«Әлеуметтік кәсіпкерлікті анықтау қағидалары мен тәсілдерін қарастыру және оны заңнамалық бекіту»
35 т. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың халықаралық тәжірибесін, әлеуметтік кәсіпорындар құрудың құқықтық аспектілерін зерттеу
(2017 ж. 25 желтоқсан)
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен әлеуметтік кәсіпорындар құрудың құқықтық аспектілерінің халықаралық тәжірибесі зерттелді.
Әлеуметтік кәсіпорын
|
Ресей
|
қиын жағдайға тап болған адамдарға өзінің қызметімен көмектесетін кәсіпорындар (денсаулық сақтау, дене шынықтыру және бұқаралық спорт, мектепке дейінгі білім беру, балалар үйірмелері, әлеуметтік туризм, мәдени-ағарту қызметі салаларында жағдайларын жақсартады).
|
АҚШ
|
бұл қоғамның аз қамтылған топтардың бір мезгілде табыс табуына бағытталған экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұйымдастырылған табысты венчурлік кәсіпорын (The Roberts Enterprise Development Fund).
|
Ұлыбритания
|
әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бизнес, оның қызметінен түскен пайда, бизнесті немесе жергілікті қоғамдастықты одан әрі дамытуға негізінен қайта инвестицияланады және кәсіпорын иеленушілердің немесе меншік иесінің пайдасын ұлғайтуға пайдаланылмайды.
|
Канада
|
әлеуметтік кәсіпорындар жаңа ұйымдық-құқықтық нысан алды - қоғамның мүддесіне әрекет етуші компания (C3). C3 үшін әлеуметтік кәсіпорынның капиталын сақтау мақсатында инвесторларға дивидендтер мен пайыздарды төлеуге шектеулер қарастырылған. Жылдың аяғында C3-компаниялары ұйымның құрылтай құжаттарында көрсетілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес өз міндеттерін орындау туралы есептілікті жариялайды.
|
Италия
|
еңбек нарығынан шығарылған топтардың еңбектік бірігуі үшін әлеуметтік кооперативтері құрылған.
|
Франция, Португалия, Испания және Греция
|
заңнамалық қолдау кәсіпорындардың кооперативтік нысанына бағытталған. Бельгияда кез келген бизнес-компания әлеуметтік мақсаттағы компания атағын ала алады, егер де ол «өз мүшелерін байытуға арналған болмаса». (Франция мен Бельгияның сарапшылары әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарды ұйымдардың қызметіне шектеулердің көптігіне және экономикалық артықшылықтардың болмауына байланысты заң бойынша қолдау саясаты үлкен жетістікке жетпейді деп санайды).
|
ҚР ДІАҚМ Атырау қаласында 2017 жылғы 30-31 қазанда ұйымдастырылған «ASAR» үшжақты ынтымақтастық I Форумының аясында жүйелі жұмыстарды жандандыру және қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешу мақсатында, Казақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелерін дамытуға жәрдемдесу бойынша ынтымақтастық көздейтін Министрлік пен «Атамекен» ҰКП ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, «ASAR» I Форумының аясында әлеуметтік жобалардың жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге түрлі бағыттардың 137 жобасы қатысты. Жәрмеңке ҮЕҰ-ға Қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ұсынуға мүмкіндік берді.
Анықтама
Форумда бизнестің 10 жобасы қолдау алды:
Атырау облысының 5 жобасы;
Батыс Қазақстан облысының 2 жобасы;
Астана қаласының 1 жобасы;
Солтүстік Қазақстан облысының 1 жобасы;
Жамбыл облысының 1 жобасы.
|
Ұсыным орындалды.
***
36 т. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар
қатарынан сарапшыларды тартумен мемлекеттік
қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру
(2017 ж. 25 желтоқсан)
2017 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясыда мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде бірқатар оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Оқу бағдарламаларына мұғалімдер ретінде үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлер және т.б. қатарынан сарапшылар тартылды.
Анықтама
Семинар тақырыбы: «Әлеуметтік кәсіпкерлік. Дамыту мен ілгерілетудің тиімді құралдары»
Спикерлер:
Р. Темірбеков - «Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ-ның атқарушы директоры;
Л. Айтмұханова - «Шеврон» компаниясының қоғаммен және мемлекеттік органдармен байланыс бойынша менеджері;
Э. Әскеров - «GreenTal» компаниясының Қазақстандық әлеуметтік кәсіпкері;
М. Арғымбаева - әлеуметтік кәсіпкер, «Радость» қайырымдылық дүкені (Қарағанды қ.);
Ю. Жигулина - «Наше будущее» қорының директоры (Ресей).
|
Ұсыным орындалды.
***
8 ұсыным
«Қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру және ақпаратқа қолжетімділік бойынша үкіметтік емес ұйымдардың
ұсыныстарын ескерту»
37 т. Халықаралық кәсіпорындар, КЕҰ әлеуетін тарта отырып қоғамдық кеңес қызметін жетілдіру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу
(2017 ж. 25 желтоқсан)
Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар, түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері мен сараптамалық қауымдастық өкілдері кірді.
Қоғамдық кеңестің I Республикалық Мәжілісі қарсаңында Министрлік Жұмыс тобымен бірлесіп, қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жинады және оларға талдау жасады.
Сондай-ақ, келесі іс-шаралар өтті:
Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы барлық ұсыныстарына егжей-тегжейлі талдау жасалды. Осы ұсыныстардың негізінде Министрлікпен «
Достарыңызбен бөлісу: |