Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ


Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2014 – 2016 жылдар)



жүктеу 0,74 Mb.
бет3/5
Дата20.11.2018
өлшемі0,74 Mb.
#22296
1   2   3   4   5

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2014 – 2016 жылдар)





Іс-шаралар

2014

2015

2016

1

Іске асырылған жобалар

1 979

565

5 709

Жобаларға жұмысқа орналастырылғандар

23 793

8 601

40 573

2

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар

9 288

2 810

3 743

Микрокредит алғандар

9 607

4 385

10 099

Қосымша жұмыс орындарына орналастырылғандар

10 656

6 134

8 821

3.1

Оқумен қамтылғандар

35 740

13 952

7 240

Оқуды аяқтағандар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

19 337

10 422

6 282

3.2

Қоныс аударғандар, адам

3 456

1 185

1 979

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

1 401

395

431

Соңғы үш жылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санында нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өскені байқалады, 2015 жылы 70,8%-ды, ал 2016 жылы 86,4%-ды, 2017 жылы 89,6%-ды құраған.

Сонымен қатар, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғары болуына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық дисбалансқа, оның ішінде әйелдерге қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.

Әлемдік тәжірибеде еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.

Мемлекет басшысы еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметке жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша міндет қойды.

Еңбекке ақы төлеу және еңбекақы төлеу саясатын жетілдіру, адами капиталдың сапасын арттыру, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан-2050» Стратегиясына, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру тұжырымдамасына және Елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес даму басымдықтары ретінде анықталған.

Осыған байланысты, 2017 жылдан бастап еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілік алудың, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың, еңбек делдалдығының тиімді моделін құрудың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған Бағдарлама әзірленді (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).

2017 жылы бірінші бағыт шеңберінде тегін кәсіптік және техникалық білім алу үшін 21 мың жас адам жіберілді; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 71,8 мың адам жіберілді, 68,4 мың адам оқытуды аяқтады, олардың 58%-ы жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыт шеңберінде 7 217 микрокредит, оның ішінде жалпы санынан 94 %-ы ауылдар мен шағын қалаларда берілді. Алушылардың 57 %-дан астамы өз ісін ашып (стартап-жобалар), кәсіпкерлер атанды. Кредиттердің қолжетімділігін кеңейту мақсатында кредиттерді – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85 %-ға дейін және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50 %-ға дейін кепілдендіру тетігі енгізілді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту және олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы 15 мың адамды қамтыды, олардың ішінде 8 285 адам бизнес жобасын қорғаса, 3 314 адам микрокредит алды.

Үшінші бағытпен жұмысқа орналастыру бойынша шаралар 141 мың адамға көрсетілді (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру).

Квотаға сәйкес қоныс аударушы 408 отбасы (1 577 адам) және оралман 592 отбасы (1 877 адам) жұмыс күші көп өңірлерден (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) жұмыс күші тапшы өңірлерге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) қоныс аударды.

2017 жылдың соңында Бағдарламаға азаматтарды ерікті түрде қоныстандыруға көмектесетін жұмыс берушілерді субсидиялау, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру сияқты жаңа құралдар енгізілді.

Бағдарламаның жоспарланған шаралары, сондай-ақ жаңартылған құралдары ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және кәсіпкерлікке азаматтарды тарту жолымен халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы анықталған проблемаларды шешуге ықпал етеді.

2017 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге дайындалу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау бойынша жұмыс жалғастырылуда – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде азаматтардың статусын салыстырып тексеру жүргізілді, оны актуалдандыру мақсатында үй-үйді аралау жүргізіліп, орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың еңбек қатынастарын формализациялау басталды.

Өткен жылы Бағдарлама 527 мың адамды, оның ішінде 136 мың жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматты қамтыды, олардың статусы үй-үйді аралау нәтижесінде белгіленді. Бағдарламада көзделген шараларға қосымша жұмыспен қамту саласын цифрландыру және еңбек белсенділігін ынталандыруды ескере отырып, әлеуметтік кепілдіктерді ұсыну жөніндегі арнайы кешенді шаралар әзірленді.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау жөніндегі жол карталарын, өңірлік Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары әзірлеп, бекітті.

Қазақстан қоғамын одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ел экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз етудегі ең маңызды қадам - ​​Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 наурызда жариялаған бес әлеуметтік бастама. Төртінші әлеуметтік бастама өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді тетігі ретінде ауылдық жерлерде және қалаларда микрокредиттеуді кеңейтуге бағытталған.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту

Еліміздің стратегиялық дамуының негізгі бағдарларының бірі – жоғары білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру болып табылады.

Жұмыс берушілер тарапынан даярлық және практикалық дағдылар деңгейіне қойылатын ұдайы өсіп отыратын талаптар мамандардың кәсіптік құзыреттерімен сәйкес келуге тиіс.

Осы алшақтықты жою үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда өндірістің қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жаңа біліктілік жүйесі құрылды және кәсіптік стандарттар әзірленді.

2012-2015 жылдар аралығында экономиканың барлық басым салаларын қамтитын 449 кәсіптік стандарт әзірленді. Олардың негізінде колледждер мен ЖОО-ларда білім беру бағдарламалары әзірленді және енгізілді.

Мемлекеттік сектор және жұмыс берушілер бірлестігі арасында кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және бекітуге құзыреттілікті шектеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне толықтырулар енгізілді. 2016 жылғы қаңтардан бастап кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және алмастыру Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жұмыскерлер бірлестігіне берілді.

Сонымен бірге, мемдекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіби стандарттарды әзірлеу, бекіту, алмастыру және қайта қарау құзыреті уәкілетті мемлекеттік органдарда бекітілген.

Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша құқықтық актілер мен әдістеме қайта қаралып, қабылданды.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспары аясында, еңбек нарығының талаптарына мен өндірісте оқытудың әлемдік үздік тәжірибесіне сәйкес кәсіптік стандарттарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен «Еңбектік дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жаңа жобасы аясында 550 кәсіптік стандартты қайта қарау және әзірлеу жоспарланған, оның ішінде 2017 жылы - 70, 2018 жылы - 230 , 2019 жылы - 250 кәсіптік стандарт.



Халықтың көші-қоны.

Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан әлемнің көші-қон процестері барынша күшті байқалатын елдердің қатарына жатады.

Қазіргі уақытта республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) қарқынды ішкі көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдары өңіраралық көші-қон деңгейі жоғары және көші-қон ағынының бағыттары байқалды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін өңіраралық көші-қон процестеріне 800 мыңнан астам адам тартылды. Оның құрамдас бөліктері халықтың ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі анағұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық тұрғындан қолайсыз өңірлерден экологиялық ахуалы жақсы өңірлерге көшуі болып табылады.

2017 жылы халықтың ең үлкен ағыны Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарына барды. Халықтың негізгі ағындары Астана, Алматы және Маңғыстау облыстары болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілейді. 2015 – 2016 және 2016 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына шаққанда 0,7 % мөлшерінде белгіленді, бұл 63 мың адамды, 2017 жылы – 0,6 % немесе 54,4 мың адамды, 2018 жылы – 0,46 % немесе 41 мың адамды құрайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 22,3 мың рұқсат қолданылды, бұл жалдамалы жұмыскерлер санының 0,5%-ын құрайды (2015, 2016 жылдардың соңында 32,4 және тиісінше 30,1 мың рұқсат қолданылды).

Бұл ретте тартылған ШЖК арасында 1-3-санаттағы мамандардың үлесі кемінде 70% (2015 жылы - 70,0%, 2016 - 70,5%, 2017 - 85,7%) деңгейінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды орындау барысында инвестициялық климатты жақсарту мақатында 2017 жылдан бастап АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша шетелден жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында Қазақстанның көші-қон заңнамасы ырықтандырылды.

Қолданылған шаралар шеңберінде шетелдік мамандарды тарту тетігі толықтау қайта қаралды.

2017 жылдан бастап квота экономикалық белсенді халыққа пайыз ретінде емес, экономиканың нақты салаларының бөлінісінде бекітілген, бұл жоспарлау сапасын және квотаны қолданудың атаулылығын жоғарылатады.

Жеке тұлғалардың шаруашылығында жұмыс істейтін еңбек иммигранттары квотаға қосылды (бұдан алдын олар квоталанбайтын), бұл бір жағынан олардың санын бақылауға, басқа жағынан олардың жұмысын формальдауға және еңбек құқықтарын қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Квотаны қалыптастыруда әкімдіктердің рөлі мен жауапкершілігі нығайтылды.

Бизнеске жүктелетін талаптар тізбесі жойылып, бизнес-бірлестіктердің, инвесторлардың ұсыныстарын ескерумен жұмыс рұқсаттарына салықтық алымдар енгізілді. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік басшыларды, менеджерлерді және мамандарды тарту шарттары жеңілдетілді.

3) этникалық қазақтардың жыл сайынғы тұрақты динамикасы. Тәуелсіздік жылдары тарихи отанына 294 350 отбасы немесе 1,025,078 этникалық қазақ (2015 жылы – 1 920 отбасы немесе 4 890 адам, 2016 жылы – 16 417 отбасы немесе 33 754 адам, 2017 жылы – 9 989 отбасы немесе 18 605 адам) келді.

2016 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер шеңберінде этникалық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және интеграциялануына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелер шешілді. Заң шеңберінде қабылданған өзгерістер бір жағынан этникалық қазақтардың келуін жеңілдетсе, басқа жағынан елде болуын тәртіпке келтірді.

Оралмандарды орналастыруға қатысты оларды еліміздің еңбек дисбалансы және ішкі еңбек нарығын нығайту қажеттілігі бар өңірлеріне бағыттау бойынша шаралар қабылданды.

2016 жылдан бері Үкімет оралмандарды қабылдайтын өңірлерді және квоталарды анықтайды, оралмандар берілген өңірлерде қоныстанған жағдайда қоныс аударуына (әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК) және тұрғын үйді жалдауына шығындар өтеледі.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 2016 жылы – 645 отбасы, 2017 жылы – 512 отбасы қамтылды.
Енбек қатынастары

100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны, «Еңбек қатынастарын ырықтандыру» атты 83-қадамын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Еңбек кодексі әзірленді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді).

Еңбек кодексінде тараптар мүдделері теңгерімінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастары аясында мемлекеттің араласу шекарасы нақты айқындалған, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі анықталған.

2014 жылы қабылданған, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде кәсіптік одақтардың (жұмыскерлер өкілдерінің) және жұмыскерлердің белсенділігін арттыруға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» Заңның қабылдануына орай кәсіподақтардың рөлі арттырылды. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық келіссөздер мен олардың арасында шарттасқан келісімдер әлеуетін күшейтумен өзіндік реттеу принципінде құрылады.

Ең төмен еңбек стандарттары, базалық кепілдіктер және жұмыскерлерге өтемақылар бекітілген.

Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу тетігін кеңейтуге, кәсіпорынның дамуына кедергі келтіретін бірқатар шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді, ол кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуға және инвестициялар тартуға оң ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру үшін 37 нормативтік құқықтық акті қабылданды (4 ҚР ҮҚ және ҚР ДСӘДМ-нің 33 бұйрығы).
Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде шаралар қабылдануда.

Аталған шаралар кәсіпорындардағы ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ететін еңбек саласының проблемалық мәселелерін анықтау және ескерту арқылы іске асырылады. Бұл мақсатта 2015 жылдан бастап мынадай жұмыстар жүргізілуде:



  • Еңбек қатерлері картасын жасау арқылы еңбек саласында әлеуметтік шиеленіске ай сайынғы мониторинг;

  • жалақы бойынша берешекке апта сайын мониторинг және оны бақылау;

  • жұмыскерлердің босатылу қаупі бар кәсіпорындардағы ахуалға апта сайынғы мониторинг;

  • өңірлердің әкімдері, өндірістік кәсіпорындардың басшылары мен кәсіподақтар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, босатылған жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандумдар шеңберінде алынған міндеттемелердің орындалуына апта сайын мониторинг жүргізу жұмыстары;

  • республика кәсіпорындарында ұжымдық шарт жасасу бойынша жұмыс.

Прокуратура органдарының, еңбек жөніндегі уәкілетті органдардың құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы форматында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, сот актілерін орындау бойынша жалақының дер кезінде төленуіне он күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.

2017 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 536 кәсіпорында 3,4 млрд. теңге сомасына 25 070 жұмыскерге жалақы бойынша ағымдағы берешекті анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына міндетті түрде орындау үшін 1 363 ұйғарым берілді және 195,8 млн. теңге сомасында 982 айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы 3,0 млрд. теңге көлемінде жалақы берешегі төленіп, 24 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда 14,6 млрд. теңге сомасында (2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 6,8 млрд. теңге) жалақы берешегі төленіп, 101 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Осылайша, жалақы берешегінің (2016 жылғы 1 қаңтарда – 275,7 млн. теңге, 2017 жылғы 1 қаңтарда – 278,4 млн. теңге, 2018 жылғы 1 қаңтарда – 242 млн. теңге) өсуіне жол бермеу үшін шаралар қолданылуда.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 9,9 мың тексеру жүргізді, тексеру барысында еңбек заңнамасы бойынша 14,8 мыңнан астам бұзушылық анықталды. 2016 жылы 18,4 мыңнан астам, 2015 жылы 19,5 мың еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 467,3 млн. теңгеге 3,8 мыңнан астам айыппұл салды (2017 жылғы 1 қаңтарға – 603,5 млн. теңге, 2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге).

2015 жылғы ақпан айынан бастап Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында жұмыскерлердің босатылу қаупі бар кәсіпорындар жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыскерлердің жалпы саны 218 мың адамды құрайтын 447 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 3 768 жұмыскермен штатты немесе жұмыскерлерді қысқарту себебінен еңбек қатынастары тоқтатылды.

Жергілікті атқарушы органдар қысқартылған жұмыскерлерге қатысты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша тиісті шаралар көрсетуде.

Бұдан басқа, мониторинг нәтижелеріне сәйкес 3,7 мыңнан астам жұмыскер икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған. Аталған жұмыскерлерге қатысты әкімдіктер жұмыс орнын сақтап қалу бойынша мақсатты шаралар қабылдауда.

Әлеуметтік әріптестік бойынша аудандық (қалалық) үшжақты комиссия отырыстарында икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлері бар компаниялар басшыларының есептері тұрақты тыңдалады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада үшжақты комиссияның 110 отырысы болды, онда мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен 646 кәсіпорынның басшылары тыңдалды (2016 – 86 отырыс, 2015 – 129 отырыс).

Өңір әкімдері, өндірістік кәсіпорын басшылары мен кәсіподақтар арасында ынтымақтастық меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандум шеңберінде алынған міндеттердің орындалуына апта сайын мониторинг жүргізілуде.

Меморандумдар өндіріс көлемінің көрсеткіштері төмендеген жағдайда персоналды уақытша толық емес жұмыс күніне немесе еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес жұмыстың басқа түрлеріне ауыстыру тетігін көздеу бойынша жұмыс берушілердің міндеттерін қарастырады.

2018 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қозғайтын 115 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 82,1 % ірі кәсіпорындары мен 67,5 % орта және шағын өндірістік кәсіпорындарын қамтиды, оларда мемлекет бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген (2015 жылы – 2,3 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 75,3 мың меморандум жасалды, 78,7 % ірі кәсіпорындарды және 46,6 % орта және шағын кәсіпорындарды қамтиды, 2016 жылы – 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, 81,6 % ірі кәсіпорындарды және 66,7 % орта және шағын кәсіпорындарды қамтиды).

Еңбек саласындағы жағдайдың күрделену қатерлерін айқындау мақсатында ден қою шараларын қабылдаумен және ахуалды дамытудың ықтимал сценарийлерін ескерумен, Еңбек қатерлері картасы ай сайын қалыптастырылады және нәтижелеріне талдау жүргізіледі.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2015 жылдан бастап еңбек жанжалдарының саны 1,4 есеге төмендеді (2015 жылы – 7, 2016 жылы – 8, 2017 жылы – 5).
Жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау шаралары қабылдануда.

Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік реттеу кәсіби қатерлерді анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін әзірлеуді және енгізуді және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіруді көздейді.

Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың өскені байқалады. 2017 жылы енгізілген стандарттардың саны 1 752-ні, 2016 жылы 1 476, 2015 жылы 1 463-ті құрады.

Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер шешімдері жұмыс берушілер үшін міндетті болатын еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды көздейді, 2018 жылғы 1 қаңтарда республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі 12 855 өндірістік кеңес құрылды (2016 жылы – 11 215, 2017 – 1 640).

Кәсіподақ ұсынатын және өндірістік кеңес бекітетін жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институты енгізіледі.

Еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауды бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2015 жылдан бері ескертушілік-профилактикалық сипатқа ие кәсіпорындарға бару түріндегі бақылаудың жаңа түрі көзделген.

Жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда. Еңбек кодексіне жұмыс берушілердің қызметін ерікті түрде декларациялау арқылы оларды ынталандыруға бағытталған тетіктер енгізілген. Жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қағидалары қабылданды.

Қызметі еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге үш жылдық мерзімге сенім сертификаты беріледі, оларға қатысты тексерулер және бақылаудың басқа түрлері жүргізілмейді. Мұндай ұйымдар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын кәсіпорындар тізіліміне кіреді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша140 жұмыс беруші сенім сертификатының иегері атанды (2015 жылы – 21 кәсіпорын, 2016 жылы – 60, 2017 жылы – 59).

Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне септігін тигізді. 2018 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,29-ге дейін төмендеді (2016 жылы – 0,32%, 2015 жылы – 0,33%).

Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда төмендеп келеді, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,04 құрады (2015-2016 жылдарда - 0,05-ке тең болды).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2018 жылғы 31 қаңдарда жаңа 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды, үшжақты комиссиялар барлық деңгейде жұмыс істейді (21 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 200-нен астам келісім).

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 78,0 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 34,3 %-ы қамтылды (01.01.2017 жылы – 71,2 мың кәсіпорын немесе 33,5 %-ы, 01.01.2016 - 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 93,3 %-ға өсті (2015 жылы – 93,1 %, 2016 жылы – 93,3 %).

Бизнес-қауымдастықта әлеуметтік жауапкершілік ұғымын түсіну ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізген жылдары (2008 – 2017 жылдары) оған еліміздің барлық өңірлерінен 4 645 кәсіпорын қатысқан (2017 жылы – 400 кәсіпорын, 2016 жылы – 501 кәсіпорын, 2015 жылы – 541 кәсіпорын). 2017 жылғы 6 желтоқсанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі оныншы «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
3.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастырумен байланысты қызметте төмендегідей проблемалар сақталып отыр.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы оң нәтижелерге және жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуына жасалған белгілі бір қыр көрсетулер мен қатерлердің бар екенін айғақтайды.

1. Еңбек ресурстары сапасының төмендігі

Соңғы уақытта жоғары және аяқталмаған жоғары білімді жұмыс күші үлесінің өскені байқалады (2015 жылы – 37,4%, 2016 жылы – 37,6 %, 2017 жылы – 38,7%). Техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 35 % орташа деңгейінде (2015 жылы – 33 %, 2016 жылы – 34,9 %, 2017 жылы – 37,4%) қалып отыр.

Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап айтқан жөн. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Ұлттық біліктілік шеңбері ұғымын қарастыратын өзгерістер енгізілді, біліктілік стандарттарын әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.

Соған қарамастан, жұмыспен қамтылған халық құрылымының сапасында түбегейлі өзгеріс байқалмайды – негізгі, орта, жалпы және бастапқы білімі бар еңбек ресурстары үлесінің төмендеуіне қарамастан (48-ден 27 %-ға дейін), жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары деңгейде сақталып тұр.

Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып түлектері динамикасы орташа есеппен 21 мың түлек біліктілік алмай жұмысқа тұратынын көрсетті.

Бұл ретте, еңбек ресурстарының біліктілігі еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі проблемасынан жұмыс берушілер жыл сайын мәлімдейтін 20 мың жұмыс орны бос қалады.

Ұлттық сарапшылар елдегі кәсіпорындарға жүргізген сауалнаманың деректері бойынша кадрларға деген қажеттіліктің шамамен 73 %-ы техникалық және кәсіптік білікті мамандарды және жұмысшы кәсіптерді қажет етеді.

Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптер бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет.



2. Нәтижесіз жұмыспен қамту

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (27 %) 2017 жылы 2,1 млн. адамға (24,4 %) дейін қысқарды (2016 жылы – 2,2 млн.), сол уақытта өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 2 есеге (2015 жылы – 513 мың, 2016 жылы – 301 мың, 2017 жылы – 217,7 мың адам) қысқарды.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де 24 %-ды немесе 2,1 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 218 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады (олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен). Сонымен бірге, үй-үйді аралау кезінде қосымша статистикалық есептілікте ескерілмеген, бұдан бұрын тіркелмеген жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдар анықталғанын атап өткен жөн.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына тиесілі және табыс пен өнімділіктің төмендігінен бөлек, кедейлік алдында қауіппен сипатталады, сол арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны артуы мүмкін.

Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына тұру мүмкіндігін шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады.

Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022 жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады.

Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв ретінде қарастыру керек.
3. Өңірлік диспропорциялар және демографиялық дисбаланс

Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды, бұл ретте солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн.-ға өседі және оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен төрт есеге артық болады.

Солтүстік өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұрғындарының саны соңғы үш жылда еш өзгерген жоқ, 2016 жылдың басына – 4 млн. 352 мың адамды, 2017 жылы – 4 млн. 324 мың адамды, 2018 жылы – 4 млн. 311 мың адамды құрады. Ал оңтүстік өңірлерде (Алматы, Жамбыл, Кызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) халық саны 286 мың адамға өскен (2016 жылдың басында – 6 млн. 665 мың адам, 2017 жылы – 6 млн. 750 мың адам, 2018 жылы – 6 млн. 847 мың адам).

Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.


4. Экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі.

2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты. Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді, тағы 15 %-ын – көлік қызметі, 13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда.

2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан жиынтық үлесі 50 %-дан асады.

Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының аз ғана санын құрайды.

Бұдан басқа, экономиканы цифрландыруға байланысты салалардың жаңғыруы күтілуде, ол жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қатеріне және тиісінше, еңбек күшінің экономика салаларының арасындағы ағымына немесе ел экономикасындағы жұмыспен қамтылудың жылдам құрылымдық қайта құрылуына әкеп соғады.

5. Қабылдаушы тараптың мүдделерін және қоныс аударушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескермей, этникалық қазақтарды ел аумағына әркелкі қоныстандыру.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы 996 мыңнан астам оралманды қабылдады, қазіргі уақытта олар ел халқының жалпы санының шамамен 6 %-ын құрайды. Әдетте, республика аумағындағы тұрғылықты жерін оралмандар өздері айқындаған. Тарихи отанына көшіп келген этникалық қазақтардың 60 %-ы еліміздің төрт облысында орналасқан (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстары).

Этникалық қазақтардың қоныстануын реттеу мақсатында 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды, ол көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелерін реттейді.

Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің оралмандарды қоныстандыру өңірлерін айқындау (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу (2018 жылы 622 отбасы) бойынша құзыреті, сондай-ақ әлеуметтік пакет көзделген.

Осы шаралар этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыруды ынталандыру үшін қабылданған.

Еңбек қатынастарын дамытуда мынадай проблемалар байқалып отыр.

6. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың жоғары деңгейі сақталуда.

7. Ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық шарт жасау толық қамтылмаған.

8. Жалақы бойынша өтеу мерзімі 3 айдан асып кеткен мерзімі өткен берешектің ұзақ уақыт төленбеуі.
3.3) Қатерлерді басқару


Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Экономикалық рецессия салдарынан немесе, керісінше, өндірісті цифрландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жұмыспен қамту мәселелерінің апта сайынғы жеке мониторингін қамтамасыз ету.

2. Тиісті Меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру.

3. Өңірлердің барлық ірі және орта кәсіпорындарын Жұмыс күшінің басқарылатын ағыны жөніндегі жол карталарымен қамту.


Формальды емес жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік қорғау шараларын алмаған кезде (ЖЗЖ, МӘСЖ, МӘМС және т.б. жүйелерге қатыспаудың салдарынан) әлеуметтік шиеленістің туындауы

1. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру

2. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтарды формализациялау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдау.



Негізгі қорлардың (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар) қанағаттанарлықсыз күйіне және шағын кәсіпорындарда еңбекті қорғауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігіне байланысты өндірістік жарақаттанудың өсуі

1. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөнінде ішкі бақылауды іске асырудың жаңа әдістерін енгізу.

2. Кәсіподақ ұсынатын жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институтын құру.

3. Кәсіпорындарға бару түрінде бақылаудың ескерту-профилактикалық сипатқа ие жаңа түрін енгізу

4. Жұмыс берушілердің қызметін ерікті декларациялау арқылы оларды ынталандыру.



Жұмыскерлердің қысқаруына байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің туындауы

Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің ұйымдарымен бірлесіп ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін және еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруді енгізу.

Жұмыскерлерге жалақы төлеуді кідірту

Берешектерді жою графигі мен мерзімін белгілей отырып, дағдарысқа қарсы штабтар және әлеуметтік кәсіпкерлік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстарында жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорынның жұмыс берушілерін тыңдау

Біліктілігі төмен мигранттар санын ұлғайту (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсім соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)



Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші иммигранттар квотасын қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші иммигранттардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.


3-бөлім. Саланың/құрылымның басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1-басым бағыт «Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау»

Елімізді 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды дамытудың еңбек өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту арқылы нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатыны көзделген.

Көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі Қазақстандағы қазіргі стандарттарға және өмір сүру деңгейіне сәйкес келетін болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру, зейнетақы төлемдерін бірте-бірте ұлғайту, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік сақтандырумен қамтылуын кеңейту егде жастағы адамдар, мүгедектер, асыраушысынан айрылған адамдар және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж өзге де азаматтар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді.

1. Зейнетақымен қамсыздандыру

Елдің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға, нарық экономикасына және әлеуметтік бағытталған мемлекет өлшемдеріне сәйкес келеді.

Осыған байланысты, әлеуметтік кепілдіктерге және табыстың төмендеу қатерінен қорғауға қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдай жасау арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша шаралар әзірленеді.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің ортақ жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен кезде зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар көзделген:

- ынтымақты зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіп жыл сайынғы индекстеу.

- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшерін ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгілеу есебінен базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту көзделген;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі 12 зейнетақыдан аспайтын зейнетақы жинақтарының сомасын қоспағанда, зейнетақы жинақтарын алып қоюдың паушальды (біржолғы) қағидатын жою бөлігінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан график бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін өзгерту;

- азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда, атап айтқанда, еңбек қатынастарын заңдастыруға және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға азаматтарды ынталандыруда үшжақты еңбек қатынастарын нығайту мақсатында зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу.

Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыс берушінің 5 %-дық міндетті зейнетақы төлемдерін аударатын болады. Бұл төлемдер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жұмыскерлердің шартты зейнетақы шотына аударылады.

Зейнетақы активтерін сақтауды одан әрі жетілдіру шеңберінде азаматтарды өз зейнетақы жинақтарын басқаруға тарту үшін жағдай жасалатын болады.

Зейнетақы жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышын құру мақсатында шартты-жинақтаушы құрамдауышының қолданылуы бойынша тиісті инфрақұрылым жасалады.
2. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтарға жасына байланысты, сырқаттанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Аталған кепілдіктерді орындау үшін мыналар іске асырылады:

- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін жыл сайын арттыру;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметкерлерге шығыстардың белгіленген үлесін 40 %-дан 45 %-ға ұлғайту жолымен ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын өзгерту көзделген, ол базалық зейнетақы төлемдерінің өсуіне ықпал етеді;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін мүгедектердің тиісті санаты үшін белгіленген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне арттыру арқылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны оңтайландыру көзделген.

Әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер алатын ай сайынғы жәрдемақылардың екі түрі біріктіріледі. Мәселен, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қысқартылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне арттырылады. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі тек Байқоңыр қаласының зейнеткерлері немесе тұрғыны болып келетін мүгедектерге сақталады.

Мүгедектер алатын төлемдердің жалпы мөлшері төмендемейді, әкімшілендіру тәртібі жеңілдетіледі, мүгедектердің құқықтарына қысым жасалмайды, тиісінше қатерлер байқалмайды.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлерін іске асыру мақсатында әлеуметтік қатер төнген жағдайда әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады (еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу).

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында айтқан тапсырмасына сәйкес, еңбек өтілі мен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтiк төлемдердiң арасындағы өзара байланысты күшейту үшiн әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнен төлемдердi тағайындау кезiнде қолданылатын параметрлердi (қатысу ұзақтығы, еңбекке жарамсыздық дәрежесі және табысты алмастыру коэффициенті) жақсарту арқылы жұмысшы халықтың мүдделерiн қорғау үшiн шаралар қабылданатын болады.

Бұдан басқа, жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде болатын жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады.



Іске асыру жөніндегі шаралар:

1. Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде бірінше кезеңде (2016 – 2020 жылдары):

- зейнетақы жүйесінің қызметкердің табысынан 5 % мөлшерде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу;

- зейнетақы активтерін инвестицилауға, зейнетақы төлемдерін беру тәртібіне, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге компанияларды тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- ынтымақты зейнетақы мөлшерін жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіп, индекстеу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2018 жылдың соңына дейін МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер төлеу параметрлерін өзгертуді көздейтін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның тұжырымдамасы мен жобасы жаңа редакцияда әзірленетін болады, оның ішінде төлемдер мөлшерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тәуілділігі күшейтіледі. Тиісінше, сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілік қағидатын ескере отырып, әлеуметтік қатер түрлері бойынша төлемдер мөлшерін анықтау тетіктері жөніндегі халықаралық стандарттар мен практика зерделенді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік қатерлер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті көрсетуге көшу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, міндетті сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жазатайым оқиғаға байланысты жарақат алған немесе еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау салдарынан мүгедектік белгіленген азаматтарды қорғау тетігін қайта қарау жоспарлануда.


2-басым бағыт «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру»

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасына сәйкес ана мен баланы қолдау жүйесі азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруында және еңбек ресурстарының теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ана мен баланы қолдау тетіктері ата-аналардың табысын қорғауға және балалардың туылуына жағдай жасайтын болады. Тууды ынталандыру және көп балалы отбасыларға қолдау көрсету жүйесі материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын бірқатар шараларды әзірлеу арқылы жетілдірілуде.

Елімізде балалы отбасыларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар бала туу деңгейіне оң әсер етуде. Бір жағынан – бұл жұмыс істемейтін аналарды бала тууға, оның күтіміне, отбасында 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуге байланысты республикалық бюджет қаражаты есебінен, табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (ЕТКД – 60 %) отбасыларға балаларға берілетін жәрдемақы түрінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсету. Екінші жағынан – бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке, босануға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатері туындағанда төленетін әлеуметтiк төлемдер.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы аясында балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:

- орталық және жергілікті деңгейде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің (табысы аз отбасылар саны өскен жағдайда ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы) толық және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1-топтағы кәмелетке толған мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамға берілетін жаңа жәрдемақы түрін енгізу;

- Бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету.


3-басым бағыт «Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру»

Әлеуметтік қолдау:

- табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек беру жөніндегі;

- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға АӘҚ көрсету жөніндегі;

- мүгедектерді оңалту жөніндегі саясатты қалыптастыруды және іске асыруды үйлестіруді қамтиды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес күнкөрісі төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жүйесін одан әрі дамыту атаулылықты күшейтуге, әлеуметтік қатерлерді төмендетуге және кедейлікті белсенді түрде еңсеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. Атаулы әлеуметтік көмек азаматтарға олардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып тағайындалатын болады.

Еңбек етуге қабілетсіз адамдарға көмек шартсыз ретінде көрсетіледі. Жұмыс істей алатын адамдар үшін әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласының кеңеюіне анағұрлым назар аударылатын болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу және АӘҚ көрсету сапасын арттыру, бәсекелес орта дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау, оларды қоғам өміріне интеграциялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыты болып табылады.

Сондай-ақ Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы қызметтердің қолжетімділігін және сапасын жақсартуға бағытталған.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды АӘҚ жүйесіне енгізу жалғасады.

2017 – 2019 жылдар кезеңінде дағдарыс орталықтарын, шелторларды, әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін/сыйымдылығы шағын үйлер құру арқылы АӘҚ көрсетілетін ұйымдардың желісі кеңейеді.

Жұмыс істеп тұрған интернат үйлерін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға: егде жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта өзгерту жалғастырылады.

АӘҚ көрсету нарығында қызмет көрсету үшін адам саудасының құрбандарына және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін қызметтерді аутсорсингке беру арқылы үкіметтік емес сектордың рөлі артады.

Әлеуметтік қолайсыздық профилактикасына бағытталған әлеуметтік қызметтер мен әлуметтік көмек ұсынудың интеграцияланған моделін әзірлеу үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасады.

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында:

- Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жж.) іске асыру;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу, жол белгілерін орнату, жаяу жүргінші өтетін орындарды жайластыру, жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялауды, Инватакси қызметін дамыту;

- мүгедектігі бар адамдарды қоғамға бейімдеу үшін олардың проблемалары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның халықаралық талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес мүгедектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін арнайы жұмыс орындарын және арнайы оқыту бағдарламаларын құруда жұмыс берушілерге жәрдемдесу негізінде мүгедектер жұмыспен қамтамасыз етіледі.


Іске асыру жөніндегі шаралар:

1. Табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде:

- Мемлекет басшысы айтқан Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 84-қадамын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілетін болады, ол мұқтаж азаматтарға еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы шартымен (қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына және әлеуметтік келісімшартқа қол қою) олардың нақты табысын және тұрмыстық жағдайын бағалау негізінде беріледі. Өңірлер арасында әлеуметтік әділетсіздікті және атаулы әлеуметтік көмек көлемінің алшақтығын жою мақсатында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жаңа форматтағы АӘК көрсету критерийлерін қайта қарау жоспарлануда.

2. АӘҚ ұсыну бөлігінде осы жүйені реформалау жалғасатын болады, ол мыналарды қамтиды:

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен азаматтардың қамтылуын кеңейту және оларға ұсынатын қызметтердің атаулылығын күшейту;

- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын жаңарту;

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

- жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызмет ребрендингі;

- әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгерістерін кадрлық қамтамасыз ету;

- Әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;

- қызмет көрсетудің өтінімдік тәсілінен проактивті тәсіліне көшу;

- нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

Аталған реформа мұқтаж адамдардың өздеріне әлеуметтік қызмет алудың адекватты нысанын таңдауға, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға интеграциялауға жәрдемдесу мақсатында олар үшін кедергісіз орта құру бойынша жұмыс жалғасады.

4. Ерекше еңбек жағдайларына мұқтаж азаматтар санатын жұмыспен қамту мәселелері бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады.


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау