Қазақстан республикасы білім, МӘдениет


БАСҚАРУДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ



жүктеу 2,75 Mb.
бет3/14
Дата25.05.2018
өлшемі2,75 Mb.
#16914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

БАСҚАРУДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ

ПРОЦЕСТЕР

Тақырып2.1. БАСҚАРУДЫҢ АКПАРАТ

ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Басқаруды ұйымдастыруға жүйелі түрде қарау оның ақпараттық жағын бөліп альш, оны дұрыс бағалауды талап етеді

Басқарудың барлық процесі ақпаратты (ииформацияны) қабылдау, өзгерту және жеткізу процесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл процестің орталық сәті шешім қабылдау актісі болып табылады.

Шешім қабылдау басқарушы ииформацияны тудырады, ал мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, нормативтер, бұйрықтар беру түрінде орындаушыларға жеткізіледі де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға бағытталған әрі үйлестірілген әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет етеді . Сонымен бірге, шешімдер қабылдау процеетері де ақпаратқа сүйенеді, ал олардың негізделу дәрежесі, сайын келгенде, сол ақпараттың толық анық болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады.

Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат тасқындары арқылы өзара байланысты, Бұл тармақта бір органдағы хабарлардың шығу көзі басқалары үшін информациялық қабылдау көзіне айналады.

Әрбір басқару органы байланыстық тармақтардың өз алдында дербес торабы больш есептелінеді, онда әр алуан саладан келіп түсетін және әр түрлі адрестерге жіберілетін көптеген ақпарат тасқындары тоғысып жатады. Информация тасқындары мазмұны, уақыт тәртібі бойынша сипатталады. Сондықтан да басқаруды ұйымдастыру осы сипаттамалармен тығыз байланысты. Осы тәуелділіктерді анықтау арқылы оларды есепке ала отырып басқару құрылымын жасау және оның қызметтерін бөлу, ақпарат тасқындарын ұйымдастыру — информациялық тұрғыдан басқару жүйесін зерттеудің мақсаты болып табылады.

30

Енді ақпарат дегеніміз не екенін анықтап алғанымыз жөн. Әдетте ақпаратты хабарлама, мәліметтер, деректер ретінде сипаттайды.



Алайда басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер аса маңызды емес. Әрбір басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері сандық жағынан бірдей болғанымен, тең дәрежеде бағалы болып шықпайтындығын біледі

Басқару аппратының қызметкері деректерді ала отырып, оларды жай ғана қабылдай салуға тиісті емес. Ол деректердің мазмұнын анықтауға, шешілетін міндеттер үшін олардың маңыздылығын бағалауға тиісті. Мазмұнды анықтау ісі — сол қызметкерден оның кәсіби дәрежесіне, мамандығына,, жұмыс тәжірибесіне байланысты білім қорын жұмылдыруды талап етеді. Білім қоры оны қабылдаушы субъектінің (адамның) есінде қалган ұғымдар, пікірлер және олардың арасындағы байланыстар ретінде көрінеді. Мамандар оны тезаурус (латынша — қазына деген сөз) деп атайды. Хабарламаның мазмұңы түсінікті болуы үшін, ол жұрттың айтып жүргеніндей, қабылдаушының қазынасымен (тезаурусымен) ортақ нүктелерге ие болуы керек. Дәлірек айтқанда, егер хабарламада қандай да бір термин болса, онда қабылдаушының есінде ол терминнің мағыналық мәнін құрайтын ұғым болуға тиісті. Егер мұндай терминдер көп болса, онда хабар осы қабылдаушыға таныс тілде айтылған, кез келген хабар сияқты әлдебір ақпараттық бір бөлігі есебінде қабылданады. Бұл жерде ақпараттың жоғалу себебі семаитпкалық (мағыналық) шуыл деп аталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қабылдаушының, білім қазынасын (тезаурусын) байыта түсетіи мәліметтер ғана ақпарат болып табылады деп айтура болады.

Екінші бір жағдай мынандай болуы мүмкін, Хабардың мазмұны түсінікті больш, бірақ қабылдаушы оны ақпарат ретінде ұғынбауы мүмкін, себебі ол өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мазмұнды қажет деп есептемейг тек мәліметтердің найдалы болуы, бірақ қызметкер оларды ұғынуға даяр болмай тұрып, оларға өзінің теріс бағасын беруі мүмкін. Бұл жағдайларда деректердің пайдалылығына қарай берілетін бағамен және ішінен басқару міндеттерін шешу үшін маңыздыларын таңдап алуына байланысты прагматикалық (ұйымдық) шуыл пайда болады. Сонымен ақпарат дегеніміз — белгілі міндеттерді шешу үжін пайдалы деп бағаланған, қабылдаған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай да бір оқиға туралы, біреулердің

31

қызметі туралы т. б. жағдайлар туралы хабардар болуды, мағлұматтар болъш табылады.



Деректердің ішінен қажетті информация алынуы үішін, олар үш қабатты сүзгіден (фильтр) өтуі тиіс:

Алдын ала белгіленген өткізу қабілеті бар табиғи байланыс

жолы;

Семантикалық (мазмұндық) фильтр-тезаурус (білім қазынасы), яғни түсініктер осында туады;



Прагматикалық (ұйымдастырушылық) фильтр; мұнда деректердің пайдалылығы бағаланады.

Әрбір қабат деректердің бір бөлігін ғана сипаттай отыра олардағы шуылдарды жоюға тырысады.

Егер табиғи, семантикалық және прагматикалық шуылдар неғұрлым көбейе түссе басқаша айтқанда, басқару органының тех-никалық жағынан жарақтану дәрежесі мен беріктігі, қызметкерлердің кәсіби дәрежесі төмен десе және деректердің тіл тәртібі жеткіліксіз болса онда, басқару органы атқаратын қызметтерге ешбір қатысы жоқ деректер көптеп түскен сайын -өткізу қабілеті де соғұрлым төмендей береді

Шын мәнінде, ақпараттық тұрғыдағы басқару жүйесін оқып үйренудің міндеті, әр түрлі шуылдардың табиғаты мен шығу көздерін зерттеп, оларды жоюдың шараларын жасау болуға тиіс ден есептеген жөн.

Қазіргі кезенде ақпаратты зерттеу негізгі үш тұрғыда жүруде. Олардың біріншісі, синтактика деп аталады, ол оның мазмұны мен құндылығынан ауытқи отырып, деректерді қайта өндеу мен жеткізу құралдарының өткізу қабілеті мен табиғи шуылдарды жою тұрғысынан зерттейді

Екіншісі, семантика — хабардың мазмұны мен оның көріну формасын зерттейді

Үшіншісі, прагматика — хабардың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты түрі

Өндірісті басқару ақпаратының жоғарыда көрсетілген жақтары бойынша талдағанда, ол мазмұндылық(семантикалық) және ұйымдық(прагматикалық) белгілер бойышпа топқа бөлінеді,



Мазмұндық белгілер ақпаратты былайша бөледі:

— бейнелінетін объектілер бойынша (халық, еңбек ресурстары, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, өнім шығару және қызмет көрсету, ақша қаражаттары және т. б.);

— ұдайы өндіріс сатылары мен процестері бойынша (өндіріс, айналым, бөлу, тұтыну туралы ақпарат);

32

— халық шаруашылығының салалары бойынша (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, құрылыс және басқалар).



Мазмұндылық белгілері ақпаратта бейнеленетін технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т. б. қатынастардың түрі бойынша оны бөлетін маңызды белгіге жатады.

Өндірістің әр түрлі факторларының арасындағы техникалық және технологиялық қатьшастарды қоғамның өндіргіш күштерінің элеметтері ретінде бейнелейтін ақпаратты техниктік-технологиялық деп атауға болады,

Қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және тұтыну жөніндегі адамдар арасындағы қатынастарды, яғни экономикалық қатынастарды бейнелейтін ақппарат — экономмкалық ақпарат болып табылады. Әлеуметтік информация қоғамдық қондырма шеңберінде адамдар арасында қалыптасатын зкономикалық емес әлеуметтік қатынастарды бейнелейді

Ұйымдастыру тұртасынан алып қараганда, ақпарат: жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген немесе жүйеленген және жүйеленбеген (ықтимал) болып бөлінеді.



Жүйеге келтірілген ақпарат дегеніміз — көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері, дүркінділігі мен мерзімдері, ұсынылу қалыптары (бірыңғайланған қалпында құжаттандырылатын) бойышпа адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойын-ша және келісілген мерзім мен айтылған уақытта түсіп тұрады.

Жүйеленген ақпараттарға жататындар: бекітілген стати-стикалық есен, өндіріс жұмыстарының барысы, ресурстардың жұмсалуы, т. б. туралы күнделікті (оперативті) ақпарат,

Жуйеге келтірілмегеи ақпарат ~- сипаттамалары бойынша толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл, әдетте ауық-ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше оқиғалар жөніндегі ақпарат.

Басқару процесіндегі ақпараттар — құжатталынған және құжатталынбаған ақпараттар ден екіге бөлінеді.

Құжатталынған ақпараттар: есептер, анықтамалар, мәжіліс протоколдары, баяндау жазбалары, хаттар, қаулылар, жоспарлау, бұйрықтар, жөн сілтеулік нұсқаулар және т. б. түрінде болады, Құжатталынбаған ақпарат — бұл көбіне телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, кеңесте т. б. ауызша түрде берілген ақпарат. Бұл бөлу информацияны жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген түрлеріне бөлумен байланысты, бірақ онымен бірдей емес. Жүйеге келтірілген ақпараттардың барлығы да құжатталынады ал жүйеге келтірідмеген ақпарат ішінара ғана құжатталынады.

33

Белгілі бір басқару органына қатысы бойынша ақпарат сыртқы және ішкі болып бөлінеді, ал сыртқы, өз кезегінде келіп түсетін (кіруші) және шығатын (шығушы) ақпаратқа бөлінеді



Ақпарат өз бағыты бойынша бір дәрежедегі органдарды бай-ланыстырушы, ақпараттың көлбеу толқындарына және әр түрлі дәрежедегі органдарды байланыстырушы вертикалъдың (жоғары кетерілуші және төмен түсуші) тасқындарына бөлінеді. Жоғары көтерілуші тасқындар—бұл бағынушы органдардан келіп түсетін ақпарат пен жоғары ұйымдарға жіберілетін, яғни -шығатын ақпарат. Төмен түсуші тасқындар — бұл жоғары органдардан келіп түсетін ақпарат пен бағынатын ұйымдарға жіберілетін шығу ақпараты,

Басқару қызметінің қандай түрі ақпарат құрайтынына бай-ланысты оның өзара бөлінуінің де маңызы бар. Осы белгі бойынша жоспарлау процесінде құрылатын жоспарлық ақпарат, мөлшерлеу негізінде — нормативтік есеп алу негізінде: есептеу, бақылау және т. б, ақпараттарына бөлінеді

Өндірісті басқару процесінде пайдаланылатын ақпаратты оқып-үйренген кезде, оны алу және жұмсау тұрғысынан қарағанда, олардың өзін үш ірі топқа бөлуге болады.

Ғылыми-зерттеу процесінде әр түрлі техникалық қондырғылар конструкциясына және технологиялық процестерді ұйымдастыруда қолданылатын техникалық шешімдер нәтижесіне алынатын ақпарат. Мұндай информация ғылыми және техникалық әдебиетте, патенттерде, жобалау-конструкторлық және технологиялық құжаттарын жүргізуде кездеседі. Оны ғылыми-техникалық ақпарат деп атайды.

Басқару процесінде тікелей алынатын ақпарат. Оған жоспарлар жобаларында және әр түрлі мерзімдерге бекітілген жоспарларда, материалдық ресурстарға берілген тапсырыстарда шаруашылық шарттарында, ресми жарлық беру құжаттарында және т. б. жоспарлық, нормативтік ақпараттар жатады. Мұны басқару ақпараты деп атауға болады.

Өндіріс процесінде болып өткен фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік-экономикалық және өндірістік-шаруашылық проце-стерінің шын мәніндегі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашмлығын басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының рөлін атқарады. Бұл ииформацияны есептеу-статистикалық ақпараты деп атайды.



34

Басқарудың ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат жүйееі дегеніміз не екенін және оны жасау үшін қандай мәселелерді шешу керектігін анықтауға көмектеседі

Ақпарат жүйелері дегеніміз — деректерді жинау, өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында, олардың толық, дәл және дер кезінде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін, деректердің өтуі мен пайдалануының барлық буындарында оларды біржақты түсіну; әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс бағалауды, оларға қойылатын талаптарды анықтауы мен басқарудың ұйымдық құрылымының барлық, деңгейіндегі басшылар үшін оларды тиісті іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы.

Информацияның болуы ғана әлі қанағаттандырарлық миформация жүйесін алу больш есептемейді. Белгілі бір дәрежедегі ақпарат жүйесі кез келген басқару органында бар. Бірақ егер басшы оның жай-күйін бағалап, жүйені жетілдіру үшін шаралар қолданғысы келсе, онда ол ақпарат жүйесінің жұмысында қателіктер жоқпа, әуелі соны тексеру керек. Ол қателіктерді ең алдымен мына төмендегі белгілер көрсетеді:

а) басқару міндеттерін негізделген түрде шешу үшін қажетті ақпараттық жеткіліксіздігі, алынатын деректердің айқын еместігі, немесе олардың кешігіп түсуі

б) басқару қажеттерін қанағаттандыруға тиісті деректердің шамадан тыс көптігі, олармен басқару жүйелерінің жолдарын басқару органдарының өткізгіштік қабілетінеи артық көлемдерде асыра толтыру; деректердің құндылығына қарай жеткілікті түрде тандап алынбауы. ]

Жоғарыда атап өтілгеніндей деректер пайдалы ақпарат болуы үшін үш қабатты сүзгіден өтіп, табиғи, семантикалық және прагматикалық шуылдан арылуы тиіс.

Информация жүйесінің басты міндеті басқарудың байланы-стық(коммуникациялық) тармағының барлық бөлімдеріндегі бар-лық түрдегі шуыл дәрежесін кеңейте түсу жағдайына жеткізу больш табылады. Сондықтан, бұл жүйелер құрамында шуылдарды жоюды қамтамасыз ететін құралдар жасалуы тиіс.

Бұл, біріншіден, басқару міндеттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеп білу. Міндеттерге сәйкес оларды шешу үшін шын мәніндегі керекті мәліметтерді таңдап алу қажет.

Осы жұмыстың нәтижесі басқару жүйесіндегі ақпарат тасқындарының немесе ақпараттық үлгі (модель) деп аталатын,

35

сондай-ақ ақпарат тасқындарының бағытын, көлемі, уақытша режімін және басқа да сипаттамаларын тәртіптеп отыратын ере-



желер мен нұсқаулардың жиынтығы болуы қажет,

Екіншіден, басқару міндеттерін шешу кезінде ескерілетін барлық факторларға бірдей сандық сипаттама беретін көрсеткіштер жүйесін жасап шығару, өзара байланысты көрсеткіштердің салы-стырмалылығын қамтамасыз ету оларды алу және дұрыстығын тексерудің әдістерін жасап шығару қажет. Көрсеткіштердің салы-стырмалылығын қамтамасыз ету үшін барлық бөлімшелер үшін бірыңғай, өзара байланысты топтаулар (классификациялар) мен атаулы тізімдер (номенклатуралар) жасалуы тиіс.

Үшіншіден, деректерді жинау, өңдеу, сақтау және жеткізу технологиясын жасау, бұл процестерді қажетті техникалық құралдармен жарақаттандыру, қызметкер кадрларын іріктеу және оларды үйрету, деректердің шығу кезінен бастап, оны пайда-ланушыларға дейінгі жүретін технологиялық процестің барлық сатысына бұл қызметкерлердің араларындағы міндеттерді тиімді түрде бөліп беру керек,

Қорыта айқанда ақпарат жүйесін жасап шығару кезінде не істелуге тиіс екенінен хабардар болдық.

Енді мұны қалай істеу керек деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру — ақпарат жүйесін жетілдіруде қандай қағидаларды басшылыққа алу керектігін, жұмыстардың бірізділігі қандай болуы тиіс және олар қандай әдістермен орындалуы керек екендігін айту деген сөз.

Ақпарат жүйесін жасаудағы бірінші қағида — жүйелік тәртіп. Бұл жердегі оның мәнісі - информация жүйесінің басқару қызметтерімен және ұйымдастыру құрылымын жетілдірумен ғана өзара байланыста құрыла алатындығында, Ал мұның өзі мынадан шығады басқару міндеттері мен оларды шешу әдістерінің кез келген өзгерісі белгілі бір мөлшерде информацияға деген сұраныс әзгерісін туғызады, ал құрылымында өзгерістердің болуына байланысты информациялық тасқындардың бағыттары мен қарқындылыры өзгеруге тиісті

Екінші қағида — даму қағидасы.

Жалпылама басқару жүйесін және оның ішінде информация жүйесін ешқандай да күрт әрі кенеттен өзгеріске ұшыратуға бол-майтындығын басшыра әдейі дәлелдеп жатудың керегі жоқ, Өзгерістердің терең болуы мүмкін, бірақ өндіріс қарқынынан айырылып қалмауы үшін өзгерістер біртіндеп болуы керек. Ал бұдан да дәлірек айтсақ бул қағида бойынша, жаңа информация



36

жүйесін құру дегеніміз — бұрьш өмір сүріп келе жатқан жүйені жоспарлы түрде жетілдіру болып шығады.

Үшінші қағида тиімділік,

Тиімділік дегеніміз — бұл жүйедегі кез келген өзгерістер эконо-мякалық тұрғыдан негізделуі керек деген сөз. Егер қосымша дерек-тер жинау керек деген ұсыныстар жасалынса, онда мұның қандай шығындарды керек ететінін және басқару міндеттерін шешуде қандай тиімділікке жеткізетіндігін бағалау керек.

Тиімділік қағидасынан информацияға деген қажеттілікті шынайы негіздеу керектігі, оны әр түрлі әдістер арқылы алу кезіндегі шығындарды зерттеп білу, информация жүйесін жетілдіру мақсаттарын дәл анықтау және олардың әр кезеңінде неғұрлым жоғары тиімділікке жеткізетін құралдарды таңдап алу қажеттігі келіп шығады.

Ақпарат жүйесін жетілдірудеге іс-қимыл жоспары едәуір мөлшерде осы қағидалардан келіп туындайды,

Жоспардың бірінші кезеңі — қолда бар жүйені зерттеп білу.

Ол кешенді түрде болуға және бұдан кейінгі кезеңдерде де ақпарат жүйесінің барлық элементерін жасау үшін материал беруге тиісті

Зерттеу бағдарламасы басқару міндеттері мен оларды шешу үшін информацияға деген қажеттілікті, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін, соның ішінде көрсеткіштер құрамы бойынша олардың нақтылығын және уақыт жағынан тығыздығын талдауды да қамтуы керек.

Екінші кезең—алынған материалдарды талдау. Ол ақпарат жүйесін жетілдірудің техникалық-экономикалық жағынан негізделуімен қоса негізгі бағыттары туралы ұсыныстарды дайын-даумен аяқталуы тиіс. Осы кезеңде, информация жүйесінің осал жерлерінің табылуы тиіс. Оны жетілдірудің мақсаттары мен оларды жүзеге асыратындай құралдар айқындалуы керек.

Үшінші кезең — акпарат жүйесінің жобасын дайындау — бірнеше шағьш кезеңдерге және тарауларға бөлінуі мүмкін. Жобада жаңа жүйенің ақпараттық түрі (моделі), ақпарат тасқындарын тәртіпке келтіретін ережелер мен нұсқаулар, көрсеткіштер жүйесі мен оларды алудың әдістерін суреттеу, жинақтық белгілері бар өзара байланысты классификациялау мен номенклатуралар, сәйкестендірілген терминдер сөздіктері, документация жасау формалары мен құжат айналымының үлгілері, құжаттау ережелері болуға тиіс. Ақпарат жүйесін енгізу мен дамытудың әр кезеңдік жоспары — жобаның аса маңызды бөлімі болып табылады.

37

Егер ақпараттық жүйені ұйымдастыру ісінде информацияның сапалық сипаттамалары сақталмайтын болса, онда ол жүйені ұйымдастыру мүмкін емес және тіпті ол мағынасыз болар еді Ақпараттық жүйені ұйымдастыру кезеңінде қамтамасыз етілуге тиіс аса маңызды сапалық сипаттамалардың қатарына жататындар мына төмендегілер:

— ақпараттық дұрыстығы;

— ақпараттық жеткіліктілігі;

— ақпараттың қарапайымдылығы;

— ақпараттық бір мағыналылығы;

— ақпараттық оператквтілігі (жеделдігі),

Әрбір өндірісте немесе кәсіпорындарда қарапайым және күрделі ақпараттық жүйелер болады.

Қарапайым хабарлама жүйелері - ақпарат пайда болған жерден оны адамға ешбір өндеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйелер.

Бұл радио, телефон арқылы ауызша берілетін бір жолға хабарлар болуы мүмкін. ПІығыс документі тұжырымдау және соның негізінде басқарушы ықпалдағы ақпаратты беруді тікелей басқарушы адам жүзеге асырады.

Қарапайым ақпараттық жүйелер: звено, бригада, участоктар дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе.

Күрделі информациялық жүйелер — оларды құрастырушы ақпараттық үлгілердің информацияық өңделуін, бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алынуын және олардың талдануын, күрдеяі есептеулер жасалуын керек ететін жүйелер. Осы замандағы өндіріс пен оны басқару дәрежесі, әдетте, күрделі ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды көздейді.

Бұл жүйелерде информацияны алудың және оны жинақтау мен берудің техникалық құралдарымен қатар, электрлік (механикалық) есептеу машиналарынан бастап электронды есептеу машиналарына дейінгі түрлі есептеу техникасын кеңінен қолданылады.

Сондықтан, күрделі ақпараттық жүйелер қайда өңделетіндігіне қарай орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелер деп бөлінеді

Қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің дамуы — күрделілігі неғұрлым аз жүйелерден күрделіллігі анағұрлым жоғары жүйелерге қарай жүреді.

Күрделілігі неғұрлым аз ақпараттық жүйелер дегеніміз - информащшлық модельдер көрсетілген технология бойынша информацияны алу, жинақтау, беру, өндеу және тұжы-

38

рымдау ісін адам жүзеге асыратын жүйелер. Информацияны, өндеген кезде адамның қарапайым байланые құралдарын және шығын есептеу техникасын қолдануына ерік беріледі. Шартты-тұрақты информация аумағының тұжырымдалуы айқын көрінбейді Қазір бұл жүйелер кәсіпорындарда мейлінше кеңінен қолданылады.



Күрделі орташа информациялық жүйелер дегеніміз — информацияның өндеу жөніндегі бір технологиялық операцияны адам жүзеге асыратын, ал екіншілерін механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы жүзеге асатын жүйелер. Мұндай жүйелерде бастапқы информация-ны алу ісін арнайы бөлінген есепшілер немесе информаторлар жүргізеді, ол мұны тиісті есеп құжаттарына, жазып тіркеу арқылы немесе тіркелмеген хабарды беру түріндегі оперативті ақпарат бойынша жасайды.

Информацияны оның жинақталатын және өңделетін жерлеріне, сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту арқылы жүйеге асырылады. Ақпараттық бір бөлігі, әсіресе, техникалық-экономикалық есептері бар шығыс құжаттарын тұжырымдау, қажет болған жағдайларда — автоматтандырылған түрде өңделуі мүмкін.

Кәсіпорындардың анағұрлым күрделі.сонымен қатар, анағұрлым нәтижелі информациялық жүйелері дегеніміз — ақпаратты өңдеудің бүкіл технологиялық процесі түгел автоматтандырылған жүйелер.

Мұндай жүйелерде ақпаратты алу, жинақтау, беру, өндеу ісі шығыс құжатты тұжырымдауды қоса алғандағы прогресті техни-калық құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге асырьшады.

Өндірісте ақпараттық жүйелердің бір түрі—автоматтандырылған жүйелер кездеседі Оларда информацияны алудан бастап, басқарушылық нұсқауларды жасап шығаруды, қоса алғандағы, бүкіл цикл техникалық құралдар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат жүйелерінің ықпалын оптимальдандыру бірнеше бағыттарда болады.

Оптимальдандырудық негізгі принциптері кәсіпорындағы құжат айналымының бірлігіне жетумен байланысты, Ол принцитер мына төмендегідей:

— бастапқы ақпаратгы тіркеудің бір рет болуы;

— жазбалардың қысқа болуы мен формалардың дәлдігі;

39

— түрлі құжаттардағы көрсеткіштердің аз қайталанылуы (және тіпті болмауы);



— ақпараттың қайталап келіп түсуін азайту және болғызбау;

— құжаттардың бөлімдерін барынша бір ізге салу және бастапқы ақпараттық бірыңғай формаларын енгізу;

— шығыс құжаттары көрсеткіштерін оптимальдандыру және басқалары.

Жоғарыда аталған қағидалардың соңғысының — шығыс құжаттары көрсеткішін оптимальдавдырудың ерекше маңызы бар.

Қорыта айтқанда, басқарудың негізгі басқарушы ықпал етуші ақпараттарды жасап шығару мақсатымен басқарушы адамның басқарылатын көмекші жүйенің жай-күйі жөнінде мәліметтер мен хабарламалар алып, өндеу процесі болып табылады.

Тақырып 2.2. ҰЙЫМДАРДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ОЛАРДЫ

БАСҚАРУ

Коммуникация дегеніміз — басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі.

Басқару қызметтерінің барлық түрлеріндегі ақпараттар, хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады.

Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді

Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырамыз.

Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөнендегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т. б, қарым- қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болыл табылады.

Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады.



40

Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамалары және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі арқылы көрінеді.

Өзінің бір жылдық есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу т. б. туралы мәліметтер береді.

Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін, Осы арқылы бағынышты деңгейлерге алдағы міндеттер, нақты тапсырмалар туралы хабарланады.

Мысалы, өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер туралы хабар береді, Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы мүмкін өзгерес ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс.

Ұйымдарда жоғырыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы жаңа іске қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтум керек,

Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар — жоғарғы буын-дарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру немеее хабардар ету. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, түсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады.

Үшінші-түрі бөлімшелер арасындағы байланыстар,

Ұйымдарда жоғарыдан төмен және тәменнен жоғары хабарлар байланысы болып қана қоймай, сонымен бірге, көлденең бай-ланыстар да болуы қажет. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұра-тын болғандақтан олардың ортасындағы хабарлардың айналымы немесе алмасуы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін қажет.

Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе-тең қалыптасуына әсер етеді

Төртінші, басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстар.

Байланыстың ең негізгі компоненті ретінде басшы және бағынышты арасындағы байланыстар қарастырылады.

Бұл қатынастардагы жан-жақты және түрлі хабарлар — мақсат-тарды белгілеу, бір нәрсені ойлап табу және оның қорытындысы, бөлімшелердің мақсатқа жетулері үшін атсалысуы, тиімді жұмыс істеу үшін талқылаулар жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктері үшін ынталандыру, бағыныштылар

41

қабілетін дамыту және жетілдіру, бағыныштыларды алдағы өзгерістер жайлы хабардар ету, идеялар туралы мәліметтер, ұсы-ныстар, т. б. арқылы іс жүзіне асады.



Бесінші, басшы мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар.

Басшы мен бағыныштылар арасындағы байланысқа қосымша ретінде, басшылар мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар қарастырылады.

Бұл байланыс жалпы басшыларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет. Хабарлар, мәліметтер айналысы кезінде тон-тардың барлық мүшелері қатынасатын болғандықтан, олар бола-шақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерістер мен жаңалықтар, т. б, туралы өз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап, шешім қабылдайды. Кейде жұмысшы топтары басшының қатынасуынсыз да өздері көптеген мәселелер бойынша жинала береді. Мұндай жиналыстар әр жұмысшының озінің қызметіне деген жауапкершіліктерін арттырады және өз еңбегіне қанағаттанады.

Алтыншы, бейресми байланыстар.

Жоғарыда айтылғанындай жалпы ұйымдар: ресми және бейресми ретіндегі екі компоненттен тұрады.

Бейресми байланыстар арнасы — сыбыс-қауесет таратушы ар-налары деп айтуға болады. Жалпы байланыстар туралы ұымдарды зерттеуші белгілі Кит Дэвис болған.

Дәл емес хабарлар мен мәліметтер жиынтығы сыбыс-қауесет немесе сырттай естіп білген хабар-ошарлар деп аталады.

Сыбыс-қаусеттер немесе сырттай естіп білген хабар-ошарлар адамдардың топ болып жиналған жерлерінде болып тұрады. Мы-салы: асхана, дәліздерде, көше, аулада, т. б. жерлерде..

Бейресми, арналар арқылы берілген мәліметтер мен хабарлар немесе сыбыс-кауесеттердің 80-90%-і әрқашанда дәл деп танылады

Ұйымдардағы кездесетін сыбыс-қауесет пен сырттай естіп білген хабар түрлері төмендегідей болуы мүмкін

— болашақтағы өндіріс қызметкерлерінің ықшамдалынуы;

— жұмысқа кешіккендері үшін қолданылатын шара түрлері;

— ұйым құрылымындағы өзгерістер;

— басшылардың болашақтағы жоғарылауы немесе темендеуі;

— қызмет уақыты біткен соң кімнің кімді кездестіруі мүмкіндігі

т, б. қауесеттер.

Байланыс (коммунмкациялық) процестері.

42

Алмасу немесе айырбас процестері тиімді болуы үшін бағыныш-ты адамыңыз өзіне берілген тапсырмны қалай түсінді және оның қорытындысы жөнінде не күтетініңізді түсінуі қажет.



Хабар, мәліметтердің айырбасы немесе алмасулары берген

хабарыңызды тек келесі адамның қабылдауы кезінде ғана пайда болады. Осы айтылған мәселелерді қарастыру үшін байланыс про-цестеріне тоқталған жөн.

Коммуникациялық процесс дегеніміз -- екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәліметтер, т. 6. алма-сулары. Оның негізгі мамсаты хабарлардың осы алмасум үстінде түсінушілікті қалыптастыру болып табылады.

Хабарлар алмасу процесінде мындай негізгі төрт элементті қарастыру қажет;

1. Жөнелтуші, жіберуші — хабарларды жинақтап, өңдеп жіберуші адам;

2. Хабардар ету немесе жариялау — шартты түрде символдар арқылы берілген хабар;

3. Арналар — хабарлардың берілу құралдары;

4. Хабар альш тұрушы немесе хабар алу — хабарлар арналған және оны өзбетінше түсіндіретін адам.

Хабар алмасу үстінде хабарды жіберуші мен қабылдаушы ара-сында бірнеше өзара байланыс кезеңдері болады.

Олардың мақсаты — хабарды құрастыру және оны қолдану үшін екі жақтың да бастапқы идеяларьш түсінетін және ортақтасатын арналары болады.

Бұл өте қйын процесс, себебі әр кезеңде хабардың мағынасы бұзылуы немесе бір жолата жоғалуы мүмкін. Енді осы кезеңдерді қарастырамыз.

1. Идеялардың тууы.

2. Шартты белгі және арналардың таңдалуы

3. Хабарлар (тапсыру, алып бару)

4. Декодалау (ақпаратты қайта қодалау) Хабарлар алмасу процесінің қарапайым үлгісі.

I кезең. Ойлар меп идялардың, тууы (пайда болуы) Информациялар мен алмасу әрқашанда ойда немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады. Хабарды жөнеліуші алмасу болу үшін қандай мәліметті айырбас процесі етуі керек екенін ойласты-рады. Айырбас немесе алмасу процесі тиімді болуы үшін басшы оны көптеген факторларды есіне ала отырьш шешкені дұрыс. Мысалы, басшы информациямен алмасқысы келсе өз ұжымындағы қызмет туралы, оның ішінде жұмыстың бәсең және күшті жақтарын



жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау