Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
Эмердженттік немесе эмергенттік (ағылшын сөзі: emergent –кенеттен пайда болатын ) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.
Синергия ( ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге жұмыс жасау ) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік.
Синергетика өзін-өзі ұйымдастыру теориясына енеді. Өйткені ол жалпы принциптерді қалыптастырады, материяның құрылымдық деңгейін сипаттайды.
Өзін-өзі ұйымдастыру идеясы мен теориясы ғылымның әр саласына да ене бастады. Соңғы зерттеу жұмыстарында макроэкономикадағы зерттелетін объектілер ашық жүйеде қарастырылуда. Синергетикалық әдістер психология, өнер, әлеуметтану саласында кеңінен қолданыс таба бастады.
Көптеген ғалымдар синергетикалық бағытты педагогика саласында да қарастыруда З.Ж.Жанабаев пен Н.Д.Хмель бойынша синергетиканың әлеуеті –
«педагогиканың жоғары қабатынан пәннің нақты әдістемесіне дейін».
Синергетика тәрбиелік жүйе теориясын, педагогикалық процесс, әлеуметтік жүйені басқару, педагогика мен синергетиканың байланысын тығыз бірлікте қарастырады.
Мультипликативтілік – жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Педагогикалық процесс күрделі әлеуметтік жүйенің эволюциясы ретінде өзара ұйымдасқан объектінің барлық белгілі қасиеттерін иемденеді. Педагогикалық жүйенің әрбір құрылымдық элементі (оқушы, мұғалім, оқушылар ұжымы және т.б.) ашық ақпараттық жүйе болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңдегі педагогика танымның ғылыми әдістері мен күрделі объектіні басқару заңдылықтарына арқа сүйейді.
Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты.
Академик В.П.Беспалько дидактикалық процесті төмендегідей формуламен анықтайды: Дпр = Ы + Тә + Б.
Мұндағы: Дпр – дидактикалық процесс; Ы – ынта; Тә – оқушының танымдық әрекеті; Б – басқару.
Педагогикалық процесті рефлексивті басқару тұлғаны дамытуға әсер ететін факторларға байланысты, осының нәтижесінде оқушы өз іс-әрекетінің мәнін түсінетін болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы саналы түрдегі қажеттілік мақсатқа бағытталған түрленуші іс-әрекеттің ішкі және сыртқы мотивтерін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі түсіну барысында оның дамуына үлкен әсерін тигізетін өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі түзету сияқты процестер жүре бастайды. Осылайша, рефлексивті іс-әрекет тұлғаның зерттеумен, болжаумен, модельдеумен айналысуына әкеліп, оның өзін-өзі дамытуына жол ашады. Нәтижесінде дұрыс ұйымдастырылған дидактикалық процестегі «оқыту - оқу» өзара байланысқан жүйе «оқу» компонентін түзейді. Оқыту процесі деп оқыту мақсатын жүзеге асыратын мұғалімнің жан-жақты ойластырылған іс-әрекеті, ал оқу – оқушының таным негізінде жасайтын іс- әрекеті.
Оқытудың жүйелік іс-әрекеттілік бағыттылығы оқытудың тұлға – іс- әрекеттілік нобайын жасауға мүмкіндік береді:
Достарыңызбен бөлісу: |