Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


Параграф 4. Ұшу аппараттарының радио және арнаулы жабдықтарын монтаждаушы, 6-разряд



жүктеу 4,16 Mb.
бет7/19
Дата09.01.2018
өлшемі4,16 Mb.
#7237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Параграф 4. Ұшу аппараттарының радио және арнаулы жабдықтарын монтаждаушы, 6-разряд

256. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі радиолокациялық және тану жүйелерін монтаждау;

байланыс және радио навигациялық жабдықтарды тексеру бойынша жетілдіру жұмыстарын орындау; оның ақаулықтарын анықтау және жою;

бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғылардың көмегімен радио навигациялы жабдықтарын тексеру және теңшеу;

жөнделген жоғары жиілікті кабельдердің қума және шағылысқан толқындардың толқындық кедергі - коэффициенттері аспаптарының көмегімен жүйелердің электр магниттік сыйымдылығын тексеру;

бортты есептеуіш жүйелердің блоктарын демонтаждау;

радио биіктік өлшегіштерін және ұшақтағы сөйлесу құрылғыларын тексеру бойынша жетілдіру жұмыстарды орындау;

радиолокациялық және тану жүйелерінің монтаждау және демонтаждау;

өлшеу аспаптарының көмегімен кабельдердің электр бұрауларын сылдырату;

техникалық құжаттаманы толтыру және рәсімдеу.

257. Білуге тиіс:

ұшақты сөйлесу құрылғыларының жетілдіру жұмыстарының технологиясы;

радиолокациялық жабдықтар мен тану жүйелерінің монтаждау жұмыстарының технологиясы;

электр бағандарының аэродромды қоректендіру көздерінің құрылғысы, қызмет принципі және пайдалану ережесі;

байланыс жабдықтарының және ұшақтағы сөйлесу құрылғыларының қызмет принципі және пайдалану ережесі;

радио байланыс және радионавигациялық жабдықтардың принципті тәсімі көлемінде, радиолокациялық жабдықтардың функционалдық тәсімі көлемінде қызмет принципі;

радио биіктігін өлшегіштерінің ұқсағыштарын пайдалану ережесі;

техникалық құжатты рәсімдеу ережесі;

сертификатталған бұйымдарға қойылатын талаптар, радиотехника мен электр техника негіздері.

258. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

259. Жұмыс үлгілері:

1) жабдықтардың блоктары, толқынды тракттар, антенналар, жүйелердің таратып-бөлгіш қораптары – монтаждау;

2) ұқсатқыштар - монтаждау, сынау;

3) қараңғы қондыру жүйелерінің радиоаппаратурасы – ұшу аппараттарды монтаждау, бақылау-өлшеу аппараттары бойынша сынау, монтаждаудың анықталған ақауларын жою;

4) аспаптары бар радиостанциялар – тексеру;

5) аспаптары бар радио биіктікті өлшегіштер – тексеру.


Параграф 5. Ұшу аппараттарының радио және арнаулы жабдықтарын монтаждаушы, 7-разряд

260. Жұмыс сипаттамасы:

бортты есептеуіш машиналар мен радиотехникалық кешендерді монтаждау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен радиолокациялық жабдықтарды және тану жүйелерін жетілдіру, анықталған ақауларды жою;

радиостанцияның жабдықтарын реттеу, арналарды теңшеу және оның эфирдегі жұмысын тексеру;

беруші градуирлеуді тексеру;

белгіленген жабдықтардың параметрлерін өлшеу;

арнаулы мақсаттағы радио жабдықтарды, ұшу зертханаларды, ретрансляторларды, ауа класстарын, штурман класстарын монтаждау;

РЭО жаңа жүйелерін орнату бойынша жетілдірулерді орындау;

арнаулы пульттерді пайдалана отырып, берілген бағдарлама бойынша электронды шағын процессорларлы блоктардың есте сақталатын құрылғыларын бағдарламалау;

кабельді желілер үшін күрделі плазалар, күрделі аспаптарға және әр түрлі жүйедегі станцияларға шаблондар жасау.

261. Білуге тиіс:

байланыс және навигациялы жабдықтардың жетілдіру және сынау жұмыстарының технологиясы;

радиотехникалық кешендер мен бортты есептеуіш машиналарды монтаждау технологиясы;

радионавигациялық жабдықтарды және тану жүйелерін тексеру әдістемес;

радиостанциялардың қабылдағыштары мен таратқыштарын теңшеу және олардың параметрлерін өлшеу ережесі;

радионавигациялық және радиолокациялық жабдықтардың ұшу аппараттарының басқа да жүйелерімен өзара әрекеттесу ережесі;

радионавигациялық және радиолокациялық жабдықтарды тексеруге арналған бақылау-өлшеу аппаратураларының міндеті және құрылғысы;

принципті тәсімдер көлемінде радиолокациялық жабдықтардың қызмет принципі;

әр түрлі микропроцессорлы кешендер базасында құрылғылардың жұмыс істеу принциптерінің негізі;

микропроцессорлық блоктарды бағдарламалау және есте сақтау құрылғыларында жазу тәсілдері;

микропроцессорлық блоктарды теңшеу әдістемесі және ЭЕМ персоналдық пайдалану жүйелері;

радиостанциялардың монтажды - фидерлік тәсімдері;

телемеханика жүйелерін теңшеу принципі.

262. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

263. Жұмыс үлгілері:

1) орталық процессордың аспаптық платы – қызметін тексеру, адрестік шиналардың электрлік сигналдарын және шина деректерін тексеру;

2) аэрофототүсірілім жүйелері – сызба және монтажды тәсімдер бойынша монтаждау;

3) радиодатчиктердің жүйелері – токқа қосылу кезінде өңдеу;

4) ГАММА аппаратурасы базасында ақпараттарды жинау және өңдеу жүйесі;

5) «Қараңғы қондыру» типтегі станция – баптау, реттеу, теңшеу, радиолокациялық көздеулерді суықтай атып сынау, анықталған ақауларды жою, функциялауға тексеру.

Параграф 6. Ұшу аппараттарының радио және арнаулы жабдықтарын монтаждаушы, 8-разряд

264. Жұмыс сипаттамасы:

электронды аппаратура үлгілерін, блоктары мен аспаптарын, өлшеу жүйелерін кешенді баптау, пайдалануға тапсыру, микропроцессорлы техниканы және перифериялы жабдықталған дербес ЭЕМ қолдана отырып, ұшу аппараттарды басқару және радио жабдықтау;

ұшу аппараттарда бортты есептеуіш кешендерді, радио жабдықтардың жиынтықтарын жетілдіру, радиостанциялардың эксперименталды үлгілерін, арнаулы электронды аппаратураны, эскиздер және конструктордың нұсқауы бойынша күрделі блоктар мен аспаптарды монтаждау;

байланыстың талшықты оптикалық желілерінде ақауды іздеу және жою;

техникалық шарттарға сәйкес токпен лазерлік жабдықтарды өңдеу;

құрастырылатын аппаратурада конструктивтік, технологиялық және пайдалану кемшіліктерін диагностикалау және анықтау;

ұшу - сынау станцияларында және ауада күрделі радио жабдықтарды жетілдіру.

265. Білуге тиіс:

радионавигациялық және радиолокациялық жабдықтардың күрделі жүйелерін, тану жүйелерін жөндеудің, жетілдірудің және реттеудің технологиясы;

бақылау-өлшеу аппаратурасы мен ұқсатқыштарды сынау технологиясы;

құрастырылатын жабдықтардың барлық кешенін теңшеу, реттеу әдістері;

өлшеу жүйесін түзудің негізгі принциптері, микропроцессорлық техника мен дербес ЭЕМ пайдаланып, ұшу аппараттарды басқару және радио жабдықтау;

микропроцессорлық техника мен дербес ЭЕМ пайдаланатын блоктарды, аспаптарды және жүйелерді баптау және ақауларын іздеу бойынша объектімен жанасудың принципті құрылғысы;

бапталатын жабдықтарда пайдаланылатын бағдарламалаудың негізгі тілдері;

автоматтық басқарудың негізгі заңдары;

қорытынды тексерулер мен үлгі және полигон жағдайлары кезінде зауыт жағдайларында радио жабдықтардың кешенін сынау ережесі;

бортты есептеуіш кешендермен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық.

266. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

267. Жұмыс үлгілері:

1) электронды-радиолокациялық, тәжірибелі аппаратура (жетекші, бақылаушы) – техникалық шарттарға, нұсқауларға сәйкес параметрлерді теңшеу және толық жұмыстау және жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру;

2) байланыстың талшықты-оптикалық желілері – монтаждау және жұмыс істеуін тексеру;

3) ұқсас сигнал ұқсатқыштары – кешенді тексеру және кешенді сигналдарды тіркеу жүйесінің актісі бойынша тапсыру;

4) жинау жүйесі және ақпаратты өңдеу – басып шығаратын құрылғыны теңшеу, тестерді айдамалау.


16. Тензорезисторларды монтаждаушы


Параграф 1. Тензорезисторларды монтаждаушы, 2-разряд
268. Жұмыс сипаттамасы:

тензорезисторларды монтаждау үшін сымдарды, бұрауларды, кабельдерді, клеммниктер мен ажыратқыштарды даярлау;

тензорезисторлардың шығарушы сымдарын екі, төрт қадалықты клеммниктерге дәнекерлеу;

клеммниктерді бекіту;

бөлшектерде, конструкцияларда және табиғи объектілерге жалғастырғыш кабельдерді төсеу;

тензорезисторлар бөлшектерінің бетін монтаждауға алдын ала даярлау (тазалау, жуу, майсыздандыру және тағы басқа);

нұсқаулық бойынша флюстарды даярлау;

сымдарды дәнекерлеумен жалғастыру.

269. Білуге тиіс:

сымдардың, кабельдердің, ажыратқыштардың, желімдердің, еріткіштердің, дәнекерлегіштердің маркалары;

бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

сымдарды дәнекерлеу технологиясы.

270. Жұмыс үлгілері:

1) динамометрлер, қысым датчиктері – тазалау, жуу, дымқылдан қорғағыш жағындыларды жағу;

2) жалғастырғыш кабельдер – профилактикалық жөндеу.

Параграф 2. Тензорезисторларды монтаждаушы, 3-разряд


271. Жұмыс сипаттамасы:

зертханалық жағдайда бір-екі компонентті өлшеу құрылғыларына және табиғи объектілердің жекелеген агрегаттарына тәсім бойынша монтаждау, жарық датчиктерін, босаңсыған датчиктерді жапсыру;

тензорезисторларды дәнекерлеумен монтаждау және күрделі емес өлшеу тәсімдерінен дәнекерін қопару;

термостаттарда немесе пештерде ысттықтай кептіру желімдерін қолдана отырып, динамометрлі және термоберік тензорезисторларды, алдын ала жағылған және термоөңделген лак қабатына тензорезисторларды жабыстыру;

тензорезисторларға ылғалға төзімді жағындыларды жағу;

тензорезисторларды тәсімдер бойынша қол жетімді жерлердегі объектілерге монтаждау.

272. Білуге тиіс:

тензорезисторлардың, жарық датчиктерінің, босаңсыған датчиктердің міндеті және жұмыс істеу принципі;

ақпаратты электрондық өлшегіштің жұмыс істеу принциптері;

айнымалы және тұрақты токтардың электр техникасының негіздері;

электрлік шамалар туралы негізгі мәліметтер;

бөлшектерді, аспаптарды орнату ережесі және оларды жалпы тәсімге қосудың жүйелілігі;

датчиктердің зақымдануын айқындау тәсілдері;

қолданылатын ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың технологиялық және электрлік қасиеті;

кестелерді түзе отырып, деформацияның шамасын жазу және өлшеу тәртібі;

пайдаланылатын монтаждау құралдарын, құрылғыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану міндеті және шарттары.

273. Жұмыс үлгілері:

1) қысым датчиктері – тензорезисторларды жабыстыру және монтаждау;

2) тіксызықты контурлардың бөлшектері – дірілді стендте сынауға арналған тензорезисторларды монтаждау;

3) ұшу аппараттар қанаттарының панельдері – зертханалық жағдайда тензорезисторларды жабыстыру және монтаждау;

4) тензорезисторлар – бір компоненті өлшеу құрылғыларында жабыстыру және монтаждау.

Параграф 3. Тензорезисторларды монтаждаушы, 4-разряд


274. Жұмыс сипаттамасы:

үш компонентті өлшегіш құрылғыларда тәсімдер бойынша тензорезисторларды монтаждау және жабыстыру;

тәсімдердің дәнекерін қопару, аспаптарды, тораптарды немесе тәсім бөліктерін одан әрі реттей отырып ауыстыру;

өлшеудің көп нүктелі жүйесі кезінде коммуникациялық құрылғыларды монтаждау;

алаң шарттарында тензорезисторларды және жарық әрі босаңсу датчиктерін, үлгі және табиғи объектілерде қылдың 1 мм артық ілеспе қадамымен көп қылды датчиктерді монтаждау және жабыстыру;

кернеу диаграммасын түсіру және серпімділік модулін айқындау;

өлшегіш блоктарды қорытынды сынау;

табиғи объектілерді статикалық, динамикалық және климатикалық сынауларға дайындау.

275. Білуге тиіс:

тензорезисторлардың негізгі өлшегіш сипаттамалар;

тензометрлік, өлшеу және жазу аппаратурасын монтаждау тәсімдері,

құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

амплитуданы және діріл жиілігін өлшеу тәсілі;

сымдарды дайындауға, төсеуге қойылатын техникалық талаптар және тензометрлік әрі жазу аппаратурасын монтаждау;

монтаждау тәсімдерін түзу принциптері;

сыналатын бұйымдардың жұмыс істеу шарттары.

276. Жұмыс үлгілері:

1) қуатты балкалар – тензорезисторларды монтаждау;

2) қанаттар, фюзеляждар – тәсім бойынша тензорезисторларды жабыстыру және монтаждау;

3) ток түсіру құрылғылары – монтаждау.

Параграф 4. Тензорезисторларды монтаждаушы, 5-разряд
277. Жұмыс сипаттамасы:

монтаждау аймағын сырттай бақылау үшін қосымша құралдарды қолдана отырып, табиғи объектілерде қол жетуі қиын жерлерде тензорезисторларды (тензодатчиктер) шағын габаритті құрылғыларға монтаждау;

көп компоненті прецизиялы динамометрлік құрылғылардың берік бөренелеріне тензорезисторларды, әр түрлі температуралық режим кезінде статикалық және динамикалық сынауларды жүргізу үшін әр түрлі типті сым тензорезисторларды жабыстыру;

өлшеу тәсімдерінде тәсімдерінде ақауларды анықтау және жою;

«Беріктік», «Ресурс» «Бимс», СИД және ЦВС типтік автоматты өлшеу жүйелерінің көмегімен авиациялық техниканың тәжірибелі бұйымдарында деформацияны және температура өрістерін көп нүктелі өлшеуге арналған тәсімдерін монтаждау.

278. Білуге тиіс:

тиісті қолданылатын аппаратура үшін монтаждау тәсімдерін таңдау шарттары мен ережесі;

тензорезисторлардың қолданылатын типтердің сипаттамасын айқындау тәсілдері:

монтаждау тәсілі мен сапасының өлшеудің дәлдігі мен сенімділігіне әсері;

динамометрлік құрылғылар үшін конструкциялардың жекелеген элементтерінің жұмысы туралы негізгі мәліметтер.

279. Жұмыс үлгілері:

1) тензорезисторлар – цифрлық көпірлердің көмегімен топтық теңгеру;

2) тензорезисторлар – көп компоненті прецизиялы динамометрлік құрылғылардың элементтеріне жабыстыру және монтаждау.

Параграф 5. Тензорезисторларды монтаждаушы, 6-разряд


280. Жұмыс сипаттамасы:

арнаулы тензодатчиктер мен аппаратуралардың көмегімен жарықтардың таралу жылдамдығын айқындау және өлшеу үшін авиациялық техниканың тәжірибелі және сирек кездесетін бұйымдарына тәсімдерді монтаждау;

арнаулы шағын клеммниктер мен ажыратқыштарды пайдалана отырып өлшегіш тәсімдерді, әр түрі термокомпенсациясы бар тәсімдерді монтаждау;

массалық өлшеуге арналған тәсімдерді теңгеру;

өлшегіш тәсімдерге шағын базалы тензорезисторларды, бір негіздегі шағын өлшегіш көпірлерді жабыстыру және монтаждау.

281. Білуге тиіс:

конструкция элементтерінің және көп компонентті динамометрлік құрылғылардың құрылғысы және қызмет принципі;

автоматты өлшеу жүйесіне кіретін аспаптардың міндеті;

тензорезисторларды жасау және монтаждау үшін қолданылатын материалдардың қасиеті және оларға қойылатын талаптар;

температура әсерінің монтаждау шарттарына айқындау ережесі, термокомпенсация тәсілдері;

қолданылатын барлық датчиктердің сипаттамасын айқындау әдістемесі.

282. Жұмыс үлгілері:

1) жарық датчиктері – жабыстыру және монтаждау;

2) тензорезисторлар – термокомпенсациямен тәсімдер бойынша жабыстыру;

3) шағын базалық және шағын көпірлердің тензорезисторлары – күрделі және тәжірибелі бұйымдарын жабыстыру және монтаждау.

17. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы
Параграф 1. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 2-разряд


283. Жұмыс сипаттамасы:

ұшу аппаратуралардың күрделі емес электр жабдықтарын монтаждау және демонтаждау;

жоғары жиілікті кабельдер мен қуатты сымдарды жасау кезінде дайындық жұмыстарын орындау: электр бұрауларды дайындау, таңбалау, жапқыштарды орнату, тазалау, оқшаулау, жуу, ұштардың шеттерін бітеу және тағы басқа;

электр сымдардың барлық маркасын қимасын өлшеу және айқындау, штепсельдік ажыратқыштарды электр агрегаттарына қосу, оларды контрлау және пломбылау;

термотөзімді электр сымдардан жасалған электр бұрауларды төсеу және бекіту, аккумуляторларды монтаждауға қол жетімді жерлерге орнату және бекіту;

жоғары білікті ұшу аппараттар электр жабдықтарын монтаждаушының басшылығымен фидерлі тәсімдерді сылдырату және оқшаулардың кедергілерін тексеруге қатысу.

284. Білуге тиіс:

монтаждау және демонтаждау жұмыстардың технологиясы және күрделі емес электр жабдықтарын монтаждауға, демонтаждауға қойылатын техникалық талаптар;

сымдардың маркалары және қималары, олардың номенклатурасы, механикалық және физикалық қасиеттері;

монтаждау тәсімі бойынша шығарылатын бұрауларды жазу және байлау тәсілдері;

стандартты электр өлшегіш аспаптардың міндеті және пайдалану ережесі;

электр техника және материалтану негіздер;

қарапайым монтажды және жартылай монтажды электр тәсімдер және олармен жұмыс істеу ережесі.

285. Жұмыс үлгілері:

1) электр бұраулар және кабельдер – төсеу және бекіту, кесу және ұштарын тазалау;

2) клемма қалыптары – ауыстыру;

3) контакторлар, сигнал беру лампалары, жарық бергіш патрондар, реостаттар – орнату және бекіту;

4) автоматика өораптары, май радиаторларының қалқалағышы, триммерлер, басқару рульдері – электр агрегаттар мен электр бұрауларды демонтаждау;

5) БАНО, АНО оттары, электр жабдықтарын бекіту тұғырықтары, жеке және жалпы жарықтандырудың қалқаншалары – орнату және бекіту;

6) ШР типтік ажырағыштар – құрастыру және бөлшектеу, ажырату және өшіру;

7) электр жетектер – кабинаның ашық учаскелерінде және ұшақтың техникалық отсектерінде демонтаждау.

Параграф 2. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 3-разряд
286. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа электр жабдықтарын монтаждау;

ұштаманы бітеп және штепсельді ажыратқыштарды дәнекерлеп күрделілігі орташа электр бұрауларды жасау;

5-6 өлшемі бар электр бұраулардың электр монтажды тәсімдері бойынша жасау;

нормаларға және электр монтаждау тәсімдеріне сәйкес электр бұрауларды бөлшектеу және қосу;

кабельдер мен бұрауларды орталық таратқыш құрылғыларға, аспаптарға және электр агрегаттарға төсеу;

күрделілігі орташа электрлік бұрауларды дайындау;

электр өткізгіштерді, электр бұрауларды, жалғастырғыштарды таңбалау, жиектеу;

жер үстіндегі жабдықтар үшін ажыратқыштарға электр бұрауларды дәнекерлеу;

сымдарды ажыратқыштарға, контакторларға, сигнал беру және жарықтандырғыш аппаратураларға дәнекерлеу;

күрделілігі орташа электр бұрауларды демонтаждау;

электрмен өлшеу аспаптардың көмегімен ұшу аппараттарының қосу және мұздатуға қарсы жүйелерінің электр өткізгіштерінің жағдайын айқындау.

287. Білуге тиіс:

герметикаланған отсектерде электр жабдықтарды монтаждау және демонтаждау технологиясы, аталған жұмысты орындауға қойылатын техникалық шарттар;

электр өткізгіштерін оқшаулау кедергілерін тексеру ережесі;

қарапайым өлшегіш және монтаждау аспаптарының құрылғысы және қызмет принципі;

металл коррозиясының процессі, оның пайда болу себептері және сақтандыру тәсілдері;

аэродромды қоректендіру көздерін пайдалану ережесі;

құрастырылатын электр жабдықтарын жетілдіру жөнінде қолданыстағы нормативтік құжаттар;

сызбаларды және электр жүйелерін сызу ережесі;

электр техника және материалтану негіздері.

288. Жұмыс үлгілері:

1) электр желілерді қорғау автоматтары – түйістіру;

2) автоматика қораптары – монтаждау;

З) қуатты және басқарушы реле – монтаждау және қосу;

4) кабиналарды ішкі жарықтандыру фаралары – монтаждау және қосу; 5) қуатты қондырғылардың электр бұраулары – демонтаждау;

6) электр бұраулар – этажеркаларға салу, ернелеу, бекіту;

7) кабина және шыныларды қыздыру электр жабдықтары – монтаждау және сымдарды төсеу.

Параграф 3. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 4-разряд


289. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай монтаждау тәсімі бойынша электр аспаптар мен электр агрегаттарды аспаптық тақтаға, пульттерге, ажыратқыш қораптар мен қалқаншаларға монтаждау;

эталондар, электр монтаждау тәсімдері және сызбалар бойынша сегізден артық ажыратқыштары бар көп әр түрлі диаметрлі және маркалы электр өткізгіштерден күрделілігі орташа электр бұрауларды жасау;

күрделі электр монтаждау тәсімі бойынша таңбалауды жасау;

электр жетектерді арнаулы және күміс дәнекерлермен, қуатты электр өткізгіштердің ұштарын дәнекерлеу;

штепсельдік ажыратқыштарды дәнекерлеу және бітеу;

экрандалған және өрілген электр өткізгіштерін бөлшектеу және дәнекерлеуге дайындау;

бұрауларды электр беріктікке өлшеу;

электр өткізгіштерді шағын габаритті штепсельдік ажыратқыштарға бітеу және оларды ұшу аппараттардағы ыңғайсыз жерлерге дәнекерлеу;

бұйымның қуатты конструкциялары арқылы магистраль тас жолын төсеу;

монтаждық жүйелердің және электрлік аспаптардың дұрыстығын тексеру, сондай-ақ электр өткізгіштердің оқшаулау кедергілерін тексеру; жартылай монтажды және фидерлік жүйелерге сәйкес құрастырылған жүйелерді сылдырату.

290. Білуге тиіс:

құрастырылатын электр жабдықтарының конструкциясы, міндеті және қызметін тексеру ережесі, оның монтаждауға және қоректендіру көздеріне әрі басқару жүйесіне қойылатын техникалық шарттар;

электр жабдықтар агрегаттарының ақауларын жою тәсілдері;

электрлік оқшаулауды қорғау жүйесі;

электр жабдықтарының принципті, жартылай монтажды және монтажды тәсімдері;

тұрақты және айнымалы токтардың аэродромды көздерінің, фарларды реттеуге арналған ұқсатқыштардың құрылғысы, қызмет принципі;

электр техника, материалтану негіздері;

шақтамалар мен қондырмалардың жүйесі.

291. Жұмыс үлгілері:

1) ұшу аппараттарының генераторлары – монтаждау;

2) гермоқосулар, гермоөткізгіштер – дәнекерлеу;

3) антенналардың бағытталу диаграммалары – тексеру;

4) отын өлшегіш кабельдер – принципті және жартылай тәсімдер бойынша монтаждау;

5) қозғалтқыштың жер үсті және бортты қоректендіру көздерінен автоматты қосу қораптары – демонтаждау;

6) өрт сөндіру құрылғыларының, сигнал беру және қыздыру жүйелері – электр монтаждау және қоректендіру көздеріне қосу;

7) жүктерді лақтыру жүйелері – электр монтаждау және қоректендіру көздеріне қосу;

8) орталық, таратып-бөлгіш тұрақты және айнымалы токтардың энергетикасының құрылғысы – демонтаждау;

9) шассиді көтеру және тежегіш электр агрегаттары, жарақтандыру жүйелерінің электр агрегаттары – электромонтаж және қоректендіру көздеріне қосу;

10) электр қалқаншалар – монтаждау.


Параграф 4. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 5-разряд
292. Жұмыс сипаттамасы:

ұшу аппараттарының күрделі электр жабдықтарын күрделі монтаждау және принципті тәсімдер мен сызбалар бойынша монтаждау;

қозғалып тұрған механизмдер арасындағы күрделі трасса бойынша электр бұрауларды, электр өткізгіштер мен шлангтарды төсеу;

аэрофототүсіру, геологиялық барлау және ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін сызбалар мен электр монтаждау тәсімдері бойынша арнаулы мақсаттағы сериялы электр жабдықтарды монтаждау;

күрделілігі орташа құрастырылған жүйелерді (жарықтандыру, мұздауға қарсы және тағы басқа жүйелер) реттеу және жұмыс істеу қабілеттілігіне тексеру;

аралық кедергілерді өлшеу;

ұшу аппараттарының корпустарына қатысты электр өткізгіштердің оқшаулаудың кедергілерін тексеру;

қуатты электр энергиясын тұтынушыларды қосу және электрмен басқаруды стабилизатормен, жапқыштармен, рульдермен жұмыстау.

293. Білуге тиіс:

электрлік машиналар мен жартылай өткізгіш аспаптарының жұмыс істеу принципі;

күрделі электр жабдықтардың техникалық талаптары және монтаждау шарттары, оның құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

негізгі техникалық параметрлердің нормалары және құрастырылатын электр жабдықтарды ток астында тексеру және жетілдіру әдістемесі;

электрлік тізбектерді тексеруге арналған ұқсатқыштардың құрылғысы, міндеті, қызмет принципі және қолдану ережесі;

ұшу аппараттарының сериялары бойынша электр жабдықтардың айырмасы;

электр жабдықтардағы ақаулардың пайда болу себептері, оларды айқындау ережесі және жою әдістемесі;

тұрақты және айнымалы токтардың аэродромды көздерінің қызмет принципі және құрылғысы;

сымдарды оқшаулау кедергілерін тексеру ережесі;

құрастырылған электр жабдықтарын жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар;

қолданылатын электрлік машиналардың құрылғысы мен қызмет принциптері;

орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, материалтану негіздері.

294. Жұмыс үлгілері:

1) отын жүйесінің автоматикасы – электрлік бөлікті монтаждау және қоректендіру көздеріне қосу;

2) сериялық бұйымдардың автопилоттары – электрлік бөлікті монтаждау және қоректендіру көздеріне қосу;

3) электр қозғалтқыштардың коллекторлары, аккумуляторлық отсектердің электр бұраулары – жөндеу;

4) импульсті маяктар – жетілдіру, тексеру және блоктарды реттеу;

5) навигациялық оттар, әскери оттар, жалтылдаған маяктар – токқа қосылған кезде тексеру;

6) іске қосу жүйелерінің жабдықтары – монтаждау;

7) жарықтандыру және сигнал беру жүйелері - токқа қосылған кезде жетілдіру;

8) бортты желілердің аэродромды көздерден қоректену жүйелері – электрлік жүйелерді монтаждау;

9) ұшу аппараттарының сериялық типтерінің өртке сөндіру және мұздауға қарсы жүйелері – жұмыстарды баптау, тексеру, реттеу;

10) жүктерді лақтыру жүйелері – баптау және жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру;

11) ауыр ұшу аппараттарының шассилерін жинау және шығару тәсімі – жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру және баптауға қатысу;

12) кабиналардың іштен жарықтандыру фаралары – монтаждау және қосу;

13) кабиналар мен шыныларды қыздыратын электр жабдықтар – монтаждау және электр өткізгіштерді төсеу;

14) отын жүйесінің электр бұраулары – монтаждау.

Параграф 5. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 6-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:

қол жетуі қиын жерлерде орналасқан орталық бөліп - таратқыш құрылғыларға, аспаптарға, электр агрегаттарға кабельдер мен электр бұрауларды монтаждау;

күрделі электр жабдықтардың демонтаждау жұмыстарын орындау;

ток астында реттеу әрі жұмыстау және ұшу аппараттарының электр жабдықтарының күрделі жүйелерін жұмыс істеу қабілетіне тексеру, анықталған ақауларды жою;

өндірістік бюллетень бойынша күрделі монтаждау жұмыстарын орындау;

электр жабдықтарды жоғары температура және агрессиялы орта аймақтарында монтаждау;

айнымалы және тұрақты токтардың электр энергияларын таратып - бөлу фидерлерін жұмыстау, айнымалы тоқтың екі генератордан қос фазалығын, ротор қадамын көрсеткіштерді және тағы басқа реттеу;

электр жабдықтарын жетілдірумен және реттеумен байланысты орындау;

арнаулы ұқсатқыштардың және қондырғылардың көмегімен ұшу аппараттарда құрастырылған электр жүйелерін тексеру.

296. Білуге тиіс:

ұшу аппараттарының күрделі электр жабдықтарын толық жұмыстауға және реттеуге қойылатын техникалық шарттар;

сызбалар мен электрмен монтаждау тәсімдерінің ережесі;

электр жабдықтарын жетілдіру және тексеру кезде қолданылатын электр жабдықтары мен ұқсатқыштарды пайдаланудың нұсқаулығы және ережесі, жұмыс істеу принципі;

монтаждау үшін қолданылатын бөлшектердің, материалдардың электр жабдықтардың техникалық жағдайын және монтаждау үшін олардың жарамдылық дәрежесін айқындау тәсілдері;

электр жабдықтарды тексеру және сынау үшін арнаулы қондырғылар мен стентдердің конструкциясы және пайдалану ережесі;

электр техника негіздері;

қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптар мен электрлік машиналардың құрылғысы және қызмет принципі.

297. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

298. Жұмыс үлгілері:

1) отын жүйелерінің автоматикасы – толық жұмыстау, токта реттеу және жұмыс істеу қабілетін тексеру;

2) сериялық ұшу аппараттарының автопилоттары және авто штурмандары – толық жұмыстау, реттеу және жұмыс істеу қабілетін тексеру 3) дистанциялық басқару пульттері - толық жұмыстау, токта реттеу және жұмыс істеу қабілетін тексеру;

4) кернеуді реттеу – жұмысты тексеру және реттеу;

5) жер үсті көздерінен қозғалтқыштарды іске қосу жүйесі – жетілдіру;

6) ауыр ұшу аппараттарының шассилерін жөндеу және шығару жүйелері – баптау, реттеу және жұмыс істеу қабілетін тексеру.

Параграф 6. Ұшу аппараттарының электр жабдықтарын

монтаждаушы, 7-разряд


299. Жұмыс сипаттамасы:

ұшу аппараттарының барлық электр жабдықтарын реттеу, токта жұмыстау және жұмыс істеу қабілетін тексеру, анықталған ақауларды жою;

тәжірибелі, эксперименталды және аэродинамикалық ұшу аппараттарына күрделі және сирек кездесетін жабдықтарды монтаждау және реттеу;

барлық бақылау-өлшеу аппаратураларын, ұқсатқыштарды және электр қондырғыларды баптау, реттеу және монтаждау кезінде пайдалану.

300. Білуге тиіс:

ұшу аппараттарының барлық электр жабдықтарын толық жұмыстауға, реттеуге және істеп тұрған жағдайда өтінім берушіге тапсыруға қойылатын техникалық шарттар;

құрастырылатын және реттелетін электр жабдықтарының конструктивтік ерекшеліктері;

әр түрлі типті ұшу аппараттарының электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу ерекшеліктері;

әр түрлі типті электр жабдықтарын реттеу және баптау әдістері;

электр жабдықтарын монтаждау ақауларын анықтау және жою тәсілдері;

ұшу аппараттарының конструкциясының жұмыс істеу жағдайына және электр жабдықтарын монтаждауға әсері;

қолданылатын жартылай өткізгішті аспаптардың, құрастырылатын электрлік машиналардың, есептеуіш машиналар мен автоматиканың құрылғысы және қызмет принципі;

электр техника негіздері.

301. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

302. Жұмыс үлгілері:

1) тәжірибелі конструкциялардың отын жүйелерінің автоматикасы – толық жұмыстау және токта реттеу;

2) тәжірибелі және сирек кездесетін ұшу аппараттарының автопилоттары мен автоштурмандары – тексеру, толық жұмыстау және реттеу;

3) флюгирлеу жүйелері, жүктерді лақтыру жүйелері – токта реттеу, жетілдіру.

18. Лазерлік голографиялық қондырғылардың

операторы


Параграф 1. Лазерлік голографиялық қондырғылардың

операторы, 4-разряд


303. Жұмыс сипаттамасы:

электронды аппаратураны (дыбыс генераторлары, осциллографтар, электр оптикалық модуляторлар және тағы басқа) қолдана отырып, лазерлік голографиялық қондырғыларда ұшу аппараттарының қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды қорытынды және үлгілік сынау;

бір әдіспен голограммаларды алу;

оптикалық кванттық генераторды іске қосу;

голографиялық үстелде ұшу аппараттарының сыналатын бөлшектері мен тораптарын монтаждауға дайындау, монтаждау және демонтаждау;

лазерлік голографиялық қондырғыларды және бақылау-өлшеу аспаптарын жұмысқа дайындау.

304. Білуге тиіс:

лазерлік голографиялық қондырғылардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі;

электр жабдықтардың, автоматика мен сигнал берудің электрлік тәсімдері;

фотоаппараттардың құрылғысы және пайдалану ережесі;

қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптардың техникалық шарттары және сынақтар жүргізуге арналған нұсқаулықтар;

ұшу аппараттарының сыналатын бөлшектері мен тораптарын монтаждау және демонтаждау ережесі;

голограммаларды жазу әдісі туралы негізгі мәліметтер (нақты уақыттың орталау, строб - голография және тағы басқа әдістер) және оларды өңдеу әдістері.

Параграф 2. Лазерлік голографиялық қондырғылардың

операторы, 5-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:

лазерлік голографиялық қондырғыларда ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын қорытынды және үлгілік сынау;

оптикалық кванттық элементтердің қондырғыларын сәулелендірудің параметрлерін өлшеу және реттеу;

қондырғылардың оптикалық элементтерін монтаждау және түзету;

оптикалық кванттық генераторлардың түзету;

голограммаларды жазудың режимдерін айқындау және таңдау;

голограммаларды әр түрлі әдістермен жазу;

аспаптар көрсеткішін сынақтар нәтижесінің журналына жазу.

306. Білуге тиіс:

оптикалық кванттық генератордың және электр оптикалық жапқыштардың құрылғысы;

ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын сынауға қойылатын техникалық шарттар мен нұсқаулықтар;

голографиялық, физикалық және геометриялық оптикалардың, кванттық электрониканың, фотометрияның негіздері;

газ және қатты дене лазері жұмысының ерекшеліктері;

өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасы және реттеу тәсілдері;

голограммаларды жазудың негізгі әдістері және оларды алуға қажетті шарттар;

пайдаланылатын фото материалдардың сипаттамаларын айқындау тәсілдері.

Параграф 3. Лазерлік голографиялық қондырғылардың

операторы, 6-разряд


307. Жұмыс сипаттамасы:

лазерлік голографиялық қондырғыларда күрделі бөлшектер мен тораптарды қорытынды сынау;

голограммаларды жазудың қажетті тәсімін таңдау, монтаждау және түзету;

оптикалық кванттық генератордың разрядты түтіктерін, резонатор айналарын және электр оптикалық жапқыштарды түзету;

үздіксіз және импульсті лазерлерге қызмет көрсету;

голограммаларды әр түрлі әдістермен жазу кезінде қолданылатын лазерлік голографиялық қондырғылардың, оптикалық кванттық генераторлардың, электронды аппаратуралардың жұмысындағы ақаулар мен кемшіліктерді анықтау және жою.

308. Білуге тиіс:

монтаждаудың конструкциясы, технологиясы, қызмет көрсетілетін жабдықтарды теңшеу және жетілдіру;

бақылау - сынау аппаратураларының түрлері;

ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарына сынақ жүргізудің техникалық шарттары және нұсқаулығы;

лазерлік голографиялық қондырғылардың жұмысындағы ақаудың түрлері және оларды жоюдың тәсілдері;

лазерлік технологиялардың негіздері.

19. Құбыр қысатын станоктардың операторы
Параграф 1. Құбыр қысатын станоктардың операторы, 4-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:

500° С температураға дейін қысатын матрицаны электрмен қыздырып, төмен және орташа қысымда жұмыс істейтін ұшу аппараттарының ауа, гидравликалық және отын жүйелері құбырларының шеттерін қысу процесін басқару пультінен жүргізу;

станоктарды өңдеудің берілген өлшемдеріне теңшеу, жұмыс процесінде олардың жекелеген тораптары мен механизмдерін баптау;

қолданылатын құралдың техникалық жағдайын, майлау және салқындату жүйелерін қадағалау;

ұшу аппараттар бұйымдарының қысылған бөлігінің ішкі бетінің тазалығын тексеру;

құбырлардың өлшемдердің дұрыстығын бақылау-өлшеу құралдарымен тексеріп, түзету;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды теңшеу және баптау.

310. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының міндеті және қолдану ережесі;

бұйымды қысу және түзету процесінің технологиясы және техникалық шарттар;

қолданылатын материалдардың маркалары және негізгі қасиеттері;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды өңдеу режимдері, теңшеу және баптау тәсілдері;

қысу ақауларынң негізгі түрлері.

Параграф 2. Құбыр қысатын станоктардың операторы, 5-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

500° С температурадан артық қысатын матрицаны электрмен қыздырып, әр түрлі құбыр қысатын станоктарда жоғары қысымда жұмыс істейтін ұшу аппараттарының құбырларының шеттерін, басқару тартымдарын қысу және шөгу (жуандату) процесін басқару пультінен жүргізу;

режимдердің оңтайлы параметрлерін іріктей отырып, әр түрлі диаметрлі және ұзындықты құбырларды қысу және шөктіру;

құбырларды және басқару тартымдарын калибрлеу, одан кейін бақылау-өлшеу құралдарымен олардың өлшемін тексеру;

ұшу аппараттар бұйымдарының қысылған бөлігі қабырғаларының қалыңдығын бақылау;

ұшу аппараттары бұйымдарын қысуда және шөктіруде ақауларды анықтау және жою;

құбыр қысатын станоктарды баптау.

312. Білуге тиіс:

құбыр қысатын станоктар жұмыстарының кинематикалық, гидравликалық және электрлік тәсімдері;

металдарды қысу технологиясы; материалдардың кедергілері; шақтамалар мен қондырмалар;

ұшу аппараттарының бөлшектерін қысуда және шөктіруде ақауларды анықтау, жою және ескерту тәсілдері;

құбыр қысатын станоктарды баптау ережесі мен тәсілдері;

өңдеудің оңтайлы ережелері.


жүктеу 4,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау