Қазақстан Республикасы Еңбек және халық әлеуметтік


Теріні түзеткіштерге кигізу жөніндегі жұмыстарды орындауда – 3-разряд



жүктеу 2,46 Mb.
бет4/7
Дата25.11.2017
өлшемі2,46 Mb.
#1843
1   2   3   4   5   6   7
Теріні түзеткіштерге кигізу жөніндегі жұмыстарды орындауда3-разряд.

74. Меланжшы


Параграф 1. Меланжшы, 3-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыртқаны жару, жұмыртқа жаратын және сарыуызын бөлетін аспаптардың көмегімен қолмен қабығының ішіндегісін босату және ақуызды сарыуызынан бөлу, жұмыртқаның ішіндегісін жеке ыдысқа немесе сарыуыз бөлгішке салу;

жұмыртқаның ішіндегісін сыртқы түріне және иісіне қарау жарамсыздарын (түрі, қан араласқан, тумак, кіші немесе үлкен құрғаған жерлері, көгерген жері бар) алып сапасын тексеру;

жарамсыз жұмыртқаны – техникалық жарамсызын арнайы ыдысқа құю, аспаптарды дереу ауыстыру және қолды зарарсыздандыру;

жарамды жұмыртқа массасын ыдыстарға құю.

қабығын жинағышқа салып отыру.

316. Білуге тиіс:

жұмыртқа массасын жару және ажыратудың технологиялық нұсқаулығы;

тағамдық толық емес жұмыртқалардың және техникалық жарамсыздықтың түрі және белгісі, тағамдық жұмыртқалар мен жұмыртқа меланжының сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Меланжшы, 4-разряд


317. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымдағы жұмыртқа ажыратын машиналарда меланж өндіруге арналған жұмыртқа массасын ажырату және жұмыртқа жару процесін жүргізу;

қажеттігіне қарай жұмыртқаның ішіндегісін ақуыз және сарыуызға бөлу;

машина сыйымдылығын толтыру мен жұмысын қадағалау;

жұмыртқаның ішіндегісінің сапасын түсіне, иісіне және басқа да сыртқы белгілеріне қарай, сондай-ақ ақуыз және сарыуызға бөлу тазалығын айқындау;

жұмыртқаның жарамсыз массасын жеке ыдысқа құю, шыныаяқтарды және жаратын пышақтарды тазасына ауыстырып отыру;

жұмыртқадан бөгде қоспаларды ажырату;

машинаны сапасыз жұмыртқа массасы бар шыны аяқтарды тазасына ауыстыру кезінде ауысымның басында, ортасында және аяғында іске қосу және тоқтату;

машинаны санитарлық өңдеу, жару және бөлу тораптарын бөлшектеу, тазалау, жуу және автоклавтарда зарарсыздандыру.

318. Білуге тиіс:

жұмыртқа ажыратын машинаның құрылысы, қолдану қағидаты және пайдалану ережесі;

жарамсыз жұмыртқалар мен технологиялық ақаулықтың түрлері және белгілері;

тағамдық жұмыртқа мен жұмыртқа меланжының сапасына қойылатын талаптар.
75. Құс ұшасын ажыратушы

Параграф 3. Құс ұшасын ажыратушы, 4-разряд


319. Жұмыс сипаттамасы:

құс ұшасын ажырату процесін жүргізу. құс ұшасының терісін алу;

пышақпен құл ұшасы сүйегінен бұлшық ет және біріктіру тканьдерінің негізгі массасын ажырату;

ет қалдықтарының сүйегін ажырату;

еті бар тазиктерді өлшеу және тоңазыту камераларына жіберу;

ажырату процесінде сүйектерді жинағыштарға салып және цехтан жиналуына қарай шығарып отыру.

320. Білуге тиіс:

құс ұшасының анатомиялық құрылысы мен бұлшық ет, май және біріктіру тканьдерінің орналасуы;

құс ұшасын ажырату тәсілдері; ажырату кезінде еттің шығу нормалары.

76. Қоян өңдеуші


Параграф 1. Қоян өңдеуші, 2-разряд
321. Жұмыс сипаттамасы:

қоян ұшасын өңдеу процесін жүргізу: ұшаларды жүннен және ластықтан тазарту;

ұрылған жерлерін, өңешін, қанмен бүлінген жерлерін алып тастау;

мойынының кесілген жерін, клоак қалдықтарын тазалау;

ұшадағы қан және жүн қалдықтарын жуу;

322. Білуге тиіс:

қоян ұшасын өңдеу ережесі;

қоянның өңделген ұшаларына мемлекеттік стандарттар.

Параграф 2. Қоян өңдеуші, 3-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:

тауарлық түр беру үшін соңғы операцияларда қоян ұшаларын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау, түрлі конструкциядағы машиналарда аяқтарын, басын ажырату, ұшаларды қолмен формалау;

ұшаларды формалауда – көкірек клеткасын пышақпен тесу және ұшаның алдыңғы аяқтарын көкірек клеткасының кесігіне салу, артқы аяқтарын ұшаның сыртқы жағына аяғын аудара отырып секіру буынының арасына біріктіру;

қояндарды конвейерлерге ілу.

324. Білуге тиіс:

қоян ұшаларының мемлекеттік стандарттары;

қоян ұшаларына тауарлық түр беру үшін формалау тәсілдері.

Параграф 3. Қоян өңдеуші, 4-разряд


325. Жұмыс сипаттамасы:

конвейер желіде қоян сою және өңдеу процесін жүргізу. түрлі жүйедегі электр аппараттармен немесе қолмен қояндарды есеңгірету;

қояндарды машинада ұйқы артерияларын кесіп немесе басын бөлу жолымен сою;

түтікшемен теріні ағарту және шешу: ұшаның артқы аяқтарының секіру буынының айналасындағы теріні дөңгелетіп кесу, артқы аяқтарының секіру буындарының ішкі жағын, құйрығының төменгі жақтарын қиықтап кесу;

теріні бір уақытта майлы жерлерін кесе отырып созғылау.

қоян ұшаларын нутрлау және ливерлеу: көкірек сүйегіне дейін ақ сызығы бойынша ұшаны кесу, анатын, ішектерін, асқазанын, қуық және өт жолдарын ажырату, диафрагмасын кесу, жүрегін, өкпесін, сондай-ақ бауырын алып тастау;

өкпе-бауырды шараға жинау;

пышақтарды қайрау және түзету.

326. Білуге тиіс:

қоянды сою және матап тастау жөніндегі механикалық құрылғылардың құрылымы, қолдану қағидаты және пайдалану ережесі, қоян анатомиясының негіздері, қоян сою және теріні бастапқы өңдеудің техникалық шарттары, қоян терісін нутрлау, ливерлеу және шешу тәсілдері;

пышақтарды қайрау және түзету тәсілдері.

77. Құс өңдеуші


Параграф 1. Құс өңдеуші, 2-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:

құл ұшасын тауарлық түр беру үшін өңдеу процесін жүргізу, өңдеу сапасын тексеру;

жартылай ақтарылған ұшаларда – ауыз қуысын шаю, тұмсығын қан мен жемнен, аяғын ластықтан тазарту; ақтарылған ұшаларда – ішкі органдардың қалдықтарын алып тастау, құс ұшасының аяқтарын немесе басын ілу паздарына бекіту, мықтап ілуді қамтамасыз ету.

328. Білуге тиіс:

құл ұшаларын оларға тауарлық түр беру үшін өңдеу ережесі;

құс ұшаларын конвейерге одан әрі өңдеуге ілу тәртібі.

Параграф 2. Құс өңдеуші, 3-разряд
329. Жұмыс сипаттамасы:

құс ұшаларын пакеттерге және жәшіктерге формалау және орау процестерін жүргізу. ақтарылған ұшаларды формалауда – мойын терісін қанатының астына салу, қанаттарын жандарына қыстыру, құрлықтағы құстың жартылай ақтарылған ұшаларында – мойынын басымен көкірегіне, қанаттарын жандарына, аяқтарын көкіректеріне қыстыру; суда жүзетін құстардың жартылай ақтарылған ұшаларында – қанаттарын иық буындарына, аяқтарын табан буындарына айналдырып қыстыру;

пакеттерді ашу, орау құрылғылардың көмегімен формаланған ұшаларды салу, орамаларды вакуумдау және пакеттің мойына қыстырғыштар немесе жабысқақ таспа салу;

құс ұшасын жәшіктерге салу.

330. Білуге тиіс:

құс ұшасы мен ішек-қарындарын орау желісінің құрамына кіретін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесі;

құс және қоян етінің мемлекеттік стандарттары, құс ұшасын ыдыстарға орау тәсілдері мен формалау жолдары.

Параграф 3. Құс өңдеуші, 4-разряд


331. Жұмыс сипаттамасы:

құс ұшаларын өңдеу процесін жүргізу: союға құстарды жіберу транспортеріне қызмет көрсету, құс ұшаларын өңдеу конвейеріне ілу, барлық түрдегі құстардың ұшасынан қауырсын қабатын; суда жүзетін құстың балауыз массасын қолмен және қауырсын жұлатын түрлі құрылымдағы машиналарда алып тастау;

желілерді жұмысқа дайындау: жылумен өңдеу бұлауларына су жіберу және құстың түріне және жасына қарай өңдеу режимін реттеу, желіні іске қосу және тоқтату; жабдықты тексеру және қажеттігіне қарай ауысым барысында оның жұмысын реттеу;

өнім сапасын нашарлататын және желі өнімділігін төмендететін себептерді анықтау және жою;

құс ұшаларын толықтай немесе ішінара ақтару: басын ажырату, мойын терісін кесіп алу, мойнын бөлу, клоагын кесу, құрсағын кесу, ішкі органдарын мен ішек-қарынын ұшадан шығару және жою, жүрегін, бауыр, асқазан және өт қалтасын ажырату; асқазанын өңдеу және кутикуласын машинамен алу; аяқтарын ажырату және қолмен және машинамен өңдеу;

пышақты кезеңімен түзетіп отыру.

332. Білуге тиіс:

бастапқы өңдеу және ақтару учаскелерінде құсты өңдеу желісінің құрамына кіретін машиналардың құрылымы, қолдану қағидаты және пайдалану ережесі;

құс ұшасын өңдеу процесі;

түріне және жасына қарай құсты жылумен өңдеу режимдері;

құс ұшаларының анатомиясы жөніндегі қысқаша мәліметтер;

ақтару және жартылай ақтару сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Құс өңдеуші, 5-разряд
333. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі тәсілдермен (ішкі, сыртқы бір жақты, сыртқы екі жақты) қолмен және қан тамырларын пышақпен немесе қайшымен және автоматта қиып құстың барлық түрін сою процесін жүргізу. ішкі тәсілмен союда – құстың басын қатыру, ауыз қуысындағы қан тамырларын қайшының көмегімен кесу;

союдың екі жақты сыртқы тәсілінде – құлағынан 10 мм-ге төмен терінің пышақпен кесу, бір уақытта оң және сол артерияларын және мойынтұрық тамырды кесіп қан ағу үшін саңылау қалдыру;

құсты автоматпен союда – сою сапасын бақылау, қажеттігіне қарай – ұшаның барынша қанын ағызу үшін қолмен сою.

334. Білуге тиіс:

құс союға арналған автоматтың құрылысы, қолдану қағидаты және пайдалану ережесі, сойғаннан кейін құстың сапасына қойылатын талаптар.

78. Қауырсын түбіт шикізатын өңдеу желісінің операторы
Параграф 1. Қауырсын түбіт шикізатын өңдеу желісінің операторы, 3-разряд
335. Жұмыс сипаттамасы:

қауырсын түбіт шикізатты өңдеудің механизацияланған ағын желісінің вакуумды кабиналарына қызмет көрсету;

қаптарды даяр сұрыпталған түбітпен, қауырсынмен және сұрыптау қалдықтарымен толтыру жөніндегі вакуумды кабиналардың дабыл қаққыш құрылғыларын қадағалау;

кабиналардан қаптарды түсіру, байлау, өлшеу, қаптарды қауырсын түбіт жартылай фабрикаттардың түрлері бойынша таңбалау және оларды одан әрі өңдеуге жіберу;

даяр жартылай фабрикат сапасын бақылау;

қоймалау орнына қалдықтарды жіберу;

вакуум кабиналардың жұмысын тексеру, олардың ақаулықтарын анықтау және жою.

336. Білуге тиіс:

ағынды механизацияланған желінің жұмыс істеу қағидаты;

түбіт, қауырсын және қалдықтарды жіберетін желдеткіштердің, вакуумды кабиналардың құрылысы;

вакуумды кабиналарға ағынды механизацияланған желілердің машиналарынан шикізатты жылжыту тәсімі;

түбіт қауырсын шикізатының сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Түбіт қауырсын шикізатын өңдеу желісінің операторы, 4-разряд

337. Жұмыс сипаттамасы:

ағынды механизацияланған желіні басқару пультімен түбіт және қауырсынды өңдеу процесін жүргізу. ағынды механизацияланған желі машиналары мен жабдықтарының технологиялық режимдері мен үздіксіз істеуін автоматика, бақылау-өлшеу аспаптарының, бағдарламалық карталардың көмегімен қамтамасыз ету;

машиналар мен жабдықтарды жұмыс процесінде баптау;

белгіленген технологиялық режимнен ауытқудың алдын алу және себептерін жою.

338. Білуге тиіс:

түбіт қауырсын шикізатын өңдеу жөніндегі ағынды механизацияланған желінің құрылысы;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

желі машиналарын баптау ережесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген түрлерінің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

қолданылатын шикізаттың физикалық-химиялық қасиеті;

түбіт және қауырсынның сапасына қойылатын талаптар.

79. Құс және қоян етінен кулинарлық өнім жасаушы


жүктеу 2,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау