Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің


Стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі



жүктеу 2,23 Mb.
бет3/3
Дата18.12.2017
өлшемі2,23 Mb.
#5040
1   2   3


Стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

 

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат. Аурулардың профилактикасы, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі;

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

2.1-мақсат Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1113 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде ,бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы

3. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

3.1-мақсат. Бала тууды ынталандыру




Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

4.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

5. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5.1-мақсат. Көші-қон процестерін басқару мен реттеудің тиімділігін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

6. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жағдайын жақсарту



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

7. Халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету

7.1-мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

8. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

8.1-мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

 
4-бөлім.  Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

 

Мемлекеттік органның стратегиялық бағытының атауы, мақсаттары мен міндеттері

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатын іске асыру жөніндегі іс-шаралары

Іске асыру мерзімі

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат. Аурулардың профилактикасы, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

1.1.1-міндет. Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру

1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

1.2.1- міндет. Ана мен бала денсаулығын нығайту


Денсаулық сақтау саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

Тұрақты негізде

Халықтың инфекциялық, паразиттік және кәсіби ауруларының туындауының, таралуының профилактикасы және төмендету

Денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде профилактикалау, диагностикалау, емдеу, оңалту әдістерін және құралдарын әзірлеу және жетілдіру

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби деңгейлерін практикалық денсаулық сақтаудың қазірігі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, мониторингін жүргізу және бағалау




Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, мониторингін жүргізу және бағалау.




2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру:

2.1.-мақсат Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1.1-міндет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

2.2.1-міндет. Ғылым және кадр ресурстарын дамыту



Аумақтық органдардың ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, Министрліктің материалдық-техникалық базасын нығайту

Тұрақты негізде


Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Министрлікті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Орталық аппарат және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау және талдау қағидаттарына оқыту

Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімін және дағдыларын жаңарту және тереңдету

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын және регламенттерін әзірлеу, медициналық қызметті электрондық форматқа көшіру

3-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

3.1.-мақсат. Бала тууды ынталандыру

3.1.1-міндет. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, мониторингін жүргізу және бағалау

Тұрақты түрде


Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың арнайы бағдарламалары бойынша ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында ДСӘДМ аумақтық бөлімшелері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

«Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны Министрліктің Әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ӘЕСБАЖ) кіріктіру

4-стратегиялық бағыт.

Нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету

4.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру

4.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

4.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру

4.1.3-міндет. Жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ету



Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлетін Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, нысаналы топтарды әлеуметтiк қолдау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру.

Тұрақты түрде


Халықты жұмыспен, оның ішінде электрондық түрде қамту мәселелері жөнінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізбесін кеңейту, қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру.

Ағымдағы бос жұмыс орындары және перспективалық жұмыс орындары деректерінің қорын «Еңбек нарығы» ААЖ бағдарламалық тұғырнама бойынша құру және қызмет көрсетуі.

ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында халықты жұмыспен қамту, шетелдік жұмыс күшін тарту, оның ішінде өңірлердің озық оң тәжірибелерімен алмасу бойынша МЕИ қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру

2014 – 2016 ж.ж.


«Жұмыс – Жастар еңбек биржасы» веб-порталының қызметін қамтамасыз ету

Тұрақты түрде


Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өңірлерді дамытудың оң тәжірибесімен алмасу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуді үйлестіру

5-стратегиялық бағыт.

Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5-мақсат

Көші-қон процестерін басқару мен реттеудің тиімділігін арттыру

5.1.1-міндет. Оралмандарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

5.1.2-міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

5.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару


Оралмандарға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру


Тұрақты негізде


ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру


«Оралмандар» ААЖ-мен Министрліктің әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін ықпалдастыру

6-стратегиялық бағыт.

Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту

6.1.1- міндет. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6.1.2-міндет. Еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу және жолын кесу

6.1.3-мiндет. Әлеуметтiк әрiптестiкті дамытуға жәрдемдесу



ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында еңбек мәселелері, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша МЕИ қызметкерлерiнiң біліктілігін арттыру


Тұрақты негізде

«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны ӘЕСБАЖ-бен кiрiктiру

7-стратегиялық бағыт.

Халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету

7.1-мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

7.1.2-міндет. Әлеуметтік қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету

7.1.3-мiндет. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулылығын күшейту


Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлетін Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiн жетілдіру, мониторингін жүргiзу және бағалау

Тұрақты түрде



Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі (оның ішінде электрондық түрде) мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру

Зейнетақы және әлеуметтік төлем тағайындау процестерін автоматтандыру

2011 – 2014 жж.

ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша ДСӘДМ аумақтық бөлімшелері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Тұрақты түрде


«Байланыс орталығы» ААЖ, «Әлеуметтік көмек: МБЖ, АӘЖ», «Е-собес» ААЖ пайдалануға енгiзу және оларды ӘЕСБАЖ-бен кiрiктiру

8-стратегиялық бағыт.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

8.1-мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру

8.1.1. міндет. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту



8.1.2. міндет. Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлетін Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын және компенсаторлық техникалық құралдар беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру.

Тұрақты түрде


ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ДСӘДМ аумақтық бөлімшелері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

«Е-собес» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны ӘЕСБАЖ-бен кiрiктiру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұрақты түрде


ӘЕСБАЖ-ды жетілдіру және оны мүдделi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен кiрiктiру

Зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды электрондық тағайындаудың және төлеудiң автоматтандырылған жүйесiн кезең-кезеңімен енгiзу

«Байланыс орталығы» ақпараттық-анықтамалық жүйесi арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету




Бизнес-процестерді оңтайландыру, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру.

2014 ж.


Электрондық форматта көрсетiлетiн (оның ішінде ішінара автоматтандырылған) мемлекеттiк қызметтердiң үлесiн Министрлiкте көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы санының 70 % дейiн жеткiзу

2014 – 2016жж.


Конкурстық өтiнiмге сәйкес (болған кезде) ақпараттық коммуникациялық технологиялар жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды IT-қызметтерінде қамтамасыз ету

Тұрақты түрде

Министрліктің ақпараттық жүйелеріне арналған «ІТ-аутсорсингті» пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру


ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері бойынша біліктілігін арттыру

Тұрақты түрде



Республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК зейнетақы және әлеуметтік төлем тағайындау процестерін автоматтандыру.

«Республикалық эксперименталды протездеу орталығы» АҚ ұйымдық құрылымын жетілдіру

«Ақпараттық талдау орталығы» РМҚК жұмыспен қамту проблемалары, еңбек заңнамасы және әлеуметтік қорғау бойынша ақпараттық-талдау қызметін көрсету

Кадрлық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын (оның ішінде гендерлік теңдік қағидатын) кадрларды іріктеуде және орналастыруда, қызметтік мансапты басқаруда қатаң сақтау

Тұрақты түрде





Еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету

Кадр әлеуетiн дамыту:

мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;

қазақ және шет тілдерді үйрену және пайдалану;

персоналды бағалау әдістері және нысандарын жетілдіру;

еңбек өнімділігін ынталандыру;

кадрларды ротациялау мүмкіндіктерін пайдалану, кадрлар резервін құру, даярлау және пайдалану.



Министрлік бөлімшелерінің және ДСӘДМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлық саясатын басқару

Материалдық-техникалық қамсыздандыру

Министрлiк, оның бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету және әкімшілік шығыстарды оңтайландыру мүддесінде дамыту

Тұрақты түрде


Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге заңнамада белгіленген талаптарды қамтамасыз ету (сайтта бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарының және тиісті өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы жариялануы; жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жариялау; мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне сәйкес шарттар жасау)

Қаржылық қамсыздандыру



Министрліктің қызметін қаржылық қамтамасыз етуде алдын ала бақылау шараларын қолдану, қаржылық қызмет қатерлерiн уақтылы анықтау, талдау және бағалау

Тұрақты түрде


Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының бюджет қаражатын тиiмдi игеруге, жұмсауға дербес жауапкершiлiгiн күшейту.

Қазақстан Республикасы Қазынашылығының ақпараттық жүйесiн енгiзу есебiнен қаражатты және активтердi басқару

 

5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

 

Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды қажет ететін

міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын

мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат. Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі


1.1.1-міндет. Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру

Жалпы өлім-жітімді төмендету

ІІМ, МСМ, ЭМ, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Халықты алкоголь мен есірткіні пайдаланудың салдары туралы хабардар ету.

Халықты дұрыс тамақтану туралы, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы хабардар ету.



Көрнекті қоғам қайраткерлерін тарту арқылы темекі тарту, алкогольді және есірткіні шектен тыс тұтыну профилактикасы және емдеу жөніндегі ақпараттық-насихаттау баспа басылымдарын әзірлеу және шығару, телехабар арналарында науқандарды және жобаларды жүргізу


1.1-мақсат: Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі


1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

Қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту

МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Халықты алкоголь мен есірткіні пайдаланудың салдары туралы хабардар ету.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны жалғастыру



Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту

Жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітімді төмендету

ІІМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету жөніндегі трассалық пункттердің жұмыс істеуі.

Халықты жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы хабардар ету



Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету

ІІМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Сотталғандар арасында туберкулездің таралу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Халықты алкоголь мен есірткіні пайдаланудың салдары туралы хабардар ету

АИТВ инфекциясының 15-49 жас тобында таралуын 0,6-дан асырмай ұстап тұру

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

АРТ-терапияға жататын АИТВ жұқтырған сотталғандарды ретровирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз ету. Сотталғандар арасында туберкулездің таралу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

1.1-мақсат: Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

В вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылықты төмендету

ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Инфекциялық ауруларды профилактикалау мәселелері жөнінде халықтың хабардар болуын арттыру.

А және В гепатитіне қарсы халықты вакцинациялау



А вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

1.2.1-міндет. Ана мен бала денсаулығын нығайту

Ана өлім-жітімін төмендету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Халықты алкоголь мен есірткіні пайдаланудың салдары туралы хабардар ету.

Скринингтерді жүргізу.



Нәресте шетінеушілігін төмендету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын қолдау және алдыға жылжыту жөніндегі ақпараттық-білім беру науқаны.

2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

2.1-мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1.1-міндет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

Медициналық қызметтерді көрсету сапасының мәселелері бойынша халықтың негізді өтініштерінің саны

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Халықтың медициналық қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерінің мониторингі. Медициналық қызметтер көрсетудің сапасын арттыру

Республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру жүйесі шеңберінде стационарлық көмекті тұтыну деңгейі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Стационарды алмастыру технологияларын дамыту. МСАК деңгейінде медициналық қызмет көрсету деңгейінің сапасын арттыру

Медицина ұйымдарының жарақтандыру стандартына сәйкес жарақтандырылу деңгейі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Медициналық ұйымдарды жарақтандыруға нысаналы трансферттер бөлу. Медициналық ұйымдардың жарақтандырылу деңгейінің мониторингін жүргізу.

2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

2.2.1-міндет. Ғылымды және кадр ресуртарын дамыту

Денсаулық сақтау саласын кадрлық камтамасыз ету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Кадрларды ауылда орнықтыру жөнінде шаралар қабылдау. Еңбекке ақы төлеудің жаңа қағидаттарын жетілдіру

3-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

3.1.-мақсат. Бала туудың өсуін ынталандыру

3.1.1-міндет. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау

1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты).
2. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалардың санына қатысты)

ЖАО

1. Табысы аз отбасылардың 18-ге толмаған балаларына жәрдемақылардың уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз ету.
2. «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ» ААЖ қызмет етуін қамтамасыз ету.


4-стратегиялық бағыт. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

4.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру

4.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

1.ЖЖК 2020 қатысушыларының қатарынан қайта даярлаумен, біліктілігін арттырумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқумен қамтылған адамдардың ара салмағы

2. Халықты жұмыспен қамту органдардың делдалдығына жүгінгендердің арасынан кәсіптік оқуға жіберілген адамдардың ара салмағы



Мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілердің бірлестіктері

БҒМ, ЖАО


Кәсiптiк стандарттарды сәйкес экономика салаларында әзiрлеу және оларды оқытуда (білім беру ұйымдарында және персоналдың фирмаішілік даярлаумен айналысатын кәсіпорындарда) қолдану.
Экономика салаларының салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісіндегі кадрларға қажеттілігін айқындау әдістемесі негізінде кадрларға қажеттілікті айқындаумен еңбек нарығының дамуына талдау жүргізу.

4.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру

1. ЖЖК 2020 қатысу мәселесі бойынша жүгінгендер қатарындағы бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі

2. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандар қатарындағы ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі

3. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандар қатарындағы ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

4. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі

5. Жұмыс істейтін 100 адамға шаққанда қашықтықтан жұмыс істейтіндер саны


Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰЭМ

Қаржымині, АШМ,

«АШҚҚҚ» АҚ


Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,

БҒМ, ҰЭМ


Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты мәселелерінде халықтың хабардарлығын арттыру:

ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен, жұмыс берушілермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен кездесулер өткізу;

БАҚ-тарда сөз сөйлеу;

ДСӘДМ веб-сайтына ақпараттық материалдарды орналастыру;

жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметтерін жаңғырту.

Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылар, оның ішінде оған қатысуға басым құқығы бар адамдар (ауылдық жерлерде тұратын жастар, әйелдер) арасында кәсіптік бағдарлау жүргізу.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында көзделген «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде бірлескен іс-шараларды іске асыру.

Ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кезінде ЖЖК қатысушыларына кемінде 50 % жұмыс орындарын ұсыну.



ЖЖК 2020 көзделген «Кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты шеңберінде бірлескен іс-шараларды іске асыру
Жұмыспен қамту 2020 жол картасында көзделген «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде бірлескен іс-шараларды іске асыру

5-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5-мақсат Көші-қон процестерін басқарудың және реттеудің тиімділігін арттыру

5.1.1-міндет. Этникалық қазақтарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

1. Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан)

ҰЭМ, СІМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Этникалық қазақтарды қабылдау және бейімдеу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстарды әзірлеу

5.1.2-міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

Халықтың жалпы санындағы ішкі көшіп-қонушылардың үлес салмағы

ҰЭМ, ІІМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстарды әзірлеу

5.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару

Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота

ҰЭМ, ЭМ, ИДМ, ІІМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Еңбек көші-қонын басқаруда заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу

6-стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жағдайын жақсарту

6.1.3-мiндет. Әлеуметтік әріптестікті дамытуға жәрдемдесу

1. Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы (ірі және орта кәсіпорындар арасында)

Әлеуметтік әріптестер, мүдделі мемлекеттік органдар

Үшжақты келісімдерді іске асыру, сондай-ақ БЖИ көрсеткіштерін жақсарту

7-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету

7.1-мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

7.1.1-міндет. Жалақының өсуіне ықпал ету

1. Азаматтық қызметшілер жалақысының орташа мөлшерінің серпіні (алдыңғы жылмен салыстырғанда)


Мүдделі мемлекеттік органдар

Еңбекақы төлеудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу:

азаматтық қызметші лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша іріктеу;

коэффициенттердің жаңа торын енгізу;

қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесін жетілдіру;

түпкі нәтижеге байланысты ынталандырушы төлемдер мен үстемеақылар жүйесін әзірлеу.


7.1.2-міндет. Әлеуметтік қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету

1. ЖЗЖ-мен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелерін жетілдіру.

Нормативтік құқықтық актілерге зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

ЖЗЖ және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын арттыру.


7.1.3-мiндет. Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту

  1. ЕТКД төмен өмір сүретін жалпы халық санындағы балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды (МБЖ) алушылардың үлесі.

  2. ЕТКД төмен өмір сүретін жалпы халық санындағы АӘК алушылардың үлесі.

  3. АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті адамдардың ара салмағы.

4. ЕТКД төмен деңгейде өмір сүретін отбасылар қатарындағы шартты ақшалай төлемдермен қамтылған отбасылардың үлесі

ЖАО, ҰЭМ

АШМ



Табысы аз отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті уақтылы және мақсатты

тағайындауды және төлеуді қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмек көрсетуді есепке алуды және мониторинг жүргізуді жетілдіру.

Табысы аз отбасылар үшін шартты әлеуметтік көмек енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу.

«Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Негізгі азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бағытталған нарықтық тетіктерді қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар кешенін іске асыру



8-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

8.1-мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру

8.1.1-міндет. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту

1. Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдары) көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

ЖАО, ҮЕҰ

ЖАО


Өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметпен қамту инфрақұрылымын кеңейту.

«Е-собес» ААЖ қызмет етуін қамтамасыз ету



8.1.2-міндет. Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту

1. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі (өткен жылғы есепті кезеңде әзірленген ОЖБ қатарынан)


мүдделі органдар

ЖАО


Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі шеңберінде мүдделі ұйымдардың өзара іс-қимылы
Мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде мүгедекті (әлеуметтік бөлік) оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру.

Аббревиатуралардың толық жазылуы



ДЭФ

– Дүниежүзілік экономикалық форум

БЖИ

– Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі

СӨСҚ

– саламатты өмір салтын қалыптастыру

ІІМ

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ИДМ

– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

ЖАО

– жергілікті атқарушы органдар

ДСӘДМ

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрлігі



МСМ

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

БҒМ

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

АШМ

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҮЕҰ

– үкіметтік емес ұйымдар


6-бөлім. Тәуекелдерді басқару

 

Министрлік өз қызметінің барысында бірқатар тәуекелдердің (мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін жағдайлар) пайда болуымен немесе Министрліктің тарапынан бақылауға жатпайтын, Стратегиялық жоспарға қол жеткізу мақсатына кедергі келтіретін сыртқы факторларға тап болуы мүмкін.

 


Ықтимал тәуекелдің атауы

Аталған тәуекел әсер етуі мүмкін мақсат

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар қабылданбаған жағдайда болуы ықтимал салдары

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Cыртқы тәуекелдер




Стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмыс атқаруы

    1. мақсат. Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

Стратегиялық жоспар мақсаттарының индикаторларына және міндеттерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Ведомствоаралық өзара қарым-қатынас индикаторлары мен іс-шараларының мониторингі.

Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің рөлін күшейту



Инфекциялық аурулардың өршу қаупі

    1. мақсат.

Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

Инфекциялық аурулардың өршуі

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Техногендік және экологиялық аппаттар (қатерлер) салдарынан әр түрлі жарақаттардың және аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай дамуы

1.1. мақсат.

Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі




Халықтың әлеуметтік шиеленісін дамыту

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Төтенше жағдай кезіндеуақтылы медициналық көмек көрсету

Әлемдiк экономиканың ұзақ мерзiмдi құлдырауы салдарынан экономикалық конъюнктураның нашарлауы.

1.4. мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру.


Экспорттық бағдардағы кәсiпорындарда жұмыс күшiнiң босатылуы.

Еңбек нарығындағы жағдайға тұрақты негізде жүйелі мониторинг жүргізуді және болжауды қамтамасыз ету.

Қайта құрылымдау, өндіріс көлемін қысқарту және банкроттық салдарынан жұмыс күшінің босатылуы кезінде жұмыспен қамту шараларын жандандыру.

Еңбек көші-қоны саласында екіжақты және көпжақты келісімдер жасау


Ішкі тәуекелдер




Медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейінің төмен болуына байланысты медицина кадрларының кетуі

    1. мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

Білікті кадрлардың төмендеуі

Түпкілікті нәтижеге негізделген медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің сараланған жүйесін одан әрі жетілдіру.

Басқару әдістерін жетілдіру

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз деңгейі

    1. мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Медициналық қызмет көрсетудің төмен сапасы

Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру

Басқару шешімдерін қабылдауда медициналық ұйымдар дербестігінің төмен болуы


2.1. мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Медициналық қызметтерді көрсетудің төмен сапасы.

Бюджет каражатын тиімсіз пайдалану

Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестігін арттыру.

Денсаулық сақтау менеджментіне оқыту



Макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан балалы отбасылардың жағдайының нашарлауы

    1. мақсат. Бала тууды ынталандыру

Елімізде бала туудың төмендеуінің салдарынан табысы белгіленген ең төмен күнкөріс шегінен төмен балалы отбасылар үлесінің артуы

1. Балалы отбасылардың жәрдемақыларын кезең-кезеңімен арттыру

2. Балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту



Экономиканың құлдырауы салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

    1. мақсат. Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру




Жұмыссыздықтың өсуі.
Кәсіпорындарды қайта құрылымдау, банкроттық және тоқтата тұру салдарынан жұмыс күшінің босатылуы.
Өңірлік еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмсiздiгi.

Жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтардың Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларымен аз қамтылуы



ЖАО бірлесіп:

1. жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мемлекеттік органдармен реттеу



2. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін өңірлердің жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және іске асыру

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзу. Экономикалық интеграциялық процестер

    1. мақсат. Көші-қон процестерін басқару және реттеу тиімділігін арттыру

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiктiң артуы. Қазақстандық азаматтардың мүдделерiнiң және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарының бұзылуы. Экономикалық интеграция және бірыңғай еңбек нарығын құру жағдайларында отандық кдрлардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеуі мүмкін

Көші-қон мониторингі және көшi-қон мәселелеріндегі заңнамаық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзiрлеу. Қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, оқыту, оларды даярлау және қайта даярлау, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдану

Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылу деңгейінің өсуі

    1. мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайларын жақсарту

Жалақы бойынша берешек, еңбек және демалыс режимін сақтау, жұмысқа қабылдау, еңбекақы төлеу кезіндегі кемсітушілік және т.б.

Орта және ірі кәсіпорындарды ұжымдық- шарттық қатынастар жүйесімен қамту. Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол берген жұмыс берушілердің заңды тұрғыдан жауапкершілігін күшейту. МЕИ бақылауын күшейту

Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы, оның ішінде ескірген жабдықтарды, техника мен технологияны пайдаланумен байланысты бұзушылықтардың өсуі

Еңбек ету қабілетінен айрылу кәсіптік қатерінің туындауы (өндірістегі жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар).
Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың өсуі

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін және еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында бұзушылықтарға жол берген жұмыс берушілердің заңды тұрғыдан жауапкершілігін күшейту

Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейінің төмендеуі

    1. мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

Зейнетақының және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейінің төмендігі.
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың барабар болмауы

1. Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыру.

2. ЖЗҚ қатысушыларының санын жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру арқылы көбейту.

Мыналардың:
зейнетақының және әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілетінің;
ЖЗҚ зейнетақы жинақтары мен МӘСҚ активтері деңгейінің төмендеуі





Зейнеткерлер мен әлеуметтік төлем алушылар арасында кедейлік деңгейінің өсуі

1. Зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру.

2. ЖЗЖ-нің инвестициялық қызметінің және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру

Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың халықаралық деңгейге сәйкес келмеуі

Кедейлік деңгейінің өсуі. Масылдықтың дамуы

Елдің тұрақты экономикалық дамуын есепке ала отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттарын кезең-кезеңімен арттыру

Әлеуметтік көмек пен қолдау шараларының тиімсіздігі

Әлеуметтік шиеленістің туындауы

Әлеуметтік көмек көрсету мен қолдаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандарының дамымауы

    1. мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетiмдiлiктiң болмауы

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандарын дамыту және әлеуметтік қызметтер желісін кеңейту



1 ЕТКД айқындау әдістемесін қайта қарауға байланысты

жүктеу 2,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау