Қызылорда облысында бірнеше ауылдық КЕҰ («Әлібатырованың түкті кілем тоқуды үйрету ҚҰ», «Қарлығаш шеберлер орталығы» КЕҰ, «Пахраддин өнеркәсіп орны», «Жаңақорған қолөнер шеберлері орталығы», «Ұшқын» білім беру-өндіріс кәсіпорны» ҚҰ) әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарды өз жұмыстарына тартып, қолөнерді дамытуда белсенді қызмет атқаруда. Ауылдағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы бойынша тәжірибелерді кеңінен насихаттау шаралары да орындалуда. Әсіресе, басапасөз ақпарат құралдарында жариялау қолға алынған.
Ұсыным орындалуда.
***
23 т. «Ресурстық орталықтардың қызметі аясында ауылдық КЕҰ-ға
әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін арттыру мақсатында оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру»
(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, КЕҰ үшін ресурстық орталықтар қызметі 13 жоба арқылы Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғистау, ОҚО, Павлодар областарында жүзеге асырылған.
Анықтама
КЕҰ-дың ресурстық орталықтарының жобасы аясында төмендегі жұмыстар атқарылды:
392 кеңестер берілді;
50 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды;
34 семинарлар өткізілді;
екі күндік жазғы лагерь ұйымдастырылды;
Барлығы 2251 адам қатысты.
|
Қазіргі уақытта ресурстық орталықтары болмаса да «Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық КЕҰ-ды дамытуды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында ауылдық КЕҰ-дың жетекшілеріне, қоғамдық ұйымдардың белсенділеріне, жастар ұйымдарына, бастамашыл топтарға арналған «Қоғамдық ұйымдарды құруды дамыту» семинар-тренингтері жүзеге асырылды.
Ұсыным орындалуда.
***
24 т. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және тұрғындардың аумақты басқару ісіне қатысуын кеңейтуді дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаны ҮЕҰ-ды қатыстыра отырып жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру»
(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Жергілікті атқару органдарының ұсынған ақпаратына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару және тұрғындардың аумақты басқару ісіне қатысуын кеңейтуді дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды ҮЕҰ жүзеге асыруда.
2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылды:
Шығыс Қазақстан облысы;
Маңғыстау облысы;
Қызылорда облысы;
Қостанай облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Солтүстік-Қазақстан облысы;
Ақтөбе облысы;
Оңтүстік-Қазақстан облысы;
Астана қ.
Жоғарыда көрсетілген қала мен облыстарда жоба аясында оқыту семинарлары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Гранттық қаржыландыру бойынша ДІАҚМ тапсырысы негізінде «КАМЕДА» ҚҚ «Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті азаматтық институттар арқылы шешім шығару процестеріне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту» жобасын жүзеге асырған болатын.
Аулдық ресурстық орталықтарға, ҮЕҰ-ға, бастамашыл топтарға жергілікті өзін-өзі басқару, ҮЕҰ-ды құру және оны дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты түрде кеңес беру шаралары ұйымдастырылды.
Мемлекеттік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауларына қатысу талаптарын түсіндіру бойынша, сонымен қатар, тұрғындар арасында қажеттілік бағаларын, құқықтық құзіреттілікті анықтауға қатысты шағын қалалар мен ауылдарда ақпараттық-оқыту шаралары ұйымдастырылды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жандандыру бойынша кең көлемде ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік орагндар және 7 ресурстық орталықтар арасында өзара байланыс орнатылып, ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
2017 жылы барлығы он екі өңірде ( Алматы қ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облысы) ҮЕҰ-дың облыстық ресурстық орталықтары құрылды.
Сонымен бірге, бес аймақта (Атырау – 7, Қостанай – 4, Қызылорда – 3, Маңғыстау – 3, Оңтүстік-Қазақстан - 11) 28 аудандық / ауылдық ҮЕҰ үшін ақпараттық-ресурстық орталықтар ашылды.
Ұсыным орындалуда.
***
25 т. «Аймақтар мен өңірлерді дамыту бойынша бағдарламаларды
әзірлеу, жүзеге асыру және талдау үдерістеріне КЕҰ-ды
тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру»
(жыл сайын 25 желтоқсан)
Жергілікті атқару органдарының ұсынылған ақпараттарына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында әлеуметтік жобалар арқылы аймақтар мен өңірлерді дамыту бойынша бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру және талдау үдерістеріне ҮЕҰ қатысуда.
Ақтөбе облысында оқыту семирнарлары және «Жергілікті өзін-өзі басқару: тәуелсіз бюджеттің жүзеге асуы» тақырыбында Форум ұйымдастырылды. Аталған шараға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан өңірлерінен 350 адам қатысып, 4 деңгейлі ауылдық бюджеттерді енгізу мәселелері талқыланды.
Алматы, Қостанай және Батыс-Қазақстан облыстарында осы бағыттағы жұмыстар Қоғамдық кеңестер арқылы жүзеге асуда.
Анықтама
2017 жылы өңірлерді дамыту бойынша бағдарламалардың жүзеге асуы Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб аудандарының есептері тыңдалды.
|
Қостанай ауданында Қоғамдық кеңестің бақылауымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кешендері салынуда. Қоғамдық кеңес мүшелері сарапшылармен бірге аталған құрылыстың жүру барысын қадағалауда.
Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында ҮЕҰ жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру және талдау шараларына қатысуда.
Ұсыным орындалуда.
***
26 т. «КЕҰ-дың әлеуетін пайдалана отырып, жергілікті қоғамдастықтың
сұранысын бағалау әдістемесін әзірлеу және енгізу. Жергілікті қоғамдастықтың сұранысын бағалау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру тақырыбын әзірлеу»
(жыл сайын 25 желтоқсан)
2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жергілікті қоғамдастықтың сұранысын бағалау тақырыбын әзірлеу бойынша Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 20 жоба жүзеге асырылды.
Анықтама
Алматы қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс топтамасын құрастыру бойынша тұрғындар мен ҮЕҰ-дың қатысуымен «ашық талқылаулар» ұйымдастырылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты әзірлеудің негізі болып табылатын әлеуметтік зерттеулер Шығыс Қазақстан облысында тоқсан сайын жүргізу тәжірибесі іске асуда, Қостанай облысында бұл шара ауылдық ресурстық орталықтар арқылы жүргізілуде.
|
2017 жылы ҚР ДІАҚМ мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында «Өңірлік, оның ішінде, ауылдық тұрғындардың сұранысын және қажеттілігін бағалауды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Жоба негізінде бағалаудың әдістемесі құрастырылды. Сонымен бірге, 2018 жылы аталған жоба негізінде өңірлер бойынша тұрғындардың сұранысын және қажеттілігін бағалау бойынша Әдістеме енгізу қарастырылуда. Тұрғындардың сұранысы және қажеттілігін өңірлер бойынша айқындайтын Карта әзірлеу жобасы жоспарлануда.
Ұсыным орындалуда.
***
27 т. «Өңірлердегі азаматтық сектор жұмыстарының оңтайлы
тәжірибесін насихаттау бойынша байқаулар ұйымдастыру»
(жыл сайын 25 желтоқан )
Өңірлердегі азаматтық сектор жұмыстарының оңтайлы тәжірибесін насихаттау жұмыстары қоғамдық-саяси басылымдарда арнайы айдардың ашылуымен жүзеге асуда. Олар:
«Үкіметтік емес ұйымдар»
«Өзекті тақырыпқа сұхбат»
«Ресми»
«Қайырымдылық»
«Уақыт және біз»
«Қоғам»
Жоғарыда көрсетілген айдарда сұхбаттар, ҮЕҰ-дың сәтті жұмыстары жарияланады. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде азаматтық сектор жұмыстарының оңтайлы тәжірибесін насихаттау байқаулары Жамбыл облысы мен Астана қаласында өткізілді. Байқау шаралары барысында аталған өңірлердің осы бағыттағы жұмыстары кеңінен насихатталып, үкіметтік емес сектордың қызмет көрсету бағыттары жөнінде тұрғындарға ақпарат берілді.
Басқа облыстық әкімдіктер мен Алматы қаласында байқаулар ұйымдастырылмаған .
Ұсыным орындалуда.
***
5 ұсыным
«Мемлекеттік тапсырыс негізінде ҮЕҰ жұмыстарына бөлінген және жұмсалған қаржыны стратегиялық құжатта бекітілген мақсаттарға сәйкестілігін және тиімділігін бағалау. Байқау жариялауға дейін техникалық талаптар және олардың орындалу мерзімі рәсімдерін, есеп берілген мерзімге дейін және тапсырыс беруші жауапты тұлғаның бақылауын, сонымен бірге, құқық қорғау, құзіретті органдардың тексерістерін ескере отырып бағалау.
28т. «Жыл басында бюджеттік қаржыларды өз уақытында сапалы игеру үшін жылдың бірінші тоқсанына дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқаудың өткізілуін қамтамасыз ету»
(жыл сайын 25 наурыз)
2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өңірлерде байқаулар жарияланды:
- Қызылорда облысы – 27.12.2016;
- Қарағанды облысы – 28.12.2016;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29.12.2016;
- Қостанай облысы – 09.01.2017;
- Жамбыл облысы – 09.01.2017;
- Оңтүстік Казақстан облысы – 17.01.2017;
- Шығыс Казақстан облысы – 27.01.2017;
- Ақтөбе облысы – 29.01.2017;
- Павлодар облысы – 08.02.2017;
- Маңғыстау облысы – 10.02.2017;
- Атырау облысы – 16.02.2017;
- Алматы – 17.02.2017;
- Ақмола облысы – 03.03.2017;
- Алматы облысы – 10.03.2017;
- Батыс Қазақстан облысы – 28.03.2017;
- Астана қ. – маусым 2017 жыл.
2017 жылы өңірлер бойынша жылдың бірінші тоқсанына дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау жариялағандардың үлесі 93,75% құрап отыр.
Ұсыным орындалуда.
***
29 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын әзірлеу
бойынша бірыңғай механизмін әзірлеу»
(25 желтоқсан 2017жг.)
Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын құрастыру бойынша бірыңғай механизмін құрастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдардың қызметтері бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» нормативтік құқықтық акті жобасы әзірленді.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басшылыққа ала отырып және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары ескеріліп, сонымен бірге, тұрғындардың қажеттілігі мен сұраныстарын бағалау көрсеткіштерінің негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс әзірленді.
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары мемлекеттік органдардың интертнет қорларында орналастыру міндетті талаптардың бірі болып саналады.
Сонымен қатар, тұрғындарға және ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың барлық тізімі туралы ақпараттар қолжетімді болуы үшін Министрліктің интертнет қорына орналасқан.
2018 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдардың қызметтері бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» заң жобасы Парламент Мәжілісінде тыңдалды.
2002 жылдың 10 желтоқсанда №1300ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметі Регламентінің 114 тармағына сәйкес, нормативті құқықтық актілер заңнамалық актілердің заң күшіне енгеннен кейін бекітіледі.
Ұсыным орындалды.
***
30 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша, оның ішінде жеңімпаздарды анықтау, демпинг, техникалық сипаттама өшлемдерін бағалау, мемлекеттік сатып алу рәсімін жетілдіруге қатысты шаралар ұйымдастыру»
(2017 жылы1 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен 2015 жылдың 11 желтоқсандағы №648 ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алу Ережелерін бекіту бойынша» бұйрығына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Ережелеріне де өзгерістер жасалды. Оның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс кезінде ҮЕҰ-ға ұсынылатын техникалық сипаттаманы бағалау өлшемі жетілдірілген болатын. Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі демпинг 70-тен 50%-ға өсті.
Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу мәселесіндегі проблемалық сұрақтарды шешуде заңнамаға өзгерістер енгізудің қажеттілігі туындап отыр.
Мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар аясында Қаржы министрлігімен мемлекеттік сатып алу кезінде демпингтік бағалардың төменгі бастапқы сомасын анықтау мәселесі пысықталуда.
Ең төмендетілген сома қойылмайтын жұмыстарға, қызметтерге, тауарларға демпингтік бағаның шекті бағамын қою қарастырылуда. («Мемлекеттік сатып алу» Заңының 26 тармағына өзгеріс)
Аталған ұсыныстар 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспардың 65 тармағына сәйкес, әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында көрсетілген.
Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде талқылануда.
Ұсыным орындалуда.
***
32 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ ұсынатын
есептерге бірыңғай талаптар әзірлеу»
(25 желтоқсан, 2017 ж.)
Жергілікті атқарушы органдар мен Ақмола, Атырау, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының әкімдіктері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараттары негізінде, есептерге бірыңғай талаптар әзірлеу үшін біртұтас техникалық сипаттама және қорытынды шығармашылық есепті енгізу ұсынылды.
Шығыс Қазақстанда 7 жыл бойында әлеуметтік маңызы бар жобаларға тәуелсіз талдау жүргізіліп келеді.
Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында есепке қажетті ақпарат жобаның техникалық сипаттамасында көрсетіледі.
Астана қаласы әкімдігінде жүзеге асқан әлеуметтік жобалардың есебі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі отырыстарында талқыланады. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдар бекітілген талапқа сәйкес, есеп тапсырады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының қызмет көрсету стандарттары бектілгеннен кейін, ДІАҚМ-де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ-дың ұсынатын есептеріне бірыңғай талаптар әзірленетін болады.
Жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қызмет көрсетудің әртүрлі болуы бірыңғай техникалық сипаттамаларды әзірлеудің қажетсіздігін білдіріп отыр.
Ұсыным орындалуда.
6 ұсыным
«Коммерциялық емес ұйымдар қызметі мәселелері бойынша нормативті құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жалғастыру»
33 т. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Заң жобасын ҚР Үкіметіне енгізу
(2017 ж. 25 наурыз)
2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы әзірленді (бұдан әрі – Заң жобасы).
Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Заң жобасы 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 294 қаулысымен енгізілді.
Жұмыс тобы барысында депутаттар Заң жобасының жеке нормаларының мазмұнын нақтылау мен жетілдіру бойынша түзетулер енгізді.
2017 жылғы 17 қазанда және 31 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағына сәйкес, тұжырымдамалық нормалар, сондай-ақ, бюджеттен қосымша шығыстарды талап ететін нормалар Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданып, 2017 жылғы 15 желтоқсанда тиісті қорытынды алынды.
Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына 37-ге жуық түзетулер енгізіліп, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, үкіметтік емес ұйымдардың, парламенттік емес саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс тобының алты отырысында, сондай-ақ Комитеттің кеңейтілген отырысында қарастырылды.
2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Заң жобасының бірінші оқылымы өтті. Бүгінгі күні (03.03.2018 ж.) Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінің қарауында.
Анықтама
2017 жылғы 9 ақпандағы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкеновтың төрағалық етуімен 300-ден астам өңірлік ҮЕҰ өкілдерімен бейнеконференция байланысы форматындағы жиналыста;
2017 жылғы 10 ақпандағы Алматы қаласында Халықаралық коммерциялық емес заң орталығының (ICNL) ҮЕҰ қатысуымен ұйымдастырған жұмыс алаңында;
2017 жылғы 23 мамырдағы ҚР Үкіметінің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың сөйлеген сөзі аясында ҚР Үкіметінің отырысында;
2017 жылғы 7 қыркүйектегі Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкеновтың қатысуымен өткен орталық коммуникациялар қызметі алаңда брифинг аясында
Заң жобасының негізгі ережелері таныстырылды.
|
Ұсыным орындалды.
***
34 т. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу
(2017 ж. 25 шілде)
Ұсыным орындалды.
***
Достарыңызбен бөлісу: |