Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ


Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2013-2015 жылдар)



жүктеу 1,27 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,27 Mb.
#1773
1   2   3   4

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2013-2015 жылдар)





Іс-шаралар

2013

2014

2015

1

Іске асырылған жобалар

1 714

1 979

565

Жобаларға жұмысқа орналастырылғандар

23 568

23 793

8 601

2

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар

10 310

9 288

2810

Микрокредит алғандар

11 181

9 607

4 385

Қосымша жұмыс орындарына орналастырылғандар

9201

10656

6 134

3.1

Оқумен қамтылғандар

48 615

35 740

13 952

Оқуды аяқтағандар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

22 278

19 337

10 422

3.2

Қоныс аударғандар, адам

4 579

3 456

1 020

Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

2 431

1 401

371



Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 33,4 мың адам оқытылды. 34,7 мың адам микрокредит алды, олардың 70 %-ға жуығы немесе 24,2 мың адам жеке істерін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс үшін орындарының ашылуымен сүйемелденді. Бұл қосымша 33,1 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Бағдарлама қатысушыларын оқыту және көшіру шаралары қабылданды.



Үшінші бағыт бойынша кәсіби ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 122,9 мың адам қамтылған, оларға сондай-ақ оқу орнына дейін бару үшін жолақыға және тұруға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оқуды аяқтаған 118,4 мың бағдарлама қатысушысының 87,4 пайызға жуығы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары мен «жастар практикасына» нысаналы топтың 173,5 мыңнан астам өкілі орналастырылды.

Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері (2011 – 2014 жылдары) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 17,2 мыңға жуық адам көшірілді. Жаңа тұрғылықты жерлері бойынша қоныс аударғандар қатарынан еңбек етуге қабілетті адамдардың 78,0 %-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы 2015 жылы 91,3 %-ды құрады
(2013 жылы – 64,4 %, 2014 жылы – 83,9 %,). Бұл ретте соңғы үш жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2013 жылы ол 61,4 %-ды құраса, 2015 жылы – 77,6 % болды (2014 жылы – 69,9 %).

Халықаралық тәжірибені талдау озық елдердегі жұмыспен қамтудың ұлттық саясаттары шеңберінде еңбек нарығындағы белсенді саясат (бұдан әрі – ЕНБС) зор мәнге ие екенін көрсетеді. Қазақстанда ЕНБС шет елдерде қолданылатын көптеген құралдарды қамтиды. Дамыған елдерде белсенді демографиялық тенденциялар аясында жастардың, зейнеталдындағы және егде жастағы адамдарды жұмыспен қамту мәселесі ерекше өткір тұр, үлкен жастағы қызметкерлердің көп болуы, сондай-ақ еңбек нарығынан жас қызметкерлердің шығарылуы соның салдары болып табылады.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту

Біздің еліміздің стратегиялық дамуынының негізгі бағдарларының бірі - жоғары білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру болып табылады.

Жұмыс берушілер тарапынан даярлық және практикалық дағдылар деңгейіне қойылатын ұдайы өсіп отыратын талаптар мамандардың кәсіби құзыреттерімен сәйкес келуге тиіс.

Осы алшақтықты еңсеру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда өндірістің қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жаңа біліктілік жүйесі құрылуда және кәсіби стандарттар әзірленуде.

2013-2015 жылдары 449, оның ішінде 2013 жылы – 323, 2014 жылы – 88, 2015 жылы – 38 кәсіби стандарттар әзірленді.

Халықтың көші-қоны. Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан көші-қон процестері барынша күшті байқалатын әлем елдерінің қатарына жатады.

Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) ішкі қарқынды көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдар ішінде өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіші сақталуда. 2013 жылдан 2015 жыл аралығында қоса алғанда, өңіраралық көші-қон процестеріне 1,2 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.

2015 жылы басым түрде еңбек етуге қабілетті жастағы халықтың ең көп кету ағыны Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Астана, Алматы қалалары, Алматы және Маңғыстау облыстары халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖКХ ) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014–2015 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды (2013 жылы – 1,2 % немесе 108 мың адам). 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 32,4 мың рұқсат қолданыста немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ы (2013, 2014 жылының аяғына 23,1 және 30,7 мың рұқсат, тиісінше).

Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында мамандардың үлесі (шетелдік қызметкерлердің 1-3-санаттары) 70 %-дан кем емес (2013 жылы – 75,7 %, 2014 жылы – 70,0 %) деңгейде сақталуда.

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу серпіні тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 261,1 мыңнан астам отбасы немесе 957,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына келді (2013 жылы – 15,3 мың отбасы немесе 34,0 мың қазақ, 2014 жылы – 3,8 мың отбасы немесе 8,2 мың қазақ, 2015 жылы – 1,9 мың отбасы немесе 4,9 мың қазақ).

Ішкі көші-қонды жетілдірудегі халықаралық тәжірибеге жасалған талдау көрсеткендей, ШЖК тартудың ашық нарығын құру кезінде жоғары білікті мамандарды тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Мысалы, Сингапурдың, Канаданың, Гонконгтың, Жаңа Зеландияның иммиграциялық саясаты осындай нарықты құруға бағытталған.


Енбек қатынастары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде бес институционалдық реформаны (83-қадам) іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Еңбек кодексі әзірленді және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді.

Кодекстің міндеті жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары саласында мемлекеттің араласу шегін белгілеу, еңбек қатынастары субъектілерінің ролін және жауапкершілігін бөлу жолымен еңбек заңнамасын ырықтандыру болып табылады.

Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде шаралар қабылдануда.

Бұл мақсатта 2015 жылдан бастап мынадай жоспарлар іске асырылуда:

- әлеуметтік шиеленіс картасының негізінде ай сайын экономикалық
тау-кен және құрылыс секторларындағы саны 60 мыңнан асатын қызметкері бар 100-ден астам қатер тобындағы кәсіпорынға мониторинг пен бақылау жүргізіледі;

- жалақының дер кезінде төленуіне апта сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.

Прокуратура органдарының, уәкілетті еңбек органдарының құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы форматында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, сот актілерін орындау бойынша жалақының дер кезінде төленуіне он күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жалақы бойынша берешек төмендеп, 15 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды, оларға 2 млрд. астам теңге төленді. Соңғы үш жылда жалақы берешегі 2 есе астам төмендеді (2014 жылдың 1 қаңтарына – 737,9 млн. теңге, 2015 жылдың 1 қаңтарына – 106,3 млн. теңге, 2016 жылдың 1 қаңтарына – 275,7 млн. теңге).

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 82,7 млн. теңгеге 481 мың айыппұл салды.

2014 жылдан еңбек жанжалдарының саны екі еседен астам төмендеді.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 421тексерулер жүргізді, тексерулер барысында 19,5 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзушылықтарды анықтады. 2014 жылы 21,6 мыңнан астам заң бұзушылық, 2013 жылы 33,1 мың еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 429,6 млн. теңгеге 4,2 мыңнан астам айыппұл салды (2015 жылғы 1 қаңтарға – 287,4 млн. теңге, 2014 жылғы 1 қаңтарға – 463,5 млн. теңге,).

Жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау шаралары қабылдануда.

Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың енгізілуі жоғарылағаны байқалады. 2015 жылы енгізілген стандарттардың саны – 1463, 2014 жылы – 1450, 2013 жылы –1426 құрады.

Жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.

Мәселен, зейнетақы заңанамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыс берушілер өндірістік объектілерді аттестаттаумен расталған зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Енгізілетін ерікті мәлімдеу практикасы осыған бағытталған. Бұл еңбек жағдайларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға сертификат алуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын кәсіпорындар тізіліміне кіруге мүмкіндік береді.

Мұндай кәсіпорындар 3 жыл көлемінде жоспарлы тексеруге жатпайды, яғни әкімшілік кедергілер болмайды және жұмыс берушілердің шығыстарын азайтады.

2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сенім сертификатын 40 кәсіпорын алды.

Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне өз септігін тигізді. 2015 жылы жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 2013 жылмен салыстырғанда 21,4 %-ға төмендеді (2015 жылы – 0,33, 2014 жылы – 0,39, 2013 жылы – 0,42).

Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда 2015 жылы Қазақстан Республикасында шамамен 0,05-ке тең болды, бұл ретте 2011-2014 жылдары ол орташа алғанда 0,065-ке тең болған.



Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссииялар жұмыс істейді (24 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 180-нен астам келісім), 2014 жылғы 25 желтоқсанда 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы қамтылды. Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 0,7 пыйыздық тармаққа көбейіп, 93,1 %-ға жетті (2013 жылы – 92,4 %, 2014 жылы – 92,8 %).

2015 жылғы 11 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында сегізінші рет ұйымдастырылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын ресми марапаттау салтанаты өткізілді.

Бизнес-қауымдастықтарда әлеуметтік жауапкершілік ұғымы ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. «Парыз» конкурсына 2008 – 2015 жылдары еліміздің барлық өңірлерінен 3744 кәсіпорын қатысты (2015 жылы – 541, 2014 жылы – 584,2013 жылы – 534).

3.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастырумен байланысты қызметте төмендегідей проблемалар сақталып отыр.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы оң нәтижелерге және жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуына жасалған белгілі бір сын-тегеуріндер мен қауіптердің бар екенін айғақтайды.


  1. Демографиялық проблемалар

Халықтың қартаю тенденциясы байқалуда. Келешектегі демографиялық жағдай жұмыс күшінің ұсынысы немесе еңбек етуге қабілетті жастан кіші адамдардың үлесі халықтың құрылымында оның кетуінен аз болуы мүмкін. Қазіргі уақытта еңбек етуге қабілетті жасқа өткен ғасырдың 90-жылдарындағы демографиялық қатынастағы қолайсыз кезеңдегі ұрпақ кіреді, әсіресе солтүстік өңірлерде. Атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысында 1996 жылғы бала туу деңгейі 2013 жылдың көрсеткішінен 1,4 есеге төмен (10,5 және 14,82 тиісінше), сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында сол кезеңде бала туу деңгейі 1,2 есеге төмен болды (24,9 және 29,59 тиісінше).

  1. Ұлттық еңбек нарығы теңгерілмеген.

Жұмыссыздықтың орын алуына қарамастан, бос жұмыс орындары сақталуда. Жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті қызметкерлердің тапшылығы еңбек ресурстарының жоғары сапасына емес, өндіріс пен оқыту арасындағы өзара байланыстың болмауы себепті орын алып отыр.

  1. Еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамту мониторингі мен болжамы жүргізілмеуде.

Қазіргі уақытта маңызды міндеттердің бірі – еңбек нарығының түрлі біліктілігі бар кадрларға ағымдағы және перспективалық тұрақты мониторинг жүйесін құру және мемлекеттің ең маңызды стратегиялық бағдарламаларын ескере отырып, салалық және аумақтық аспектілерде еңбек ресурстарына қажеттілікті болжамдау болып табылады.

4. Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғаудан шет қалған экономикалық белсенді халықтың елеулі бөлігін құрайды.

Жұмыс істейтін халықтың құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 28,2 немесе 2,4 млн. астам адамды құрайды (2014 жылдың қорытындысы бойынша), оның ішінде 29,5% нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар және 70,5 % нәтижелі жұмыспен қамтылғандар.

5. Қабылдаушы тараптың мүдделерін және көшіп-қонушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескерместен, этникалық қазақтарды ел аумағы бойынша біркелкі орналастырмау.

Тәуелсіздік даму жылдарында Қазақстан Республикасында 950 мыңнан аса оралманды қабылдады, қазіргі уақытта олар ел халқының жалпы санының шамамен 6% құрайды. Әдетте, республика аумағындағы тұрғылықты жерін оралмандар өздері айқындайды.

Этникалық қазақтардың қоныстануын реттеу мақсатында 2015 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.

Заңның аясында оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеп, Үкімет айқындаған өңірлеріне қоныстандыру жағдайында жұмыспен қамтуға көмектесу жөніндегі белсенді шаралар шеңберінде заңнамаға сәйкес этникалық қазақтардың әлеуметтік пакетті алуы көзделді.

Осы шаралар этникалық көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында қабылданған.



Еңбек қатынастарын дамытуда мынадай проблемалар байқалып отыр.
6. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың жоғары деңгейі сақталуда.
3.3) Қатерлерді басқару

Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Сыртқы қатерлер

Экономиканың рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жеке апта сайынғы жұмыспен қамту мәселелерінің мониторингін қамтамасыз ету.

2. Тиісті меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу және ЖЖК 2020 жандандыру.




Интеграциялық процестердің дамуы мен көрші жеке елдер экономикасының нашарлау салдарына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсеке қабілеттілікті жоғалту жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың артуы

1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.

2. ЖЖК 2020 екінші бағыты шеңберінде ауыл тұрғындарына микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.



Ішкі қатерлер

Құрылыстың үдемелі қарқын жағдайларында (қысқа мерзімдерде салынып жатқан объектілер санының өсуі), оның ішінде ірі елдік іс-шаралардың өткізілуімен байланысты (соңғы 3 жылда орта көрсеткіштер 50 пайыздан аса жоғарылады) өндірістік жарақаттың өсуі


1. Салалық және өңірлік деңгейлерде жарақаттың алдын алу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу үшін еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау жөнінде кеңестер құру.

2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құру.

3. Мемлекеттік еңбек инспекцияның (МЕИ) жазатайым оқиғаларға жол берген кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу жөнінде қатаң шаралар қолдануы.


Экономиканың ахуалының нашарлауы жағдайларында өндіріс көлемінің қысқаруына, кәсіпорындар қызметінің тоқтатылуына байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиелністің өсуі (өсімі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)


1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, ҚР Еңбек кодексіне еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, жұмыс берушілерге еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұжымдық еңбек дауының туындауы туралы хабарлау және еңбек дауы шешілгенге дейін апта сайын хабарлап отыру міндетін жүктеу бөлігінде өзгерістер мен толықытурлар енгізу.

2. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық және өңірлік комиссиялар жанынан ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөнінде кеңестер құру.



Біліктілігі төмен еңбек мигранттарын ұлғайту (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсімі соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)



Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші көшіп-қонушыларға квоталауды енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші көшіп-қонушылардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.



3-бөлім. Саланың басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1-басым бағыт «Денсаулық сақтау саласында қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту»

Азаматтардың денсаулығын сақталуы жеке мінез-құлық дағдылардан, әлеуметте жасалынған жағдайлардан және денсаулық сақтау жйесін реттеуден тәуелді.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) 1.2-тармағында барлық әлеуметтік әріптестерімен қаржылық орнықтылықты мен ынтымақтас жауапкершілікті қамтамасыз етуі, ақысын бірлесіп төлеу тетегін мәселесін қарастыруы қарастырылған. Тұрақты дамытуда және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жоғартуында халық пен жұмыс берушілердің ынтымақтасты дамыту, сонымен бірге денсаулық сақтауына мемлекеттік және жеке өсетін шығыстар болғандықтан қаржылық тәукелдерді жоғайту мақсатында міндетті әлеуметті медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі енгізілетін болады. Денсаулық сақтау саласы, әсіресе бірінші медициналық-санитарлық көмекті дамытуда, қосымша салуларда мұқтаж болады. Қазақстан Республикасымен қарастырылған, халықтың табыстар өсу барысы бойынша азаматтарымен медициналық қызметтерді тұтану оңтайландыру мақсатында, тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлем шенберінде көрсетілген қызметтерден қоспағанда, ақысын бірлесіп төлеуді енгізу мәселесі қарастылылатын болады. Сондай-ақ, қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етуі ынтымақтас барлық әлеуметтік әріптестерімен (мемлекет, жұмыс берушу, жұмысшы) жүзіге асырылады.

МӘМС жүйесін дамыту шенберінде ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуіне рұқсат беруді реттеу тетектері жетілдіреді.. Медициналық қызметтердің жеткізушілері меншік нышанынан тәуелділік тыс МӘМС жүйесінде қатысуға мүмкіндікке ие болады.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

Мемлекет, азаматтар, жұмысберушілердің ынтымақтастық жауапкершілігін күшейту мақсатында 2017 жылдан бастап тиісті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін еңгізу;

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы


ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;

Денсаулық саласындағы корпоративті басқару және заманауи менеджментті дамыту.


2-басым бағыт «Медициналық қызметті ұсынуды жетілдіру»

«Қазақстан -2050» Стратегиясы бойынша денсаулық саласына әр азаматты сапалы медициналық көмекпен қамсыздандыру манызды міндет қойылған.

Медициналық қызметтерге қолжетімділік біркелкі емес және медициналық қызметтердің сапасы төмен болып отыр. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл тұрғындары құрайды, соған қарамастан денсаулық сақтау инфрақұрылымы мегаполистерде, атап айтқанда Астана, Алматы қалаларында шоғырланған. Бұл еліміздің түрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін қиындатады.

Осыған орай, өңірлік денсаулық сақтау мәселелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені өңірлерде медициналық көмекті қаржыландыруды теңестіру казақстандықтарға сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке тең әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- МСАК жаңарту және басымды дамыту, сырқаттарды басқару бағдармаларын енгізу;

- демографиялық жағдайға ең үлкен ықпал ететін 5 бағыттар бойынша медициналық қөмек ұйымдастыру интегриялық моделін енгізі;

- медициналық қөмекті стандартау және медициналық қызметтердің қол жетімділігін жоғарту;

- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарының мен медициналық техниканың қол жетімделігін, сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарды (GMP, GDP, GPP және басқалар) енгізу.

3-басым бағыт «Кадр потенциалын дамыту»

«Қазақстан -2050» Стратегиясы және 2025 жылға дейін ҚР даму стратегиялық Жоспары бойынша медициналық жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысын және медициналық білім беру жүйесін жаңарту жұмысы қарастырылған.

Саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз етілуін талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау тұрақты негізде жүргізілетін болады.


      Кейіннен денсаулық сақтаудың тиісті деңгейлеріндегі АР-ға жалпы қажеттілік, сондай-ақ саланың, өңірдің және ұйымның даму стратегиясына сәйкес қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің құрылымы айқындалатын болады.
      Бұл ретте басымдық ескірген штаттық нормативтер мен стандарттарды қолдану қажеттілігінен қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық емшараларға және пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес адами ресурстар мен еңбек шығындарын икемді жоспарлау мүмкіндігіне қарай ауысатын болады. Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығы мен адами ресурстардың дамуына тиімді мониторинг жүргізу және болжауды қамтамасыз ету, кадрлар даярлауды басқару мен жоспарлаудың заманауи әдістерін енгізу мақсатында міндеттерінің аясы кең институционалдық негіз ретінде Денсаулық сақтау саласының кадрлар ресурстарының одан әрі дамыту қамтамасыз етіледі.

Іске асыру жөніндегі шаралар:



жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау