Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды



жүктеу 182,47 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі182,47 Kb.
#2936

ҚР Еңбекминінің 2010 ж. 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығы Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  • A

  • A

  • A

 

Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды

жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды

бекіту туралы

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  туралы ереженің 10-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бұйрықтың Министрліктің веб-сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                            Г. Әбдіқалықова



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қазақстан Республикасы Еңбек және

       халықты әлеуметтік қорғау министрінің

                                                 2010 жылғы  19   қазандағы

                                                     № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі



әдістемелік ұсынымдар

 

 



1. Жалпы ережелер

 

         Осы әдістемелік ұсынымдар нормативтік материалдарды әзірлеу кезінде қолдануға арналған және ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізудің негізгі қағидаттарын айқындайды.



          Еңбек процесін тиімді жобалау, еңбек нормаларының негізділігін қамтамасыз ету бастапқы ақпарат пен арнайы зерттеулер базасында жүзеге асырылады.

Мұндай зерттеулердің негізгі мақсаты:

операцияның және жұмыс уақыты шығынының құрылымын талдау;       

уақыт шығынына әсер ететін факторлар туралы мәліметтерді алу;

уақыттың бос шығынының және тиімсіз шығынының ауқымы мен себептерін айқындау;

нормалар мен нормативтерді әзірлеу үшін деректер алу;

қолданылатын нормалар мен нормативтердің сапасын, нормалардың орындалмауының (асыра орындалуының) себептерін бағалау;

қолданылатын еңбек тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау;

нұсқаулық, технологиялық карталарды әзірлеу үшін бастапқы деректерді алу;

жұмыс уақытының шығынын перспективалы есептеу – еңбекті нормалау үшін база  құру болып табылады.

Еңбек процесін зерттеу және оны нормалау барысында екі міндет шешіледі: операция мен оның элементтерін орындауға кететін нақты уақыт шығынын айқындау; ауысым бойғы (немесе оның бөлігіндегі) уақыт шығынының құрылымын айқындау.

Жұмыс уақыты шығынын зерттеудің екі негізгі әдісі бөліп көрсетіледі: тікелей өлшеу әдісі және сәттік бақылау әдісі.

Уақытты тікелей өлшеу әдісі жұмыстың әрбір элементінің жұмыс уақыты ұзақтығын өлшеуді, сәттік бақылау әдісі – уақытты өлшемей, жұмыс сәттерінің  және жұмыстағы үзілістердің  санын тіркеуді болжайды.

         Олардың әрқайсысын жүргізу, бақылау түріне байланыссыз мынадай кезеңдерден тұрады: бақылауға дайындау, бақылау жүргізу, бақылау деректерін өңдеу,  нәтижені талдау және еңбекті ұйымдастыруды немесе нормалар мен нормативтерді белгілеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.  

Жұмыс уақыты шығынын зерттеудің мақсатына байланысты бақылаудың мынадай түрлері бөлініп көрсетіледі: жұмыс уақытының хронометражы, фотографиясы, фотохронометраж (бақылаудың әрбір түрі туралы түсінік Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.12.2008 ж. № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда  келтіріледі).

Еңбек процесінің элементін орындауға кететін уақыт шығынының ұзақтығын уақытты үздіксіз және іріктемелі өлшеу арқылы өлшеу      хронометражбен жүзеге асырылады.

Жедел жұмыстың топтамалық қайталатын элементтері, сондай-ақ дайындау-қорытынды жұмыстарының немесе жұмыс орнына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың элементтері зерттелетін бақылау түрі хронометраж   деп аталады.

 Хронометраждың мақсаты: еңбек нормаларын белгілеу және еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу үшін деректерді алу;  еңбектің  озық тәсілдері мен әдістерін зерттеу және енгізу; қолданыстағы нормалардың сапасын тексеру; жекелеген қызметкерлердің нормаларды орындамау себептерін анықтау болып табылады.  

Хронометраж жұмыс орнының ұйымдастырылуын бағалауға, жекелеген операцияның құрылымын және оның орындалу жағдайын саралап зерттеуге мүмкіндік береді. 

 

 



2.  Хронометраж,  жүргізу әдістемесі, деректерді өңдеу және талдау 

 

 Хронометражжүргізудің үш тәсілі бар:



- үздіксіз-  жедел уақыттың белгілі бір тәртіппен циклды қайталанатын барлық элементтері ағымдағы уақыт бойынша өлшенеді;

- іріктемелі– орындалу кезектілігіне қарамастан, операцияның жекелеген   элементтері(жұмыс тәсілдері) өлшенеді; 

- топтамалық  -  ұзақтығы өте қысқа операциялар зерттеледі, оларды әрқайсысы әрбір топтамада мерзімдік және белгілі бір кезекпен қайталанатын  топтарға біріктірмей визуалды етуге мүмкіндік болмайды.

          Хронометражпроцесіүш кезеңнен тұрады: 

         - бақылауға дайындау; 

         -бақылау жүргізу (хронометрлеу);

         - бақылау нәтижесін өңдеу және талдау. 

 

 



         2.1.Бақылауға дайындау

 

         Бақылауға дайындау:



         - хронометрлеу үшін жұмыс орнын таңдаудан;

         - операцияны құрамдас элементтерге (ауысу, тәсілдер)бөлшектеуден;

         - операция элементтерінің фиксаждық нүктелерін, яғни операция элементінің басталуын (бастапқы фиксаждық нүкте) және оның соңын (соңғы фиксаждық нүкте)көрсететін уақыт сәттерін айқындаудан;

          - әрбір элементтің ұзақтығына әсер ететін маңызды факторларды белгілеуден; 

          - қажетті өлшеу санын белгілеуден; 

          - құжаттаманы дайындаудан тұрады. 

Хронометраж жүргізу алдында бақыланатын адамның функционалдық міндеттеріне кіретін жекелеген еңбек операциялары мен жұмыс түрлерінің тізбесін (сөздігін) жасаған жөн, бұл материалдарды статистикалық өңдеу кезінде персоналдың қандай да бір тобына тән емес жұмыстардың орындалуын анықтауға мүмкіндік береді. 

         Хронометраждың мақсатына байланысты бақылау нысаны айқындалады. Жұмыстың анағұрлым тиімді тәсілдерін орындау үшін бақылау озат жұмысшыларға жүргізілуі керек. Егер хронометраждың мақсаты бірнеше жұмысшы орындайтын бірдей операцияларға норма белгілеу немесе норматив әзірлеу үшін деректер алу болса, онда олардың арасынан топ бойынша соңғы үш айда өндіру нормасы орташа деңгейлі және мамандығы бойынша жұмыс стажы 4 айдан кем емес бірнеше адам іріктеледі (іріктеу көлемі мұндай жұмысшылар тобының санына байланысты болады).  2-3 адам болғанда, олардың біреуін,  4-5 адам болғанда – екі адамды, 6-8 адам болғанда – үш адамды және т.с. бақылаған жеткілікті.

         Егер хронометраждың мақсаты өндіру нормасын орындамау себебін анықтау болатын болса, онда бақылау өндіру нормасын орындамаған жұмысшыларға жүргізіледі, алынған нәтиже нормативтермен және осы нормаларды асыра орындайтын жұмысшылар хронометражының деректері бойынша уақыт шығынымен салыстырылады.            

 Хронометрленуге тиіс операция бойынша  оның құрылымы, орындау әдістемесі зерттеледі. Кейін әрбір элементті (үздіксіз хронометражда) орындаудың технологиялық жүйелілігін анықтау және артық тәсілдер мен қажетсіз элементтерді алып тастау мүмкіндігі үшін операция элементтерге бөлінеді.

         Операцияны бөлшектеу дәрежесі өндіріс түріне, қабылданған жұмыс уақыты шығындарының элементтерін жүйелендіруге, зерттеу мақсатына, сондай-ақ әрбір элементтің ұзақтығын өлшеу мүмкіндігіне байланысты  болады.

 Операцияның әрбір элементінің басы және соңы белгіленеді   (фиксаждық нүктелер). Фиксаждық нүкте – бұл көру немесе есту арқылы қабылданатын, операцияның қандай да бір элементінің басы және соңы туралы сигнал беретін анық сыртқы белгі. Егер үздіксіз бақылау жүргізілетін болса, алдыңғы элементтің соңғы фиксаждық нүктесі келесі үшін бастапқы нүкте болады. 

Жабдықтарға, олардың құрылысына, бұйымдардың салмағы мен конфигурациясына, жабдықтың жұмыс режиміне, жасау технологиясына, өндірістің, еңбектің және жұмыс орнының ұйымдастырылуына байланысты нақты өндірістік жағдайларда операцияның әрбір элементінің өнімділігіне әсер ететін факторлар анықталады. 

Орнықты жұмыстың өзінде орындаушының жұмысына әртүрлі себептердің әсер етуіне байланысты операцияның бірдей элементтерін орындауға кететін уақыт шығыны бірдей болмайтындықтан, анық нәтиже алу үшін зерттелетін операциялар санын және жүргізілетін өлшемдер санын анықтау қажет. Бақылау көлемін 1-кестеден анықтау ұсынылады. 

 1-кесте

Бір хронометраждық бақылау кезіндегі өлшемдер саны *

 


Жұмыс сипаты және оған жұмысшының қатысу дәрежесі 

Жұмыс элементінің ұзақтығы, с

 

  15.0дейін

15-60

  60астам

машинамен

8-10

8-10

5-9

машинамен және қолмен

22-26

18-21

14-18

қолмен

37-42

26-30

21-26

Дерек көзі: халық шаруашылығында жұмысшылардың еңбегін нормалаудың әдістемелік негіздері. М.Экономика 1987, 86-бет.

Норма белгілеу және еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу үшін деректер алу мақсатында хронометраждық бақылау жүргізген кезде операция анағұрлым егжей-тегжейлі бөлінеді, бұл ретте оның элементтері ұқсас операциялар үшін үлгі болатындай таңдалуға тиіс. Белгіленген уақыт шығынын уақтылы түзету үшін жұмыс уақыты шығынын өлшеудің объективті нәтижелері  нақты өнімділік пен үлгі өнімділікті салыстыру кезінде алынады.

           Бақылау нәтижесінде алынған уақыт шығынының орташа мәні түзетілетін жұмысшының қалыпты еңбек өнімділігіне жеткізу коэффициентін қолданған тиімді.  Бұл коэффициентті есептеу үшін соңғы үш айдағы есепті деректер бойынша бақыланатын жұмысшының нақты сағаттық өнімділігін анықтау қажет. Хронометраждық бақылау жүргізу сәтінде алынған сағаттық өнімділікті алдыңғы үш айдағы бақылау бойынша орташа өнімділікке бөлу арқылы  қажетті коэффициент алынады.

Мысалы, хронометраждық бақылауды жүргізу үшін бірдей операцияны (жұмысты) орындайтын жұмысшылар тобынан топ бойынша өндіру нормасы орташа деңгейлі және мамандығы бойынша жұмыс стажы 4 айдан астам екі адам іріктелді. Бірінші жұмысшының өткен үш айға сағаттық еңбек өнімділігі             30 бөлшекті, екінші жұмысшыныкі – 36 бөлшекті құрады. Хронометражды бақылаулардың нәтижелері бойынша мынадай нәтижелер алынды – бір бөлшекке шығындалатын уақыт мәні: 1,63 мин. және 1,4 мин. Хронометражды бақылауларды жүргізу сәтіне нақты сағаттық өнімділік 28 және 32 бөлшекті құрады. Сәйкестендіру коэффициенті тиісінше 0,93 және 0,89. Уақыттың алынған орташа шығындарын осы коэффициенттерге көбейтіп, мыналарды аламыз: 1,52 және 1,25 немесе орташа 1,39 мин. тең, және оны норма (норматив) деп қабылдаймыз. Егер біз хронометражды бақылау бойынша орташасын алсақ, онда 1,51 мин. алар едік.

         Жұмысшыларға нұсқаулық жүргізіледі, хронометраждың мақсаты түсіндіріледі және жұмыс тәртібі нақтыланады, өйткені жұмысшы уақытты үнемдеу мақсатында көбіне операцияның әр түрлі элементтерін біріктіреді, мысалы бөлшектерді орнату мен түсіруді өлшеумен, жиектерді тазалаумен және сол сияқты элементтермен біріктіреді.

 

           2.2. Бақылау (хронометраждау).



 

Екінші кезеңде уақытты бақылау және белгілеу жүзеге асырылады. Уақытты өлшеу бір-екі тілі бар секунд өлшегіштің немесе хронометрдің көмегімен жинау және жинақтау тәсілімен жүргізіледі. Фиксаждық нүктелер бойынша бақылаушы уақытты белгілейді және секунд өлшегіштің көрсеткіштерін бақылау парағына жазады (2-кесте), операциялардың орындалу тәртібін қадағалайды.



Фиксаждық нүкте – бұл көру немесе есту арқылы қабылданатын, операцияның қандай да бір элементінің басы және соңы туралы сигнал беретін анық сыртқы белгі.

2-кесте.


Хронометражды бақылау парағы

 


Операция элементі

Фиксаждық нүкте. Бастапқы – қолдың дайындамаға тиюі 

Бақылау нөмірлері

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

Уақыт, мин.с

Соңғы нүктелер

Дайындаманы алып, орнату және бекіту

Қосу кнопкасын басу

 

 

 

 

 

 

 

 

Станокты қосу, кескішті тақау

Жоңқалардың пайда болуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлшекті қайрау

Жоңқалардың шығуының аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Кескішті алшақтату, станокты сөндіру

Кілтің патронға тигендегі дыбыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер үздіксіз (жаппай) бақылау жүргізілсе, бұрынғы элементтің соңғы фиксаждық нүктесі, сонымен қатар, кейінгі элементтің басы болып табылады.

          Хронометраж жүргізген кезде операция элементтерін орындау және өлшеу тәсілдерін, әдістерін зерттеуден басқа, бақылаушы жабдықтың жұмыс істеуінің белгіленген параметрлерден ауытқу жағдайын, жұмыстың ұйымдастырылуын белгілеуге, сондай-ақ өлшеу кезінде еңбек процесінің қалыпты ағынына кездейсоқ себептердің әсері болған немесе бақылаушының кінәсі бойынша қателер жіберілген өлшемдерді белгілеуге міндетті. 

           Егер ағымдағы уақыт бойынша хронометраж жүргізген кезде жұмыс циклінде қысқа мерзімді үзілістер кездессе, онда олар жеке-жеке белгіленеді. Олардың ұзақтығы сол тәсілдерді (өлшемдерді) орындау, олардың ішінде (немесе арасында) болған уақытына қосылмайды.

           Іріктемелі хронометраж жүргізген кезде секунд өлшегіш операцияның зерттелетін элементінің бастапқы фиксаждық нүктесінде қосылады және соңғы фиксаждық нүктесінде сөндіріледі. Элементті орындауда алынған уақыт хронокартаға жазылады. Секунд өлшегіштің тілін бастапқы жағдайға қайта әкеліп, бақылаушы екі фиксаждық нүкте арасындағы уақыт шығынын қайта белгілейді. Бақылау қажетті өлшемдер жүргізілгеннен кейін тоқтатылады.

           Құжаттамалық бақылау хронометражды-бақылау картасында (парағында) ресімделеді, оған қызметкер, операция туралы деректер жазылады, белгілі уақытта өндірілетін өнім саны, еңбек түрлері және құралдарының жағдайы, процесс сипаты орындаушының біліктілігі мен стажы, бақылау уақыты, бақылау күні және басқалары көрсетіледі.

           Хронометражды-бақылау картасына (парағына) бақылаушы мен орындаушы қол қояды.                                                                                                                                      

     


 2.3. Алынған деректерді талдау және өңдеу.

 

Үшінші кезеңде деректерге өңдеу және операция элементінің ұзақтығын айқындау жүргізіледі. Операция элементі ұзақтығының алынған мәні хронометражды көп нұсқалы қатарға жазылады, бұндағы үстіңгі жол нұсқа – бұл өлшемдер ұзақтығының (t) өсу (кему) тәртібі, ал төменгі жол жылдамдық (p) – осы нұсқа хронометражды қатарда қаншалықты жиі кездесетінін көрсетеді.     

Жылдамдықтың жалпы сомасы өлшемдердің санына тең болуға тиіс. Алдын ала жаңсақ (ақау) өлшемдер алып тасталады және кейін мына көрсеткіштердің көмегімен хронометражды қатардың сапасы бағаланады: 

тұрақтылық коэффициенті:   

         Егер тұрақтылық коэффициенті нормативті тұрақтылық коэффициентінен төмен болса, онда тұрақты (бытыраңқы емес) қатарды кері бақылау жағдайында қайталау керек (тұрақтылық коэффициенті көп нұсқалықтың өрескел бағалануы болып табылатынын атап өткен жөн, яғни ол тек көп нұсқалық қатардың соңғы мәнінің ара қатынасын ескереді)

Хронометраж нәтижелерінің негіздемелігін арттыру үшін едәуір нақты статистикалық бағалауларды (дисперсияны, ортаңғы желілік ауытқу және сол тәрізді) пайдаланған мақсатқа сай:

мысалы модальдік коэффициенті:   

бұндағы  pмо – мода жылдамдығы (көп кездесетін нұсқа);  p – хронометражды қатардың барлық жылдамдығының сомасы.

Егер  , онда қатар модальді және сапалы, сондықтан, операцияның әрбір элементін (нормаға қабылданатын) орындаудың орташа ұзақтығын орташа арифметикалық өлшенген формула бойынша есептеуге болады:

 

Хронометраж үздіксіз (ағымдағы уақыт бойынша), іріктемелі және циклді болуы мүмкін.



Ағымдағы уақыт бойынша хронометражды бақылаулар жүргізген кезде жұмыстың барлық элементтері оларды орындау тәртібімен зерттеледі.

Іріктемелі  хронометраж операцияның жекелеген элементтерінің жүйелілігіне қарамастан оларды зерттеу үшін қолданылады. Екі түрлі тәсілмен хронометраж жүргізу мысалы 3-кестеде көрсетілген.

  3-кесте

 


Р/с

 



Операция элементтері

Фиксаждық нүктелер

Операция элементтерін орындау уақыты,  мин.

Ескертпе

А*

Ұ*


Өлшемдер нөмірлері

Сома

Ө*

Ұ



Орташа үлесі

 

 

1

2

и т.д.

15

 

 

 

1

Бөлшекті орнату

Бөлшекке қолдың тиюі

А

Ұ


0,15

0,15


0,82

0,17




10,17

0.21


15

2.62


0.175

кондуктор

2.

Бұрғылау

Тұтқаға қолдың тиюі

 


А

Ұ


0,45

0.30


1.13

0.31




10.38

0.30


15

4.56


0.304

қолмен беру

3.

Бөлшекті түсіру, тазалау, алып қою

Бөлшекке қолдың тиюі

А

Ұ


0.65

0.20


1.35

1.22




10.65

0.27


14

3.23


0.231

Ө.Ұ екі элементтен тұрады

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

0.710

 

 

Іріктемелі:

Бөлшектің тесігін қолмен тазалау



Егеуге қолдың тиюі, одан қолды алу

А

Ұ


-

0.11


-

0.13


-



-

0.15


15

1.85


0.123

Ө.Ұ құрамына кіреді

*А –ағымдағы уақыт; Ұ* – ұзақтық; Ө* – өлшемдер саны

 

Едәуір ұзақтығы бар (3-5с) операциялардың жекелеген элементтеріне уақыт шығындарын жеткілікті дәлдікпен өлшеу қиын болған жағдайда циклді хронометраж қолданылады.



Элементтер топтарын орындаудың созылмалылығын өлшеу негізінде операцияға кіретін әрбір элементтің ұзақтығы айқындалады. Мәселен, егер а, б, в амалдары болса оларды үш топқа біріктіруге болады:

 

А+б=А,а+в=Б,б+в=В



 

Одан әрі бақылау арқылы осындай амал топтарын (А,Б,В) орындау уақыты айқындалады. Нәтижесінде белгісіз а, б, в үш теңдеуін аламыз. Оларды шешкеннен кейін жекелеген элементтерді орындау уақыты табылады.

Талдау нәтижелері бойынша операцияны орындауға арналған қажетті уақыт белгіленеді.

 

3. Хронометражды бақылау жүргізудің



әдістемелік аспектілері

 

Зерттеу жүргізген кезде тілі бар сағаттық аспаптар (сағат, бір-екі тілі бар секунд өлшегіштер), уақытты, сол сияқты нормаланатын процестерді мазмұнын, құрылымын және орындау тәсілдерін автоматты түрде белгілейтін арнайы аппаратура (осциллография, фото- және киноаппаратура) пайдаланылады.



 Хронометраж бір жағдайларда әр түрлі секунд өлшегіштердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, онда өлшемдер нәтижесін есептеуді бақылаушы секунд өлшегіш тілінің көрсеткіші бойынша көзбен шолып жүргізеді және бақылау картасына жазады.   

Басқа жағдайларда хронограф және арнайы фото-киноаппаратура үлгісіндегі графикалық аспаптар қолданылады. Бұл ретте бақылаушы есептеуден және уақыт көрсеткіштерін жазудан босайды, өйткені хронограф операцияның әрбір элементінің жиынтық уақытын, өлшемдердің жалпы санын көрсетеді және жекелеген шығындардың ұзақтығы, олардың жүйелілігі, уақыттың асуы белгіленген хронограммаларды береді.     

Хронометражды жұмыс басталғаннан соң 50-60 минуттан кейін жүргізу қажет, яғни өндіру кезеңі аяқталғаннан кейін. Сондай-ақ жұмыс аяқталуға 1,5-2.0 сағат қалғанға дейін өлшемдер жасау ұсынылады. Осы шарттарды сақтау жұмысшының немесе олардың топтарының еңбек шығындарын нақты айқындауға мүмкіндік береді, себебі бақылау ауысым кезеңдерін жұмыстың орташа қарқынмен қамтиды, олар жұмыс істеу қабілетінің қисық өзгеруі бойынша айқындалады. Хронометражды бақылауларды ауысымның басында немесе соңында жүргізген дұрыс емес. Сондай-ақ бақылауды жұмыс аптасының бірінші және соңғы күнінде жүргізбеуге тырысу қажет.

Хронометражды бақылауларды жүргізу уақытын айқындау кезінде сол немесе басқа жұмысшының өнімділігі мен шаршағандығына байланысты жұмыс қарқынын ғана емес, техникалық ұйымдастырылған жағдайда өндірістік процестің өтуін ескеру қажет.

Хронометраж кезінде бақылау объектісін таңдау жүргізілетін зерттеудің мақсатымен айқындалады. Ең үздік тәжірибені зерттеу және жинақтау үшін бақылау ең үздік жұмысшыға жүргізіледі. Осы мақсаттарда басқа жұмысшылардың жұмыс істеу тәсілдері пайдаланылады және зерттеледі. Нашар жұмыстарды орындау және себептерін жою үшін артта қалған жұмысшыға жүргізілген бақылау талданады.

Егер бақылау өндіру (уақыт) нормасын әзірлеу үшін әзірленсе, онда объект ретінде орташа жұмысшылар іріктеледі. Іріктеу жұмысшылардың бір айдағы өндіру нормасын орындау деректері бойынша жүргізіледі. Өндіру нормаларын орындамайтын жұмысшылар есептелмейді. Қалған жұмысшылар бойынша нормаларды орындаудың орташа арифметикалық деңгейі есептеледі.



_____________________________________________________________
жүктеу 182,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау