Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша



жүктеу 218,96 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата01.01.2018
өлшемі218,96 Kb.
#6838
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАҢА НЫСАНДАҒЫ 

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ 

ЕНГІЗУ БОЙЫНША 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Астана, 2018 жыл




  МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе



Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде туындайтын негізгі сұрақтар

1. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

2. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға кім үміткер бола алады?

3. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды 

қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалардан айырмашылығы.

4. Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері дегеніміз не?

5. Кедейлік шегі дегеніміз не?

6. Әлеуметтік келісімшарт және отбасының жеке жоспары дегеніміз не?

7. Әлеуметтік келісімшарт жасасу

8. Әлеуметтік келісімшартты бұзу

9. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қандай мерзімге тағайындалады?

10. Ассистенттер мен консультанттар деген кімдер? 

11. Комиссиялар не үшін қажет? 

12. Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары дегеніміз не?

13. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына кім тартылмайды? 

14. Әлеуметтік бейімдеу шаралары дегеніміз не?

15. Әлеуметтік сүйемелдеу дегеніміз не?

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері

2. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кім қатысады?

3. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі шаралары

4. Медиа-кампанияларды өткізудің кезеңдері

5. Үй үйді аралауды ұйымдастыру және жүргізу

6. Мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру

7. Халықпен ақпараттық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері



Халықты жұмыспен қамтудың негізгі сұрақтары

1. Халықты жұмыспен қамтудың негізгі сұрақтары

2. Жұмыс іздеуші адамды тіркеу

3. Жұмыссыз ретінде тіркеу

4. Жұмыссыздар есебінен шығару

(жалғасы келесі бетте) 



  МАЗМҰНЫ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  

бағдарламасы

1. Бағдарламаның бірінші бағыты

2. Бағдарламаның екінші бағыты 

3. Бағдарламаның үшінші бағыты 

3.1. Әлеуметтік кәсіби бағдар 

3.2. Жұмыспен қамтудағы қолайлы бос орындарды іздеу

3.3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру 

3.4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру 

3.5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 

3.6. Еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру




КІРІСПЕ

2018  жылдың  1-қаңтарынан  бастап  Мемлекет  басшысы 

Н.  Ә.  Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша,  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған 

түрі – атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастайды. 

2014 жылдан бері бағдарлама тәжірибе түрінде пилоттық режимде 

пайдаланылды  және  бұл  уақыт  ішінде  өзінің  қажеттілігін  және  нақты 

нәтижелерді көрсетті, оның көмегімен қиын өмірлік жағдайға тап болған 

жүздеген және мыңдаған адамдарға қолдау көрсетілді.

Жаңа бағдарламаның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс 

күтілуде.  Бұл  маңызды  тапсырма  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімдерінің, ауылдық әкімдіктердің, Жұмыспен қамту 

орталықтарының (Орталық) қызметкерлеріне жүктелген. 

Мемлекеттік  көмекті  алуға  мұқтаж  және  жаңа  нысандағы  атаулы 

әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша ақпарат және консультация 

алғысы  келетін  азаматтардың  негізгі  бөлігі  Орталықтарға  жүгінетін 

болады. 

Сондықтан  Орталықтар  қызметкерлері  мұндай  маңызды  түсіндіру 

және  ұйымдастырушылық  жұмыстың  алдыңғы  қатарына  шығады.  Ел 

халқының  әлеуметтік  қолдаудың  жаңа  бағдарламасына  оң  көзқарас-

ының қалыптасуы едәуір дәрежеде сендерге байланысты. 

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адам, мемлекеттің оны қиындық-

тар мен бақытсыздықпен жалғыз тастамайтынын білу тиіс, бірақ соны-

мен бірге ол көмекке мұқтаж адам ғана емес; ол – оның жаңа өмірлік 

деңгейге  шығуына  жәрдемдесетін  көмектің  жаңа  түрінің  белсенді 

қатысушысы. Оны түсініп, санасына қабылдау үшін мемлекеттің өкілі 

болып саналатын Орталық қызметкері оған толық ақпарат беруі, бүкіл 

маңызды сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ол белгілі бір «анықтама бюросы» 

ғана емес, сонымен қоса жаңа бағдарлама бойынша консультант, наси-

хатшы және үгітшіге айналуы керек. 

Бұл мақсатта атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж халықпен жұмыс 

кезінде  Орталық  қызметкерлеріне  көмектесуге  бағытталған  осы  оқу 

құралы  әзірленді.  Мұнда  сендер  жаңартылған  атаулы  әлеуметтік 

көмектің  ерекшеліктері  бойынша  ең  маңызды  сұрақтарға  жауаптарды 

таба аласыңдар.

Сонымен,  консультация  алу  үшін  Орталыққа  жүгінген  адамдар 

қоятын ең бірінші сұрақтан бастайық.  

5



АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК

КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ 

ТУЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР


Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық 

табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет 

ақшалай нысанда беретін төлем. 

Отбасының  немесе  жеке  адамның  әлеуметтік  жағдайына  байланысты, 

көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

*Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарала-

рына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) 

ай  сайынғы  ақшалай  төлемдер  түрінде  көрсетілетін  атаулы  әлеуметтік 

көмек түрі.



*Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары-

на және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шаралары-

на міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақша-

лай  төлем  түрінде  аз  қамтылған  адамдарға  (отбасыларға)  көрсетілетін 

атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  оралмандар,  босқындар, 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азамат-

тығы жоқ адамдар. 

Шартсыз ақшалай көмек:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 

Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгілен-

ген  зейнеткерлік  жасқа  жетуіне;  1  немесе  2-топтағы  мүгедектігіне;  екі 

айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздығы белгілене алатын ауруы-

ның  бар  болуына  орай  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  шараларына 

қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын 

аз қамтылған адамдарға;

2) отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығы бірінші немесе екінші

(МАӘК туралы Заңының 1-бабының 4-тармақшасы)

* МАӘК туралы Заңының 1-бабының 9 және 10-тармақшалары

(МАӘК туралы Заңының 2-бабының 1-тармағы)



Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік 

көмек дегеніміз не?

Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім 

үміткер бола алады? 

8



жүктеу 218,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау