құрылымы;
шығырды жұмыс орнында бекіту мен орналастырудың тәсілдері;
арқандардың конструкциясы мен жүк көтергіштігі және шығырдың бағыттаушы блоктары;
қызмет көрсетуші жабдықтың ақаулықтарын анықтау әдістері және оларды жою;
арқандар мен жүк асып қоятын арқандарды дәнекерлеу әдістері.
4-бөлім. Ағаш ағызу
17. Ағашты судан алушы
Параграф 1. Ағашты судан алушы, 3- разряд
76. Жұмыстар сипаттамасы:
механикаландырылған түсіру кезінде ағашты судан дайындау, будаларды, бөренелер мен солқылдақ шыбықтарды түсіруге дайындау;
будалар мен борткомплектілерді алу;
ағашты қатарға жинау және көлденең және бойлай ағаш транспортеріне беру;
ағашты ағаш транспортерінен бассейндерге қою немесе қатарға жинау;
қысқасын түсіру, оны текшеленген отынға салу;
от жағатын қағазды өзеннің түбінен көтеру, оны плашкоутқа немесе жағалауға қатарлап қолмен және механизмдерді пайдаланумен салу;
мұзды қардан тазалау, қатарға аратөсемді салумен ағашты мұзға салу және қатар қалыптастыру;
аратөсемдерді шабу және қатардың бастиегін салу.
77. Білуге тиіс:
түсіре механизмдерінің, аспаптардың, қолданылатын аспаптың құрылысы;
судан ағаш түсіру кезінде және от жағатын қағазды көтеру кезінде жұмыс тәсілдері;
ағашты қатарға жинау ережесі, ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар.
18. Ағашты тасымалындағы жүкшығыршы жұмысшы
Параграф 1. Ағашты тасымалындағы жүкшығыршы жұмысшы, 5-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырларды ағаш, шыбықтарды тасымалдағанда, таудан түсіргенде басқару, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеуден өткізу, құрастыру, бөлшектеу, сынақтан өткізу;
тасымалдау шығыршығының жетек механизмдерін реттеу, іске қосу, тоқтату, ақауларын анықтау және түзету;
шығыршықтарға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуден өткізу;
шығыршықтарды құрастыру мен бөлшектеу, оларды сынау;
жасалған жұмысты тіркеу журналын жүргізу.
79. Білуге тиіс:
электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырлардың пайдалану мақсатын;
құрылымын, жұмыс істеу принципін;
қозғалу мен бекіту ережелерін;
ақауларын жою тәсілдерін;
құрастыру мен бөлшектеу ережелерін;
ағаш шабу орындарын әзірлеу сызбасын.
Параграф 2. Ағашты тасымалындағы жүкшығыршы жұмысшы, 6-разряд
80. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаш бөліктерінен жоғарғы қоймаларға, ағаштарды, солқылдақ шыбықтарды, сортименттерді тиеу пункттеріне тасу (таудан түсіру) кезінде электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырларды ағаш, шыбықтарды тасымалдағанда, таудан түсіргенде басқару, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеуден өткізу, құрастыру, бөлшектеу, сынақтан өткізу және оларды ағаш тасымалындағы құралдарға тиеу (тар рельсті темір жолдардағы тізбектер, тімркемелерімен автомобильдер, шаналар және тағы басқа);
агрегатты жүкшығырлардың жетек механизмдерін реттеу, қосу және тоқтату;
шығыршықтарға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуден өткізу;
шығыршықтарды құрастыру мен бөлшектеу, оларды сынау;
жасалған жұмысты тіркеу журналын жүргізу.
81. Білуге тиіс:
электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырлардың пайдалану мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принципін, қозғалу мен бекіту ережелерін, ақауларын жою тәсілдерін, құрастыру мен бөлшектеу ережелерін;
ағаш шабу орындарын әзірлеу сызбасын.
19. Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы
Параграф 1. Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы, 5-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
қозғалтқыш қуаты 73,5 киловатт ( бұдан әрі – кВт) (100 ат күшіне) дейін тракторларды, тарту жабдықтарын және әр түрлі жүйенің топтау агрегаттарын басқару: ағаш шабуды дайындағанда, ағаш жару, ағаш тиеу пунктарда, жоғарғы, орталық құралдарда жүктің барлық түрін(соның ішінде, арнайы және басқа үлкен емес жүктерді) тасымалдағанда, ағаш жару орындарынан ағашты шығарғанда; ағашты тиегенде және қатарлағанда; ағаш жару орындарын шабылған қалдықтардан, бұтақтар мен ағаш бастарынан тазартқанда; ағаш тасу жолдарын, ағаш тиеу орындарын тазартқанда; ағашты атыраулық топтауда және ағашты суға салғанда;
қозғалтқыш қуаты әр түрлі, қалдықтарды артудың механизацияланған құралдарымен жабдықталмаған, әр түрлі жүйе тракторлары негізіндегі қозғалмалы шабу және тасымалдау машиналарын басқару;
қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтарды реттеу, ақауларын анықтау және жою;
тракторларды, тарту жабдықтарын, шабу машиналарын, топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету;
тракторлар, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттары, олардың тіркеме және аспалы құралдарын жөндеу.
83. Білуге тиіс:
трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының, олардың тіркеме және ілме жабдықтарының құрылымы мен құрылысын;
трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының қозғалтқыш, электро-, пневмо- және гидрожабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі, реттеудің ережелерін;
ағашты шабудың ең дұрыс тәсілдерін, томарларды тамырымен жұлуды;
ағаш шабуда жүктердің қозғалуы мен тасу ережелерін;
отынның негізгі түрлері мен майлау материалдарының сорттарын;
қолданылып жатқан ағаш дайындау машиналары, механизмдер;
жабдықтардың ақауларын табу және жөндеу әдістерін;
дабыл қағу жүйесін;
шабу машиналарында пышақтарды орналастыру ережелерін;
технологиялық жоңқаға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды.
Ағаш дайындағанда, осмол даярлау үшін томарларды жұлғанда қозғалтқыш күші 73,5 кВт (100 ат күшіне) асатын тракторды басқарғанда, ағаш, томарды бұталағанда, ағаш дайындау орнынан қоқыстарды шығарғанда кез келген қозғалтқыш күшті тракторды басқарғанда; кез келген қозғалтқыш күшті тракторлар негізінде құрылған, қалдықтарды салу механизациясы жабдықтары орнатылған қозғалмалы шабу машиналарын басқарғанда, шыбық пен ағаштарды бұталауға қатысқанда -6-разряд.
20. Ағызушы
Параграф 1. Ағызушы, 3-ші разряд
84. Жұмыстар сипаттамасы:
жаға еңістері мен тайыз жерлерден ағаштарды ығыстырып тастау, өзен бойынша ағаштардың жүзіп кетуін қамтамасыздандыру; бөгеттер және кедергілер арқылы ағаштардың өтуі; өзендерді суару және ағаштардың жүзуі кезеңінде суару құралдарын қамтамасыздандыру бойынша жұмыстарды орындау; ағашты ағызу кезеңінде бондардың қызмет көрсетуі; салдың дұрыстығын қадағалау; ағаштарды және такелаждарды сақтау, ағызатын орындарды жөндеу және салдың қозғалу уақытында ақаулықтарды және сынықтарды жою, жолда салдарды басқару, тұрақтандыру үшін салдарды жағаға тарту, кошельдарды толтыру және тарту; жылжытқыштардағы бөгеттердің құрылғысы және қондырғысы; тұрған орнынан салдарды өзен магимстральдарына шығару, салдардың аялдамаларға тарту және нығайту және олардың соңғы пункттерін қондыру;
екі қатарға дейінгі әртүрлі конструкциялар мен басқа жүзуші құралдардың тірелген плиткаларды салу және жөндеу; щиттерді, рейлерді дайындау, ырғақтарды әзірлеу; қалашықтарға төсей отыра кергілерді қондыру; каөпіршіктерді төсеу (қаптау); басқыштарды қою; запаньдар және құралдар үшін жағалық тіреуіштерді қондырғылар; еңістіктерді жинау және қою, штабельдерді өңдеу, әртүрлі конструкциялы дарбазаларды қондыру және жөндеу, жатақты тазалау, бас дәлізді өңдеу, жүзуші құралдарыдың сүйретітілуі; ағызушы машиналарды тазалау, қара күйені ұстағыштарды қою.
85. Білуге тиіс:
мольдық ағаш ағызудың, салдарды ағызудың, ағаштарды суға қолмен және механизациялық тастаудың әдістері мен жолдары;
жүзуші жабдықтарды қондыру және орындарын ауыстыру әдістері;
заторлардың пайда болуы және ескерту шаралары;
салдардың жүзуі үшін қажетті арнайы құралдардың типтерінің қондарығылары;
тағайындалуы, жағаларды және өзендердің еңістерін нығайту бойынша жұмыстарды өндіру ережесі;
ағашты ағызуда қолданылатын бондардың, рейлердің және тіректерінің типтері;
запаньдар және басқа да жүзуші құралдар үшінжағалық тіреуіштердің конструкциясы оларды дайындау әдістері;
жүзуші құралдарды нығайту үшін қолданатын такелаждардың түрлері және олармен жұмыс жасау әдістері.
Параграф 2. Ағызушы, 4-ші разряд
86. Жұмыстар сипаттамасы:
ағызудағы апаттарды қолмен және механизацияланған әдіспен жою; заторларды, заломдарды өңдеу және қолмен және механизацияланған әдіспен басты, қолдаушы және қабылдаушыларда күш салуы; лоттарды, шынжырларды, зікірлерді қолдана отырып тартымдылықпен және өз бетінше жүзу барысында жүргізуші бірлікті басқару; тіреуші плиткаларды, конструктивті бондарды және екі қатадан жоғары басқа да жүзуші құралдарды салу және жөндеу; басты дәліздің, сұрыптаушы және формалық торшалардың, шығарушалылардың, бас дәліздің бойымен және оны кесетін бонданды қою;
зәкірмен штоктарды дайындау және өңдеу, зәкірлерде және өтектерде шеймаларды өңдеу; бондарда анкерлік құлыптарды қондыру, құлыптарға бекіте отырып, бондар бойынша жатақтарды төсеу; ағызушы машиналарды қою; бондарды, сұрыптаушы және құралдарды қалыптастырушыларды жинау.
87. Білуге тиіс:
ағызуда апаттарды ескерту немесе жою барысында механизмдердің көмиегі арқылы және қолмен жұмыстарды орындау әдістері;
күш салушыны қамтамасыздандыру қондырғылардың конструкциясы және оларды арнада қондыру кестесі;
заторларды, заломдарды және күш салушыларды өңдеу әдістері;
запаньдарды кесіп өту;
конструктивті бондар және екі қатар жабдықтардан жоғары басқа да жүзуші жабдықтар үшін плиток қондырғылар;
жүзуші жабдықтарды қоюдың және жинаудың кестесі мен әдістері;
салда такелаждың және құралдардыңі белгіленуі, жабдықтармен, арқанмен нығайтудың әдістері және стандық такелажбен жұмыстардың жолдары (лоттар, зәкірлер).
2-бөлім. Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері
21. Аңшы
Параграф 1. Аңшы, 3-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:
бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау;
азық дайындау;
аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;
ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау;
ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;
ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы басқа белгілеу;
ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;
тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;
аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу;
орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану;
көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.
89. Білуі тиіс:
басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын;
аңшылық ету ережелерін;
орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;
орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;
ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;
аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.
Параграф 2. Аңшы, 4-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
бекітіліп берген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау;
азық дайындау;
фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;
ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау;
ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;
орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы баска белгілеу;
ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;
бекітілген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;
аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану;
көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.
91. Білуі тиіс:
өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын;
аңшылық ету ережелерін;
орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;
орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;
ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;
орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын;
аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін;
аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын;
орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
Параграф 3. Аңшы, 5-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:
бекітілген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау; азық дайындау; бүкіл биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;
ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды;
ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;
орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы басқа белгілеу;
ағаш кесу жерлерін бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;
тіркелген обходы, қорығы,аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;
аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану;
көпірлердің, өрт бақылау мұнараларын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходының санитарлық күйін бақылау және онда зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.
93. Білуі тиіс:
өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін;
орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;
орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;
ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;
орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын;
аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін;
аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын;
орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
22. Ара түзеуші
Параграф 1. Ара түзеуші, 3-разряд
94. Жұмыстар сипаттамасы:
қолдық араларды тістерін қайрау, тарту, фугалау, түзету, кесу, қысқартып кесік және қалыпқа келтіру;
қол аралардың рамаларын даярлау, қиыстырып келтіру, құрастыру;
араларды дәнекерлеу;
қабықтау күректерін түзету, қайрау, жөндеу.
95. Білуге тиіс:
қолдық ағаш шабатын құралды дайындауға арналған металдар мен абразивті материалдардың негізгі қасиеттері;
ағаш шабатын құралды қайрау мен түзеуге арналған станоктарды пайдалану ережесі.
Параграф 2. Ара түзеуші, 4-разряд
96. Жұмыстар сипаттамасы:
ара шынжырларын қайрау, түзету және жөндеу;
қырқып кесу агрегаттары мен қондырғыларының араларын қайрау, тегістеу, тарту;
ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларының араларын қайрауға арналған станоктарды жөндеу, орнату және дайындау.
97. Білуге тиіс:
ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларының араларын қайрауға арналған станоктарды қайрау, тегістеу, тарту ережесі;
ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларын дайындау үшін қолданылатын металдардың негізгі қасиеттері;
ара шынжырларын қайрауға арналған станоктардың;
аралардың құрылысы және оларды орнату ережесі.
23. Арашы
Параграф 1. Арашы, 3-разряд
98. Жұмыстар сипаттамасы:
бөренелерді белгілеу және қолмен брустар мен тақтайға аралау;
бөренелерді бойлай аралауға арналған араны қайрау және түзеу.
99. Білуге тиіс:
бөренелерді бойлай аралау ережесі;
ағаш материалдарына техникалық шарттар;
бөренелерді бойлай аралауға арналған араларды қайрау және түзеу ережесі.
24. Арнайы сортименттерді жонушы
Параграф 1. Арнайы сортименттерді жонушы, 4-разряд,
100. Жұмыстар сипаттамасы:
шот балтаның және басқа құралдың көмегімен қарулы және шағын калибрлі қалыптарды, ер жасайтын пластиналарды, оқпандық бастырмаларды, жиектерін дайындау;
артбрусты, кенелік және шаңғы қалыптарды, тоғынға арналған емен жақтауларды, экспорттық слиперлерді бөлшектеу және сүргілеу.
101. Білуге тиіс:
арнайы сортименттерді дайындау технологиясы;
ағаш жыныстарының қасиеттері мен ағаш мүкістері;
дайындалатын бұйымдарға техникалық шарттар.
25. Бұтақ кесу қондырғысының операторы
Параграф 1. Бұтақ кесу қондырғысының операторы, 4-разряд
102. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаштар будасын тарту және оны бұтақ кесетін қондырғының осіне бұрышпен беру;
ағаштардың будасын манипулятормен бөлу, бұтақ кесетін қондырғыға даналап беру; ағаштардың діңдерін қондырғы арқылы өткізу; тасу жылдамдығын реттеу және қондырғысының кесетін органдарын басқару;
кесілген солқылдақ шыбықтарды науаға итеруге арналған механизмдерді басқару;
солқылдақ шыбықтарды ағаштардың будасынан бункерлік түрлі бұтақ кесетін стационарлық қондырғысының кесені құралымен алып тастау;
бұтақ кесетін қондырғының механизмдері мен түйіндері ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану;
бұтақ кесетін қондырғының жұмыс журналын жүргізу.
103. Білуге тиіс:
бұтақ кесетін қондырғының механизмдері мен түйіндерінің белгіленуі және жұмыс істеу қағидасы;
оның электрлік сызбасы;
бұғаттау және электрлік қорғау қағидасы;
гидравлика мен электротехника негіздері.
Агрегаттарды реттеу мен жөндеу және бұтақ кесетін қондырғының түйіндерін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд.
26. Бұталарды шабушы
Параграф 1. Бұталарды шабушы, 3- разряд
104. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаштардың бұтақтары мен ұштарын қолмен балтамен шабу;
құлату кезінде зақымданған орманды жас шыбығын және орман маңын шабу;
шабылған бұтақтар мен ұшын, шабылған жас шыбықты және орман маңын үйіндіге жинап қою, бұтақтарды бір уақытта шабу кезінде оларды өртеу;
балтаны қайрау және түзету.
105. Білуге тиіс:
бұтақтарды шабу ережесі мен тәсілдері, балтаны қайрау және түзету ережесі;
ағаш материалдарына техникалық шарттар мен мемелекеттік стандарттар;
бұтақтарды қауіпсіз жағу тәсілдері;
бұтақтар мен ағаштардың ұштарын бензомоторлы және электромоторлы араларымен және бұтақ кескіштермен кесу;
бір уақытта моторлы арамен және бұта кескіштермен кесу кезінде өртеу;
отын қоспасын құру және онымен бензомоторлы арамен бұтақ кескішті дайындау;
қолданылатын жабдықты ақусыз күйінде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу.
Параграф 2. Бұталарды шабушы, 4- разряд
106. Жұмыстар сипаттамасы:
ағаштардың бұтақтары мен ұштарын бензомоторлы және электромоторлы аралармен және бұтақкескіштермен шабу;
құлату кезінде зақымданған орманды жас шыбығын және орман маңын шабу;
шабылған бұтақтар мен ұшын, шабылған жас шыбықты және орман маңын үйіндіге жинап қою, бұтақтарды бір уақытта шабу кезінде оларды өртеу;
балтаны қайрау және түзету;
отын қоспасын құру және онымен бензомоторлы араны және бұтақкескішті дайындау;
қолданылатын жабдықты ақаусыз күйде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу.
107. Білуге тиіс:
бензомоторлы және электромоторлы аралардың бұтақ кескіштердің құрылысы және оларды пайдалану ережесі,
қолданылатын жабдықты ақусыз күйінде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу ережесі;
бұтақтарды қауіпсіз жағу тәсілдері.
27. Даярлаушы
Параграф 1. Даярлаушы, 2-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:
қабық пен қабақты түсіру, шабылған бұталардан қылқанжапырақтарды дайындау, іріктеу, бумаларға буу, бумаларды салу;
шыбық пен таяқтарды қолмен дайындау, оларды іріктеу, бумаларға жинау, тасымалдау және қатарлау;
қол сайманымен шыбықтар мен таяқтарды қабықтау;
қайың(моншаға арналған) сыпырғыштар мен қайың сыпыртқыларын жасау;
мелиоративті фашиналарды жасау;
қатқан мен маттарды өру;
ағаш өнімдерін қатарлау;
мүк дайындау;
сыпыртқы жасауға қонақ жүгеріні дайындау;
қол саймандарын қайрау және жану. әзірлеу.
109. Білуге тиіс:
қабық, қабақ, қылқанжапырақ, шыбық, таяқ, сыпыртқы, сыпырғыш, фашина, қатқан, мат, мүкті даярлауға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, оларды даярлаудың, өңдеудің, орау мен сақтаудың тәсілдерін;
қол саймандарымен қолдану ережелерін.
Параграф 2. Даярлаушы, 3-разряд
110. Жұмыстар сипаттамасы:
өсіп тұрған және шабылған ағаштардың қабығын түсіру;
қабықтарды жинау, іріктеу, кептіру, салу және престеу;
мочал даярлау(сулау, қабықтан тазарту, кептіру, іріктеу, бумаларға байлау) өсірп тұрған және шабылған ағаштардан қылқан жапырақтар дайындау. ын тазалау;
қонақ жүгеріден сыпырғыш жасау.
111. Білуге тиіс:
қабық, мочал, қылқан жапырақ, қонақ жүгеріден сыпырғыш жасаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын;
қабық пен мочалды дайындау, өңдеудің тәсілдері мен әдістерін.
Параграф 3. Даярлаушы, 4-разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:
өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан, дәрілік шөптер, жемістер, жидектер, саңырауқұлақтан дәрілік шикізат дайындау(жинау, іріктеу, кептіру, салу, сақтау).
113. Білуге тиіс:
дәрілік шикізат, шөптер, жемістер, жидектер, саңырауқұлақтарға техникалық шарттар, мемлекеттік стандарттар, дайындау, өңдеу, орау, сақтаудың әдіс-тәсілдерін.
28. Қабықтаушы
Параграф 1. Қабықтаушы, 3- разряд
114. Жұмыстар сипаттамасы:
дөңгелек ағашты, кесілген материалдарды, қайрақтарды қабықтау және дөңгелек ағашты тақырлау, шпалдарды қолдық және механикаландырылған аспаппен жете қабықтау.
115. Білуге тиіс:
қабықтау құралын қайрау ережесі;
ағаш материалдарына мемлекеттік стандарттармен қойылатын талаптар;
механикаландырылған аспаптың құрылысы және пайдалану ережесі.
Параграф 2. Қабықтаушы, 4- разряд
116. Жұмыстар сипаттамасы:
бункерлік, барабандық қорап сыдыратын қондырғыларда және дисктік станоктарда қысқа және ұзақ уақытқа дөңгелек орманды қабықтау;
шпалоправалық станоктарда шпалды жете қабықтау;
қызмет көрсететін станоктар мен қондырғылардың жұмысын қадағалау, олардың жұмыс органдарын ауыстыру;
сынықтарын жоюмен қолданылатын жабдықты қарау;
дөңгелек ағашты қабықтау үшін қолданылатын қондырғылар мен станоктарға ай сайын техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.
117. Білуге тиіс:
қолданылатын қондырғылар мен станоктардың белгіленуі;
құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
олардың жұмыс органдарын алу және ауыстыру ережесі;
дөңгелек ағаш материалдарды қабықтау сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Қабықтаушы, 5- разряд
118. Жұмыстар сипаттамасы:
әр түрлі жүйелердің роторлық станоктарында қысқа және ұзақ уақытқа дөңгелек ағашты қабықтау;
ағаш материалдарын толық қабықтауға қайтару; оның жұмысы барысында роторлық қабықтау станогын басқару. Қабықтау
станоктарының жұмыс органдарын ауыстыру (пышақтарды, қабыалғыштарды, фрездерді және тағы басқа);
роторлық қабықтау станогын реттеу, жөндеу ақауларын жою;
роторлық қабықтау станогына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.
119. Білуге тиіс:
роторлық қабықтау станогының белгіленуі;
құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, роторлық қабықтау станогының жұмыс органдарын реттеу;
тексеру және орнату ережесі;
механика, электротехника және гидравлика негіздері;
дөңгелеу ағаш материалдарын қабықтау сапасына қойылатын талаптар;
роторлық қабықтау станогының жұмыс режимі.
29. Қамыс даярлау машинасының машинисті
Параграф 1. Қамыс даярлау машинасының машинисті, 4-разряд
120. Жұмыстар сипаттамасы:
аспалы қарулардың, механизмдермен құрылғылардың көмегімен қамысты дайындау бойынша әр-түрлі жұмыстарды орындау, тіркеме арбалармен шаналарда қамысты бумамен, тюктармен және баумен тасу кезінде тракторларды және тягачтарды басқару;
баулардан бумаларды және болат арқанның және тартатын қондырғылардың көмегімен шаналарда, арнайы алаңдарда немесе далада сыммен байланбаған қамыстың жекелеген үлестерін қалыптастыру және байлау;
тасымалданатын қамысты тиеуді, бекітудәі және түсіруді қадағалау;
тракторлармен тягачтарға техникалық қызмет көрсету, оларды профилактикалық және ағымдағыжөндеу, жанатын, майлайтын материалдар құю.
121. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін тракторлар мен тягачтардың құрылысы;
көше қозғалысы және жүргізу ережесі, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесі;
тіркеме және аспалы қарулардың, механизмдердің, тарту құрылғылары мен құралдардың көмегімен жұмыстар жүргізу ережесі;
бумаларды байлау сенімділігі мен тарту тығыздылығына қойылатын талаптар;
қамысты тиеу, жинау, тарту, байлау және түсіру ережесінің, жүргізу ережесі.
Параграф 2. Қамыс даярлау машинасының машинисті, 5-разряд
122. Жұмыстар сипаттамасы:
қамысты шабуда тіркеме және өзі жүретін қамыс жинайтын машиналарды басқару;
жергіліктк жағдайға байланысты сабақтарды кесу биіктігін, кесетін аппаратты және машинаны басқа механизмдерін реттеу;
белгіленген салмақты қамыс пен қоғаның бауларын немесе үлестерін жинау және көлік құралыеа лақтыру;
бау байлайтын ақпараттың жұмысын реттеу және оны шпагатпен жөндеу;
шабу мен қалыптастыруда тракторларды және тягачтарды басқару;
қамыстан бауларды, бумалар мен бұйымдарды көлік құрылына тиеу мен жинау кезінде тракторда, тягачта немесе мінетін базада жиналған грейферлік тегіштерді және шошақ сыпырғыштарды басқару;
грейферлік тегіштер мен мінетін базаны жүргізу;
арқан контейнерлермен бумаларға байлаумен грейферлік тегішпен қамысты тую камерасына жүктеу;
тристелетін құрылғыдан бумаларды көлік құралдарына түсіру;
қызмет көрсетілетін машиналардың ақаулықтарын анықтау және жою;
қамыс жинау машиналарына, шошақ сыпырғыштарға, байлағыштарға, гренферлік тегіштерге және мінетін базаларға техникалық қызмет көрсету.
123. Білуге тиіс:
қамыс жинау машиналардың;
мінетін базалардың құрылысы;
жүргізу ережесі;
байлағыштардың, грейферлік тиегіштердің, шошақ сыпырғыштардың құрылысы;
қамыс жинау машиналарының кесетін аппараттарын қайрау ережесі;
жанатын-майлайтын материалдардың қасиеттері мен нормалары, және оларды сақтау тәсілдер;
қамыс жинау машиналарына;
шошақ сыпырғыштарға, байлағыштарға, гренферлік тегіштерге және мінетін базаларға техникалық қызмет көрсету ережесі;
тіркеме және аспалы қарулардың;
механизмдер мен құрылғылардың шекті мүмкін жүктемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |