Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалды. Қазіргі уақытта жоба келісім үшін мемлекеттік органдарда енгізілген.
Ұсыным орындалуда.
***
38 т. Мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселесінде қоғамдық кеңестер функцияларын кеңейту мүмкіндігін қарастыру
(2017 ж. 25 желтоқсан)
Қоғамдық кеңестер өз өкілеттіктер аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көтеру мәселелерін қарастырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 2017 жылғы 7 сәуірде түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қызметтік этиканы сақтауға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы рөлін күшейту» тақырыбында кеңес өткізді. Агенттік кеңес қорытындысы негізінде аталған мәселелерді отырыстарда қарастыру бойынша ұсынымдар берді.
2017 жылы қоғамдық кеңестер келесі мәселелерді қарады:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - 12 рет;
мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - 8 рет;
мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау - 3 рет.
Анықтама:
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, қоғамдық бақылау қоғамдық кеңестің негізгі функциясы болып табылады.
Заңның 16-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, қоғамдық бақылау міндеттерінің бірі халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады.
Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық кеңестермен қоғамдық мониторинг өткізе алады.
|
Ұсыным орындалды.
***
39 т. Қоғамдық кеңестер қызметіне КЕҰ қатарынан
кәсіби сарапшыларды тарту, қоғамдық бақылау жүргізуге
қызығушылығы бар азаматтарды тарту
(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Республика бойынша барлығы 229 қоғамдық кеңестер қызмет атқарады. Оның ішінде:
республикалық деңгейде – 16;
облыстық, Астана, Алматы қ.қ. деңгейінде – 16;
қалалар мен аудандар деңгейінде – 197.
Қоғамдық кеңес қызметіне 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 818-ден астам ҮЕҰ өкілдері қамтылған (қоғам өкілдері жалпы санының 27%-ы), бизнес-құрылым - 325, саяси партиялар филиалдары – 512 . Сондай-ақ, қоғамдық кеңес құрамында кәсіподақ, БАҚ, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мен спорт салаларының өкілдері бар.
Қоғамдық кеңестердің жұмысына ҮЕҰ-ы өкілдерінен кәсіби сарапшылар тартылды. Олар кеңестің қызметін ұйымдастыруға және қоғамдық бақылау мен мониторинг жүргізуге қатысады.
Ұсыным орындалды.
***
40 т. Ақпараттық ашықтылықты жақсарту мақсатында
қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың баспасөз
қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру
(2017жылы 25 желтоқсан)
Ақпараттық ашықтықты жақсарту мақсатында қоғамдық кеңестердің мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен және өңірлердің ішкі саясат басқармаларымен өзара іс-қимылдар қалыптастырылған. БАҚ-ғы мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар аясында қоғамдық кеңестердің қызметін жариялауға бағытталған лоттар іске асырылуда.
Мысалға, қазіргі таңда Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының қоғамдық кеңестерінің сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалары бар.
Қоғамдық кеңестердің қызметіне арналған және елдің барлық қоғамдық кеңестерінің қызметімен танысуға және олардың тәжірибесін білуге мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық ресурсты - kazkenes.kz сайтын құрылып, қызмет етуде.
Ұсыным орындалды.
***
41 т. Қоғамдық кеңестер отырыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қарастыру бойынша шаралар қабылдау
(2017 жылы 25 желтоқсан)
Облыстық қоғамдық кеңестердің отырыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қарау тәжірибесі енді. Мысалы, есептік кезеңде Жамбыл облысының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптары облыстық және барлық 10 аудандық, қалалық қоғамдық кеңестерде қаралды. Қарау нәтижесінде 60 әлеуметтік жобаның тақырыптары ұсынылды. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестердің комиссиялық отырыстарында қарау тәжірибесі Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында қолданылуда.
Ұсыным орындалуда.
***
Достарыңызбен бөлісу: |