Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша



жүктеу 218,96 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата01.01.2018
өлшемі218,96 Kb.
#6838
1   2   3   4   5   6   7

тәуелсіз  өздігінен  жұмыспен  қамтылғандар  мен  қысқартылған  қызмет-

керлер қатысушылары болып табылады.

Шалғай  ауылды  елді  мекенде  тұратын  адамдар  мобильді  оқыту 

орталықтарында оқи алады.

Мобильді оқыту орталықтары арқылы қысқа мерзімді оқуды ұйым-

дастыру тәртібі білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген техни-

калық және кәсіби білімді кадрларды дайындауды және қысқа мерзімді 

кәсіби оқытуды ұйымдастыру қағидаларымен анықталады.



3)  жұмыс  берушілердің  қоса  қаржыландыруын  ескере  отырып, 

қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.

Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің 

өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқтал-

ғанға дейін сақтау талабымен жүзеге асырылады.

Жұмыс  берушілер  қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта  даярлау 

үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін 

жұмыскерлер санын, кәсіптер және оқу нысанын көрсете отырып өтінім 

береді.


Қайта  даярлау  курстары  құнының  кемінде  30  %-ын  жұмыс  беру-

шілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.



2-бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Операторлары – «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалаларда 

микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  экономика  министрлігі  және  ауылдар  мен  шағын  қалаларда 

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері 

бойынша – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.



1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік 

дағдыларына  оқытуға,  оның  ішінде  ауыл  шаруашылығы  кооператив-

терін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобала-

рын сүйемелдеуге бағытталған. 

Оқытудың қатысушылары болып Орталықта тіркелгеніне қарамастан 

жұмыссыздар  және  өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар,  кәсіпкерлік 

потенциалы  бар  және  ауылды  елді  мекенде,  аудан  орталықтарында 

тұратын адамдар оқу қаражаты және стипендиясы бойынша мемлекеттік

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының 

екінші бағыты

31



 қолдаумен қамтылады. 

Оқу процесі 30 күнтізбелік күннен аспайды.



2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар-

да және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды 

жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарында  тіркелуіне  қарамастан 

жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам-

дар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері қатысу-

шылар болып табылады.

Кредит/микрокредит  алуы  үшін  міндетті  шарт  салық  заңнамасына 

сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.



Кредиттер/микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағынысштылығына 

қарамастан)  және  шағын  қалаларда  микробизнесті  ашу,  жұмыс  істеп 

тұрған  бизнесті  кеңейту,  ауыл  шаруашылығы  кооперативтерін  ашу 

үшін;

2)  қалаларда  (шағын  қалалардан  басқа)  жаңа  микрокәсіпорындар 

құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Кредиттер/микрокредиттер  «Бастау  Бизнес»  жобасы  шеңберінде 

кәсіпкерлік  негіздеріне  немесе  Бағдарламаның  I-бағыты  шеңберінде 

кәсіпкерлік  негіздеріне  оқыту  курстарынан  өткеннен  кейін  не  соңғы  екі 

жыл  ішінде  басқа  бағдарламалар  шеңберінде  кәсіпкерлік  негіздеріне 

оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

Кредиттер/микрокредиттер жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және 

ауыл  шаруашылығы  кооперативтерін  құру  үшін  жаңа  тұрақты  жұмыс 

орындарын құру шартымен ұсынылады.



Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы 

саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру 

үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

2)  кредиттің/микрокредиттің  ең  жоғары  сомасы  –  8  мың  АЕК-ке 

дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

4) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитор-

дың  шешімі  бойынша  кредит/микрокредит  беру  мерзімінің  ұзақтығы 

үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

5)  қаржы  жылында  бұрын  берілген  кредиттер/микрокредиттер 

бойынша, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарла-

масы шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы

32



  мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдай-

лары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығу-

шылық-тарының,  денсаулық  жағдайының  және  еңбек  нарығындағы 

қажеттіліктердің  негізінде  жұмыс  орны  мен  кәсіп  таңдауда  кәсіби 

консультацияны;

3)  нақты  кәсіп  (мамандық)  түрлері  және  лауазымдар  айқындалған 

біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби 

іріктеуді қамтиды.

Әлеуметтік кәсіби бағдарлау Орталықпен жүргізіледі.

Кәсіптік  бағдарлау  жұмыс  іздеген  адамдар,  жұмыссыздар,  өзін-өзі 

жұмыспен қамтығандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің 

жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау 

жүргізу қағидаларында айқындалады.

Жүгінген  азаматтар  үшін  лайықты  бос  жұмыс  орындарын  іздеуді 

және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді Орталықпен жүзеге асырады.

Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  Бағдарламаға  қатысушы-

ларға:

1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;



2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;

3) іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңбе-

рінде құрылатын жұмыс орындарына;

4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орында-

рына;

5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындары-



на, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына 

жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Орталықтар  жұмысқа  орналастыру  қызметтерін  көрсету  үшін 

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартуға құқылы.

Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген 

Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 

ТжКБ  бар  кадрларды  даярлауға  және  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқуға 

жіберіледі



Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және

жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

34



қарыз  алушылар  қайтарған  қаражат  есебінен  көрсетілген  қаржы 

жылынан  кейінгі  6  (алты)  айдан  кешіктірмей  қайта  кре-

дит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

3-бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурс-

тарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Операторы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

болып табылады.

1)  жұмыссыз  және  өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандарды  жұмыспен 

қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатын-

да мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу 

және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

2)  лайықты  бос  жұмыс  орындарын  іздеу  және  жұмысқа  орналасуға 

жәрдемдесу;

3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

4) жастар практикасын ұйымдастыру;

5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым 

құқықтарды  пайдаланатын  өзге  адамдар  жұмыспен  қамтамасыз  етуде 

қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Осы бағыт жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге ықпалдасу үшін 

«Еңбек биржасы» бірыңғай еңбек ақпараттық базасын  құруды көздейді.

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:

1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық 

бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту



Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының 

үшінші бағыты

Әлеуметтік кәсіби бағдарлау

33



Жұмыс  беруші  халықты  жұмыспен  қамту  орталығымен  келісім 

бойынша  жалақысын  субсидиялай  отырып,  жұмыссыздарды  жұмысқа 

орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

 Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және 

тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. 

Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) 

қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді. Әлеуметтік 

жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. 

Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 

айдан аспайды.

Жұмыссыздар  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  қатысу  үшін  халықты 

жұмыспен қамту орталықтарына Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйым-

дастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтініш пен құжаттар-

ды береді.

Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталы-

ғына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы 

хабарлайды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жіберілген  жұмыссыздарға  Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады

Жастар  практикасы  білім  беру  ұйымдары  түлектерінің  меңгерген 

кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақса-

тында түлектер үшін ұйымдастырылады.

Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық 

және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  жоғары,  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымда-

рының,  оқуды  аяқтаған  кейінгі  3  жыл  ішіндегі  және  жиырма  тоғыз 

жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен

Жастар практикасын ұйымдастыру

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

35



 ұйымдарда ұйымдастырылады.

Жастар  практикасы  тұрақты  жұмыс  орындарынан  және  бос 

тұрақты  жұмыс  орындарынан  тыс  жүргізіледі.  Мұндай  жұмыс 

орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 

қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

Жастар  практикасы  бойынша  жұмыс  орындарының  саны 

шектелмейді.

Жастар  практикасы  бойынша  жұмыс  уақытша  сипатқа  ие  болады. 



Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  жұмыссыздарды  уақытша 

жұмыспен  қамтамасыз  ету  үшін  қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдас-

тырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлы-

ғын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін 

мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3)  жұмыстың  тоқтап  тұруына  байланысты  жұмыспен  қамтамасыз 

етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді 

алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте 

тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

Адамдардың  қоғамдық  жұмыстарға  қатысуы,  олардың  халықты 

жұмыспен  қамту  орталығында  тіркелген  күніне  сәйкес  кезектілік 

тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.

Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғам-

дық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық 

жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқын-

далады.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

36



Жұмыс  күші  тапшы  өңірлерді  жұмыс  күшімен  қамтамасыз  ету, 

өңірлердегі  диспропорция  мен  демографиялық  теңгерімсіздікті  жою 

мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдем-

десу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандыры-

лады.

Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  оралмандар  және 

олардың отбасы мүшелері қатысушылар болып табылады.

Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:

1)  29  жасқа  дейінгі  жастар,  оның  ішінде  балалар  ауылдарының 

тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, 16-дан 23 жасқа дейінгі жетім 

балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 

мектеп интернаттардың түлектері;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдарының  түлектері  оқу 

орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

4) оралмандар;

5) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – 

жеке  тұлға  қызметінің  тоқтатылуына,  жұмыскерлер  санының  немесе 

штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының 

нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар 

мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыс-

тан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

Бағдарламаға  қатысушыларды  мемлекеттік  қолдау  көшуге  және 

тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы 

төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды:

1) шығу өңірлерінен қоныстану өңірлеріне көшуге арналған субсидия- 

әрбір  отбасы  мүшесіне  35  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіш  мөл-

шерінде бір рет;

2)  бір  облыс  шегінде  көшуге  арналған  субсидия  –  әрбір  отбасы 

мүшесіне 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

3)  тұрғын  үйді  жалдау  (жалға  алу)  бойынша  шығыстарды  өтеуге 

субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін 12 ай бойы ай сайын:

3.1)  бір  адам  үшін  –  20  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіш  мөл-

шерінде;

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

37



3.2)  отбасы  мүшелерінің  саны  екеуден  төртеуге  дейін  болса  –  25 

еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 

еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;

4) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және 

коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар – ауылдық жерлерге 

қоныс аударушылар үшін 12 ай бойы ай сайын:

4.1)  бір  адам  үшін  –  15  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіш  мөл-

шерінде;

4.2)  отбасы  мүшелерінің  саны  екеуден  төртеуге  дейін  болса  –  18 

еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 



еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

38

Document Outline

  • Страница 1
  • Страница 2
  • Страница 3
  • Страница 4
  • Страница 5
  • Страница 6
  • Страница 7
  • Страница 8
  • Страница 9
  • Страница 10
  • Страница 11
  • Страница 12
  • Страница 13
  • Страница 14
  • Страница 15
  • Страница 16
  • Страница 17
  • Страница 18
  • Страница 19
  • Страница 20
  • Страница 21
  • Страница 22
  • Страница 23
  • Страница 24
  • Страница 25
  • Страница 26
  • Страница 27
  • Страница 28
  • Страница 29
  • Страница 30
  • Страница 31
  • Страница 32
  • Страница 33
  • Страница 34
  • Страница 35

жүктеу 218,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау