Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы



жүктеу 154,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі154,5 Kb.
#24474
түріНұсқаулар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы_____________ф.ғ.к.,доцент Б.М.Қадырова


Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәнінен

6M011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған

пәнді меңгеру жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедраның отырысында ұсынылды

2012 ж. «30» қазан №5 Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ.
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

20 ж. « » № Хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Темиров К.У.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. Әдебиетті оқытудың әдістемесі: мақсаты, міндеті. Мазмұны, әдебиетті оқытудың құралдары мен ұстанымдары. Оқу пәні мен объектері. Ғылыми зерттеулердің әдістемелері.

Қазіргі кезеңде әдеби білім берудің мақсаттары экономика, саясат, мәдениет және т.б. өмірде болып жатқан түрлі өзгерістерге сәйкес бейімделіп, толықтырылып отырылуы.

- ұлттық және жалпыадамзаттық әдеби дамуға тән сипаттардың ұқсастығы мен даралығын саралау үстінде, ұлттық, адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт дәстүрді құрметтейтін рухани кемелді, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу;

- көркем шығарма мәтіндердің мазмұн мен түр, негізгі әдеби тарихи мағлұматтар және теориялық әдеби ұғымдар бірлігі тұрғысынан игеру, әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді, сондай-ақ әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

- көркем мәтінді сезімталдықпен қабылдауды, бейнелі ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуді; өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерді; оқушылардың көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген қажеттілігін; шығармадағы нақты тарихи және жалпы көркем мазмұнды анықтай алуды; ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін беріп, қазақ әдеби тілін сауатты пайдалануды дамыту;

- шәкірттерге әдеби пәндер жүйесіне тән білім, іскерлік дағдылдарды меңгерту, сондай-ақ, сөйлеу және жазу әрекеттеріне бейімділігін, оқу үрдісінде өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, игерген білім, дағды іскерліктерін өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Ғылыми зерттеулердің әдістемелері. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылуы. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы екендігі. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстыруы. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылуы. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етуі. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінуі. Эмпирикалық әдістерге жататандар: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістердің мынадай түрлері бар екендігі: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5, 12-21 б], [11, 3-14 б], [14, 86-118 б].

2-тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы.

Филология факультетінің студенттеріне «Әдебиетті оқытудың қазіргі әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылуы. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі-әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі. 1) Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің мектеп бағдарламасына орай қарастыратын, түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің мектеп өмірінің ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын тереңдетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4, 85-115 б], [8, 38-86 б], [15, 47-72 б].

3-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдебиет жайындағы қазіргі ғылым жетістіктеріне сәйкес топтау сипаты.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктерінің артуы, жаңа технологиялар пайда болуы. Электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелеуі.

Әдебиеттің оқытылу тарихы. XVII-XIX ғасырлардағы мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу түзілісінің ерекшелігі, жүргізілу тәсілдері. XIX ғ. орыс-түзем оқуы, мақасты. Орыс дәріскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев, В.И.Водовозов әдістемелік ұсыныстары. В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевскийдің ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнабаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.

Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX-ХХІ ғасыр).

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағарту жұмыстар жөнінде. А.Батұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926)), М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923). Ж.Аймауытовтың оқу іс, барысы туралы ойлары. Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихынан тұңғыш зерттеуде М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы). Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы әдіскер-ғалымдар еңбектері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері. Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [9, 86-94 б], [10, 115-132 б], [12, 58-69 б].



4-тақырып. Әдебиетті оқытудың жаңа технологиясы.

1. Дамыта оқыту.

2. Проблемалап оқыту.

3. Модульдік оқыту технологиясы.

4. Деңгейлік оқыту технологиясы.

5. Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы.

6. Оқытудың жобалау технологиясы.

7. Инновациялық оқыту технологиясы (қарақынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясы, топтық оқыту технологиясы, іскерлік ойын технологиясы, витогенді технология, білім беруді ізгілендіру технологиясы, дербес оқыту технологиясы және т.б.).

Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Оқу пәні ретінде әдебиеттің бірінші кезектегі міндеті оқушылардың бойына көркем ышғарманы түсіну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығы. Творчестволық оқу әдісінің өзге публицистикалық, ғылыми талдама мәтіндерді оқудан өзіндік айырмашылғы. Мұндағы сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл бөлу керектігі. Әр шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің шарттылығы. Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амалдар. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар.2) Эвристикалық оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түйсіну, игеру оны саралап талдау арқылы іске асатындығы. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы. Эвристикалық оқу барысында мұғалім атқаратын тәсілдер. Оқушылар атқаруға міндетті істер. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары. 3) Зерттеп оқу әдісі. Оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға ғылыми қорытындылар жасай білуге үйрететіндігі. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап оқуға баулитындығы. Зерттеу нәтижелеірін ауызша да, жазбаша да түсіндіріп беруге төсілдіретіндігі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы. Зерттеу әдісі бойынша пән мұғалімі ұйымдастыруға тиісті жұмыстар. Алдын-ала дайындықтың қажеттілігі. Оқушылар атқаратын зерттеу жұмыстары, түрлері. 4) Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген білімді белсенді түрде қаббылдау қажеттігі. Ой-сана, ес, қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, жаңғыртып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Алынған білімді саналы түрде бойға сіңіру әдеттерін жетілдіретіндігі. Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3, 12-18 б], [5, 3-11 б], [6, 86-114 б], [13, 113-119 б].



5-тақырып. Озық педагогикалық тәжірибені үйрену.

Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейінде танылуы (Ю. К. Бабанский). Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш ретінде көрінуі. Жаңашылдық пен педагогикалық зерт-теудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П. Волков, Т.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.Н. Ильин, В.А. Кериновский, С.П. Лысенкова, Р.Г. Хазанкин, М.П. Шетинин, П.М. Эрдинов, Е.А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналуы.

Мектепте, ЖОО-да әдістемелік жұмыстардың ұжымдық түрлерінің бірі педагогикалық ұжымның таңдаған ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша қызметін жасауға баулу, үйрету. Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық жұмыстар сияқты түрлі іс-шаралар өткізу. Озық педагогикалық тәжірибені үйренудегі мұғалімнің кәсіби, іскери, құзыреттілік дағдыларын қалыптастыру.

6-тақырып. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары.

Кәсіби бағыттылық адамның өз тәжірибесі нәтижесінде жиналуы. Оның дамуы адамның өмірде өзін өзі анықтау мәселесін шешуіне, белгілі бір кәсіпті таңдағанда өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін дер кезінде аңғаруына және кәсіпті таңдауда қоғамдық маңызды мотивтерді ескеруіне байланысты. Кәсіби бағыттылықты дамыту - бұл тұлғаның мүддесі мен қабілетінің белгілі бір іс-әрекетке, қызығатын кәсібі қоятын талаптары мен өзінде бар қабілеттердің, тұлғаның кәсіби мүддесі мен қоғамның мамандарға мұқтаждығы арасында үнемі пайда болатын қайшылықтарды шешу процесі.

Кәсіби біліктілікті, бағыттылықты дамытудың маңызды міндеті - жастарды әр кәсіптің ерекшелігімен, олардың мазмұны туралы толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын сезіндіру, оның қоғамдық өмірдегі әлеуметтік беделін түсіндіру болып табылатындығын ескеру. Әсіресе студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше екендігі. Болашақ маманды өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді, кәсібіне қызығушылы-ғын қалыптастыру.

Болашақ мамандарды бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай етіп кәсіби мамандар дайындау.

Кәсіби біліктілік дағдылар мен құзыреттіліктің өзара арақатынасы.

Білім беру жағдайында болашақ педагог-маманның құзыреттілігіне мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттама беру: а) мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну; ә) проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарынан, міндет нормаларын қойып анықтауды сипаттайды; б) коммуникативтік аспект: бұл - болашақ маманның осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2, 85-101 б], [12, 53-62 б], [13, 59-62 б].
Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Байтанасова Қ., Айтуғанова С. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – А., 2008.

2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетінің әдістемесі. – А., 2007.


  1. Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

Қосымша:

  1. Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.

  2. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А., 2000.

6. Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. А., 2003.

7. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.



  1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

9. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.

  1. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

  2. Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.

  3. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.

  4. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.

  5. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

15. Құсайынов А. Оқулықтану мәселелері. А., 2000.




жүктеу 154,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау