1) Дайындық жұмысы: ол өз кезегінде төмендегілерден тұрады:
жұмыс жоспарына (күнтізбелік-тақырыптық жоспары, сыныптан тыс және тәрбие жұмысын өткізу жоспары, ата-аналармен жұмыс жоспары және т.б.) енгізетін оқу жылына дайындық;
оқу материалының талдауын көздейтін педагогтің кезекті тақырыпты оқытуға деген дайындығы; оқушы игеруге міндетті білімдердің, ептіліктер пен дағдылардың минимумын, тақырыпты зерделегенде, өңделуге тиісті жалпы оқыту және пәндік ептіліктер жүйесін анықтау; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды орнату, берілген тақырыпты зерделеу бойынша оқушылардың оқу қызметінің үлгісін құрастыру; оқушылардың сынып және сыныптан тыс
жұмысы үшін есептер мен жаттығуларды іріктеу; оқу құралдарын және оқыту тәсілдерін іріктеу және дайындау (жасау) және т.б.;
кезекті сабақты жүргізуге дайындық: алдыңғы сабақтардың қорытындыларын талдау, осы сабақты жүргізу жоспарын құрастыру,оқу құралдарын іріктеу, оқыту тәсілдерін дайындау және т.б.
Дайындықтың барлық кезеңдерінде мұғаліммен өз қызметіне талдау да жүргізілуге тиіс, өйткені талдаусыз кейінгі жұмысқа дайындық мүмкін емес.
2) Оқу процесін жүргізу мұғалімнің оқытушылық қызметінің екінші элементі болады. (Автор осы элементтің мәнін оқытушылардың оқу қызметінің генетикалық және функционалдық деген екі үлгісінің негізінде көрсетеді). Педагогтің басқарушы әрекеттері көзқарасынан осы үлгілер арасында түбегейлі айырмашылықтар жоқ.
Л.М.Фридманның пікірі бойынша, мұғалімнің оқу тақырыбын зерделеу процесін жүргізуі үш кезеңнен тұрады:
Кіріспе-уәждеу кезеңі, онда мұғалім:
оқу пәнінің жүйесінде осы оқу тақырыбының орнын және мазмұнын, осы тақырып не үшін зерделенуге тиіс екендігін анықтау мақсатында проблемалық жағдайды құрастырады;
оқушылардың алдында тұрған оқу-танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;
тақырыпты зерделеу жоспарын түсіндіреді, олар игеруге тиіс білімдер, ептіліктер мен дағдылар (пәндік және оқыту) минимумын көрсетеді;
оқушылардың үйдегі өзіндік жұмысының мазмұны және оны орындау тәртібі жөнінде нұсқаулар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |