2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу
3-1-басым бағыт. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту»
Мемлекет басшысының формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына және, тиісінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау бойынша жұмыс жалғасады.
Мәселен, 2018 жылы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп формальды емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялауды, оларды Бағдарламаға тартуды және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дерекқорында әлеуметтік статусын актуалдандыруды қамтитын Ұйымдастыру іс-шаралар жоспары (Жол картасы) іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, формальды емес жұмыспен қамтылған халықтың қызметін формализацялауды көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жоспарлануда, онда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың статусына нақты сипаттама беріледі, оларды тіркеуді жеңілдету, сәйкесінше салықтық стимулдар көзделген.
2020 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енеді, оған сәйкес жұмыссыздар әлеуметтік медициналық қорға төлемдер төлеуден босатылады. Жоғарыда көрсетілген заңдардың нормалары еңбек қатынастарын формализациялау процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
2018 жылы үй-үйді аралау барысында анықталған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың 40 %-ын (570 мыңнан астам адам) қамту жоспарланған;
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мыналарды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді:
а) тіркеу мен статистикалық есепке алудың жеңілдетілген жүйесін енгізу, шағын және микрокәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, ең алдымен, сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялауды ынталандыратын салық саясатын қайта қарау, әлеуметтік төлемдер мөлшерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілімен өзара байланысын күшейту;
ә) тіркеусіз жұмыс істейтін кәсіпкерлерге және жұмыс берушілерге қойылатын, еңбек шартын жасауды ғана емес, оны тіркеудің де міндетті болуын көздейтін талаптарды қатаңдату;
б) ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысына бағытталған «Әлеумет» жобасын әзірлеу және іске асыру есебінен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
4-басым бағыт «Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»
Мемлекет басшысы айқындаған еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасының басты бағдарларының бірі еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Бұл үшін экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құрумен қатар, жаңа бағытта еңбек ресурстарын қалыптастыру қажет.
Үздік әлемдік практиканы алып қарар болсақ, кадрлар даярлау жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін кемінде екі жағдай қажет – білім беру саласының жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс-әрекеті және білім беру процесінің практикалық және сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді ұсынуға бағдарлануы.
Осы мақсаттарда бизнестің және инвесторлардың мамандарды дайындауға сұранысын ескеретін Ұлттық біліктілік жүйесін, оның ішінде кәсіптік стандарттарды, солардың негізіндегі білім беру бағдарламаларын енгізу жалғасатын болады. Жалпы, 2020 жылға дейін 550 кәсіптік стандартты және 230 білім беру бағдарламасын әзірлеу және жаңарту жоспарлануда.
Бұрынғыдай, еңбекке жарамды халықты нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері мемлекет саясатының басым бағыты болып табылады.
Мемлекет басшысының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда, оның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның міндеттерін шешу мынадай үш бағыт бойынша жүргізіледі:
Бірінші. Сұранысқа ие мамандықтар және кәсіпкерлік негіздері бойынша жаппай оқыту және дағдыларды үйрету.
Берілген бағыт шеңберінде пилоттық режимде мобильдік білім орталықтарын бастау жоспарлануда, бұл стационарлық білім мекемелерімен қамтылмаған шалғай жатқан ауылдық аудандар мен мекендерде білім беруге мүмкіндік береді.
Екінші. Жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау – нысаналы топтардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, әсіресе, ауылдық мекендерде өз ісін ашу және оны жүргізу.
Ауылдық елді мекендерде кредиттеудің шектеулі қолжетімділігіне байланысты микрокредиттеу және кепілдендіру құралдары кеңінен қолданылады. Жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың өз ісін ашу мақсатында кәсіпкерліктің негіздері бойынша жаппай оқыту ұйымдастырылады.
2018 жылдан бастап кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетудің жаңа түрі қарастырылған - жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін азаматтарға 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар ұсыну.
Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларына сәйкес, 2018 жылы микрокредиттеу кеңейтіледі, қосымша бөлінген қаражат оның ішінде ауылдарда кредит беруге және ірі қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналасында якорлы кооперацияны дамытуға бағытталатын болады, бұл өнімнің тиісті сатылымын қамтамасыз етеді.
Жалпы, Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтумен қатар кәсіпкерлік бастаманы дамыту, қосымша жұмыс орындарын құру, жаңа өндірістерді ашу немесе қызмет көрсетуді дамыту және шығарылатын өнім көлемін ұлғайту түрінде мультипликативтік әсерін тигізетінін де атап өткен жөн.
Үшінші. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы еңбек нарығын жетілдіру.
Аталған бағыт шеңберінде жұмысқа орналастыру, азаматтардың белгілі санаттарын жұмыспен қамтуда және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз етуде қолдау көрсету бойынша Бірыңғай цифрлық алаң – Электрондық Еңбек Биржасын құру бойынша міндеттер анықталды, ол ЖҚЖА және интернет алаңдарын қоса алғанда, барлық дереккөздерден вакансиялар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты шоғырландырады.
Жұмыспен қамту орталықтары мен Е-Еңбек биржасы арасындағы өзара іс-қимыл қалалар, аудандар және ауылдық округтер халқының барлық санаттарын қамту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Ақпараттық база мемлекеттік органдардың әлеуметтік-еңбек саласының жүйесінен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің деректер базасынан, жұмыс іздеу және қызметкерлерді таңдау интернет порталынан тұрады, сондай-ақ оған жұмыспен қамтуда делдалдық көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары ықпалдастарылады.
2018 жылдан бастап азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру мақсатында, мысалы, қоныс аударушыларды (кемінде 5 адам) жайластырудың барлық мәселелерін шеше отырып, оларды тұрақты жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілердің шығындарын 450 АЕК мөлшерінде субсидиялау сияқты қосымша шаралар қабылданады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, оның ішінде «Еңбек дағдыларын жетілдіру және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
- жұмыспен қамту қызметтерін жаңғыртуды, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартуды, жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ көші-қон саласындағы құзырет бөлігінде тиісті өзгерістерді көздейтін жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- «Еңбек» бағдарламасын жұмыспен қамтуды қолдаудың жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беру бойынша және қоныс аударуға көмек көрсететін жұмыс берушілерді субсидиялау бойынша, микрокредит беруді кеңейту бойынша жаңа құралдарымен іске асыру;
- Министрліктің құзыреті бойынша көші-қон процестерін, оның ішінде ішкі көші-қонды басқаруды жетілдіру;
- Қазақстанға еңбек нарығында сұранысқа ие, оның ішінде еңбек қызметін іске асыру жағдайларын жеңілдету арқылы білікті шетелдік жұмыскерлерді тарту үшін жағдай жасау:
экономикалық қызмет түрлері бойынша квота белгілеу арқылы шетелдік жұмыс күшін квоталану процедурасын жетілдіру, бұл өңірлік еңбек нарығындағы нақты қажеттілік негізінде, сондай-ақ жоғары білікті шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігін тарту басымдығын айқындау үшін жеке тұлғалардың шаруашылықтарында жұмыс істейтін еңбекші иммигранттарды квотаға қосу жолымен еңбек ресурстарын жоспарлау мәселесіне нақты әрі тура қарауға мүмкіндік береді;
жұмысқа рұқсаттарды беру процедураларын жетілдіру, ақылы рұқсаттар енгізу арқылы мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда олардың рөлі, сондай-ақ ішкі ұжымдық ауыстыру шеңберінде рұқсаттама беру жүйесін жетілдіру;
біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтамалар (жұмысқа рұқсаттар орнына) беру құралын енгізу арқылы сұранысқа ие мамандық бойынша экономиканың басым секторларында еңбек етуші дербес кадрлар ішінен жоғары білікті шетелдік жұмыскерлерді елге тарту процедураларын жетілдіру;
этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтаруға жәрдемдесу бойынша саясатты жетілдіру, мемлекеттің мүмкіндіктерін ескере отырып оларды қазақстандық қоғамға интеграциялау.
5-басым бағыт «Еңбек қатынастарын реттеу»
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында тәуекел-менеджмент негізінде еңбекті қорғауды басқарудың инновациялық стандартталған жүйесін енгізу көзделген. Өндірісте еңбекті қорғауды басқарудың негізі Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада белгілеген басымдықтарды іске асыру да еңбекті қорғау жүйесін Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына, ал өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін дамыған елдердің нормаларына сәйкестендіруді көздейді.
Қазіргі уақытта еңбек қатынастарын реформалаудың негізгі нәтижелері мыналар болып табылады: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 83-қадамын іске асыру үшін қабылданған жаңа Еңбек кодексін, кәсіподақтар туралы жаңа заңды қабылдау және жұмыскерлердің мүдделерін ұсынудың жаңа құқықтық моделін енгізу; әлеуметтік әріптестікті дамыту және ұжымдық әлеуметтік жауапкершілікті құру.
Әлеуметтік әріптестіктің жаңа идеологиясы негізінде Үкімет, бизнес және кәсіподақтар арасында 2018 – 2020 жылдарға арналған Бас келісім жасалды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысының форматы қайта қаралды.
Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті әрі жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қорғау жағдайларын жақсарту болып табылады.
Қауіпсіздік жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге ықпал етті.
Қауіпсіздік жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша одан әрі жұмыс өндірістегі жарақаттану және жазатайым оқиғалардың алдын алу және профилактикасы бойынша кешенді іс-шаралар шеңберінде іске асырылады.
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру бойынша қойылған тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде елдің позициясын жақсартуды қамсыздандыру бойынша іс-шаралар өткізу айтарлықтай маңызды рөл алады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудің бір және қолданыстағы тетігі ретінде әлеуметтік әріптестік институтын дамытуды жалғастыру;
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы конкурсты өткізуді ұйымдастыру;
- кәсіптік қатерлерді анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін әзірлеу және енгізу;
- еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіру. 2018 – 2020 жылдары «Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылады. Бұл Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында кәсіптік қатерлерді басқаруды көздейтін және кәсіпорынның көлемі мен экономикалық қызметінің түріне байланысты сараланған еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге және ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді;
- қауіпсіздік және қорғау саласында мемлекеттік және ішкі бақылау тиімділігін арттыру;
- Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
- ДЭФ ЖБИ позициясын жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жалғастырылатын болады.
4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері
|
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама
|
Экономиканың өсіміне байланысты өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен сапалы арттыру.
Мемлекет қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбек етуге қабілеті жоқ адамдарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек көрсетуге толық жауапкершілік алады.
Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік тұрғыдан әл жуаз топтарын жұмысқа белсенді тарта отырып, оларды жалақымен қамтамасыз ететін жағдайлар жасаған маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай жасауға тиіспіз.
Мемлекеттік жәрдемақыны шын мәнінде жұмыс істей алмайтындар ғана алуға тиіс. Жұмысқа мүгедектерді қабылдайтын және оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.
Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеуіміз керек.
Еңбекке ақы төлеуге және мұнда бар сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа тәсілдер әзірлеу шараларын қабылдау қажет.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің ынтымақты жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.
Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады.
Базалық зейнетақыны кепілдік берілген ең төменгі зейнетақыға өзгерту мәселесі пысықталып, оны тағайындаудың жаңа критерийлері мен шарттары әзірленеді.
Көмек алушыны жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына міндетті түрде белсенді қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайтару жолдарын қамтитын болады. Алушының әлеуметтік келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерді бұзуы әлеуметтік көмек беруді тоқтатуға әкеледі.
Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін олардың жас шектеулеріне және қайта әлеуметтенуге бейімделуі бойынша қызметтер көрсетілетін болады.
|
Ашық нарықта үздік шетелдік мамандарды тарту.
Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуға тиіс.
Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдауымыз қажет.
Жұмыскерлердің мүдделерін ескере отырып кәсіпкерлікті қолдауды қамтитын еңбек қатынастарының жаңа моделін жасау.
Біз әйелге икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс істеу үшін жағдайлар жасауымыз керек.
Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейде өңірлерде әйелдердің бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдайлар жасаған абзал.
Елде жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдікті және әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 2,5%-ынан кемінде 1 %-на төмендейді.
Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Орта мерзімді перспективада өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың еңбек қатынастарын, оның ішінде оқыту, микрокретиттер беру және экономикалық қолайлы өңірлерге көшуге жәрдемдесу есебінен заңдастыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Орта мерзімді перспективада аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді нысандарын (үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күні) дамыту арқылы жәрдемдесудің арнайы тетіктері әзірленеді.
Еңбек етудің ерекше жағдайларына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру шеңберінде кәсіптік бағдарлау жөнінде консультациялар беріледі және арнайы жабдықталған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.
Орта мерзімді перспективада оқытуды бүкіл өмір бойы қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің үшжақты қатысу моделі әрекет ете бастайды. Бүкіл өмір бойы оқу ақысы үшін негізгі жауапкершілік жұмыскерге жүктелетін болады.
Мемлекет және жұмыс берушілер белгілі санаттағы жұмыскерлерді, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды окытуды қаржыландыруға қатысады.
Мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге және мүгедектерге олардың өзін-өзі жетілдіруі үшін мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларына негізделетін болады.
Еңбекті қорғау жүйесі Халықаралық еңбек ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, ал өндірістік жарақаттану көрсеткіштері дамыған елдердің нормативтеріне сәйкес келетін болады.
Жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде еңбек ресурстарының еңбек қызметінің өнімділігі төмен салаларынан табысы әлдеқайда жоғары және перспективалы салаларына көшуі үшін жағдайлар жасалады.
Ауылдан қалаға ішкі көші-қонның теріс әлеуметтік салдарының алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларды шартты жұмысқа тартуға бағытталған шаралар кешені қабылданады.
Жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету, көшуге субсидиялар беру және кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарында оқыту арқылы халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру жалғасын табады.
Осы бағыт шеңберінде Қазақстанға еңбек нарығында сұранысқа ие шетелдік білікті жұмыскерлерді тарту, оның ішінде қызметін жүзеге асыру шарттарын жеңілдету жолымен тарту үшін жағдай жасалатын болады.
|
|
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
|
• Экономикалық өсу мен бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстырылған ең төмен әлеуметтік стандарттар кезең-кезеңімен халықаралық баламаларға жақындай түседі.
• Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері мен құрылымы мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қаралады, халыққа, оның ішінде базалық зейнетақы мен базалық жәрдемақы алушыларға қолайлы өмір сүру деңгейіне кепілдік береді.
• Кедейлік шегін айқындау әдістемесі оңтайландырылады: бірінші кезеңде оның деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты артады, кейіннен кезең-кезеңімен ел бойынша орташа кіріспен байланыстырылады, бұл күнкөрісі төмен халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсерін тигізеді.
• Жалақының ең аз мөлшерін кезең-кезеңімен өзгерту мәселесі пысықталады, ол барынша дамыған елдерде елдегі орташа жалақыға қатысты айқындалады және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып түседі.
• Зейнетақы жүйесі одан әрі дамиды, бұл ретте нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға басты назар аударылады.
• Зейнетақы жасына жеткендердің барлығына мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Жұмыс істейтін азаматтар бұрынғы жұмыссыздармен немесе зейнетақы жарналарын төлемегендермен салыстырғанда үлкен мөлшердегі базалық зейнетақы алатын болады.
• Базалық зейнетақыдан басқа жұмыс істеген зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алады, онда зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы шеңберінде жұмыс істеген зейнеткердің 10% зейнетақы жарналарына қосымша оның жұмыс берушісінен 5% зейнетақы аударымдары жинақталады.
• Жұмыс істеген зейнеткер үшін зейнетақы төлемдерінің үшінші көзі оның ерікті зейнетақы жинақтары болуы мүмкін.
• Әлеуметтік сақтандыру нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады.
• Зейнетақы жүйесіне ұқсас, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады: табысты алмастыру коэффициенттері (жұмысынан айрылу, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігінен айрылу) ұлғаяды, төлемдердің ұзақтығы (жұмысынан айрылу) ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды.
• Халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылық күшейтілетін болады. Еңбекке жарамсыздар үшін көмек шартсыз тәртібінде көрсетіледі.
• Мемлекет тарапынан проактивті тәсілді кезең-кезеңімен енгізу әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды аспектісі болады. Қолдау органдары көмекке жүгінген адамдарға қызмет көрсетуден басқа, халықтың күнкөрісі төмен санаттарын ақпараттық жүйелер арқылы анықтау жолымен ауылдық жерлерге баса назар аудара отырып, халықтың мұқтаж санаттарын өздігінен анықтайды.
• Арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігі мен сапасын күшейтуді көздейтін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады.
• Қолжетімділік мұқтаж және қонаққа қабылдайтын отбасыларда патронатты күтімдегі жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелерін; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында жеке сектор, қалалар мен ауылдарда МЖӘ қағидаттары негізінде құрылған аз сыйымды көп бейінді үйлер, сондай-ақ шалғай ауылдардағы «мобильді қызметтерді»; мемлекеттік мамандандырылған интернат-үйлерін жұмысқа тарту есебінен күшейтілмек.
• Жеке сектордың сапасын және қатысуын күшейтуге қызмет көрсетудің жаңартылған стандарттары мен экономикалық тұрғыдан ақталған тартымды тарифтер себеп болады.
• Мұқтаж жандар біліктілігі туралы, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыстарының нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын Мамандардың бірыңғай тізілімін құру арқылы әлеуметтік қызмет алу түрін таңдау мүмкіндігіне ие болады.
|
...Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі...
...Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады...
Жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындармен бірлесіп, кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылған жұмыскерлерді қолдау бойынша келісілген саясатты әзірлейді. Босатылған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын құру (оның ішінде ірі бизнестің ұзақ мерзімді тапсырыстар беруі және өңірдің ШОБ кәсіпорындарында талап етілетін өнімдерді игеруге өзге де жәрдемдесу арқылы), қайта оқыту мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің басқа да шаралары көзделетін, бірлескен Жол карталары іске асырылатын болады.
Жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың формальды емес секторында жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздарды қолдауға бағдар беруді сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жақсарту арқылы қазіргі еңбек ресурстары өнімділігінің жылдам өсуіне жәрдемдесу жалғасатын болады
Жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындармен бірлесіп кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылатын жұмыскелерді қолдау бойынша келісілген саясатты әзірлейді
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Халықтың аса мұқтаж топтары: жастар («Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы шеңберінде); мүмкіндігі шектеулі адамдар мен егде жастағы адамдар үшін (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) инклюзивтілікке ден қоя отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді курстар актуалдандырылып, іске асырылады.
Формальды емес жұмыспен қамтуды азайту үшін шаралар кешені, оның ішінде жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып, еңбек шарттарын «заңдастыру»; «көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, «жосықсыз жұмыс берушілердің» тізілімін енгізу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалардың статустарын актуалдандыру; ақпараттық-түсіндірме жұмыстары іске асырылатын болады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі бағыттарының бірі жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Ол үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі қызмет көрсету мен кооперацияны кеңейтуді ескере отырып, оның ішінде қаладағы және ауылдық жерлердегі микрокредиттеуді дамыту арқылы қолдау шараларының толық спектрі көрсетілетін болады.
Жұмыс күші артық облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті түрде қоныс аудару кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғастырылады.
Тәсіл еңбек ресурстарына сұранысқа сәйкес кейін ішкі мигранттар ағынын саралай отырып, өңірлік квоталар белгіленетін «экономикалық өсу нүктелерінде» (агломерацияларға, ірі және орта қалаларға, ірі жобаларды көшіру, перспективалы шекара маңы аумақтарға) негізделетін болады.
Қоныс аударушыларға тұрғын үй жалдау мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидия нысанында қаржылық қолдау көрсетіледі. Бұл ретте аталған қаражатты қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігі қарастырылады.
Қоныс аударушыларды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандыру шаралары жергілікті атқарушы органдардың субсидиялау құқығымен, сондай-ақ қоныс аударушыларды кәсіпкерлік негіздеріне алдын ала оқытып, оларға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар мен бау-бақша, ауыл шаруашылығын жүргізуге немесе коммерциялық мақсаттарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз ете отырып, жұмыс берушілерді тарту болып табылады.
Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару қатарлас жұмыс істейтін арналарды үйлестіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етіледі, олар арқылы мемлекет пен бизнес барлық жүгінген азаматтарға қолдау шараларын көрсететін болады
Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан, жекеше агенттіктерден берілген, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңдардағы барлық вакансиялар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң енгізілетін болады. Электрондық биржа қаржылық шығындарсыз және қамту географиясының ауқымдылығы арқылы резюмелер мен вакансияларды электрондық форматта іздестіру үшін кең мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған ақпараттық пакет вакансиялардың және мемлекеттік қолдаудың қатар көрсетілетін қолжетімді шараларының сипаттамасын, оның ішінде уақытша тұрғын үй алу шарттары мен мүмкіндіктері, көшуге дайындық тәртібі, біліктілік алу мүмкіндіктері мен ұсыным жасалатын оқу орындары туралы ақпаратты қамтитын болады.
Онлайн-портал сервистері онлайн-режимде кәсіптік бағдарлау, азаматтарды сұранысқа ие кәсіптер мен оқыту курстары, сапа болжамдары және еңбек нарығы бойынша талдама туралы хабардар ету сияқты көрсетілетін қызметтердің кең спектрін қамтитын болады.
Сонымен қатар еңбек кітапшаларының электрондық форматы енгізіледі. Бұл азаматтардың формальды жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат алуға, жұмыскер профилін онлайн-режимде жүргізуге және оның құзыреттілігін растауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі. Жүгінген жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарға, әрбір іздеуші үшін оның дағдыларын диагностикалауға және оны тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атаулы шаралар кешенін әзірлеуге негізделген кәсіби дамудың жеке стратегиясын әзірлей отырып, кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптер бойынша оқыту, жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсетілетін болады.
Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың проактивті және электрондық форматын енгізеді. Вакансияларды, оның ішінде цифрлық арналар есебінен тіркеу рәсімдерін оңайлату жұмыс берушілердің базасын едәуір кеңейтеді, олар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары қазіргі заманғы HR-қызметтер ретінде жұмыс істейтін болады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысында барлық рәсімдер барынша автоматтандырылады, ал жұмыс іздеушілермен де, сол сияқты жұмыс берушілермен де байланыстар «бір терезе», атаулылық пен нәтижелерге бағдарлану қағидаттарында жолға қойылатын болады. Бұл ретте еңбекті үйлестірудің көп арналы жүйесінің тиімділігін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне қол жеткізу нүктелерінің көптігі: халыққа қызмет көрсету орталықтары, egov «электрондық үкімет» порталы, ауылдық елді мекендердің әкімдері мен бірыңғай электрондық еңбек биржасы есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электрондық форматын енгізеді.
Азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, кадрлар даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер сияқты жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері тартылатын болады. Жеке ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу олардың жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі мен тұрақты жұмыспен қамтуы көрсеткіштеріне байланысты болады.
Бұл еңбек нарығында мамандандырылған делдалдардың нарығын құрады, еңбекке орналастыру арналарын, азаматтардың еңбек ұтқырлығының мүмкіндіктерін кеңейтеді және бәсекелестік есебінен қызмет көрсету сапасын арттырады.
Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциалдық режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік жұмыскерлер үшін визаларды санаттандыру жүзеге асырылатын болады. Жоғары білікті кадрлар үшін квоталар, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі жойылады, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды тапсыру процесі оңайлатылады.
Ел үшін басым жобаларды іске асыруға қатысу үшін білікті шетелдік жұмыскерлерге іске асыратын жобаларының сипатына байланысты рұқсаттар бірден үш жыл мерзімге беріледі. Қазақстанда, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және өңдеу өнеркәсібі салаларында дербес және ұзақ мерзімді кәсіби қызметті жоспарлайтын жұмыскерлер үшін біліктілінің сәйкестігі туралы анықтама да үш жыл бойы жарамды болады.
Еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің түрлі элементтері арасындағы өзара байланысты қалыптастыру негізі еңбек нарығын диагностикалаудың негізгі құралы ретінде Ұлттық кәсіптер классификаторын (кәсіптердің біртекті топтарының стандартталған тізбесі) үнемі жаңартып отыру арқылы жасалатын болады. Классификатор жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптардың қалыптасуын да қамтамасыз етеді.
Кәсіптердің актуалды классификациясы еңбек нарығының жағдайын уақтылы және толық есепке алуға және оны дамытудың егжей-тегжейлі болжамдарын жасауға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай таяудағы және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейтін болады.
Бизнестің тікелей қатысуымен жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді және қолданыстағы кәсіптік стандарттар актуалдандырылады. Олар бизнестің нақты кәсіптік түрлеріне қоятын талаптарының эталонына, яғни бизнестің мамандар даярлауға арналған техникалық тапсырмасына айналады және барлық мамандықтар бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктердің толық жиынтығын айқындайды.
Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қазіргі жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары жұмыскерлерді қайта оқыту мен біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы түрлі форматта – кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады. Операторлардың бәсекелі нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.
Еңбек өнімділігі төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 2025 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 13,6%-дан 10%-ға дейін төмендейді.
Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту қысқа мерзімді кезеңде еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тәуекел-менеджментке негізделген еңбекті қорғауды басқарудың стандартталған инновациялық жүйесі енгізіледі.
Стандарттардың сақталу мониторингін стандарттардың электрондық дерекқоры негізінде іске асыру жоспарланған.
|
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары
1-стратегиялық бағыт.
Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
|
2-стратегиялық бағыт.
Жұмыспен қамту саясатын және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару
|
Мемлекеттік органның мақсаттары
1.1- мақсат
Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну
|
1.2- мақсат
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу
|
2.1- мақсат
Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету
|
2.2- мақсат Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
|
Бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік бағдарламалар – 1
027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 3
058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»
064 «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің орнықты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия бойынша бағдарламаларды ілгерілету»
065 «Мемлекеттік әлеуметтік көрсетілетін қызметтер шеңберінде әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамыту үшін техникалық қолдау»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 3
056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»
068 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»
062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 2
034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»
|
001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
|
Достарыңызбен бөлісу: |