АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ
Адам бойындағының бәрі – бет пішіні, киім киісі, жан дүниесі, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс. Антон Чехов
Мағжан Жұмабаев «... Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс-тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу ден, сұлу қозғалысты көріп өскен бала да сұлу болады. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді» деген. Сондықтан да адамның ішкі жан-дүниесінің рухани байлығы адамға өз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезіндіріп, өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуіне әсер етеді.
– Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның
бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек
қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың, – дейді.
Адам болған соң, жақсылыққа ұмтыласың. Бақытты
болсам, адал қызмет істеп, абырой-атаққа жетсем дейсің.
Үміт дүниесі. Сол жолда оқып, тер төгесің. Ізденесің.
Талпынасың. Таласатын да, тайталасатын да кез келеді.
Таусылар шақ, мұңаяр тұс та аз емес. Бірақ жасымадым,
салымды суға жібермедім. Қуанышың қойныңа сыймай
жүрген күн келеді. Асып, тасымадым. Жоғарыда
айтқандай, шүкіршілік жасадым, сап-сап көңілім деп өзімді-өзім сабырға шақырдым. Биікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем, қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім. ... Туған елімнің түтіні түзу шықса, туы биіктен желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген тілек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өсіп, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да осы ізгі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не тілесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны тілеймін және олардың болашағына кәміл сеніммен, айырықша үмітпен қараймын. Оған күн өткен сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатқан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салуы, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!
Үйге тапсырма:
«Адамға тән алты қасиет» бойынша «Ақыл-ой» ағашын салу:
Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;
Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;
Тек ілгері бастайтын талабың;
Қиындықта сыналатын қайратың;
Бәрінен күшті ететін ақыл-парасатың.
Достарыңызбен бөлісу: |