«Аудандық салық комитеттеріне ескертулерң
шығыс құжаттарының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы және тізімі.
11-кесте
Құжат атауы
|
Идентификатор
| Аудандық салық комитеттеріне ескертулер |
Audan SE
|
Реквизит атауы
|
Есептер кешенінде белгіленуі
|
Реквизит ұзындығы
|
Аудан аты
|
raіon
|
15
|
Құжат номері
|
Kugat nomerі
|
10
|
мерзімі
|
merzіm
|
10
|
«Қаржы министрлігіне есеп берулерң шығыс құжаттарының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы және тізімі.
12-кесте
Құжат атауы
|
Идентификатор
| Қаржы министрлігіне есеп берулер |
KME
|
Реквизит атауы
|
Есептер кешенінде белгіленуі
|
Реквизит ұзындығы
|
Аудан аты
|
raіon
|
15
|
Есеп беру мерзімі
|
EBM
|
15
|
Салық түрі
|
Salіk atі
|
10
|
БК коды
|
KBK
|
10
|
Жоспарлық мәліметтер
|
GM
|
15
|
Нақты мәлімет
|
NM
|
10
|
2.3 Ақпарат базасы
Ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйенің жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпарат базасы – ақпараттық жүйемен жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты- тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.
Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің тізімін, әрбір реквизиттің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарат массиві қолданылу белгісіне қарай: кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.
Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты – тұрақты ақпараттар қатысты болады.
Сақтаулы массивтер өзара байланысқан басқа есептерді шешу үшін қолданылатын ақпаратты жазады. Мысалы, кварталдық есеп беруді алу үшін, осы кварталға кіретін айлардағы ақпаратты жинау қажет.
Жедел массивтер жедел құжаттар негізінде тұрғызылады, яғни біртіндеп жиналған айнымалы ақпаратты құрайды. Сондықтан, жедел массивтер әр өңдеу аралықтарында өзгеріп отырады.
Қызмет көрсететін массивтер, массивтерді автоматты өңдеуде қажетті қызмет көрсету ақпаратын құрайды.
Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер жиынтығына бағытталған массивтер түріндегі тәсілмен, немесе мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының тәсілімен ұйымдастырылады.
Мәліметтер базасы, ол тікелей мәлімет алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат массивтерінің бірігуін бейнелеп және АЖ-нің басқару функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Мәліметтер базасын тұрғызудың себептеріне – мәлімет өңдеу уақытын қысқарту, сақтаулы мәліметтердің артықшылығын азайту, мәліметтердің сыйыспаушылығын және қарама – қарсылығын жою, есептерді шешу үшін мәліметтерді кең көлемдегі қолданушылардың бірігіп қолдануы, есептерді шешу программасынан мәліметтердің тәуелсіздігі, мәліметтер базасындағы мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және т.б. жатады.
Мәліметтер базасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп атайды.
МББЖ – бұл ақпараттық жүйені қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру – шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер базасын МББЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі деп атайды. Мәліметтер банкісінің құрамы – мәліметтер қоймасы мен МББЖ-дан тұрады.
2.4. Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың математикалық моделі
Аталған модельдерге талдау жасау үшін біз Excel технологиясын пайдаланамыз. Экономикалық мәліметтерді пайдалана отырып талдау және болжау жасау үшін біз корреляциялық және регрессиянылық үлгілерді пайдаланамыз. Мысалға Ауэзов аданында орналасқан «Ақсай нанң жауапкершілігі шектеулі серіктестікті алайық. Осы «Ақсай нанң ЖШС –тің жалпы өндірілген тауарлардың ақшалай түрін – х деп, ал осы тауарларға салынатын қосылған құнға салықты – у деп аламыз. Осы көрсеткіштерді есептеуді 13-кестеде қарастырамыз:
13- кесте.
Жыл
|
x барлық өндірілген тауарларды сатқандағы ақшалай түрі
(мың тенге)
|
y Қосымша құнға салық
(мың тенге)
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |