Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 3,06 Mb.
бет9/19
Дата09.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#7223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Білуге тиіс. Монтаждалатын жүйелер мен олардың элементтерінің жұмыс істеу принципі, монтаждық осьтерді және биіктік белгілерін межелеу тәсілдері, монтаждалған жабдық пен желдету жүйелерін сынамалау, жинақтау және бөлшектеу, сыннан өткізу, іске қосу ережелері, эскиздер мен монтаждық схемаларды орындау ережелері.

168. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаңа материалдарды және күрделі аспап пен айлабұйымдарды қолданып, жоғары дәлдікпен орындауды талап ететін жүйелерді монтаждау. Жұмысты тексеру және монтаждалған жүйелерді реттеу. Ауаүрлегіш жүйелердің аэрдинамикалық сынақтарын өткізу.

Білуге тиіс. Күрделі схемаларды монтаждау ережелері мен технологиясы, монтаждалған жабдық пен желдету және аспирациялау жүйелерін кешенді түрде сынақтан өткізу ережелері, ауаүрлегіш жүйелерді аэродинамикалық сынақтан өткізу тәсілдері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

Құрылыс құрылымдарының монтажшысы


169. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс құрылымдарын инвентарлық ілмектермен монтаждық ілмектерінен, жапсырмаларынан, қапсырмаларынан, ілгектерінен және т.б. ілмектеу. Бұрандамалар мен сомындардың бұрандамаларын айдап өткізу. Қол шығыршасының көмегімен атқарылатын жұмыстар. Беттерді оқшаулау үшін тазарту. Метиздарды консервациядан босату. Бетон және темірбетон құрылымдарында саңылаулар мен бороздаларды тескілеу. Бұрандаларды орнату және ағыту. Монтаж бен орнату жеріндегі құрылымдарды ілмектерден босату. Құрылыс құрылымдарын маркалар бойынша сұрыптау. Фундаменттерді орнату кезінде жай блоктарды төсеу.

Білуге тиіс. Такелаждық әбзелдердің, ілмектердің негізгі түрлері және құрылыс құрылымдарын монтаждау кезінде қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдардың түрлері, дәнекерленген жалғаулардың түрлері және тігістер үлгілері, бұйымдар жиектерін пісіруге дайындау тәсілдері, сызбалардағы бөлу үлгілері және пісіру тігістерінің белгіленуі, жай сызбаларды оқу ережелері.

170. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Монтаждалатынқұрылымдардың түйіспелерін тегістеу. Монтаждық бұрандамалық жалғауларды бекіту. Өздігімен кесетін бұрандамаларды орнату. Олардың тығыздылығын тексеру кезінде пісірілген тігіс жерлерін керосинмен майлау және бор жағу. Үйкелісті қол престеріндегі фасонды болатты тексеру. Бетонды және темірбетон құрылымдарын жылыту. Тігіс жерлерін және еселі емес орындарды бетонмен монолиттеу. Арқалықтардың, бороздалардың, ұялардың, шұңқырлар мен саңылаулардың ұштарын кірпішпен жабу. Жиналмалы шымылдықтарды және ішкі қабырғаларды монтаждау. Мобильді ғимараттарды және имараттарды инвентарлық блок-контейнерлерден монтаждау және демонтаждау. Төсемдер мен саңылаужапқыштарды орнату. Қымтағыш тораптарының бұрандалық жалғауларын тартып бұрау. Тігіс жерлерін арнайы герметиктерді жаққыштармен және шпательмен жағып герметизациялау. Тиоколды, акрилды және өзге де герметиктерді қолмен дайындау. Арқандарды реттеу және орау. Такелажды тораптар өру. Болат арқандарды бұрандамалық қысқыштармен бекіту. Құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды қолмен және механизмдермен монтаждалатын орнынан көтеру және түсіру. Жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейін баратын блоктарды, тальдерді, полиспасттарды, шығыршаларды орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Құрылыс құрылымдарының негізгі бөлшектері, конструкциялар мен бұйымдарды тасымалдау және қоймалау ережелері, айлабұйымдардың қолдану мақсаттары және құрылымдарды уақытша бекіту тәсілдері, пісірілген тігіс жерлерінің тығыздылығын тексерудің қарапайым тәсілдері, бетон қоспаларының негізгі қасиеттері мен маркалары, беттерді оқшаулау үшін әзірлеу ережелері, электрификацияланған пневматикалық аспаптың құрылғысы және онымен жұмыс істеу ережелері, металды коррозиядан қорғау тәсілдері, қарапайым такелаждық жабдықтардың құрылғысы және оларды қолдану ережелері, құрылыс құрылымдарын ілмектеу және ілмектерден босату тәсілдері, такелаждық тораптардың түрлері, болат арқандарды бұрандалық қысқыштармен бекіту тәсілдері, құрылыс құрылымдарын механикаландырылған қол құралдарымен монтаж орнына көтеру және түсіру тәсілдері, құрылыс құрылымдарын биіктікте және тарлық жағдайларда монтаждау кезінде көтеру және түсіру кезіндегі сигнализациялау тәсілдері, такелаждық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар.



171. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 8 тоннаға дейін баратын жиналмалы темірбетонды және фундаментті бетон блоктарын, қадалық ростверк оголовоктары мен блоктарын монтаждау. (Кран асты аралықтарын қоспағанда) жиналмалы темірбетон арқалықтарын 12 м дейін арақашықтықпен монтаждау. Металды қаңқадағы гипс панельдерінен жиналмалы аспалы төбелерді монтаждау. Жиналмалы темірбетон панельдерін және аражабындарын монтаждау. Сатының марштары мен алаңшаларын, қатарлы ірі қабырғалар блоктарын және балкон блоктарын монтаждау. Панцирлік тордың топсаларына арналған шпилькаларды орнату. Платформалардың, көпірлердің және эстакадалардың жиналмалы плиталарын монтаждау. Салмағы 5 тоннаға дейін баратын өнеркәсіптік пештердің болат қаңқаларын және пештердің салмағы 1 тоннаға дейін жылусақтағыш құрылымдарын монтаждау. Арқан жолдары мен кабель крандарының тіректері мен станциялары металло құрылымдарын, сондай-ақ, имараттардың биіктігі 30 м дейін болғанда, болат арқандарын монтаждау. Тіректерге болат шатыр тіреуіш және тіреуіш астына салынатын фермаларды 12 м арақашықтықпен орнату. Ыстыққа төзімді бетоннан биіктігі 30 м дейін құбырларды монтаждау. Каналдар мен плотиналар еңістерін плиталармен қаптау. Арқалықтардың, прогондар мен колонналы ригельдердің түйіспелі жерлерін бітеу. Шыныпрофилиттен жасалған қалқалардың ойықтар қымтамаларының құрылғысы. Жұмыс сызбаларына сәйкес аллюминий және ПВХ-профильден жасалған жеңіл құрылыс құрылымдарын, терезе құрылымдарын, түрлі үлгідегі есік және витраждық қымтамаларды алдын-ала және ірілетіп жинау. Оларды монтаждау, дұрыстау және жобалық күйіне келтіріп орнату. Жиналмалы темірбетон құрылымдарындағы тігістер мен түйіспелерді тығындау, толтырмалау және жіктерді екі тіліп әшекейлеу. Жай болат құрылымдарын; сатыларды, алаңшаларды, қоршауларды, тірек бағандарын, кронштейндерді, құрылыс ағаштарын, ағаш төсеніштерін және т.б., сондай-ақ салмағы 5 т дейін баратын: арқалықтарды, прогноздарды, фахверк элементтерін, байланыстарды және т.б. күрделі құрылымдарды монтаждау. Болат төсемдерін алаңшаларға, тежеу фермаларына және т.б. төсеу.құрылымдарды жайма болатпен қаптау. Төбе шатырдың болат төсемін монтаждау. Тұрақты бұрандамалық жалғауларды бекіту. Беріктігі жоғары бұрандаларды орнату. Салмалы бөлшектерді коррозияға қарсы сырлау. Салмалы бөлшектер блоктарын ірілетіп жинақтау. Салмалы бөлшектердің кертпелі блоктарын бетондау. Салмалы бөлшектерді алдын-ала орнату. Толығымен жиналмалы имараттардың сыртқы жіктерінің жылу оқшаулауышын минералды және синтетикалық материалдармен қаптау. Жіктерді пневматикалық және электрификацияланған аспаптардың көмегімен арнайы герметиктермен, сондай-ақ нығыздағыш аратөсемдермен (гернит, пороизол және т.б.) герметизациялау. Құрылыс құрылымдарының беттеріндегі бөлшектерді монтаждық пистолеттің көмегімен бекіту. Эпоксид желімін құрылыс құрылымдарына жағу. Салмағы 10-нан 25 тоннаға дейін баратын құрылыс құрылымдарын және жабдықты жұмыс орындарына ілмектеу және ілмектерден босату. Жүк көтергіштігі 10-нан 25 т дейін блоктарды, тальдерді және полиспасттарды орнату және алып тастау. Құрылыс құрылымдары мен жабдықты монтаждау кезінде уақытша тартқыштар мен оттяжкаларды бекіту және алып тастау. Жүк көтергіштігі 25 т дейін баратын зәкірлерді дайындау. Полиспасттарды троспен енгізу. Монтаждау кезінде шпалдардан уақытша қоймалар жасау. Қол және механикаландырылған құралдардың көмегімен құрылыс құрылымдарын көтеру, орнын ауыстыру және түсіру.

Білуге тиіс. Құрылыс болаты пен бетонының негізгі қасиеттері мен маркалары, жеке элементтерден және ірілетілген блоктармен құрылыс құрылымдарын жинау және монтаждау тәсілдері, құбырларды және ыстыққа төзімді бетон блоктарын монтаждау тәсілдері, такелаждық және көтергіш жабдықты, монтаждау үстіндегі конструкциялар мен жабдықты жинау және орнату тәсілдері, конструкциялар элементтерін жалғау және бекіту тәсілдері, құрылымдарды монтаждау кезінде төсем тақтайлар жаю тәсілдері, монтаждалатын құрылымдардың сапасына қойылатын негізгі талаптар, монтаждық поршеньді пистолеттердің құрылғысы және оларды пайдалану ережелері, пневматикалық аспаптың құрылғысы және олармен жұмыс істеу ережелері, құрылыс құрылымдарына эпоксид желімін жағу тәсілдері, жіктерді герметизациялауға арналған нығыздама төсемдердің түрлері және оларды жапсыру тәсілдері, жүк көтергіштігі 25 тоннаға дейін баратын такелаждық жабдықтың құрылғысы, құрылыс құрылымдары мен жабдықтарды көтеруде қолданылатын такелаждық тораптардың ілмектердің және захваттардың түрлері, үйкелісті, рейкалы гидравликалық домкраттардың құрылғысы, сәуле тәрізді траверстердің мақсаты және олармен ілмектеу тәсілдері, армоконструкцияларды жасау және монтаждау кезіндегі рұқсаттар, такелаждық айлабұйымдар мен механизмдерді армоконструкцияларды монтаждау үшін қолдану ережелері.


172. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 8 т асатын жиналмалы темірбетон және бетонды фундамент блоктары мен 20 тоннаға дейін колоньдарды монтаждау. Колони капительдерін монтаждау. Арақашықтығын 12 м асырып жиналмалы темірбетон арқалықтарын және кран асты арқалығын монтаждау. Ауыр және жеңіл бетондардан жасалған сыртқы және ішкі қабырғалар, панельдер және қалқаларды монтаждау. Жеңіл металлоконструкциялардан және «Сэндвич» үлгісіндегі үшқабатты жабын панельдерінен жасалған ғимараттарға арналған көпқабатты қабырғалық панельдерді монтаждау. Профнастилдан жабындар жасау. Ғимараттардың санитарлық-техникалық кабиналарын, лифт шахталарын және өзге де көлемді элементтерін орнату. Терезе аралық және бұрыштық ірі блоктар мен карниздерді монтаждау. Бетондаудан бұрын кондукторда кертпелі блоктардың салмалы бөлшектерін жинау және дұрыстау. Бағыттаушы ростверкті ферма асты плитасының байланыстарымен қоса монолиттеу. Шатыр панельдерін және жабын блоктарын ірілетіп жинақтау және монтаждау. Мембраналық жабынды монтаждау.құрылымдарды монтаждау кезінде жіктерді нысаналау. Тіректерге ілмекті, ілмек асты фермаларын арақашықтығын 12-ден 24 м дейін етіп нысаналау және орнату. Мембраналық жабынды монтаждау. Салмағы 15 т дейін болат колонилерді, салмағы 5-тен 15 тдейін кран асты және басқа да арқалықтарды монтаждау. Эстакадалардың, градирьнялардың, галереялардың және этажеркалардың сүйемелдегіш құрылымдарын монтаждау. Көпірлердің аралық болат құрылыстарының бойлай және көлденең орналасқан тізбектерін қою. Сыйымдылығы 1000 м² дейін темірбетон резервуарларды монтаждау. Аллюминийден, поливинилхлорид (бұдан әрі – ПВХ) - профильден және жеңіл қорытпалардан жасалған, пішіндері күрделі жеңіл құрылыс құрылымдарын монтаждау. Сыртқы қабырғаларды «Сайдинг» үлгісіндегі әрлегіш ПВХ профильмен қаптау. Ламинатталған және пластмасса панельдерін монтаждау. Сыйымдылығы 1000 м² дейін баратын резервуарлар құрылымдарын рулонды дайындамалардан, жеке царгтардан және жаймалардан ірілетіп жинақтау және монтаждау. Блоктарды, тальдерді, полиспасттарды, жүк көтергіштігі 25-тен 40 т дейін бұрма садақтарын және кран-арқалықтарын орнату және алып тастау. Полиспасттарды діңгектер мен конструкцияларға бекіту. Отвод блоктарын бекіту. Жұмыстарды биіктікте орындау және сақтандырғыш белдігін қолдану қажеттігі болғанда метал құрылымдарын және салмалы бөлшектерді коррозияға қарсы сырлау. Ауыр құрылыс құрылымдарын ілмектеу және ілмектен босату. Универсалды ілмектер жасау. Такелаждық жабдықты сынамалау. Жүк көтергіштігі 25-тен 60 т дейін зәкірлерді жасау және орнату. Жүк көтергіштігі 60 т дейін монтаждық діңгектерді жинау, орнату және бөлшектеу. Эстакадалар құрылғысы. Діңгектердің, крандардың, шеврлердің көмегімен салмағы 25-тен 60 т дейін жылжымайтын және құлайтын жебелерді көтеру, жылжыту және түсіру. Алаңы 3² артық қалқанды, металды, ағашметалды қалыптарды монтаждау және демонтаждау. Көлемді (блоктік, көлемді-орны ауыстырмалы, «Модостр» үлгісіндегі және т.б.) қалыптарды монтаждау және демонтаждау.

Білуге тиіс. Такелаждық жиналмалы темірбетон колонилерді, фундаментті блоктар мен арқалықтарды, панельдерді, қабырғалардың ірі блоктарын және карниздік блоктарды орнату және бекіту тәсілдері, ғимараттар мен имараттардың болат құрылымдарын жеке ауыр элементтермен немесе блоктармен монтаждау тәсілдері, ауыр болат колони мен арқалықтарды монтаждау тәсілдері, ыстыққа төзімді бетонмен футерленген панельдерді және ірі блоктарды орнату мен бекітудің тәсілдері, өнеркәсіптік пештердің болат құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, болатқұрылымдарды ыстыққа төзімді бетоннан жасалған блоктармен түйістіру тәсілдері, тот баспайтын болаттан қорғағыш қаптамалар орнату тәсілдері, көпірлердің болат құрылымдарын ірілетіп жинау және көпірлердің аралық құрылыстарын төсем таяқтарда жинау тәсілдері, көпірлердің аралық құрылыстарын аспалы, жартылай аспалы және теңгерімді жинау кезінде түйістіру тәсілдері, күрделі болат және темірбетон құрылымдарды демонтаждау ерекшеліктері мен тәртібі, ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың күрделі құрылымдарын ірілетіп жинау және монтаждау кезінде такелаждық және көтергіш жабдықты жинау мен орнатудың тәсілдері, конструкциялар мен блоктарды күрделі ілмектеу тәсілдері, жүк көтергіш құралдарды пайдалану және сынақтан өткізу ережелері, болат арқандарды іріктеу және оларды сынақтан өткізу тәсілдері мен ережелері, олардың тозу және майлау мерзімдері, такелаждық жабдыққа, оның жабдықталуына және айлабұйымдарға қойылатын талаптар.



173. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темірбетон жақтауларды, арқалықтарды және фермаларды кейін арматураны кернеулетіп ірілетіп жинау. Бірнеше бөлшектен тұратын алдын-ала кернеулетілген темірбетон фермаларын ірілетіп жинау және бұл фермаларды монтаждау. Ғимараттардың темірбетон құрылымдарын және жиналмалы жақтаулардан жасалған имараттарды монтаждау. Салмалы бөлшектердің кертпе блоктарын монтаждау және біржола дұрыстау. Қысым құбырларының тіректерін монтаждау. Тіректердің болат құрылымдарын және арқан жолдарының және кабельді крандардың станцияларын, сондай-ақ ғимараттардың биіктігі 70 м артық болған жағдайда салмағы 20 т асатын жиналмалы темірбетон колонилерді монтаждау. Шнопкаларға, қаптама-плиткалар, Гидроэлектр станса арқылы көпірлік өтпелер арқалықтарына арналған қалқанды арқалықтар мен құдықтарды, плотиналар мен шлюздарды, шлюздар галереясының плиталары мен аражабындарын және сорғыш құбырларының плиталарын монтаждау. Кеңістікті жақтаулар мен қадалықтарды қағуға арналған ростверктерді орнату. Силостық имараттардың кеңістікті элементтерін орнату. Болат колонналарды, кран асты арқалықтарын және ғимараттар мен өзге де өнеркәсіптік имараттардың басқа да болат құрылымдарын элементтің немесе блоктың салмағы 15-тен 25 т артық болған кезде, сондай-ақ арақашықтығы 24-тен 36 м дейін фермаларды орнату және біржола дұрыстау. Домна пешінің, Жылу электрстансалырының (бұдан әрі - ЖЭО), аглофабрикалардың және т.б. газоотводтарын, домна пештерінің еңісті көпірлерін ірілетіп жинау. АЭС, ЖЭС, гидроэлектрстансаларының (бұдан әрі - ГЭС) ғимараттары мен имараттарының құрылымдарын жинау стендінде және плаз-кондукторында салмағы 50 т дейін кеңістікті блоктарға ірілетіп жинау. Панельдер мен блоктардан пештер құрылымдарын ірілетіп жинау. Имараттың биіктігі 150 м дейін болғанда, өнеркәсіптік пештерді және құбырларды ірілетілген тораптарға бөліп монтаждау. Өнеркәсіптік пештерді кейін жобалық қалпына жылжытып стендте монтаждау. Жиналмалы құбырларды фундаментке бекітілген шарнирден айнала бұрылу тәсілімен монтаждау. Ыстыққа төзімді бетонның блоктарынан айналмалы пештердің футеровкасын монтаждау. Ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттарды монтаждық схемалар бойынша монтаждауға арналған бөлшектерді жинақтау. Көпірлер элементтерінің саны 5-тен 8 дейін аралық құрылыстарын аса күрделі тораптарын жинақтау және монтаждау. Көпірлердің аралық құрылыстарының тірек бөліктерін орнату. Үстінгі накатты жолдарды орнату және оларды фермалардың тораптарына бекіту. Имараттардың биіктігі 100 м дейін теле- және радиомұнараларды монтаждау. Сыйымдылығы 1000-нан 3000 м* дейін метал және цилиндрлі темірбетон резервуарларды монтаждау. Жылжыту тәсілімен және бұру тәсілімен құрылымдарды монтаждау. Көпірлердің арқалық құрылыстарының құрастырмалы темірбетон арқалықтарын жинау. Биіктігі 150 м дейін баратын түтін мұржаларының газ кетіретін метал оқпандарын монтаждау. Жүк көтергіштігі 60-тан 100 т дейін монтаждық діңгектерді жабдықтау, орнату және орнын ауыстыру. Салмағы 60-тан 100 т дейін құрылыс құрылымдарын ілмектеу, көтеру және түсіру.құрылымдарды жұпталған крандармен, жебесі керілген, жебе астында уақытша тірек бағаны бар қайта жабдықталған крандармен, құлама жебенің көмегімен құрылымдарды көтеру және түсіру.

Білуге тиіс. Ғимараттардың және өнеркәсіптік имараттар құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, көпірлердің аралық құрылыстарын жинау, орнын жылжыту және орнату, такелаждық және көтергіш жабдықтың аса күрделі түрлерін жинау және орнату тәсілдері, резервуарлар мен газгольдерлерді жайма-жаймасымен және индустриалдық монтаждаудың тәсілдері, өнеркәсіптік пештердің ыстыққа төзімді бетоннан және темірбетоннан элементтері бар болат құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, құбырларды блоктардан (царгалардан) ірілетіп жинау және монтаждау тәсілдері, өнеркәсіптік пештерді құрастырмалы ыстыққа төзімді бетоннан және темірбетоннан жылжыту тәсілімен және құбырларды бұру тәсілімен монтаждау тәсілдері, айналмалы пештерді ыстыққа төзімді бетон блоктарынан монтаждау тәсілдері, аса күрделі және темірбетон құрылымдарын демонтаждаудың ерекшеліктері мен тәртібі, аса күрделі үлігілі емес ілмектеудің тәсілдері, монтаждау кезінде аса күрделі такелаждық жұмыстарды орындау ережелері,құрылымдарды торлы діңгектердің көмегімен жұпталған крандармен жебені немесе ригельді және т.б. орындаумен көтеру және түсіру тәсілдері, балансирлеу траверсаларын жұпталған крандармен жұмыс істеу кезінде қолдану ережелері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

174. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. АЭС, ЖЭС, ГЭС және т.б. ғимараттары мен имараттарының құрылымдарын жинау стендінде және плаз-кондукторды салмағы 50 т артық кеңістікті блоктарға ірілетіп жинау. Салмағы 50 т асатын құрылымдардың кеңістікті блоктарын монтаждау. Гидротехникалық имараттардың габаритті емес құбыржолдарының фасонды бөліктері мен компенсаторларын монтаждау. Кернеулі-арматураланған арқалықтарды және аражабындар фермаларын олардың арақашықтығына қарамастан монтаждау. Элементтің немесе блоктың салмағы 25 т астам болған жағдайда болат колонилерді, кран асты блоктарын және ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың өзге де болат құрылымдарын, сондай-ақ арақашықтығы 36 м астам фермаларды орнату және біржола дұрыстау. Элементтерінің саны 8 асатын көпірлердің аралық құрылыстарының аса күрделі тораптарын жинау және монтаждау. Металды және сыйымдылығы 3000 м² асатын цилиндрлі темірбетон резервуарларын, сондай-ақ сыйымдылығына қарамастан тереңдетілген траншеялық, сфералық резервуарлар мен газгольдерлерді монтаждау. Тікұшақтардың көмегімен түтін мұржаларының метал құрылымдарын монтаждау. Биіктігі 150 м асатын түтін мұржаларының газ кетіретін метал оқпандарын монтаждау. Керме құрылымдарын монтаждау. Толығымен құрастырмалы темірбетон сорғы градирняларын монтаждау. АЭС реакторының куполын монтаждау. Ірілетілген блоктардан көпоқпанды түтін және желдеткіш құбырларын монтаждау. Жүк көтергіштігі 100 т астам монтаждық діңгектерді жабдықтау, орнату және жылжыту.

Білуге тиіс. Ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың аса ірі-габаритті және ауыр салмақты құрылымдарын жинау және монтаждау тәсілдері, такелаждық және көтергіш жабдықтың тым күрделі түрлерін және айлабұйымдарын жинау және орнату тәсілдері, құрылымдарды жәнеқұрылымдардың кеңістікті блоктарын аса күрделі типті емес түрде ілмектеу тәсілдері,тікұшақтардың және өзге де әуе құралдарының көмегімен ғимараттар мен имараттарды монтаждаудың ерекшеліктері,құрылымдарды тікұшақпен биіктікке көтеру және тікұшақтың монтаждау аумағына кіруі кезінде дұрыстау ережелері, биік көпоқпанды түтін және желдеткіш мұржаларын монтаждау тәсілдері, тасымалданатын радиостанциялардың үлгілері және оларды қолдану ережелері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

Құрылыс машиналары мен механизмдерінің монтажшысы


175. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 2- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс машиналары мен механизмдерді монтаждау және демонтаждау кезінде ең қарапайым жұмыстарды орындау. Жауапты емес бөлшектерді бұрандалардан босату. Тасымалдау алдында көлік құралдарында такелаж бен монтаждық айлабұйымдарды бекіту және бекітпеден босату.

Білуге тиіс. ең қарапайым такелаждық айлабұйымдарды қолдану түрлері мен тәсілдері, такелаж бен монтаждық айлабұйымдарды көлік құралдарына тиеу және оларды бекіту тәсілдері, бөлшектерді майлау тәсілдері, слесарлық аспаптың мақсаты.

176. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай бөлшектерді таңбалау. Бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалы және ернемекті жалғауларды жинау және бөлшектеу. Металл құрылымдарын түзеу. Жіктерді монтаждық жалғаулармен бекіту. Балластты мұнаралы кранның тірек-жүріс бөлігіне тиеу және бекітпесінен босатып алу. Бүйірлік тартқыштарды және зәкірлік арқанды алу. Басты зәкірді бөлшектеп, ілмектерді, құрсауларды, ұстап тұратын арқандарды ағытып, тірек пятасын алып тастап, қосалқы инвентарлық зәкірлерді орнату және бөлшектеу. Оттяжкаларды ілмекті құрсаудан ағыту. Мұнара консолінен қарама-қарсы консольді алып тастау. Жылжымалы және жылжымайтын кран мұнараларының секцияларын бір-бірінен ажырату. Қысқа арқан коуштарын бұрылыс платформасынан және жебелік кермеден мұнараның монтаждық проушиналардан бекіту және бекітпеден босату. Арқандарды орап байлау. Монтаждық барабанды бекіту. Басқару шкафын, кабинаны, қызмет көрсету алаңын, сатыларды, қоршауларды алу. Көтергіштердің діңгектерін орнату үшін түғырнамалар дайындау. Көтергіштердің тірек жақтауын алып тастау. Діңгекті ғимараттан босатып алу. Пневмодөңгелектерді түсіру. Жылжымалы құрылыс машиналарын демонтаждау кезінде жүк тросын распасовкалау. Жәшікке контржүк балластын төсеп салу және түсіру. Жүк шығыршасымен алға жылжыту механизмі арқанын бумадан босату. Бетонараластырғыштарды, ерітіндіараластырғыштарды, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тасуатқыш қондырғыларын, дірілді електерді, уатқыштарды, дөңгелек болатты түзетуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды монтаждау және демонтаждау. Машиналарды (стационарлықтар үшін) фундаменттер үстінен бекітпеден босатып ағытып алу, дөңгелектерді (жылжымалы) тежеуден ағыту және босату.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, монтаждық күрделі емес жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдарды пайдалану ережелері.

177. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды рельсті жолдардан алу. Балластты кранның тірек-жүріс және бұрылыс бөліктеріне бекіту және бекітпеден босатып алу. Мұнара секцияларын бір-біріне жалғау және бір-бірінен ажырату. Мұнара бастиектерін бекіту және ажырату. Қарама-қайшы консольді бекіту. Басқару кабинасын кранға орнату, бекіту және ажырату. Кранның жебесін жинау, оны жүріс бөлікпен немесе тірек пятасына жалғау, монтаждық күйге көтеруге дайындау және көтеру. Құрсама ілмектерін және арқандарды бекітіп, тірек табанын орнату негізгі зәкірдің құрылғысы. Жебені монтаждық күйден түсіру, оны тірек-жүріс бөлігінен немесе тірек табанынан ажырату, жұмыс қалпына көтеруге дайындау. Қарама-қайшы консольдан балластты тиеу және түсіру. Механизм арқанын енгізу, жүкшығырларға жылжытып шығару. Кранды тягачқа тіркеу және ажырату. Итермелі арбашаны босату. Жүкшығырлар мен автокранның көмегімен кернегішті бекітпеден босату. Телескоптық кернегіштердің бұрандамаларын бекіту және босату. Монтаждық тірек полиспастының арқандарын бәсеңдету. Көтергілердің діңгектерін жақтаудағы қиғаштіреулермен бекіту. Жүк платформасын діңгекке орнату және алып астау. Діңгекті көтергінің жұмыс тросын енгізу және шығару. Діңгекті кронштейндермен ғимаратқа бекіту. Бетонараластырғыштарды, ерітінді араластырғыштарды, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уату қондырғыларын, дірілді електерді, ұсатқыштарды, дөңгелек болатты түзеуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды орнату, дұрыстау және бекіту. Жылжымалы крандардың арқандарын шешіп және орап алу. Қабылдағыш құрылғыны орнату, бекітпеден босату және алып тастау. Машиналарды тапсыруға дайындау. Арқан ұштарын бұрылыс платформасымен жалғау және полиспастты керу. Монтаждық тіректі көтеру, түсіру және бекіту. Ілмек құрсауын жұмыс қалпына көтеру. Жүкшығыр мен жебешығырлардың арқандарын қайта енгізу. Оларды бұрылыс платформасына бекіту. Механизмдерді бекіту. Крандардың және машиналардың тораптары мен элементтерін көлік орамасынан босату. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5 м² дейін механизмдерді монтаждау.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа монтаждық және демонтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, монтаждалған жабдықты және машиналар мен механизмдердің бөліктерін (мұнаралық крандардың, діңгекті көтергілердің, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уатқыш қондырғыларды, дірілді електерді, дөңгелек болатты түзетуге және бүгуге арналған станоктарды) дұрыстаудың ең қарапайым тәсілдері, механикаландырылған аспапты қолдану тәсілдері, жүк көтергіш механизмдер мен такелаждық құралдардың құрылғысы мен оларды қолдану тәсілдері, оларды сынақтан өткізу тәсілдері, тозу мерзімдері, тростар мен арқандарды сынақтан өткізу ережелері, крандар элементтерін және басқа да машиналарды көтеру және олардың орнын ауыстыру ережелері.


жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау