Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 1,51 Mb.
бет5/8
Дата19.02.2018
өлшемі1,51 Mb.
#10060
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыс үлгілері.

1) Агар, дәмдеуіштер, цикорий;

2) Кірпіш және шәй тақталары - жарамсыздары;

3) Жемістің сүйектері, жаңғақтың, жемістердің, жидектердің өзегі;

4) Күнбағыс қабығы;

5) Мұз;

6) Минералды шикізат - бор, әк, тұз;

7) Квасқа арналған қатырылған нан;

8) Шрот, күнжара.

75. Уату құрылғысының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты, құрғақ, ылғал шикізатты, жартылай фабрикатты қуырылған, қайнатылған, шикі күйінде тағам әзірлеу үшін алдын ала және кейіннен сұрыптап, кесіп, кептіріп, елеп түрлі жүйелердегі уатқыштарда уату, үгу процесін жүргізу. Транспортерлердің көмегімен немесе қолмен уату машиналарын шикізатпен және жартылай фабрикаттармен біркелкі тиеу, өңдеудің келесі сатыларына тиеу, тасымалдау. Жүргізілген елеу талдауларының нәтижелері бойынша және органолептикалық әдіспен майдалау деңгейін реттеу. Уату режимінен ауытқу себептерін анықтау және жою. Көлік және аспирациялық құрылғылардың жұмысын бақылау. Електерді, балғаларды, дектерді, қамшыларды, саусақтарын іріктеу және ауыстыру. Уату торабындағы саңылауларды реттеу.

Білуге тиіс: шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және уату сапасына қойылатын талаптар, елек талдауларын жүргізу әдістері, уату машиналарын және оларға қабысқан жабдықты реттеу ережесі.


Жұмыс үлгілері.

1) Қуырылған какао бұршақ, соя бұршағы;

2) Дән;


3) Суланған жүгері дәні мен ұрығы;

4) Кептірілген нәрі;

5) Ірімшікке арналған шикізат, балмұздаққа және ірімшік-сүзбе өнімдеріне арналған толтырғыштар.

76. Уату құрылғысының машинисі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мияны, какао бұршақты, сүйекті, әк тасты және басқа да тағамдық өнімдерді уату агрегатында уату процесін жүргізу. Уату агрегаттарында біркелкі және үздіксіз толтыру. Сүйекті, какао бұршақты майдалау деңгейін реттеу. Мияны бөлу құрылғыларына жіберуді реттеу, ұн, какао жармасын, қабығын, әктасты тарту фракциясын алу, олардан сынама алу. Агрегатқа қызмет көрсету, сынама талдау нәтижелері бойынша оның жұмысын реттеу, уату режимінен ауытқуларды жою. Көлік құрылғыларының (шынжыр элеваторлар, шнектердің, таспалы транспортерлердің), магнит ұстағыштардың, уату машинасының үздіксіз және ритмде жұмыс істеуін қадағалау. Уатуға түсетін шикізаттың санын және сапасын қадағалау, уатылған мияның санын есептеу. Жылтырату машинасында дайын мияны тазалау. Арпаны, күрішті және басқа да күрделі емес материалдарды барлық үлгідегі диірмендерде уату және тарту. Тартудың талап етілетін ұсақтығын алуды бақылау. Диірменге материалдарды жіберу көлік құралдарына және ұсатылған өнімге арналған аэрозоль көлігіне қызмет көрсету. Уату және майдалау өнімдерін жинауға арналған бункерлерде қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдық пен құралдардың жарамдылығын тексеру, подшипниктерді майлау. Уату агрегаттарын іске қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: уату агрегаттарының және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі, уатуға түсетін шикізатқа (ылғалдық, ластануы, құрылымы және басқалар), дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, тарту, жылтырату, уатудың технологиялық режимдері.

Жүгері собықтарын тазалау жөніндегі машинист
77. Жүгері собықтарын тазалау жөніндегі машинист 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүгерінің дәндерін жұлатын және кесетін машиналарда жүгері собықтарының жапырақ қабатын тазалау және дәндерін кесу. Қабылдайтын шөміштен жүгерінің собықтарын машиналарға собықтарды беріп тұратын тізбелік конвейерлерге қалау, пісіп кеткен дәнді собықтарды іріктеу. Жұмыс істеп тұрған машиналардың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс істеу принципі, консервілеуге арналған жүгері собықтарының пісу дәрежесі, беретін транспортерге және конвейерлерге собықтарды қалау ережесі мен тәсілдері.

Үгіту машинасының машинисі
78. Үгіту машинасының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жемістерді, жеміс-жидек шикізатын, көкөністерді, кондитерлік қалдықтарды және тағамдық жартылай фабрикаттарды үгіту машинасында үгіту. Қолмен немесе механизацияланған тәсілмен үгіту машинасын өніммен толтыру. Қалдықтарды уату және өнімдерді үгіту сапасын органолептикалық тәсілмен бақылау. Алынған пюрені сыйымдылықтарға сорғымен тарту немесе қолмен құю. Үгіту машинасынан қалған қалдықты жою, іске қосу және оны тоқтату. Қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: үгітілетін өнімнің түрлері мен сұрыптары, жемістің, жидектің және басқа да тағам өнімдерінің түрлеріне байланысты үгітудің технологиялық режимдері, үгітуге түсетін өнімнің сапасына, дайындалған пюренің сапасына қойылатын талаптар, үгітілетін өнім қалдықтарының нормалары, үгіту машинасының құрылымы, машина цилиндрінің тор саңылауларының мөлшерлері, пайдаланылатын ыдыстың көлемі.

79. Үгіту машинасының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түсетін шикізатты механизацияланған тасымалдау, жуу, жидіту (пісіру) бойынша түрлі үлгідегі жидіткіштерге, пісіргіштерге немесе машина кешені және жабдығына параллельді түрде (қосымша) қызмет көрсететін үздіксіз жұмыс істейтін үгіту машиналарында жеміс, жидек немесе көкөніс массасын алудың технологиялық процесін жүргізу.

Білуге тиіс: шикізатқа арналған үгіту машинасының, жидіткіштердің (пісіргіштің), тасымалдағыш және жуатын машиналар мен жабдықтардың құрылымы, қолдану принципі мен қызметі, үгітілетін өнімнің түрлері мен сұрыптары, жемістің, жидектің, көкөністің түріне байланысты үгіту тәсілдері мен технологиялық режимдері, үгітуге түсетін шикізат пен дайындалған пюренің сапасына қойылатын талаптар, шығын нормалары, шикізатты жидіту, жуу, тасымалдау ережесі және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Ұнтақтау жабдығының машинисі
80. Ұнтақтау жабдығының машинисі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өнімдерін айналмалы құрылғыда ұнтақтау. Өнімді айналмалы құрылғының бункеріне жіберу және толтыру. Ұнтақталған өнімді ыдысқа салу және оны одан кейінгі операцияларға жіберу.

Білуге тиіс: шикізаттың түрлері және ұнтақтау ережесі, айналмалы құрылғының жұмыс істеу принципі.

81. Ұнтақтау жабдығының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өндірісінде алынатын немесе пайдаланылатын тағам қалдықтарын орындамай немесе алдын ала немесе кейіннен тазартатын түрлі жүйедегі ұнтақтау машиналарында ұнтақтаудың технологиялық процесін жүргізу. Жартылай фабрикатты махорка тозаңында ұнтақтау процесін жүргізу. Ұнтақтау машиналарын қолмен немесе механизмдер арқылы толтыру. Ұнтақтаудың ірілігіне байланысты ұнтақтау машиналарының жұмыс органдары арасындағы саңылаулардың көлемін, жылдамдығын (өнімділігін) реттеу. Ұнтақталған өнімді қолмен немесе кейінгі операцияларға тасымалдайтын құрылғы арқылы жіберу. Қызмет көрсететін жабдықты кезеңімен тазалау, майлау.

Білуге тиіс: ұнтақтауға түсетін және ұнтақтау нәтижесінде алынған тағамдық шикізат пен өнімнің сапасына қойылатын талаптар, ұнтақтау жабдығының құрылымы және жұмыс принципі.

82. Ұнтақтау жабдығының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кейіннен тазартпай немесе алдын ала немесе кейінен тазалап, елейтін түрлі жүйедегі ұнтақтау машиналарында тағам өнімдерін дайындауға шикізат пен өнімдерді құрғақтай және ылғал күйінде бастапқы және қайталама ұнтақтау процесін жүргізу. Кофені түйірлегіште ұнтақтау процесін жүргізу. Көлік құралдары арқылы немесе қолмен ұнтақтау машиналарына шикізат пен өнімдерді біркелкі және үздіксіз тиеу. Алынған тапсырмаға сәйкес сатылар бойынша, елек талдауларының нәтижелері бойынша майдалау деңгейін реттеу немесе майдалау деңгейін органолептикалық айқындау. Тапсырмалардан ауытқу себептерін жою. Ұнтақталған өнімді қолмен немесе көлік құралдарының көмегімен өңдеудің одан кейінгі сатыларына жіберу. Көлік және аспирациялық құрылғылардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылау. Жабдықты баптау. Електерді іріктеу және ауыстыру.

Білуге тиіс: ұнтақтауға баратын шикізат пен өнімді ұнтақтаудың технологиялық режимдері, ұнтақтау нәтижесінде алынған өнімнің сапасына қойылатын талаптар, ұнтақтайтын жабдықтың жұмыс істеу принципі мен реттеу тәртібі.

83. Ұнтақтау жабдығының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өнімдерін даярлауға арналған шикізат пен өнімдерді үздіксіз-ағынды механизацияланған желілердің ұнтақтау машиналарында және қабылдағыш-майлағыш агрегаттарда өте майда ұнтақтау технологиялық процесін жүргізу. шикізатты, өнімдерді көлік құралдарының көмегімен немесе қолмен біркелкі және үздіксіз тиеу (түсіру). Көлік және аспирациялық құрылғының үздіксіз жұмыс істеуін бақылау. Елек талдауының нәтижелері бойынша алынған тапсырмаға сәйкес шикізат пен өнімдерді майдалау деңгейін реттеу. Ұнтақтаудың берілген деңгейінен ауытқу себептерін жою. Ұнтақтау сапасы мен ірілігін бақылау. Елек талдауларын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, жұмыс істеу принципі, ұнтақтаудың технологиялық режимдері, ұнтақтаудың сапасына, ұнтақталатын шикізаттың сапасына және өнімнің сапасына қойылатын талаптар, елек талдамаларын жүргізу әдістемесі.

Тазалау құрылғысының машинисі
84. Тазалау құрылғысының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылай білікті тазалау құрылғысы машинисінің басшылығымен аршу машиналарында ауыл шаруашылығы өнімдерін аршу, сондай-ақ дән мен тұқымды елеу процесін жүргізу. шикізат беруді реттеу. Көлік механизмдері мен жабдықтардың жұмысын көзбен немесе бақылау-өлшеу аспаптары арқылы қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау және майлау.

Білуге тиіс: өнімді аршу және елеудің технологиялық режимдері, өнімнің сапасына аршығанға, елегенге дейін және дейін қойылатын талаптар.

85. Тазалау құрылғысының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі тазалау-қабыршақтандыру және аршу машиналарында дәнді, бұршақ және майлы тұқымдарды қабыршақтандыру және аршу процесін жүргізу. өнімділігі тәулігіне 80 т-ға дейінгі зауыттағы қабыршақтандыру машинасында дәнді өңдеу процесін жүргізу. Шикізат беретін механизмдер мен қоректендіргіштердің жұмысын көзбен қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және зертхананың деректері бойынша жоғары сұрыпты жарма, майлы тұқымдарды шығымын қамтамасыз ету. Жабдықты жұмысқа дайындау, іске қосу, тоқтату, тазарту және оны майлау.

Білуге тиіс: дәнді, бұршақты, майлы тұқымдарды қабыршақтандырудың технологиялық режимдері, алынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жоғары сұрыпты даяр өнім шығымын алу тәсілдері, қабыршақтандыру процесін жүзеге асыраумен байланысты тазалау, қабыршақтау және басқа жабдықтардың құрылымы.

86. Тазалау құрылғысының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, жарманы, бұршақ тұқымдарын және май дақылдарын өнімділігі тәулігіне 80 т-ға дейінгі жарма зауыттарының түрлі құрылымдағы машиналарда және механизмдерде суыру, уату, тегістеу, жаншу және жылтырату технологиялық процестерді жүргізу. Өнімділігі тәулігіне 80 т-ға дейінгі зауыттардағы қабыршақтандыру машиналарында дәнді өңдеу процесін жүргізу. Мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарының және зертханалық талдамалардың көрсеткіштері бойынша өнімді қабыршақтандыру сапасын бақылау. Шығынды және кондициялық дәнге кетуін болдырмау. Жаншитын станоктардың барабандар мен дискілердің, голлендорлардың, диірмен тасының, барабандар мен обойкалардың жұмыс істейтін жаншығыштарын қайта соғу. Тазалау – суыру, тегістеу-жылтырату және басқа да жабдықтардың, сондай-ақ тасымалдайтын құрылғылардың жұмысын баптау.

Білуге тиіс: қабыршақтандыру бөлімшесінің тәсімін, қабыршақтау, тегістеу және жылтырату жабдығының құрылымы, өңдеуге түсетін шикізаттың қасиеті, дәнді, бұршақ дақылдарының сапасына қойылатын талаптар және даяр өнімге техникалық шарттар, жармалық шикізат және жарманың салыстырмалы жүктемесі, шығысы мен сапасы нормалары, абразивтік жұмысшы бетін қайта қалпына келтіру және жөндеу тәсілдері.


87. Тазалау құрылғысының машинисі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, жарманы, бұршақ тұқымдарын және май дақылдарын өнімділігі тәулігіне 80 т-ға дейінгі жарма зауыттарының түрлі құрылымдағы машиналарда және механизмдерде суыру, уату, тегістеу, жаншу және жылтырату технологиялық процестерін жүргізу. Қабыршақтау, тегістеу және жылтырату жабдықтарын баптау. Технологиялық режимдер параметрлерінің сақталуын бақылау-өлшеу аспаптарының, зертханалық талдамалар деректері бойынша және көзбен бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, дән мен жарманы қабыршақтау, уату, жаншу, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестері, жарманың салыстырмалы жүктемесінің, шығысының және сапасының нормалары, абразивтік жұмысшы бетін қайта қалпына келтіру және жөндеу тәсілдері.

Қамыр илеу машинасының машинисі
88. Қамыр илеу машинасының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ашытатын қамырды илеу процесін жүргізу. қамыр илейтін машиналарға шикізат және материалды жеткізіп беру, апару. Шикізатты елеу және сүзу. Тасымалдайтын құрылғылар арқылы немесе қолмен қамыр илейтін машинаны шикізатпен толтыру. Қамырды шығару. Қамыр илейтін машинаны іске қосу және тоқтату. Жоғарылау білікті қамыр илейтін машинаның машинисінің басшылығымен қамыр илеу процесін жүргізу.

Білуге тиіс: ашитын қамыр дайындау тәсілдері, қамыр илейтін машинаға жүктелетін шикізаттың түр-түрін, қамыр илейтін машинада қызмет көрсету ережесі.

89. Қамыр илеу машинасының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылай білікті қамыр илейтін машина машинисінің басшылығымен бисквиттен басқа, түрлі сұрыптағы қамырдың біркелкі массасын алу мақсатында рецептурада белгіленген пропорцияда кезеңімен немесе үздіксіз жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда қамыр илеу процесін жүргізу. белгіленген рецептура бойынша қамырға арналған шикізат алу, өлшеу, мөлшерлеу. Қамыр илейтін машиналарға компоненттерді беруді, олардың жұмыс технологиялық режимдерін реттеу. Қамырдың, эмульсияның температурасын термометрлердің көрсеткіштері бойынша, органолептикалық түрде – қамырдың құрамын, араластыру және ашытуды бақылау. Қамырды бөлуге жіберу. Эмульсатордың қызуын қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: ұнның сұрыптары, қамырдың қасиеті, созылмалығы мен тығыздығының деңгейін, қамырға дәм, иіс және тағамдық құндылық беретін ашытуды қоздырғыштың түрлері, өнімнің түрлеріне арналған шикізаттың және даяр қамырдың сапасына қойылатын технологиялық талаптар, қамырдың дайындығын айқындау әдістері, бұйымдардың түрлеріне арналған қамырды илеудің технологиялық режимдері.

90. Қамыр илеу машинасының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бисквиттен басқа, түрлі сұрыптағы қамырдың біркелкі массасын алу мақсатында рецептурада белгіленген пропорцияда кезеңімен немесе үздіксіз жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда қамыр илеу процесін жүргізу. Белгіленген рецептура бойынша белгілі пропорцияда қамырға арналған шикізат алу, өлшеу, мөлшерлеу. Технологиялық процесс және қызмет көрсетілетін жабдықтың режимдері мен параметрлерін реттеу. Даяр өнімнің сапасын бақылау. Уату механизміне қызмет көрсету және үгілмелі печеньенің қамырын қалыпқа салу.

Білуге тиіс: ұнның сұрыптары, қамырдың түрлі сұрыптарын илеу рецептурасы, созылмалығы мен тығыздығының деңгейін, қамырға дәм, иіс және тағамдық құндылық беретін ашытуды қоздырғыштың түрлері, мөлшерлеу аппаратурасының қызметі және оларды ұстау ережесі, өнімнің түрлеріне арналған шикізаттың және даяр қамырдың сапасына қойылатын талаптар, қамырдың дайындығын айқындау әдістері, түрлі бұйымдардың қамырын илеудің технологиялық режимі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын реттеу ережесі.

91. Қамыр илеу машинасының машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен және үздіксіз жұмыс істейтін қамыр илеу машиналарында бисквит, вафли, май қосылған және веналық бұйымдардың қамырын илеу процесін жүргізу. Шикізаттың сапасын және бастапқы өңдеуді (сүзу, елеу) бақылау, мөлшерлегіштің көмегімен қамыр илейтін машинаға беруді реттеу. Қамырдың температурасы мен эмульсияны, араластыру жылдамдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындау. Қамырдың ұрамын, араласуын, ашуын органолептикалық айқындау, көлік құралдарының, мөлшерлегіштердің және басқа да құрылғылардың жұмысын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс режимін реттеу. Қамырды қалыптауға жіберу.

Білуге тиіс: печеньенің, торттардың түрлі сұрыптарына қамыр әзірлеу рецептурасын, технологиясын, қамырдың сапасына қойылатын талаптар, бақылау әдістері, қамырдың технологиялық режимін реттеу және дайындығын айқындау ережесі, түрлі құрылымдағы қамыр илейтін машиналардың, мөлшерлеу құрылғысының және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын реттеу ережесі.

Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы
92. Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушының басшылығымен жартылай автоматты желілерді, жекелеген машиналар мен автоматтарды баптау, реттеу және жөндеу. Сальниктерді майлау, толтыру, белбеу құрастыру және басқа да жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі, оның жұмысындағы ақаулықтарды реттеу, анықтау және жою, машиналар мен агрегаттар жұмысының технологиялық режимдері, машиналар мен жабдықтарды шашу, құрастыру тәртібі, қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қойылатын талаптар.



93. Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өнімдері және жекелеген машиналар мен автоматтар өндірісіндегі жоғарылау білікті жабдық баптаушысының басшылығымен механизацияланған және жартылай автоматты желілерді баптау, реттеу және жөндеу. Жабдықтың барлық тораптарының жай-күйін және өзара іс-әрекетінің дұрыстығын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы техникалық ақаулықтардың алдын алу, анықтау және жою. Тез тозатын бөлшектер мен төсемдерді ауыстыру және қиыстыру, монтаждау және теңдеу. Жабдықты сынамалау. Жартылай автоматты желілер мен жекелеген машина автоматтарды жұмысын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс процесінде тораптар мен механизмдерді баптау және реттеу, түрлі жөндеулерге, сынауларға және пайдалануға беруге қатысу. Тозған бөлшектерді ауыстыруға өтініш жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау, сальниктерді толтыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың және автомат машиналардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері, жабдықтың жұмысында кемшілік тудыратын себептер, оларды анықтау және жою тәсілдері, шашу, құрастыру және реттеу тәртібі, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулық, тез тозатын бөлшектердің запас нормасын, тағам өнімі өндірісіндегі жабдықтарды баптаудың сапасына қойылатын талаптар, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары және баптау жұмыстарын орындауда оларды пайдалану ережесі.



94. Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен және үздіксіз жұмыс істейтін механизацияланған және автоматталған желілерді, көп торапты машиналар мен автоматтарды, ортаға тарту күші бар жылдам сепараторлар мен центрифугаларды баптау, реттеу және жөндеу. Жұмыс процесінде тораптар мен механизмдерді баптау және реттеу. Күрделі жөндеуді қоса, қызмет көрсетілетін жабдықты түрлі жөндеуге, сынауға және жұмыс жүктемесімен пайдалануға беруге қатысу.

Білуге тиіс: Кезеңімен және үздіксіз жұмыс істейтін механизацияланған және автоматталған желілерді, көп торапты машиналар мен автоматтарды, ортаға тарту күші бар жылдам сепараторлар мен центрифугалардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері, тораптар мен механизмдерді баптау, өзара әрекеті және жұмыс үйлесімділігі ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың туындау себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері, шешу, құрастыру және реттеу тәртібі, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану және жөндеу нұсқаулықтары, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, пайдалану мен ережесі. Күрделі емес бөлшектерге эскиз жасау ережесі.

Орта кәсіби білім қажет.

95. Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Иіс сабын, қапталған маргарин, май мен қант өндіруде, ұнтақ, ұн, жұмсақ ірімшіктерді орауға арналған, сұйық өнімді құю желілерін, паста сияқты өнімнің ыдысын шығару және орау және басқа да осыған ұқсас желілер мен жабдықтар өндіру бойынша автоматталған желілерді немесе жекелеген жоғары өнімді автоматтарды баптау, реттеу және жөндеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысымен айналысатын жұмысшылардың инструктажы.

Білуге тиіс: автоматты желілер мен жоғары өнімді автоматтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері, қызмет көрсетілетін жабдықтарға қызмет көрсету, баптау, жөндеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі мен құрылымы.

Орта кәсіби білім қажет.

96. Тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарды баптаушы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессорлық техника базасындағы технологиялық желілі жабдықты басқару жүйесін баптау, реттеу және жөндеу. Тестік бағдарламалар және желілерді басқару жүйесі құралдарын пайдаланып, желілердегі перифериялық жабдықты баптау және диагностика жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың тестік және технологиялық бағдарламаларын түзету. Технологиялық жабдықтың жұмысындағы тоқтап қалуларды талдау және жүйелеу және оларды желілік жабдықтарды автоматты басқару жүйесінде пайдаланылатын бағдарлау тілін пайдаланып анықтау және жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.

Білуге тиіс: автоматты, автоматты желілер мен жоғары өнімді автоматтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері, тағам өнімдері өндірісіндегі жабдықтарға қызмет көрсету, баптау, жөндеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі мен құрылымы, жабдықты басқарудың тестік және технологиялық бағдарламаларын түзету әдістері, тағам өнімдері өндірісіндегі желі жабдықтарын автоматты басқару жүйесінде пайдаланылатын бағдарлау тілін практикада пайдалану.

Орта кәсіби білім қажет.

Уатылатын тастарды кертуші


97. Уатылатын тастарды кертуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Борозданы, рисканы, рифляны керту, соғу, диірмен тастарын, тастарды және басқа да түрлі жабдықтардың абразивтік бетін құю, оларды теңдеу және орнату. Өнімді майдалау және тартудың белгілі мөлшерін қамтамасыз ету үшін геометриялық өлшемдердің дәлдігін сақтай отырып, диірмен тастарының уатылатын және салқындау бетін белгілеу. Диірмен тастарындағы саңылауларды жару және өңдеу. Тастың диаметрі бойынша металл сақина кигізу. Диірмен тастарын құю үшін ерітінді әзірлеу. Диірмен тастарын абразивтік ерітіндімен өсіру. Диірмен тастары мен тастарды тельфермен және басқа да көтергіш тетіктермен көтеру және жылжыту.

Білуге тиіс: өнімнің қалыбына, қаттылығына, ірілігіне және байлануына байланысты диірмен тастарының қызметін, диірмен тастарының зімпара қабатының құрамы, диірмен тастарын құю, өңдеу және реттеу ережесі және олардың дәлдігін тексеру, ерітінді әзірлеу, диірмен тастарын құю, оларды теңдеу және орнату тәсілдері, диірмен тастарын өңдеудің кезектілігі, кедір-бұдырлықтың жол берілу және отырғызу жүйесі, квалитеттер мен параметрлері, көтергіш механизмдерді басқару жөніндегі шартты дабыл қағу.

Тағам өнімдерін қуырушы
98. Тағам өнімдерін қуырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 8 атм-ға дейін қыздыратын қабаттағы бу қысымды қуыру аппаратында, түрлі құрылымды пештерде шикізат және жартылай фабрикаттарды қуыру процесін жүргізу. Майлы қоспалар әзірлеу. Шикізатпен, жартылай фабрикаттармен табаларды немесе торларды толтыру. Қуыру пештері мен аппараттарын механикалық тәсілмен немесе қолмен толтыру және босату. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қуыру және салқындату температурасын, май мен судың деңгейін, будың қысымын, газ бен ауаны аппараттарға және пештерге жіберуді реттеу. Майды кезеңімен ауыстыру. Қуыру процесінде жартылай фабрикаттарды араластыру. Карамельдеу. Сынама алу, жібіту немесе ылғалдау. Аспаптардың көмегімен немесе органолептикалық түрде процестің аяқталуы сәтін және қуыру сапасын айқындау. Тағам өнімдерін салқындату, оларды өлшеу, тұз және дәмдеуіштер салу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қуырылатын өнімнің түр-түрі, тағам өнімдерін қуырудың технологиялық режимдері, қолданылатын майдың түрлері және оларды қуыру процесінде пайдалану ережесі, қуыру процесінің аяқталуы сәтін айқындау және қуырылған өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, қуыру пештері мен аппараттарға тиеу және босату тәртібі, олардың құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, тағам өнімдерін қуыру процесін реттеу жолдары.

Тағам өнімдерін қуырудың технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындағанда – 2-разряд.

99. Тағам өнімдерін қуырушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 8 атм-нан жоғары қыздыратын қабаттағы бу қысымды үздіксіз істейтін қуыру аппаратында шикізат және жартылай фабрикаттарды қуыру процесін жүргізу. түрлі тағам өнімдерін қуыру процесінің технологиялық режимдерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін қуыруға арналған үздіксіз істейтін қуыру жабдығының құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері, түрлі тағамдарды қуыру режимдерін реттеу және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

Дәнді бастырушы
100. Дәнді бастырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, бұршақты және жүгері собықтарын түрлі жүйедегі түйгіштерде бастыру (өзегінен, тұқымын) процесін жүргізу. бұршақ пен жүгерінің собықтарын түйгіштерге жіберу. Түйгіштердің, транспортерлердің жұмысын, бастырудың сапасын бақылау. Түйгіштердің өнімділігі мен аспирациялық құрылғыларды реттеу. өнімді транспортерлерде тасу. Дәннің ылғалдығын талдау жүргізуге арналған сынама алу. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: дәнді, бұршақты және жүгері собықтарын түйгіштерде бастырудың технологиялық режимдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және оны реттеудің ережесі, бастырудың сапасына қойылатын талаптар, бастыруда дәннің бүлінуін бақылау тәсілдері және соған әкелетін себептерді жою. Бастыруға жататын дақылдардың сұрыптары, сынама алу әдістері.

Тағам өнімдері мен ыдыс өңдеуші
101. Тағам өнімдері мен ыдыс өңдеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті тағам өнімдері мен ыдысын өңдеушінің басшылығымен күкіртпен түтін айдау жолымен сыйымдылықтар мен ыдыстарды өңдеу. Түтінмен айдауға арналған өнімдер мен материалдарды тасымалдау. Күкіртті жандыру және араластыру. Айдап салу камерасын герметикалық жолмен қамтамасыз ете отырып жабу. Соратын желдеткішті ажырату. Айдау камерасын күкірттің, өнімдердің және материалдардың қалдықтарынан тазарту. Камераларды түтінмен айдаудан кейін ашу.

Білуге тиіс: пештерді күкірттен күюден тазарту жөніндегі техникалық талаптар, күкіртті жағу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері.

102. Тағам өнімдері мен ыдыс өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ашық және табаны бар сыйымдылықтар мен ыдысты күкірт түтінімен айдау жолымен өңдеу. Көмірді арнайы пештерде (мангалдарда) немесе қаңылтырларда жағу. Күкіртті мөлшерлеу. Күкірт түтінімен айдағыштарды білтемен толтыру, білтені жағу және бөшкеге жіберу. Шпунт жөкелерін орау және шпунт саңылауларды толтыру. Шпунт саңылауларды, ыдыстың сыртқы немесе ішкі бетін, металл резервуарларды қолмен балқытылған балауыз массамен толтыру. Балауыз бен ыдыста бөгде қоспалардың болмауын сыртын байқап тексеру.

Білуге тиіс: түтінмен айдау ережесі, балауыздау сапасына және пештерді күкірттің күйігінен тазарту сапасына қойылатын техникалық талаптар, балауыз және оны ауыстырғыштардың қасиеті.

103. Тағам өнімдері мен ыдыс өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өнімдерін күкіртпен айдау жолымен өңдеу процесін жүргізу. Түтінмен айдауға арналған материалды дайындау. Түтінмен айдау камераларын толтыру және босату. Күкіртті жандыру, камераларға күкірт көміртегін жіберу. Камералардың герметикалығын қамтамасыз ету. Түтінмен айдау процесінің аяқталуын органолептикалық айқындау. Шығаратын желдеткіштерді іске қосу.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін күкіртпен айдаудың технологиялық процесі, өнімнің түрі мен сұрыбына байланысты түтінмен айдау кезінде күкірт шығыны нормалары, противогаздардың және басқа да қорғану айлабұйымдарының жұмыс істеу ережесі, түтінмен айдаудың сапасына қойылатын талаптар.

Технологиялық сыйымдылықтар мен ыдыстарды өңдеуші
104. Технологиялық сыйымдылықтар мен ыдыстарды өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Биологиялық ішкі тазалықты қамтамасыз ету үшін технологиялық сыйымдылықтарды, ірі резервуар қоймаларды және басқа да ыдыстарды өңдеу процесін жүргізу. түрлі технологиялық сыйымдылықтарды қолмен және арнайы машиналарда жуу, жібіту, булау. Ыдысты буформалинді қоспамен және басқа да антисептиктермен залалсыздандыру, аммиакпен газсыздандыру. Бөшкелерді, сыйымдылықтарды және басқа да ыдыстарды ыстық және суық және ыстық сумен, сілті және қышқыл ерітінділерімен, белсенді заттармен және антисептиктермен сыртқы және ішкі бетін жуу, тазарту, түтінмен айдау. Шайырлаудың дұрыстығын және қорғау қабаттарын бақылау. Шаятын суды таңдау. Алюминий сыйымдылықтардағы сыра тастарды алып тастау. Бөшкелерде бөгде иістердің болмауын тексеру, оларды жою. Резервуарлардың герметикалығын айқындау. Білтелер дайындау. Сыйымдылықтарды өлшеу жолымен, өлшегіштермен немесе басқа да өлшегіш аспаптармен өлшеу, өлшеу нәтижелерін жазып отыру. Ескі трафаретті, таңбаны алып, жаңасын жапсыру. Бөшкелерді жылжытып, өңдеу. Технологиялық сыйымдылықтардың түбін тазалау, ағарту, орынжайларды жинау және залалсыздандыру. Залалсыздандыратын ерітінділерді дайындау. Шканттарды, тығындарды өңдеу.

Білуге тиіс: технологиялық сыйымдылықтар мен ыдыстарды сумен, ыстық бумен жуу тәсілдері, ыдысты формалин және газ тәрізді формалин ерітіндісімен өңдеу ережесі мен тәсілі, сілтілерді, қышқылдарды қолдану тәртібі, жуатын, дезинфекциялайтын құралдарды дайындау және пайдалану тәсілдері, өлшеу аспаптарын, таразыларды, электр таңбаларын және басқа да айлабұйымдардың құрылымы және пайдалану ережесі, алюминий, темір, темір бетонды және ағаш ыдыстың ерекшеліктері мен өңдеу тәсілдері.

Бөтелке түсіретін және бөтелке қалайтын автоматтың операторы
105. Бөтелке түсіретін және бөтелке қалайтын

автоматтың операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыны, қаңылтыр бөтелкелерді, банкаларды және басқа да консерві, сүт, алкоголь және алкогольсіз өндірістердің ыдыстарын жәшіктерден (кәрзеңкелерден) түсіру және қалау автоматтарын басқару. Автоматтардың негізгі тораптарын байқау, тексеру және жұмысқа дайындау және желі құрамындағы олардың жұмысының үйлесуін қадағалау. Бос бөтелке, банка салынған ыдыстарды автоматтарға және жуу машинасына транспортер бойынша, бос жәшіктерді (кәрзеңкелерді) жәшік жуатын машинаға үздіксіз жеткізіп отыруды қамтамасыз ету. Бөтелкелерді, банкаларды тығындау сапасын бақылау және толтырылған бөтелкелерді, банкаларды жәшіктерге, кәрзеңкелерге қалау, жарамсыз бөтелкелерді, банкаларды шығару және оларды стандартты түрімен ауыстыру. Толтырылған жәшіктерді (кәрзеңкелерді) даяр өнім конвейеріне жылжыту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, бөтелке немесе банка жуатын машиналарды және құятын, өніммен толтыру автоматты транспортерлерді басқару және үйлесу жұмысын реттеу ережесі, қызмет көрсетілетін автоматтардың жұмысындағы кемшіліктерді жою жолдары, бөтелкелерге, банкаларға оларды сала отырып, тағам өнімдері өндірісі технологиясының негіздері және оларды жәшіктерге (кәрзеңкелерге) қалау ережесі, шыны ыдыстың сыну нормасының шегі.

Тағам өнімдері өндірісіндегі желілердің операторы
106. Тағам өнімдері өндірісіндегі желілердің операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағынды механизацияланған желілердегі даяр тағам өнімдері мен бұйымдарды жуу, құю, орау, безендіру, жинақтау, сақтау, қабылдау және орау, сыра ашытқысын дайындау технологиялық процесстің жекелеген операцияларын жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ықтимал ақаулықтарды жою тәсілдері.

107. Тағам өнімдері өндірісіндегі желілердің операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үшеуге дейінгі түрлі ағынды механизацияланған желілердегі (жартылай автоматтар) даяр тағам өнімдері мен бұйымдарды жуу, құю, орау, безендіру, жинақтау, сақтау, қабылдау және орау, сыра ашытқысын дайындау технологиялық процесті жүргізу. сыра ашытудың, жуатын, мөлшерлейтін, толтыратын, қалыптайтын, орайтын, тығындайтын, қалайтын, жиынтықтайтын, тасымалдайтын және басқа да автоматтарды, аппаратураны және механизмдердің үздіксіз жұмысын бақылау-өлшеу аспаптары және автоматиканың технологиялық режим параметрлері арқылы бақылау. Шикізат пен материалдардың шығын нормаларын сақтауды бақылау. Өнімнің сапасын түсіретін, ағынды механизацияланған желілер механизмінің жұмысындағы кемшіліктерді, желілердің өнімділігін төмендететін, шикізат пен материал шығыны нормаларынан асу себептерін анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге қабылдау және оны жөндеуге қабылдау.

Білуге тиіс: өнімдер мен бұйымдарды қыздыру, үрлеу, жуу, бөліп құю, безендіру, жиынтықтау және орау технологиялық процестерін ағынды механизацияланған желілерде жүргізу ережесі, шикізат түрлері және тағам өнімдерін әзірлеу рецептурасы, даяр өнімнің, тығындау орау және қосалқы материалдарға қойылатын талаптар, негізгі және қосалқы жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы.

108. Тағам өнімдері өндірісіндегі желілердің операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағынды механизацияланған және автоматталған желілерде тағам өнімдері өндірісі технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу. Даяр тағам өнімдері мен бұйымдарды жуу, құю, орау, безендіру, жинақтау, сақтау, қабылдау және орау, сыра ашытқысын дайындау процесін үштен артық ағынды механизацияланған желілерде қызмет көрсете отырып, жүргізу.

Білуге тиіс: кешенді механизацияланған және автоматталған желілерге қосылған автоматтардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылымы және қолдану принципі, даяр тағам өнімдері мен бұйымдарды жуу, құю, орау, безендіру, жинақтау, сақтау, қабылдау және орау, сыра ашытқысын дайындаудың технологиялық процесі және режимдері.

109. Тағам өнімдері өндірісіндегі желілердің операторы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кешенді механизацияланған және автоматталған желілерде тағам өнімдері мен заттар өндірісіндегі технологиялық процесті басқару пультінен жүргізу. Тағам өнімдері өндірісі үшін тағам өнімдері өндірісіне арналған компоненттерді есептеу. Негізгі және қосалқы жабдықты іске қосу және тоқтату. Ағынды-механизацияланған немесе автоматталған желілерге кіретін автоматтар мен аппаратураның үздіксіз және үйлестіру жұмыстарын, технологиялық режимін орындау автоматика құралдары, бақылау-өлшеу аспаптары арқылы қамтамасыз ету, белгіленген технологиялық режимнен ауытқудың алдын алу және себептерін жою. Орындалатын технологиялық процестің аяқталуын бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және химиялық талдау нәтижелері бойынша айқындау. Аталған өнім өндірісі кешеніне кіретін жекелеген операциялардың технологиялық процесті басқару және желілерде орындалатын жұмысты үйлестіру.

Білуге тиіс: тағам өнімдері өндірісінің технологиялық процесі және режимдері, шикізат түрлері, жартылай фабрикаттар мен даяр өнімнің рецептурасы, физикалық-химиялық қасиеті, басқару пультына орналастырылған аспаптардың құрылымы және қолдану принципі, аппаратураның, автоматтардың құрылымдары, коммуникациялардың тәсімдері, оларды пайдалану ережесі.

Тестер операторы
110. Тестер операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматталған желілердегі банкалардағы стерилденген тағам өнімдерінің герметикалығын бақылау процесін жүргізу. Тестерді жұмысқа дайындау. Герметикалығын тексеру бойынша желілерде стерилденген өнімі бар банкалардың біркелкі жіберілуін қадағалау. Автоматты желілердегі тестердің үйлестіру жұмысын қамтамасыз ету. Өнімі бар жарамсыз банкаларды анықтау, оларды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, қызмет көрсетілетін учаскеде консерві өндірісінің технологиясы, банкалардағы өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, банкалардың жарамсыздық түрлері, оларды табу және жою.

Жабдықты құрастыру және бөлшектеу тестерлеріне жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жоя отырып қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.

Орталықтандырылған жуу операторы


111. Орталықтандырылған жуу операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағынды кешенді-механизацияланған және автоматтандырылған желілерді басқару пультінен жуғыш ерітінділер кезектілігінде технологиялық жабдықты жуу процесін жүргізу. Жуу желілеріндегі бағдарламалағыш жұмысының үйлесуін және сұйықтықтың қозғалысы параметрлерінің сақталуын қадағалау. Жуғыш ерітінділердің концентрациясын айқындау. Клапанның көмегімен ауа жастықшаларын тексеру, оларды кәрізге түсуін болдырмау үшін ерітінділердің қайтуын бақылау, автоблоктауды механизациялауды бақылау. Технологиялық жабдықты жуу сапасын айқындау. Жуғыш ерітінділердің қызуын реттеу, коллектордағы тудың қысымын бақылау. Жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматиканың (бұдан әрі - БӨАжА) жұмысын бақылау. Технологиялық жабдықтарды жуу сапасының нашарлауына алып келетін себептерді уақытылы анықтау және жою. Қойылтылған жуу құралдарын қабылдау.

Білуге тиіс: жуғыш ерітінділердің құрамы және физикалық-химиялық қасиеті, жуғыш ерітінділерге және технологиялық жабдықты жууға қойылатын талаптар, жуғыш құралдардың шығыны нормалары, қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және пайдалану ережесі, қойылтылған ерітінділермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген тораптарын бөлшектеп және құрастыра отырып жекелеген сақиналанған учаскелер бойынша технологиялық жабдықты орталықтандырылған жуу процесін жүргізу кезінде – 4-разряд.

Бөшкелерді шайырлаушы


112. Бөшкелерді шайырлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі айлабұйымдарда, газ генераторлық аппараттарда немесе қолмен бөшкелердің ішкі бетін шайырлау процесін жүргізу. Шайырлау аппаратындағы ескі шайырды күйдіру, жинау және оны жою. Отынды (кокс, көмір) қолмен тиеу, отынды тұтату, жану режимін қадағалау, аппаратқа ауа жіберу. Шайырлау аппаратының түтіктеріне бөшкелерді домалату және орнату, аппаратты, шайырды және бөшкелерді қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ауа мен температураның жіберілуін реттеу. Бөшкелерге тығын саңылаулары арқылы ыстық шайырды сорғымен жіберу немесе шашу. Бөшкелерді айналып тұратын роликтерге орнату, бөшкелерді соларға домалату немесе қолмен айналдыру. Шайырланған бөшкелерді ауамен үрлеу, тығындау, тасу. Шайыр қайнататын қазандықтарда берілген рецептура бойынша шайырды қайнату. Отынды тасымалдау, қазандықтарға от жағу, от жанатын аппараттар мен жабдықтарды тазалау.

Білуге тиіс: бөшкелерді шайырлау режимдері мен технологиялық процестің параметрлері, реттеу ережесі, шайыр дайындау рецептурасы, бөшкелерді шайырлау сапасына қойылатын технологиялық талаптар, шайырдың жануының алдын алу тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, қызмет көрсетілетін аппарат пен жабдықты тазалау мерзімдері мен тәртібі.

113. Бөшкелерді шайырлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі бөшке-шайыр агрегаттарында бөшкелердің ішкі бетін шайырлау процесін жүргізу. бөшкелерді шайырлаудың температуралық режимін, олардың бөшке-шайыр агрегаттың жұмыс бөлігіне жіберілуін реттеу. Бөшкелердің шайырлану сапасын қадағалау. Жабдықты жұмысқа дайындау, ұсақ кемшіліктерін жою, тез тозатын бөлшектерін ауыстыру. Тез тұтанатын шайырлармен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Білуге тиіс: бөшкелерді шайырлау технологиясы, бөшкелердің шайырлану сапасын айқындау ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережесі, оның жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері, тез тозатын бөлшектерді ауыстыруға арналған жабдық тораптарын бөлшектеу ережесі, тез тұтанатын шайырмен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі.

Даяр өнімді безендіруші
114. Даяр өнімді безендіруші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Даяр өнімді безендіру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау. Салатын ыдыстың бетін дайындау, тазалау және сүрту. Флакондарынан тағылған хрусталь тығындарын кесу, флакондарға тығындарды салу, бұрандалы қалпақтарды қолмен бұрау, флакондарды желім пленкамен герметизациялау, флакондар мен банкаларды орау аппараттарына жіберу және басқа да қосалқы жұмыстар. Сыртқы және басқа да пыждарды металл және пластмасса қалпақтарға қою. Қол пуансонымен нығыздау. Жарамсыз қалпақтарды және пыждарды шығарып тастау.

Білуге тиіс: даяр өнімнің, пыждардың және қалпақтардың әрбір өнімнің атауы бойынша қалыбы, өлшемі және түсі бойынша түр-түрі.

115. Даяр өнімді безендіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Даяр, оның ішінде сыйлық және мерейтойға арналған өнімдерді көркем безендіру жөніндегі жұмыстар кешенін орындау. Белгіленген суреті, қалыбы, өлшемі бойынша өнімді қағаз қондырмамен, бордюрлармен, кестемен, астарлармен әрлендірілген немесе жібек, барқыт және басқа да материалдармен көмкерілген декоративті ыдысқа қалау. Даяр өнімді сұрыбы, түсі, салмағы, өлшемі, қалыбы бойынша іріктеу. Түрлі конфигурациядағы банттарды байлай отырып белгіленген қалыбы бойынша қораптарды, пачкаларды, флакондарды ленталармен, тоқыма баулармен, галундармен байлау. Сәулелі экрандарда ликер-арақ, парфюмерлік-косметикалық және басқа да сұйықтықтардың мөлдірлігін, вакуум камераларда - герметикалығын тексеру. Қораптарға, пачкаларға, флакондарға, бөтелкелерге көркем безендірілген бандерольдар немесе белдеушелер, кольереткалы этикеткалар жабыстыру. Фольгамен әрлеу. Қатты иіссуларды, ерін далаптарын безендіру. Консервілі банкаларды қолмен этикеткалау. Қаңылтыр банкалар мен шыны банкалардың қақпақтарының бетін қолмен тотқа қарсы майламамен майлау.

Білуге тиіс: даяр өнімнің арналуына байланысты безендіру жолдары мен тәсілдері, даяр өнімнің аталған түріне мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.

116. Даяр өнімді безендіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Экспортқа арналған даяр өнімді, өнімді көркем безендіру жөніндегі жұмыс кешенін немесе көрмеге арналған жаңадан шыққан даяр өнімнің үлгілерін жасау. Флакондарды қолмен күрделі конфигурациялы шыны тығындармен тығындау. Флакондардың аузын бекітетін автоматта қызмет көрсету. Консервілі банкаларды машинада этикеткілеу. Қаңылтыр банкалардың бетін және шыны банкалардың қақпақтарын машиналарда тотқа қарсы майламамен майлау.

Білуге тиіс: даяр өнімді көркем әрлеу, қалау, орау тәсілдері, даяр өнімді безендіруге қойылатын талаптар.

117. Даяр өнімді безендіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кәдесыйлық орындауда шоколад жиынтықтарын көркем безендіру жөніндегі жұмыс кешенін орындау. Қант сықпалы, желелік, ликерлік, жаңғақты немесе басқа да салмалы түрлі кәмпиттерді пішіні, өлшемі, әрі бойынша бір қорапқа қалау. Декоративтік салфеткаларды, ауа төсемдерін және безендірудің түрлі заттарын пайдалана отырып, полимерлік материалдан жасалған ұяшықтарға кәмпиттерді көркемдеп қалау.

Білуге тиіс: сувенирлік орындалған өнімді көркем рәсімдеу тәсілдері, жолдары және әдістері, безендірудің мемлекеттік стандарттарына және техникалық шарттарына қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдары және пайдалану ережесі, оның жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері.

Тағамдық майды балқытушы
118. Тағамдық майды балқытушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті тағамдық майды балқытушының басшылығымен түрлі жүйедегі аппараттарда, қазандықтарда және құрылғыларда балықтың, теңіз аңдары мен мал майының шикі майынан май шығару процесін жүргізу. Қайнату жабдығын шикі мал майымен толтыру. Қазандықтарды қыздыру және от жағу. Даяр майды қабылдауға тұндырғыш сыйымдылықтарды және май қоймаларын дайындау. Тұндырғыш сыйымдылықтарға мал майын құю және айдау. Шкварларды босату, тұндырғыштардан майды жіберу. Қайнату жабдығын үрлеу, жуу және булау.

Білуге тиіс: май шығаруға түсетін шикізаттың түрлері, май шығарудың технологиялық режимдері, жабдықтарды және коммуникациялардың құрылымы және қызмет көрсету ережесі.

119. Тағамдық майды балқытушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі аппараттарда, қазандықтарда және құрылғыларда мал майын алу процесін жүргізу. майды қабылдау, өлшеу. Майы бар бөшкелерді балқыту камераларына домалатып әкелу. Бөшкелердің тесік бөліктерінен саңылау тесу, оларға форсункалар орнату және камераға бу жіберу. Тұндырғыш бактарға даяр майларды құю. Балқыту камераларынан бос бөшкелерді түсіру және оларды штабельге орнату. Майға арналған тез бөлшектенетін сүзгілерді тазалау. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша будың жіберілуін, камералардағы температураны және қызу уақытын реттеу.

Білуге тиіс: майды қыздыруға түсетін шикізаттың негізгі қасиеттері мен түрлері, шикізаттың түріне байланысты майды қыздырудың технологиялық процесі негіздері мен реттеу тәсілдері, бу, су коммуникациялары мен май құбыржолдарының тәсімі.

120. Тағамдық майды балқытушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі аппараттарда, қазандықтарда және құрылғыларда балықтың, теңіз аңдары мен мал майының шикі майынан май шығару процесін жүргізу. шикі майды қабылдау, оларды ластанудан тазалау, шаю, майлы емес кесіктерді шығару. Уатқыштарда уату немесе майдалау. Шикізатты механикалық тиеу. Центрифугада, сығымдағышта немесе ротациялық сүзгілерде сусыздандыру, ағарту. Даяр майды құю (айдау). Шкварларды, сүйектерді түсіру. Шкварларды өңдеу (сығу, қуыру және тағы басқа) сүйектерді қайта өңдегіштерге жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қыздыру процесінің технологиялық режимін реттеу. Сапаны химиялық талдау және шикі майдан даяр өнімнің шығымы нәтижелері бойынша бақылау.

Білуге тиіс: майды қыздырудың технологиялық процесі және шикізаттың түріне байланысты режимдерді реттеу тәсілдері, бу, су коммуникацияларын және май құбыржолдарын басқару құрылымдары мен тәсімдері, қызмет көрсетілетін аппараттарда жұмыс ережесі, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Тағамдық шикізат және материал дайындаушы
121. Тағамдық шикізат және материал дайындаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жәшіктерді, қаптарды, банкаларды ашу. Шикізаттарды, материалдарды қолмен елеу, сұрыптау. Бактарда, күбілерде, бұлауларда және тағы басқа шикізат пен өнімді сумен немесе жуғыш ерітінділермен шаю. Еленген және сұрыпталған өнімді немесе материалды ыдысқа салу. Шикізатты, материалды өндіруге дайындау орындарына және сақтау орындарына тасымалдау. Қалдықтарды тарту, жинау. Стандартты емес және ылғал ыдысты шығарып тастау. Ыдысқа қағаз төсеу. Електерді тазалау.

Білуге тиіс: орындалған операциялар бойынша жұмыс тәртібі, жолдары және мазмұны, өндірісті дайындауға түсетін тағамдық шикізат пен материалдың түрлері, орындалатын операциялар бойынша жұмыстың сапасына қойылатын талаптар.

122. Тағамдық шикізат және материал дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды қолмен және айлабұйымдардың, жабдықтардың, машиналардың көмегімен дайындау. Көкөністерді, жемістер мен тамыр жемісін тазарту және аршу, сабағын, тамырын, тамырындағы сырғалықтарды, шыбықтарын кесу, жемістердің жұмсағын сүйегінен айыру, қабығын ашу. Стандартты емесе және піспеген көкөніс пен жемісті іріктеп шығару. Көкөніс пен жемісті арнайы түйрегіштермен және машиналарда түйреу. Капуста кочандарының өзектерін тесу станоктарында тесу. Түрлі қыздырғыштар арқылы тағамдарды қыздыру. Мұздатылған малдың ішек-қарынын стеллаждарға немесе жібітуге арналған үстелдерге қалау. Өнімнің ластануын толық кетіргенше бұлауларда жібіту, шаю, оларды дайындау және қышқыл немесе сілті қосып сумен толтыру. Өңдеу процесін қадағалау. Машиналарда және түрлі жүйедегі механизмдерде өнімді немесе материалды елеу. Жабдықтың біркелкі тиелуін қамтамасыз ету. Шикізат пен өнімді сумен немесе жуғыш ерітінділермен түрлі жүйедегі жуу аппараттарында, жуу машиналарында жуу. Өнімдерді түрлі металл қоспалардан оларды желілік және дербес магнит кедергілер, электр магнитті сепараторлар және магнит колонкалар мен арбалар арқылы ұстау және алу жолымен тазарту процесін жүргізу. Тазалауға түсетін өнімнің жылдамдығы мен қабатының қалыңдығын реттеу. Құрылғыларды, магнит қорғағыштардың магниттерін және металл жиынтықтарын қолмен тазалау. Металл қоспаларды құрастыру және апару. Электр магнитті құрылғыларды іске қосу және ажырату, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. өнімдерді, шикізаттарды, материалдарды одан кейінгі қайта өңдеуге жіберу. Қызмет көрсетілетін механизмдерді іске қосу, тоқтату, бөлшектеу, құрастыру, тазалау және майлау. Бу машинасында қағаз бен этикеткасын ылғалдау. Ыдысқа төсеуге қағазды кесу, қағаз кесетін машинаның жұмысын реттеу. Жұмыртқаны шаю, ақуызы мен сарысын ажыратпай стандартты еместерін қолмен іріктеу арқылы жару. Миндальді және басқа да жаңғақтарды жидіту, қабығын ажырату, қара өрікті және басқа да кептірілген жемістерді жібіту, жұмсағын сүйегінен айыру. Шикізатты, материалдар мен ыдысты дайындаудың басқа да жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қолданылатын машинаның, айлабұйымдардың және механизмдердің құрылымы, қызмет көрсету және реттеу ережесі, өңделетін шикізаттың, материалдардың, өнімнің шекті шығынын және қалдығының түрі және сұрыптары, көкөніс пен жемісті тазалау және жарамсызын шығару ережесі, ыдысқа және транспортерге қалау ережесі, өңделетін шикізатты жібіту, сулау, шаюдың технологиялық режимдері, қажетті концентрациядағы ерітінділерді әзірлеу ережесі, түрлі өнімдерді қыздырудың температуралық режимдері, будың қажетті қысымы, ыдыстарды қысыммен пайдалану ережесі, көкөніс пен жемісті сілтіден тазарту және сілтіден шаю ережесі, магнитті құрылғыларға өнімді жіберудің кезектілігі, өңделетін шикізаттың сапасына қойылатын талаптары.

123. Тағамдық шикізат және материал дайындаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ет өнімдерін, балықты, теңіз өнімдерін және басқа да тағамдық шикізатты мұзынан жібітуге дайындау және жібіту процесін жүргізу. санаты, сұрыбы бойынша сұрыптау және жібу камералары бойынша бөлеу. Мұзының жібуін қадағалау. Қашықтықтан басқарылатын жуу агрегаттарында тағамдық шикізат пен материалды жуу және тазалау процесін жүргізу. жұмыртқаны механизацияланған тәсілмен өңдеуге даярлау: шаю, калибрлеу, жару, араластыру. Меланжды арнайы сыйымдылықтарға жинау. Стандартты емес жұмыртқаларды іріктеу. Меланжды сақтауға немесе кейінгі өңдеу сатыларына жіберу. Жабдықты кезеңімен тазалау және шаю. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Тағамдық шикізат пен өнімнің қажетті талдауларын жүргізу.

Білуге тиіс: тағамдық өнімдер мен шикізаттарды жібіту технологиясы мен режимдері, тағам өнімдерін жібітуге дайындау ережесі, ет өнімдерінің, балықтың және теңіз өнімдерінің санаттары, оларды санаттары бойынша сұрыптау ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықты қашықтықтан басқарудың принципиалды тәсімі, жұмыртқаны өңдеу және дайындауға арналған жабдықтың жұмыс принципі, меланжға қойылатын талаптар, шығынның шекті нормалары, қызмет көрсетілетін жабдықты шаюға және тазалауға қойылатын талаптар.

Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы
124. Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Цитрус жемістердің шырынын айналып тұратын конуста сығу. Шырынды толық шығаруды және оның ағуын қадағалау. Қалдықтарды жою, айналып тұратын конусты жуу және сүрту.

Білуге тиіс: цитрус жемістерден шырын шығару ережесі, айналып тұратын конустың жұмыс принципі.

125. Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі нығыздағыштарда ылғалды сығу әдісімен тағам өнімдерін сусыздандырудың технологиялық процесін жүргізу. тасымалдайтын құрылғылардың нығыздағыштарына шикізат жіберу. Бастапқы ылғалдығына байланысты тағам өнімдерін сығу режимінің аяқталу уақытын айқындау. Суы алынған өнімді түсіру. Түрлі жүйедегі қолмен нығыздағыштарда шырынды сығудың технологиялық процесін жүргізу. уатылған массаның жиынтығы және нығыздағышты қолмен босату. Массаны нығыздау. Массаны нығыздау процесінде араластыру, нығыздағышты қолмен босату. Шырынды, сорпаны сыйымдылықтарға құю. Жабдықты іске қосу және тоқтату, оның жұмысындағы кемшіліктерді жою. Қызмет көрсетілетін нығыздағыштарды тазалау, жуу және майлау.

Білуге тиіс: нығыздау және суын алудың технологиялық режимдері, жіберілетін шикізаттың түрлері мен қасиеттері, нығыздағаннан кейін даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар, түрлі шикізаттан шырынның шығу нормалары, нығыздағыштар мен тасымалдайтын құрылғыларды реттеу ережесі.



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау