Шартты ақшалай көмек төлеу үшін жұмыспен қамтудың белсенді
шараларына қатысу келесі санаттарға міндетті емес:
1) бірінші және екінші топ мүгедектеріне;
2) күндізгі бөлімде оқитын қатысушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға,
курсанттарға және магистранттарға;
3) екі айдан астам жұмысқа жарамсыздығы белгіленуі мүмкін болатын
ауруға шалдыққан адамдарға;
4) басқа адамның қарауын және көмегін қажет ететін жеті жасқа
дейінгі балаларға, мүгедек-балар, бірінші және екінші топ мүгедектер-
іне, сексен жастан асқан қарттарға қараушы адамдарға;
5) тұрақты жұмысы бар адамдарға.
Әлеуметтік бейімдеу шараларына келесі іс-шаралар кіреді:
1) тұрғын үй көмегін көрсету;
2) жергілікті өкілді органдардың шешімімен анықталатын тәртіпте
және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;
3) скринингтік қараудан өту;
4) әлеуметтік маңызды ауруы бар болған кезде емделу;
5) жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында медици-
налық есепке қою;
6) АӘК алуға құқығы бар отбасылардан, бұдан басқа АӘК алмайтын,
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен
төмен отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің
оқушыларына және тәлімгерлеріне, сонымен қоса, жетім балаларға, ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай нәтиже-
сінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы балаларға және оқушылар
мен тәлімгерлердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық
көмек көрсету.;
7) білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік
(МАӘК туралы Заңының 2-бабының 6-тармағы)
Әлеуметтік бейімдеу шаралары дегеніміз не?
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шаралары дегеніміз не?
15
көмек ұсыну;
8) мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды жүзеге асыратын білім
беру ұйымдарында орын алуға және балаларын қосымша білім беру
ұйымдарына есепке алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік сүйемелдеу – бұл шешімді қабылдауға, әлеуметтік
келісімшартты орындауға қажетті өзінің әлеуетін жүзеге асыруға,
отбасының өмір сүру деңгейін жақсартуға және өмірлік қиын жағдайдан
тұрақты шығуға ықпалдасатын азқамтылған отбасының белсенді
шараларын қолдауға бағытталған шаралар.
Ол ассистентер мен консультанттардың белсенді тыңдау қабілетін
қолдануды талап етеді: проблеманы шешуді ұсынудан бұрын оны
тыңдау және жалпы проблеманы түсініп отырғандығына көз жеткізу.
Әлеуметтік сүйемелдеу әртүрлі әлеуметтік саладағы проблемаларды
шешуге ықпалдасуды қосуы мүмкін – әлеуметтік, білім беру, денсаулық
сақтау.
1. Әлеуметтік көмек саласы – атаулы әлеуметтік көмек ұсыну бары-
сында толық деңгейде жүзеге асырылады (тағайындау, төлеу, монито-
ринг, жұмыспен қамту шаралары, әлеуметтік бейімдеу, басқа да әлеу-
меттік бағдарламаларға тарту).
2. Білім беру саласы – өтініш берушілерді оқытуға және қайта оқыту-
ға, тұрғылықты жері бойынша қосымша қысқа мерзімді курстардың бар
екендігі, оларды аяқтаған соң жұмысқа тұрғызу, оның ішінде мектеп
түлектеріне және үлкен сынып оқушыларына да ұсынылатындығы
туралы ақпараттандыру. Бұл жерде әлеуметтік сүйемелдеудің бөлігі
ретінде отбасының кіші мүшелерін бала бақшаларына (мини-
орталықтарға), ал жасөспірімдерді – спорт секциялары мен клубтарға
тартуға ықпалдасуды алуға болады.
3. Денсаулық сақтау саласы – бұл ретте ассистенттер мен консуль-
танттардың рөлі көп жағдайда ұсыныс ретінде. Ассистенттер мен кон-
сультанттар баратын отбасыларға өзінің және балаларының денсаулы-
ғын күтудің маңыздылығын еске түсіріп отыру қажет. Отбасының
ересек мүшелеріне скрининг өтудің, жүкті әйелдердің консультациялар-
ға тұрақты баруын, сөйлесуге жолдануын және т.б. қажеттілігін жеткізу
қажет.
Әлеуметтік сүйемелдеу деген не?
16
4. Әлеуметтік сүйемелдеудегі психологиялық және заң саласындағы-
көмек құжаттарды қалпына келтіруге қажет (жеке куәлік, білім туралы
куәлік және т.б.), моральдық және психологиялық қолдау көрсету,
мұқтаж отбасы мүшелерін психологиялық қолдау топтарына қосу.
17
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ
ЖҰМЫСТАРЫ
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының мақсаттары:
- халықты әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға тарту, азаматтардың
ақпараттандырылуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
- реформаны жүзеге асыру барысында әлеуметтік тұрақтылықты
сақтау;
- жүргізіліп жатқан реформаларға азаматтардың оң көзқарасын
қалыптастыру бойынша жергілікті басқармалардың үйлестірілген
жұмысын қамтамасыз ету.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының міндеттері:
- әлеуметтік көмек жүйесіндегі өзгерістерді жүргізу барысында
әлеуметтік құбылулардың, шиеленістердің орын алу қауіпін төмендету
мақсатында жергілікті атқарушы органдардың халықпен ықпалдасуын
қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі өзгерістер туралы халықты
ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
- халықпен «кері байланыс» жүйесін жүзеге асыру.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге :
- Халықты жұмыспен қамту орталықтары;
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармала-
ры/бөлімдері;
- Еңбекминінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері;
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы БАҚ;
-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы фондының; Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорының бөлімдері, «Қазпошта» АҚ;
- Еңбек инспекциясы;
- әкімдіктер;
- басқа мекемелердің/ұйымдардың өкілдері (қажет болса) тартылады.
Көрсетілген мемлекеттік органдардың/ұйымдардың өкілдері ақпараттан-
дыру бойынша негізгі шараларды жүргізу үшін тартылады.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының
мақсаттары мен міндеттері
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге
кім қатысады?
20
Достарыңызбен бөлісу: |