___________________________ №_______________________
Астана қаласы город Астана
Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
-
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрі
|
Ж. Қасымбек
|
«КЕЛІСІЛГЕН»
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «_____»___________
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы «__» ________
№ _____
бұйрығымен бекітілген
Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі
1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері
1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету:
1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;
2) ұшу алаңын күту мен пайдалануды қамтамасыз ету;
3) ұшуларды жарықтехникалық қамтамасыз ету;
4) әуежай ауданында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
5) әуенавигациялық ақпараттардың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша әуенавигациялық жағдайдың жедел өзгерісін ұсыну;
6) әуежай ауданында ұшуларды авариялық құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
7) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағат ішінде тұрақ орнын беру;
8) жүк және жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелерінің түрлері қонғаннан кейін, өңдеуге жататын жүк (пошта) болу кезінде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;
9) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету;
10) Әуеайлақ аймағында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда қону сәтінен бастап тоқтау сәтіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген басқа да қызметтер.
2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін тексеру;
2) әуежайдың өткізу және ішкі объектілік режимдерін қамтамасыз ету (бақылау-өткізу мен тексеру пунктерін (оның ішінде жалпы қолжетімді аймақтарды қоса алғанда), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, тексеруге арналған жабдықтарды құру, күтіп-ұстау және пайдалану, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкі объект режимдерін қамтамасыз етуге арналған персонал, басқа да сүйемелдеуші қызметтер);
3) әуе кемесін, жүктерді, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;
4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарға дайындықта ұстау;
5) әуе кемелеріне бөгде адамдардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;
6) әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;
7) әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;
8) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін күзету;
9) әуежай аймағында пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
3. Әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру:
1) тұрақ орнын дайындау;
2) жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру.
4. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру:
1) тұрақ орнын дайындау;
2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.
2-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері
5. Жолаушыларға қызмет көрсету:
мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру:
жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін жұмыс орнын дайындау;
жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;
жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін аэровокзалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.
мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды тіркеу:
жолаушылардың тасымалдау құжаттарын тексеру;
жолаушыларды рейске тіркеу;
багажды өлшеу мен ресімдеу;
нормативтен тыс багажды ресімдеу;
бос орынның бар болуын анықтау;
тіркеу қорытындысын жүргізу;
жолаушыларды тіркеу ведомостілерін, багаж ведомостілерін және жинақтық тиеу ведомостілерін жасау;
рейс бойынша бақылау талон топтамасын және бір мәртелік жинақ квитанцияларын экипажға беру;
тиеуді бақылау мақсатында жолаушылар саны және оларды әуе кемеде орналастыру бойынша ақпарат беру;
мыналарды қоса алғанда, ұшып кету және ұшып келу:
әуе кемесіне отырғызу алдында жолаушылардың тасымалдау құжаттарын тексеру;
жолаушыларды жинақтау және әуе кемесіне дейін ілесіп жүру;
жолаушыларды отырғызу мен түсіруін бақылау;
жолаушыларды күтіп алу және аэровокзалға дейін алып жүру;
мыналарды қоса алғанда, телескоптық немесе жылжымалы трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру:
трапты беру;
трапты орнату және алу;
жолаушыларды әуе кемесіне дейін және кері жеткізу үшін көлік құралын беру;
арнайы жолаушылар санаттары үшін арнайы құралдарын беру және қызмет көрсету (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, депортацияланатын жолаушылар, қараусыз балалар және басқалар).
жолаушыларға багаж арбаларын беру;
жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
вокзал маңындағы алаңдар және аэровокзал аймағындағы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, үй-жайлар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету үй-жайларын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана), оларды пайдаланғаны үшін бөлек төлем алынбайды) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету.
6. Багажды өңдеу:
мыналарды қоса алғанда, багажды өңдеу:
багажды сұрыптау;
қаптау құралдарына және багаждық арбаларға жүкті жиынтықтау;
багаждың орын саны мен салмағын айқындау;
багаждың орындарының саны, салмағы бойынша ақпарат беру;
багажды бөліп іріктеу;
багажды беруге сұрыптау;
багажды беру;
трансферттік багажды сұрыптау және сақтау;
мыналарды қоса алғанда, багажды тасымалдау:
багажды аэровокзалдың багаж бөлімшесінен әуе кемесіне дейін және кері қарай жеткізу;
әуе кемелері арасындағы багажды тасымалдау;
мыналарды қоса алғанда, багажды тиеу және түсіру:
әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған багажды тиеу;
әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған багажды түсіру;
әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін қолдана отырып) багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;
әуе кемесінің жүк бөлігінде багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) бекіту;
багаж орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау.
7. Жүкті (поштаны) өңдеу:
мыналарды қоса алғанда, келіп түскен және жөнелтілетін жүкті (поштаны) өңдеу:
қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;
өлшеу және маркерлеу;
жүк алушылар бойынша сұрыптауды қоса алғанда қоймада сұрыптау, құжаттамалар ресімдеу;
контейнерлерге және табандықтарға іріктеуді қоса алғанда, рейстер бойынша іріктеу, бөліп іріктеу;
тиеу-түсіру құралдарына тиеу және түсіру;
әуе кемесінде жүктерді тиеу мен түсіру процесін бақылау;
жүк құжаттарын жасау, қол қою, жеткізу, келісу, тіркеу;
қаптау құралдарын өңдеу;
жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;
пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;
одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау және дайындау;
трансферттік поштаны ілеспе пошталық құжат бойынша өңдеу;
кіріс және шығыс пошталық құжаттамаларды беру;
құжаттарды тиісті тәртіппен ішкі ережеге және халықаралық ұйымдардың регламентіне немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша сәйкес дайындау, ресімдеу;
мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;
мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;
мыналарды қоса алғанда, жүкті (поштаны) тасымалдау:
жүкті (поштаны) жүк терминалынан әуе кемеге дейін және кері қарай жеткізу;
жүкті (поштаны) әуе кемелер арасында тасымалдау.
мыналарды қоса алғанда, жүкті (поштаны) тиеу және түсіру:
әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) тиеу;
әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) түсіру;
әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін қолдана отырып) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;
әуе кемесінің жүк бөлігінде жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) бекіту;
жүк (пошта) орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау;
жүктің (поштаның) құжаттарын әуе кемесіне және кейін қарай жеткізу;
Мыналарды қоса алғанда, айырбастау қорының қаптау құралдарын өңдеу:
қаптау құралдарын сақтау үшін алаңдар беру;
қаптау құралдарын сақтау және өңдеу, есепке алу, бақылау, тұтастығын тексеру, халықаралық стандарттар мен әуе компаниялары белгілеген талаптарына сәйкес акт жасау;
мыналарды қоса алғанда, тиеуді бақылау:
әуе кемесіне тиеуді жоспарлау;
тиеу схемасын шығару;
әуе кемесінің салмақтық және орталықтанған сипаттамаларын есептеу;
орталықтандырылған кесте құру;
әуе кемесінің тиеуін перронда бақылау, әуе кемесінде нақты тиеудің жоспарланған тиеуге сәйкестігін тексеру, багаждың, жүктің (поштаның) (қаптау құралдарының) тұтастығын тексеру, багаждың, жүк (поштаның), қаптау құралдарының бекітілуін тексеру;
тиеу жинақтық ведомстілерді мен басқа да құжаттаманы технологияға сәйкес дайындау және тексеру;
рейстік құжаттаманы жинақтау және беру;
авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес жеделхаттарды жөнелту (қажетті жағдайда);
Мыналарды қоса алғанда, жүк терминалында жүкті сақтау:
жүк терминалында жайлар беру;
жүкті орналастыру және ресімдеу;
жүкті сақтау;
жүкті беру.
8. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету:
Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай құю:
авиациялық жанар-жағармай материал сапасын талдау (техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құю құралдарында, әуеайлақтық бақылау);
әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуді басқару;
әуе кемесіне авиациялық жанар-жағар май материалын құю үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесімен және көлік құрал арасында теңестіру арқанын қосу;
әуе кемесінде техникалық құю қақпақтарын ашу және жабу;
әуе кемесінде құю жеңдерін қосу және ажырату;
әуе кемесі бактарына авиациялық жанар-жағар май материалдарын құю;
есепке алу аспаптары бойынша құйылған авиациялық жанар-жағармай материалдар санын бақылау, массасын есептеу үшін жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;
әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалдарын құюға шығыс ордерін ресімдеу;
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу:
әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуді басқару;
әуе кемесінен авиациялық жанар-жағар май материалын төгу үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесімен және көлік құрал арасында теңестіру арқанын қосу;
әуе кемесінде техникалық құю қақпақтарын ашу және жабу;
әуе кемесінде құю жеңдерін қосу және ажырату;
әуе кемесінен жанар-жағар май материалдарын төгу;
есепке алу аспаптары бойынша төгілген авиациялық жанар-жағармай материал санын бақылау, массасын есептеу үшін авиациялық жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;
әуе кемесінен төгілген авиациялық жанар-жағармай материалына кіріс ордерін ресімдеу;
Авиациялық жанар-жағармай материалын құю және төгу үшін білікті техникалық персоналды, жылжымалы немесе стационарлық құралдар беру.
9. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін күтіп алуды және жөнелтуді қамтамасыз ету:
әуе кемесі келгенге дейін тұрақ орындарды және рульдеу жолдарын қарау;
әуе кемесін тұрақ орнына қабылдау және шығару (көзбен шолу сигналдарын беру немесе әуе кемесін тұрғызуға автоматтық жүйесін қамтамасыз ету);
доңғалақтың астына тұрақ қалыптарын орнату және жинау;
сигналдық конустарды орнату және жинау;
шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстарын орнату және алып тастау;
әуе кемесінің жерге тұйықтау;
ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон және экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;
әуе кемесін зақымдану тұрғысынан, қосылған жабдықтарды көзбен шолу;
қозғалтқышты іске қосуын бақылау;
әуе кемесінің тұрақ орнынан жүруін бақылау.
10. Әуе кемесін сүйрелеу:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрелеу:
әуе кемесіне және тягачқа сүйрегішті жалғау және ажырату;
сүйрелеуді басқару;
техникалық персоналды беру;
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрелеу үшін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз ету:
сүйрегішті әуе және тягачты беру;
сүйрегіш тягачты басқару.
11. Борттық тамақпен қамтамасыз ету:
мыналарды қоса алғанда, жолаушылар мен әуе кемесі экипаждарын борттық тамақпен қамтамасыз ету:
көлік құралының келуін және кетуін басқару;
әуе кемесінің бортынан алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарын қабылдау және түсіру;
көлік құралдарына тиеу, борттық тамақ кешенге (цехке) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;
борттық тамақ кешенінде (цехте) борт тамағын көлік құралдарына тиеу;
әуе кемесіне борт тамағын өткізу және тиеу;
мыналарды қоса алғанда, борттық тамақты тиеу және түсіру үшін персоналмен, арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:
персоналды, автокөлік құралдарын беру;
борттық тамақты әуе кемесіне және әуе кемесінен жеткізу;
мыналарды қоса алғанда, алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарын санитарлық өңдеу:
персоналды беру;
санитарлық өңдеу үшін техникалық құралдар беру;
12. Әуе кемесін ішкі тазалау:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ішкі тазалау:
ілеспе жабдықтарды мен жолаушылар орындықтарын тәртіпке келтіру және тазарту;
күл сауыттарды тазарту;
орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жинау;
үстелдерді жуу;
еденді тазалау (кілемдерді және айналадағы үстілерін);
борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарын ылғалдап тазалау;
әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;
әуе кемесіндегі қоқысты жинау;
мыналарды, қоса алғанда әуе кемесінен қоқысты шығару және кәдеге жарату:
персоналды беру;
қоқысты шығару және кәдеге жарату үшін техникалық құралдар беру.
13. Әуе кемесінің сантораптарына (әжетханаларына) қызмет көрсету:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің сантораптарына (әжетханаларына) қызмет көрсету:
көлік құралының келуін және кетуін басқару;
технологиялық шлангілерді жалғау және ажырату;
осы типті әуе кемесінің технологиялық нұсқауына сәйкес немесе пайдалунышының нұсқауы бойынша әуе кемесінің қабылдау бөшкесін төгу және жуып тазалау;
әуе кемесінің қабылдау бөшкелерін химиялық реагентер қосумен техникалық сумен толтыру;
технологиялық қақпақтарды, жапқыштарды ашу және жабу;
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің санторапына (әжетханаларына) қызмет көрсету үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:
техникалық персоналды, қалдықты төгу және сантораптарды (әжетханаларды) техникалық сумен толтыру үшін арнайы автокөлік беру;
қалдықтарды шығару қою және кәдеге жарату.
14. Әуе кемесін ауыз сумен толтыру:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ауыз сумен толтыру:
ауыз суды дайындау, тазалау мен фильтрлеу;
судың санитарлық нормаларға сәйкестілігінің құжаттарын беру;
көлік құралының келуін және кетуін басқару.
технологиялық шлангілерді жалғау және ажырату;
әуе кемесінің су бөшкелерін төгу, жуып тазалау және толтыру;
крандарды, қақпаларды мен жапқыштарды жабу және ашу;
әуе кемесін ауыз сумен толтыру үшін техникалық персоналды, арнайы автокөлікті беру.
15. Әуе кемесін электр энергиясымен қамтамасыз ету:
мыналарды қоса алғанда,техникалық персоналды, жылжымалы немесе стационарлық электрмен қоректендіру көзін беру:
жылжымалы электрмен қоректендіру көзінің келуін және кетуін басқару;
технологиялық кабельдерді қосу және ажырату;
электрэнергия беру және арнайы техниканың немесе стационарлы кернеу көзінің берген параметрлерін бақылау;
электрэнергияның тұтынған көлемін анықтау.
16. Әуе кемесін кондиционерлеу:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін кондиционерлеу үшін техникалық персоналды, жылжымалы немесе стационарлық қондырғы беру:
жылжымалы қондырғының келуін және кетуін басқару;
технологиялық жеңдерді жалғау және ажырату;
қажетті температураға дейін әуе кемесі салонын кондиционерлеуін жүргізу.
17. Мұздануға қарсы және антимұзданулық өңдеу:
мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қарды қолмен тазалау:
білікті техникалық персоналды, техникалық құралдарды, арнайы баспалдақтарды беру;
әуе кемесі үстіндегі қарды алып тастау;
қарды тазалаудың алдында әуе кемесін қарауын орындау және әуе кемесі экипажын немесе пайдаланушының өкілетін ақпараттандыру;
әуе кемесін қардан тазалағаннан кейін қарауын өткізу және әуе кемесі экипажын немесе пайдаланушының өкілін ақпараттандыру;
пайдаланушы берген нұсқаулыққа сәйкес құжаттамаларды ресімдеу;
мыналарды қоса алғанда, арнай техника мен арнайы сұйықтықпен әуе кемесі үстіндегі қар мен мұзды тазалау:
арнайы техниканы пайдаланып әуе кемесі үстіндегі қарды және мұзды алып тастау;
сыртқы ауа температурасына байланысты арнайы сұйықтықтарды дайындау;
әуе кемесінің үстерін арнайы сұйықтықпен өңдеу;
әуе кемесінің айналасында арнайы техниканың қозғалысын басқару және жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету;
арнайы техника мен арнайы сұйықтықты беру;
әуе кемесін мұздануға қарсы және антимұзданулық өңдеу үшін білікті техникалық персонал (оператор) және арнайы техника беру.
18. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне транзиттік формасы (A-check) бойынша техникалық қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сай әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттамалар ресімдеу:
әуе кемесіне жедел қызмет көрсету;
әуе кемесінде, оның ішінде жолаушылар салонын, асхананы, әжетхана бөлмелерін, тексеруді іске асыру;
әуе кемесінде жедел тексеру жүргізу туралы борттық журналына мәліметтер енгізу;
борттық журналына әуе кемесін тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулер енгізу.
19. Авиақозғалтқышқа май құю:
мыналарды қоса алғанда, май құю үшін техникалық персоналды, арнайы машина беру:
май құю үшін арнайы машина беру;
авиақозғалтқышты толтыру үшін май дайындау;
майдың сапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;
білікті техникалық персонал (оператор) беру;
толтыру үшін авиақозғалтқыш пен май бөшкесін дайындау;
әуе кемесінің бөшкесіндегі майдың мөлшерін тексеру;
білікті техникалық персоналдың немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесінің технологиялық нұсқауына сәйкес авиақозғалтқыштың май бөшкесіне қажетті мөлшерде май толтыру.
20. Мыналарды қоса алғанда, әуе кеменің жүйесін оттегімен толтыру:
жүйені оттегімен толтыру үшін арнайы жабдықты беру;
оттегінің сапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;
техникалық персонал (оператор) беру;
жүйенің саңылаусыздығын тексеру;
оттегі баллондарында қысымды тексеру;
білікті техникалық персоналдың немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесінің технологиялық нұсқауына сәйкес әуе кемесі оттегі баллондарын толтыру.
21. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру:
әуе кемесін азот немесе сығылған ауамен толтыру үшін арнайы машина немесе арнайы қондырғы беру;
техникалық персонал (оператор) беру;
баллондарда қысымның болуын тексеру;
технологиялық шлангіні жалғау және ажырату;
білікті техникалық персоналдың немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесінің технологиялық нұсқауына сәйкес әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру.
22. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің гидрожүйесін тексеру және толтыру:
әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;
гидросұйықтықтың сапасын және техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжат беру;
гидросұйықтықпен арнайы құрылғыны беру;
техникалық персонал (оператор) беру;
білікті техникалық персоналдың немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесінің технологиялық нұсқауына сәйкес әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру.
гидрожүйесіне қосымша құю үшін технологиялық шлангілерді жалғау және ажырату.
23. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышты ауамен іске қосу:
білікті техникалық персонал (оператор) беру;
авиақозғалтқышты ауамен іске қосу қондырғысын беру;
технологиялық жеңдерді жалғау және ажырату;
ауамен іске қосу қондырғысын қосу және тиісті параметрлерді бақылау;
авиақозғалтқышты іске қосу панелін ашу және жабу.
24. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесі үшін ангарда тұрақ пен орын:
ангарда орын беру;
әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тиісті жердегі технологиялық құралдар беру (сұрау бойынша).
25. Әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығын орындау үшін техникалық персонал беру (сұрау бойынша).
26. Әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығын орындау үшін арнайы көлік құралдарын және жердегі жабдықтар құралдарын беру (сұрау бойынша).
27. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер:
қызметкер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін коммерциялық ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;
бақылау жүргізілетін зонада тұлғаларды алып жүру (өтініш арқылы).
28. Әуежай аймағында жерде қызмет көрсету кезінде өткізілетін тауарлар:
авиациялық жанар-жағармай материалы;
азот;
оттегі.
Достарыңызбен бөлісу: |