Кәсіби қасиеті: ұйымдастыру қабілеті; білімнің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; шығармашылығы; интеллектуалдық қасиеттері.
Моральдық-этикалық сапасы: қарапайымдылығы; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; адамгершілігі.
Психологиялық даярлығы: сыртқы келбеті; сөйлеу мәдениеті; киім киісі; әдептілігі.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз дамытуды қажет етеді.
Педагогтің кәсіби құзіреттілігінің дамуын зерттеушілер маманның кәсіби қалыптасуының бастапқы кезеңінде бұл процес салыстырмалы түрде дербес болатынын, біртіндеп, толыққанды біртұтас кәсіби мәнді сапаға айналатынын айтады.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық – оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау, құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік процесті материалдық техникалық қамтамасыз ету.
Оқу-әдістемелік – сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу.
Технологиялық – бақылау, бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық технологияларды қолдану.
Психологиялық-педагогикалық – оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды бірлесе басқаруға тарту.
Мұғалімнің жеке-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтің тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол қызметінде, яғни, практикада өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.
Мұғалімнің тұлғалық құзіреттілігінің құрылымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылады, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық білімге негізделген, үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |