Қазақстан республикасы білім, МӘдениет



жүктеу 2,75 Mb.
бет5/14
Дата25.05.2018
өлшемі2,75 Mb.
#16914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бағдарлау — тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші құралы. ПІешімдердің қабылдануына қарай басшылар кемшіліктерді жояды.

Бағдарланбаған шежімдер

Мұндай шешімдер белгісіз фактормен ілесе жүретін анықталған өлшемде, жаңа болатын жағдайларда талап етіледі. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.

Бағдарланбағандар шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.

Келісімдер.

Басқару проблемаларын зерттеу жөнінде маман ретінде Роберт Кац былай деді:

"Әрбір шешім аса қайшылықтарды, мақсаттарды және белгілерді теңгеруі керек, Ол көзқарас жағынан үйлесімдіден төмен болады. Ұйымдарға әсерін тигізетін әрбір шешім немесе таңдаулар (ұйғарымдар) оның қайсы бір бөлігінде негативтік салдар ретінде қарастырылады".

Шешімдерді қабылдау процесін қарастыра отырып, ондағы екі мәселені немесе жағдайды қарастырған жөн.

Оның біріншісі, шешім қабылдау қиын емес, бұл кезекте адам барлық іс-қимылын таңдауға негіздейді. Жақсы шешім қабылдау қиын.

53

Ал, екіншісі, шешім кдбылдау — психологиялық процесе. Адам-ның іс-қиылы, әрекеттері әрқашанда қисынды бола бермейді. Бізді кейде логика (қисын билесе, кейде сезім билеп кетеді. Басшы қабылдаған ұйғарымдарға осындай екі тұрғыдан қараған дұрыс,



Әрине, нақтылы бір ұйғарымды аталған екі түрдің тек біреуіне жатқызу дұрыс болмас. Екеуі де қатар қолданылуы мүмкін. Деген-мен, мәселені тек сезім арқылы ғана шешем деген адам күтпеген көптеген кедергілерге тап болады.

Статистика мынаны анықтаған, қисынсыз (логика) қабылданған ұйғарымнан шығатын нәтиже шамалы. Сезуте негізделген шешімдер — бұл оның дұрыс екендігін түсінік-түйсігі негізінде жасалғаы таңдау. Шешім қабылдаушы бұл жағдайда "қостаушылар" және "қарсыластар" тәрізді сапалы өлшемдермен айналыспайды, олармен санаспайды. Ол тек тандауға ғана

сүйенеді


Пікірлерге негізделген шешімдер. Мұндай шешімдер кейде интуициялық болады, сондықтан олардың қисыны да айқын емес,

Пікірлерге негізделген шешімдер — білім немесе жинақталған тәжірибе арқылы келісілген таңдау. Пкір ұйымдық шешімнің негізі ретінде ғана пайдалы. Сол үшін ұйымдарда көптеген жағдайлардың жиі қайталану тенденциясы бар.

Нарықты экономикаға өту кезеңінде кәсіпорындардағы өндірістік процестер мен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың күрделілігі соғұрлым алуан түрлі шешімдер қабылдау қажеттігін туғызады. Алайда кейбір елеулі белгілерді пайдалана отырып, басқарушылық шешімдерді жүйе-жүйеге жіктеп, олардың негізгі түрлерін бөле көрсетіп, сипаттауға болады,

Басқарушьшық шешімдерді жіктеудің елеулі белгілеріне мы-наларды жатқызу керек:

1) шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі (ауқымдылығы);

2) қабылданған шешімдерді жүзеге асырылуының ұзақтығы;

3) қабылданған шешімдердің ықпал ететін обьектісі; '

4) -шешімдердің фуикциялық сипаты

Шешілетін мәселелердің ауқымдылығы жағынан басқарушылық шешімдердіқ жалпы және жеке түрлері белініп көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар — тұтас алғанда бүкіл шаруашылықа қа тысты шешімдер. Жеке шежімдерге жа-

54

татындар — өндірістің жекелеген жақтарьш, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.

Жалпы және жеке басқарушылық шешімдердің арасында тығыз байланыс бар. Әдетте, жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді нақтылаудың және оларды орындаушыларға жеткізудің тәсілі больш қызмет етеді

Шешімнің жүзеге асырылу ұзақтығы жөнінен шешімдердің мынандай негізгі түрлеріш ұзақ мерзімді (перспективалык), орташа мерзімді (ағымдағы); қысқа мерзімді (оперативті) шешімдер деп бөлу керек.



Ұзақ мерзімді шешімдерге жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады.

Орташа мерзімді шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады.

Қысқа мерзімді шешімдер мәселелердіқ неғұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады,

ЬІқпал ету объектілері жөнінен сыртқы және ішкі шешімдер деп бөлуге болады.



Сыртқы шешімдер белгілі бір шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынастарын қамтиды.

Ішкі шешімдер шаруашылықтық өз өмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі-бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер, көп ретте жүзеге асырылмай қалады.

Функциялық сипаты жөнінен экономикалық технологиялық қаржылық әкімшілік шешімдер болады.

Экономнкалық шешімдер жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.



Технолөгиялық шешімдер өндіріс процестерін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді техноло-гияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді

Қаржылық шешімдер жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер. де жатады.

Әкімшілік шешімдер әдетте басқару ақпаратыныңі өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың бөлімшелер-дің құқтары мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың

55

жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағатталады,



Басқару саласындағы шешімдердің сапасына қойылатын негізгі талаптар:

Ғылыми жағынан негізделуі: Шешім экономикалық және басқа әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірістің нақты жағдайларына талдау жасау арқылы қабылдануға тиіс. Басқару объектісінің жай-күйі туралы дұрыс, орнықты, санасы толымды хабарлама негізінде әзірленіп, қабылданған шешім ғана ғылыми негізделген болуы мүмкін. Шешім өндірісте ғылыми-техникалық прогресті тездету талаптарына сай болуга тиіс.

Бірлік. Белгілі бір міндетті шешер кезде әдетте басты міндеттер келіп туатын бірқатар қосалқы, екінші дәрежелі міндеттермен де айналысуға тура келеді Олар шешім қабылданьш отырған басты міндетке бағандырылуға тиіс. Екінші дәрежелі міндеттер негізгі міндеттермен сәйкестендіріліп және өзара үйлестіріліп отырады, Шешімнің барлық қағидалары да өзара байланыстырыла тұжырымдалады, сондай-ақ бұрьш қабылданған және қазір басшылыққа алынып жүрген шешімдермен үйлеетіріліп, сәйкестендіріледі

Өкілдігі болу. Шешім басшыға берілген құқықтар шеңберінде ғана қабылданады. Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуға тиіс.

Бағытталуы. Әрбір шешім нақты бір адреске бағытталуы және орындаушы адамдарға түсінікті болуы тиіс. Шешім тұжы-рымдамасы ойда айқын құрылуы керек және түрлі мағанада бол-

мауға тис.

Формаларының қарапайымдылығы, айқындығы, логакалық дәйектілігі, ықшамдылығы немесе қысқалығы. Айқындық — шешімге іскерлік сипат береді; басшы тарапынан берілген әмірдің мағынасын түрліше түсіндіруге, бұрмалауға жол бермейді. Ақпаратпен жұмыс істеу уақытын үнемдеу — шешімнің қысқаша түрде тұжырымдалуы туралы ұдайы ойланып-толғануды талап

етеді.

Мерзімінің нақтылығы. Басшы бағынышты адамға тапсыр-маны, және оны орындау мерзімін көрсетпей бермеуге тиіс, Шешімде нақты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып, орындалуына жауапты адамдар және орындалу мерзімдері белгіленуі қажет,

Оперативтілік. Шешім — өндіріс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. Кеш қабылданған шешім де,

56

асығыс қабылданған шешім де бірдей зиянды. Шешімдер өндіріс жағдайларының өзгеруін бейнелеп көрсетуте тиіс,



Тәуекел элементтернің болуы. Экономиканық үздіксіз өзгеруі, тұрақталынбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижелерді мейлінше дәл қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан, шешімдер белгілі-бір тәуекелді және қалыптасқан жағдай үшін, ең оқтайлы шешімді таңдай білуі қажет,

Шешімдерді әзірлеудің және қабылдаудың негізгі

сатылары

Шешім қабылдау — азды-көпті ұзақ процесс. Бұл процесе бірнеше сатыларды: әзірлік сатысын, негізгі сатыны, қорытынды сатыны қамтиды.



Әзірлік сатысы жағдайға жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен, мақсатты айқындап алу шешім қабылдау үшін қажетті бүкіл ақпараттармен танысу және шешімнің болуы мүмкін варианттарын белгілеумен байланысты.

1-сурет. Басқарушылық шешім қабылдаудын әзірлік сатысы

57

Басқарушылық шешім қабылдаудың әзірлік сатысының негізгі жұмыстары 1 суретге бейнелеген.



Негізгі саты — шешімнің түрлі варианттарын өзара салыстыра отырып, олардың ішінен ең жақсысын таңдап алу және оны құжат (документ) түрінде тұжырымдау үшін қажет.

Қорытынды саты ~ шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмыстар; шешімнің орындалуын ұйымдастыру; шешімнің орындалу барысын бақылау және оның қорытындыларын шығару жөніндегі жұмыстардың кешені болып табылады,

Шешім қабылдаудың бүкіл процесінің бастама кезеңі, жағдайды анықтауға (бағалау) саяды. Жағдай дегеніміз — жүйені жаңа қалыпқа көшіру үшін шешімдер қабылдауды талап ететін сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Жағдай күрделі немесе қарапайым болуы мүмкін. Жағдайды дер кезінде біліп, оны дұрыс бағалау керекті шешімді дер кезінде қабылдау деген сөз.

Өндіріс басшылары мен мамандары шешім қабылдамастан бұрын жағдайды жақсылап біліп алуға міндетті. ІПешімнің әзірлік сатысының бірінші кезеңінің мәні осында. Жағдайды айқын-дағаннан кейін ғана шешімнің мақсаттары тұжырымдалады.

Мақсат дегеніміз —іс-әрекеттің қажетті және болуы керек , түпкі нәтижесі. Мақсатты айқын, нақ, тұжырымдау — шешім қабылдаудың кейінгі болатын бүкіл процесі үшін өте маңызды. Мақсат тұжырымдалғаннан кейінгі жерде жұмыстың өзара байланысты қатарынан келетін екі кезеңі: шешімде ақпаратпен қамтамасыз ету және оның варианттарын бағалайтын өлшемді белгілер кезеңі болады.



Шешімді ақпаратпен қамтамасыз ету — шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді іріктеп, өңдеу, осы мәліметтердің ішінен оның мынандай маңызды түрлерін: ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктері туралы деректерді алға қойылған мақсатқа жету үшін керек болатын ресурстар туралы деректерді бөліп көрсету керек.

Шешімдердің варианттарын бағалау үшін критерий жасап шығару әзірлік жұмышның өте жауапты және күрделі кезеңі, Әдетте критерий деп, соның негізінде шешімнің түрлі варианттарын салыстмрып қарайтын көрсеткішті айтады.

Критерийде әрқашан сандық шама бола бермейді. Мақсат пен критерий арасында тікелей байланыс бар. Критерий алға

58

қойылған мақсатқа жақындаудың немесе соған жетудің дәрежесін көрсетеді, мұнда сол үшін жұмсалған ресурстарды есепке алады.



Әзірлік сатысы шешімнің мүмкін болатын бірнеше варианттарын жасап шығарумен аяқталады. Шешім неғұрльш көлемдірек болса, ол неғұрлым көп мәселелерді қамтыса, оның мүмкін болатын варианттары соғұрлым көбірек жасалмақ.

Жағдайды бағалаудан бастап, шешімдердін, варианттарын жасап шығаруға дейінгі жұмыстардың бүкіл кешені шешімдерді қабылаудың негізгі сатысына жеткізеді.

Бұл саты шешімдерді олардың варианттарын жүйелі талдаудан бастады. Талдау барысында белгілі бір себептер бойынша жарамсыз болатын варианттар алынып тасталады.

Қалдырылған варианттар үшін олардың орындау болжамдары белгіленеді Ресурстармен қамтамасыз етушілігі, шешімді белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіншілігі еске алынады.

Бұл сатыдағы маңызды жұмыс шешімдердің болжанылып отырған қорытындыларын және олардың орындалу ықтималдығын есепке ала отырып, шешімнің варианттарын таңдап алынған критерий бойынша салыстыру больш табылады. Критерий бойынша артықшылығы бар, орындалу ықтималдылығы көп және жанаманың теріс зардаптары жоқ шешім ғана ең үздік, дұрыс шешім деп танылады.

Талданылып отырған варинттардың тәуір деген біреуі шешімнің жобасы түрінде тұжырымдалады, бұл жоба мамандарды және болашақорындаушыларды қатыстырып талқыланады,

Шешімді тұжырымдау, шешім қабылдаудың негізгі сатысын аяқтап, корытынды сатыны бастайды.

Шешім жобасы талқыланып, анықталаннан кейін шешімді басқару жүйесіндегі осы іс өз міндетіне жататын орган немесе адам қабылдайды.

Қабылданған шешім белгілі бір құжат немесе ауызша жарлық түрінде тұжырымдалады. Шешім қабылданғандығын көрсететін құжаттарға жататындар: бұйықтар, жарлықтар, қаулылар, нұсқаулар, хаттама (протокол).

Бұйрық - линиялық басшы қабындаған және осы бұйрыққа қатысы бар адамдар міндетті түрде орындауға тиіс шешімді тұжырымдау формасы.

Қаулыларды жалпы жиналыс (конферешщя) қабылдайды.

59.


2-сурет. Басқарушылық шешім қабылдаудың негізгі соңғы сатысы

Нұсқауда — қызмет бабындағы міндеттерді орындау туралы, жұмыс көлемдерін белгілеу, белгілі-бір жағдайдағы іс-әрекет

туралы жарлықтар болады.

Хаттама — қандай да бір алқалы (коллегиялы) органның кеңестерінде, мәжілістерінде, жиналыстарында мәселелерді талқылау барысында қабылданылтын шешімдерді жазу формасы.

Қабылданған шешімнің қалай жазылу формасына қарамастан, шешімнің тұжырымдауы мына төменгі: мақсатты белгілеуде айқындық болу, кімге арналғандығы; орындалу мерзімі; орындалу жолдары меи құралдарын көрсету тәрізді міндетті таланттарға сай болуға тиіс.

Басқару процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін басшы шешімдер қабылдаудың сол бір уақыт аралығында, мейлінше, тиімді болатындай жөн-жобасын ұйымдастыруға тиіс, Шешімдердің варианттарын зерттеу, әдетте түрлендіру (модель-деу), әсіресе иммитациялық(еліктеушілік) түрлендіру, эктрополя-циялау (басқа салаға тарату), эксперттік (сараптық) бағалау және т, б, әдістері арқылы жүзеге асырылады. Уақыт пен мүмкіндіктер бар жағдайда эксперименттер — ғылыми тәжірбиелер (технологиялық, экологиялық, әлеуметғік, құрама) қолданыла алады.



60

3-сурет. Басқарушылық шешім қабылдаудың соңғы сатысы.

 

Еңбекті көп қажет ететін есептеулерді жасау үшін, жекелеп айтқанда, сандық жағынан өлшеуте келетін параметрлердің (тұрақты шамалардың) өзгеруін болжау кезінде, электронды есеп-теуіш машиналары, ұйымдастыру техникасының құралдары кеңінен пайдаланылады.



Күрделі мәселелерді шешудің әр түрлі әдістері бар: процестер мен кұбылыстардың түрлендіру, (модельдендіру); күрделі мәселені жеке бөлімдерге бөлшектеу; құрамдастыру; стандарттау (бір үлгіге салу) мен классификациялау (топтастыру) және басқалары.

Модель дегеніміз — объектікі бейнелей немесе оның суретін елестете отырып, оны алмастыра алатындай жүйе. Себебі бұл жүйені оқып-үйретудің өзі осы объекті туралы ақпарат береді. Әдетте, модель объектіге қарағанда, оңайырақ болады, өйткені ол модельдендіру арқылы көзделіп отырған мақсаттарға жету үшін объектінің тек елеулі жақтарын ғана бейнелейді, Мұның өзі күштерді әр турлі жолдарын алуға мүмкіндік береді.

Алайда адамда өте күрделі мәселені ойша түрлендіру (модель-дендіру) қабілеттері шектеулі келеді. Сондықтан олар суреттемені және таңбалық жазу арқылы модельдендірулерді пайдаланады,

Суреттемені (немесе ауызша) модельдендіру дегеніміз — болашақ қимыл-әрекеттің, ситуацияның оқиғалардың алдын-ала шамаланғаи дамуының ауызша суреттемесі.

61

Күрделі проблемаларды шешудің сценарилерін жазуда мор-



фологиялық (құрылыстық - түрлік) талдау үлкен пайда келтіреді. Оның мәні - оқиғалардың дамуы өтетін барлық мүмкін ситуациялар мен жагдайларды анықтап, белгілеу мен топтарга жіктеуде (классификациялауда).

Графикалық модельдендіруде шешімді қабылдау мен жүзеге асыру моделі диаграммалар, графиктер, схемалар және т. б. түрінде көрінеді. Шешім қабылдау үшін практикада мыңдаған әр түрлі (ситуацияларды) жағдайларды қарастыру керек. Әрине, бұл жерде электронды-есептегіш машинасыз іс бітпейтіндігі түсінікті .Кез келген моделъ шартты түрде алынады, сондықтан объектінің шын мәніндегі қызметін ол толық белгілей бермейді

Сол себептен қабылданған шешімнің дұрыстығы шектеулі, әрі бақыланып отыратын эксперимент жағдайларында тексеріледі

Біздің шаруашылық тәжірибемізде эксперименттер жүргізілуде, оларды жүргізу процесінде бұрын жасалған шешімдердің варианттары сыннан өткізіледі

Талдап-тексеру де күрделі мәселелерді шешу жолдарының бірі болып табылады. Бұл жағдайда бөліктерді бөліп қарау тәсілі үлкен роль атқарады. Дұрыс талдап-тексерудің ең маңызды шарты-бөлінген бөліктердің бірынғы бүтін құрамдағы қасиеттерін сақтауы болып табылады,

Болашақты дұрыс болжай білу әрқашанда өткендігі мен қазірігі процестерге терең талдау жасауға сүйенеді.

Болжау әдістері сандық болжау және сапалық болжау әдістері болып екі топқа жіктелінеді.

Сандық болжау әдістеріне: талдап тексеру, себеп-салдарын модельдендірулер жатады, ал сапалық болжау әдістеріие: жюридің ой пікірі, тұтынушының күту үлгісі, сараптамалық баға беру т, б, жатады.

Нақты күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде жоғарыда аталынған әдістер кешенді түрде пайдаланылады.

ІПешімдерді жүзеге асыру процесінде оларға түзетулер енгізу мына төмендегі себептерге байланысты болуы мүмкін: шешімді орындауды нашар ұйымдастыру; сыртқы себептерге байланысты, жағдайдағы күрт өзгерістер; шешімнің өзінде кеткен елеулі қателіктер және басқалары.

Шешімді жүзеге асырудың қорытындыларын міндепі түрде шығарып отыру — басқарудың заңы болуға тиіс.

Шешімдерді қабылдау ең алдымен және негізінен алғанда басқару жұмысының мазмұны болып табылатындықтан,

62

шешімдердің сапасыиа қарап, басшының шеберлігі туралы пікір түюге болады. Мұның өзі экономикалық ғылымның маңызды міндеті — қабылданатын шешімдердің сапасын және орындалу дәрежесін багалау негізінде басқару еңбегінің нәтижелілігін бағалау методикасьш жасап шығару болып табылады.



Тақырып 2.4.ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ

БАСҚАРУ


Ұйымдар түсікігі

Әрбір топтық ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады;

1 Осы топтық мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы;

2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немеее нәтиженің болуы;

3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі;

Осыдан барып төменгі анықтамаға тоқталамыз,

Ұйым — алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Ұйымның мақсаты жан-жақты болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру не-месе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің, озі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау т, б. Яғни, ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс-әрекеттер орындалады және осы мақсаттың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді

Ұйымдардың негізгі түрлері.

Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі больш жіктеледі

Ресми ұғымдар дегеніміз - мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімек құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы тағайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.

63

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие болады, Сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады,



Күрделі ұйымдар кұрылым мен макраттардын, жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.


жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау